Жалпыжүйелік командалар
CLS – экранды тазалау
DATE – ағымдағы датаны орнату
TIME – жүйелік датаны орнату
VER – компьютерде орнатылған ОЖ DOS версиясын көрсету
МЕМ – жүйелік жады туралы мағлұмат шығару
Каталогтармен жұмыс командалары
MD каталог аты – каталог құру
DIR – ағымдағы каталог мазмұнын көру
СD каталог аты – көрсетілген каталогқа кіру
CD.. – ағымдағы каталогтан бір деңгей жоғары шығу
CD\ - түпкі каталогқа көшу
RD каталог аты – көрсетілген каталогты жою. (Тек қана бос каталогты жоюға
болады. Ағымдағы каталог жойылмайды).
Файлдармен жұмыс командалары
1. COPY файлдың толық аты 1 файлдың толық аты 2 - 1 файлды 2
файлға көшіру. Мұндағы толық аты дегеніміз біріншісінде оның орналасқан
жерін, екіншісінде – орналасатын жерін көрсету дегенді білдіреді.
2. Copy con файл аты – мəтіндік файл құру (CTRL+Z – файлды жабу)
3. Copy файл аты con – файлды экранға шығару
4. Copy файл аты prn – файлды принтерге жіберу
5. Copy файл аты1+ файл аты2 файл аты3 - конкатенация (екі файлды
біріктіру).
6. Type файл аты – файлды қарап шығу
7. Ren файлдың бұрынғы аты файлдың жаңа аты – файлдың атын
өзгерту
8. Del файл аты – файлды жою
9. fc (параметр) файл аты файл аты (файл-протокол аты)
Мұндағы параметрлер салыстыру режимін орнату үшін керек. Олар
екеу:
/L – файлдарды жолдарымен салыстыру режимі;
/В – файлдарды байттық салыстыру режимі.
10. attrib - файлдың атрибуттарын көрсету жəне өзгерту. Файл үшін төрт
атрибут қарастырылады: тек қана оқу үшін (read-only), жасырын (hidden),
жүйелік (system), архивтелген (archive).
Тақырып бойынша тапсырма
(Тапсырмадағы 6-шы пунктті орындамас бұрын экран мазмұнын
көшіріп ал)
1. Жүктеліп тұрған ОЖ-нің версиясын анықта.
2. Датаның дұрыс орнатылғанын тексеріп, қате болған жағдайда оны
өзгерт.
3. Уақыттың дұрыс орнатылғанын тексеріп, қате болған жағдайда оны
өзгерт.
4. Компьютер жадын қара.
5. Format командасы туралы анықтаманы қара.
6. Экранды тазала.
7. А дискісіне көш.
8. А дискісінде өз атаңның атымен аталатын каталог құр.
9. Құрылған каталогтың ішінде атаңның балаларының атымен аталатын
ішкі каталогтар құр.
10. Əр ішкі каталогтың ішінде немере1, немере2, ... деп аталатын текстік
файлдар құрып, ішіне сол адамның балаларын тізіп жаз.
11. Құрылған текстік файлдарды біріктіріп, атаңның атымен аталған
каталог ішіне немерелер деген атпен сақта.
12. Файлдың атын өзгертіп, өз атыңмен ата.
13. Файлды қарап шық.
14. А дискісінің мазмұнын қара.
Жұмысты қорғау тəртібі: 1) бұл командалардың орындалуының экрандағы
бейнесін Word редакторына көшіріп, қағазға басу. 2) Тақырып бойынша
қосымша сұрақтарға жауап беру.
2.3 Norton Commander командалары
Достарыңызбен бөлісу: |