Сүттіқұдық ауылдық округінде 2013 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет



Дата23.02.2016
өлшемі18.15 Kb.
#4514
Сүттіқұдық ауылдық округінде 2013 жылдың 9 айлығында

атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
Сүттіқұдық ауылдық округі аудан орталығы Жаңақорған қонысынан 35 км қашықтықта орналасқан. Ауылдық округте 328 отбасы, онда 2215 халық тұрады Тұрғындардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы.

Ауылдық округтің қамтуында 438 оқушыны қамтып отырған бір орта мектеп, 100 орындық клуб үйі , 14378 дана кітап қоры бар бір кітапхана, 1 байланыс бөлімшесі, 304 нүктелік АТС, 1 жанұялық дәрігерлік емхана, 90 орындық мемлекеттік бір бала бақша, әр қайсысында 40 баладан 2 жеке бала бақша жұмыс істейді.Округ бойынша 20 шаруа қожалығы егін, мал шаруашылығымен айналысса, 10 азамат жеке кәсіпкерлікпен сауда дүкендерін ашып ауыл халқына қызмет көрсетуде.

Жалпы жер көлемі 115745 га . Оның ішінде ауылшаруашылығына жарамды

37358 гектардан 1135 га егістік, 30136 га жер жайылымдылық, 26 га шабындық.

Ауыл тұрғындарының әл ауқатын жақсарту мақсатында ауылдық округке Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен бірқатар жұмыстар атқарылды.

1.2012 жылы құрылысы басталған 90 орындық бала бақшасының ғимараты 28 тамыз 2013 жылы пайдалануға берілді.Сметалық құны 226 млн теңге. Құрылыстың бас мердігері «Дәнекер» ЖШС Қызылорда қаласы.

2.Балалар ойын алаңы да осы жылдың шілде айында пайдалануға берілді.Сметалық құны екі млн теңге.

3.Кәсіпкер Бердікеев Тәшкенбай өз қаржысына «Жақсылық» сауда үйін салып, шілде айында пайдалануға берілді.

4.Ауыл халқының демеушілігімен ауыл орталығындағы мешіт күрделі жөндеуден өтіп жұмыс жасауда.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» бағыты бойынша ауылдың 5 азаматына 10 млн тенге көлемінде несие берілсе, бір отбасына «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 млн тенге көлемінде несие берілді.

Аз қамтамасыз етілген 30 отбасына жергілікті бюджеттен 430868,58 теңге көлемінде тұрғын үй көмегі.Республикалық бюджеттен жасы 18 ге дейінгі балаларға төленетін жәрдемақы 85 отбасындағы 288 балаға 4497,138 теңге көлемінде төленді.

Жұмыссыз жүрген 14 азамат көктемгі көркейту көгалдандыру,тазалық айлығында қоғамдық жұмысқа тартылып,оларға 541140,0 теңге көлемінде ақша төленді.

600 орындық мектептің құрылысы тамыз айынан басталды.

Ауыл әкімі аппаратында жыл басында 3 мемлекеттік қызметкер 7 штаттан тыс қызметкерлер жұмыс істеген.Тамыз айының 15 нен бастап штаттан тыс қызметкерлердің саны 2 адамға қысқарып.Мемлекеттік қызметкерлер саны 2 адамға көбейді.



Жыл басынан бері -63 өкім, 12-шешім қабылданды. Келген құжат саны 253, шығыс құжат саны-248. Азаматтардың өтініштері бойынша берілген түрлі анықтамалар саны-747.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет