Студент: Садуова Нурханым
Сабақтың тақырыбы: Ислам діні.
Пән атауы: Философия негіздері
Тобы: Шт-215
Дата: 22.11.2021
Мұғалім: Нысанкуатова Дамели Еркожаевна
Берілген сұрақтар:
1.Ибн-Синаның философиялық ойлары қандай?
Әбу Әли Ибн Сина (980-1037ж.) Афшаны (Өзбекстан жері) деген жерде дүниеге келіп, Бұхарада өмір сүрген. Ол өзінің заманындағы барлық ғылымдарды: грамматикадан бастап, заң тану іліміне дейін 12 ғылымды игергендіктен Хамадандағы (Иран) Ибн Сина басына қойылған ескерткіштің 12 бағанасы бар. Өзіндік энциклопедиялық білімі, философиялық көзқарасы болған ойшыл. Кейін ол бір атақты дәрігердің қолдауымен медицина саласын жете оқып, оны өзінің негізгі кәсіби жұмысы еткен. Сол кездегі Бұхар әміршісін емдегені үшін оған сыйлық ретінде Бұхараның атақты кітапханасына баруға рұқсат берген. Ол заманда бұл дүниежүзінде ең ірі кітап қоры, ең бай кітапханалардың бірі болып есептелінетін. Сол жерде білімін жетілдіріп одан әрі тереңдетеді. Ибн Синаның біздің заманымызға дейін 100 астам еңбектері жеткен. Ибн Сина дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі бірлігі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына әл-Кинди мен әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі.
Ибн Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны камтыған. Арабтар әлемінде Ибн Синаның аты кереметпен аталатын еді. Оны біресе «философтар патшасы» деп атаса, біресе «дәрігерлер атасы» деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен араб перипате-тизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Алайда бұл қағиданы діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние – шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді. Ибн Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесін өте қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді:
1) заттарға дейін, құдыреттің ақыл-ойында;
2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні;
3) заттан кейін адамдардың санасында.
Таным теориясында Ибн Сина әл-Фарабидің жолын қуып, оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде, ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. Жалпы алғанда, Ибн Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ибн Синаның ғылыми-саясаттық көзқарасы үшін оның еңбектерін үш рет өртеп жіберуге жол берілген, біріншісі – 1160 жылы Бағдатта, екіншісі – 1260 жылы Иранда, Исфахан деген қалада, ал үшінші рет – XVғ. Т. Парацельс деген швейцар ғалымы Авиценнаның медициналық көзқарасы галенизмге жақын деп еңбектерін тағы да өртеткізеді.
Гален атақты Рим дәрігері II ғ. өмір сүргенмен, оның ілімі орта ғасырлар бойы Еуропаның барлық университетінде қабылданып, галенизм деп аталған. Ибн Сина Галеннің негізгі ілімі адам екі субстанциядан тұрады, яғни тән мен жан бөлек деген ұғымын қабылдаған. Тән «сылбыр», өледі, рух ажалсыз делінген. Бірақ Галенге қарағанда Авиценна рухтың «қабылдағыш күші» бар дейді. Адам рух арқылы сыртқы ортаның әсерін қабылдайды. Сонымен қатар, Гален медицинаны «діннің қызметін атқару үшін» десе, Авиценна «медицина адамға қызмет етуі керек» дейді. Оның айтуынша, медицина адамның тәнінің құрылымын зерттейтін ғылым. Денсаулықты сақтау және денсаулықтан айырылғанда оны орнына келтіру үшін пайдалану керек, бұл медицинаның негізгі мақсаты дейді Авиценна. Галеннің іліміне керісінше, ол сырқаттың себебін білу керек, оны білу үшін нақты тәжірибе, бақылау жүргізу, зерттеу керек екендігін дәлелдейді. Авиценнаның ілімі бойынша аурудың пайда болуының бірнеше себептері бар:
• Ауа райының, тұрған мекенінің, жыл мерзімінің зиянды әсері;
• Тұрмыстық жағдайдың, тамақтану тәртібінің, тазалығының әсері;
• Еңбек жағдайының әсері;
• Әр адамның ауруға бейімділігі;
• Күйзеліс, ренжу, уайымдау т.б. әсері;
Сонымен қатар, Авиценнаның ілімінің аса маңызды жетістігі жұқпалы аурулар себебі туралы: көзге көрінбейтін заттармен, ауа мен тағаммен су арқылы тарайтынын болжау. Бұл ойын Авиценна Лукрецийдің ілімімен негіздейді. Сырқаттың себебін анықтаған соң, қалай емдеу керек, қандай дәрі қолдану керек екендігін анықтау жолдарын айтады: Дәрігер емдеуге дәріні таңдағанда нақты осы дәрі керек екендігіне өзінің сенімі күшті болуы;
• Науқастың жағдайын ескеруі;
• Дәрінің сапасының жоғары болуы;
• Дәріні пайдалану әдісін (ішу, қабылдау т.б.) білу;
• Дәрінің емдік мөлшерін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |