Студентердің өздік жұмыстарының тақырыптары 1 тақырып. Сиырдың сүт өнімін есептеу және бағалау тәсілдері



Дата17.07.2016
өлшемі62.71 Kb.
#205727
Студентердің өздік жұмыстарының тақырыптары
1 тақырып. Сиырдың сүт өнімін есептеу және бағалау тәсілдері
Сиырлардың сүт өнімін мұқиятты түрде есептеп отырады. Ай сайын әр сиырдың сүтін есептеу үшін бақылау жұмысын жүргізеді. Жалпы бір маусым ішінде (305) күнде сиырдың қанша сүт бергенін анықтау үшін 10 айлық сүтін есептейді. Сиырдың сүттілігін бағалау үшін, оның өмірлік сауу маусымының ішінде ең көп сүт берген сауынын есепке ала отырып, өмірлік сүтінің көрсеткішін де есепке алады. Сиырдың сүтін есептегенде тәулік ішінде беретін сүтіне көңіл бөлген жөн. Ал, бұл көрсеткіш сиыр желінінің көлемін көрсетеді. Етті ірі қара шаруашылықтарында бұзау ірі қара шаруашылықтарында бұзау енесініңбауырында 6-8 ай болады.сондықтан етті тұқым сиырларының сүттілігін 6-8 айлық бұзаулардың салмағы бойынша анықтайды. Ол үшін тұқымды сиырлардың стандартын пайдаланады. Бірінші рет бұзаулаған сиырлардың сүт өнімі стандартын 10℅-ға кемітсе, екінші рет бұзаулаған сиырлардың сүт өнімінм 5℅-ға кемітеді. Сиыр сүтінің майлылығы мен белогын айына бір рет анықтайды. Ал, сауу маусымы бойынша анықтау үшін 1 пайыздық сүтке айналдыру қажет.305 күндегі 1℅ сүттің қосындысы, осы маусым ішінде сауылған әр айлық сүттің базистік майлылығы 3,7℅ болған.

Сабақтың мақсаты: студенттерді күнделікті тәжірибеде сүттілікті есепке алуда қолданып жүрген тәсілмен таныстыру.



Тапсырма. Бақылау сауынын қолданып сауын маусымындағы сауылған сүт мөлшерін анықтау-тауарлы сүт фермаларында сиырдан сауын маусымында сауылған сүт мөлшерінің майлылығын, белогын сүт майының, сауын маусымындағы мөлшерін табыңыз.

Бақылау сауынын айына жоқ дегенде бір мәрте күні бойы жүргізіп, сүттегі майлылық пен белок мөлшерін қоса анықтау үшін сүт мөлшерін алады. Бақылау сауыны болатын күні сауын басқа күндегідей жүргізіледі.

Алғашқы бақылау сауынын сиыр бұзаулағаннан 10-12 күн өткенде ғана жүргізеді, ал соңғы бақылау сауынын сиырды суалуынан 10-20 күн бұрын өткізеді.сүттілікті бақылау сауынның деректері бойынша анықтайды. Бақылау сауыны жүргізілген күні сауылған сүтті сол айдағы күн санына көбейтеді. Ай сайынғы сауылған сүтті жинақтап сол сауын маусымындағы сауылған сүт мөлшерін анықтайды. Сонымен қатар, сауын күндер санын да қатар есептейді. Егер сауын күнінің саны 305 күннен көп болса, ондайда нақтылы сауылған сүтті жеке есептейді, өйткені бонитировка кезінде нақтылы немесе қысқарған сауын маусымындағы сүт есепке алынады.

Сауын маусымындағы сиыр сүті майлылығы мен белогінің орта есеппен алғандағы 1℅-ды сүтті есептеу арқылы шығарады.

Ол үшін:

а) әр айда сауылған сүтті сол айдағы сүт майлылығына немесе белогіне көбейтіп, 1℅-ды сүт немесе белок мөлшерін анықтайды;

б) 1℅-ды сүт немесе белок жиынын сол сауу маусымында барлық сауылған сүтке бөліп, майлылықтың немесе белоктің орташа мөлшерін анықтайды;

в) Сүт майының абсалют көрсеткішін 1℅-ды сүт жиынын 100-ге бөліп шығарады.


Бақылау сұрақтары
1. Сервис, суалу, сауу маусымы, бұзаулаудан бұзаулағанға дейінгі кезеңдерді қалай түсінесің және олардың ұзақтығы?

2. Сауын маусымының сүті қалай анықталады?

3. Сүттің майлылығы (℅) және белогын (℅) анықтау?

4. Сауын маусымы бойынша сүт майын (кг) және сүт белогын (кг) анықтау тәсілдері?

5. Бірнеше сауын маусымы бойынша орташа сүт, майлылығының ℅-ы, белогының ℅-ы және сүт майы мен сүт белогын анықтау тәсілдері?

6.сауын қиғаш сызығы дегеніміз не?

7. Сауын маусымының тұқрықтылығын анықтау тәсілі?

8. сауын маусымының қиғаш түрлері және оның сүт деңгейіне әсері?

9. Сауын маусымына әсер ететін жағыдайлар?

10. Сервис кезеңінің сауын маусымының ұзақтығына әсері?

11. Сиырларды сүтейту және оның сүт өнімін көбейтудегі маңызы?

12. Сүттің түзілуі және желіннен бөлінуі?



Әдебиеттер
1.Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Қ. Ірі қарамал шаруашылығы. Қостанай. 1996.

2.Искакбаев Б.Б. Ірі қара шаруашылығы. Алматы. 1996.

3. Арзуманян Е.А. Скотоводство. Москва “Колос”, 1984.

4. Эрнст Л.К. (под редакцией). Скотоводство. Москва “Колос”, 1984.




Тақырып. Сауын маусымы айларындағы сиырлардың сүттілігінің тұрақтылығын анықтау және сауын маусымының сызығын сызу
Сұрақтар


  1. Сиырдың сүт өнімін жоспарлау негіздері.

  2. Әр түрлі сауын маусымына әсер ететін жағыдайлар.

  3. Ай сайынға сауын маусымына әсер ететін жағыдайлар.

  4. Бұзаулау мезгілінің сүт өнімін жоспарлаудағы маңызы.

  5. Сиырларды уақытында суалтудың маңызы және анықтау тәсілдері.

  6. Сүт өнімін жоғарлатудың жолдары.

  7. Сүт өнімін жоспарлаудағы қандай пікірлеріңіз бар.

  8. Сүттің салмағын есептеу жолдары.

Сиырдың сүттілігі сынауда сауын маусымында сауылған сүттен басқа сүттіліктің сол маусым айларында жүруінің де маңызы бар.

Тәулігіне сүтті ең көп беретін сиырдың сауын маусым айларындағы сүттілігі де бірқалыпты. Сауын маусымында сүтті көп және бірқалыпты беретін сиырдың дене бітімі де мықты. Сауын маусымының басында сүтті көп бергенімен маусымдық жалпы сүттілігі аз сиырлардың сүттілігі сауын маусымы айларында тұрақты еместігін айқындайды.

Сауын маусымы сызығы тұқым қуаласа да, сыртқы орта жағыдайларына (азықтандыру, күту, бұзаулаған кезеңі және т.б.) байланыстты келеді. Сауын маусымындағы сүттіліктің тұрақтылығын анықтау үшін оның тұрақтылық коэффициентін анықтайды. Ол мынадай үш жолмен есептеледі:

а) бірінші аймен салыстырғанда сүттіліктің өзгеруі, ℅ есебімен;

б) сауын маусымындағы сауылған сүтпен салыстырғандағы өзгеруі, ℅ есебімен;

в) маусымындағы сауылған сүт сызығын сызу.
Бақылау сұрақтары


  1. Сиырдың сауын маусымындағы:

а) сүттілігі;

б) сүт майлылығы (сүт белогі);

в) сүт майы қалай анықталады.

2. Сиырлардың сервис кезеңінің, суалу кезеңінің, бұзаулаудан бұзаулауға дейінгі ұзақтықтың қалыпты мөлшерлері және олардың ұзықтығына әсер ететін жағыдайлар.

3. Бұзаулаған жыл мезгілінің сиырдың:

а) сүттілігіне;

б) мйлылығы, белоктігіне тигізетін әсері?

4. Сауын маусымындағы сүттіліктің тұрақтылығын анықтау тәсілдері.

5.Сиырдың сүттілігінің өзгеруіне сауын маусымында қандай жағыдайлар әсер етеді.

6. Сиырдың өмірлік сүттілігінің тұрақтылығын анықтау әдістері.



Әдебиеттер


  1. Л.К.Эрнст и др. Скотоводство. Москва “Колос”, 1984.

  2. А.П.Калашников и др. Справочник зоотехника. Москва Агропромиздат, 1986.

  3. В.Ф.Зубриянов., Л.П. Зубриянова. Спутник скотовода. Алма-Ата. “Қайнар”, 1987.

  4. О.Я.Усатова. Планирование животноводства. Москва Агропромиздат, 1986.

  5. В.Л.Шефер. Рентабельность скотоводства в условиях интенсификаций. Алма-Ата. “Қайнар”, 198


Тақырып. Бұзауды сүт ему кезеңінен соң өсіру
Сабақтың мақсаты: студенттерді ірі қара төлін келешекте қолдану мақсатына сай әртүрлі кезеңдерінде өсіруді жоспарлауға үйрету.

Ірі қара төлін өсіруде оның өсуінің әртүрлі кезеңдерінде азықтандыруының деңгейі мен типінің маңызы зор.

Азықтандырудың деңгейі мне типін бекітерде төлдің келешекте қандай мақсаттапайдаланылатынын анықтап алған дұрыс.

Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында (зауыттарда, фермаларда) төл тек қана өз табынын жаңартуға ғана емес, сүт кешендерін толықтыруға, басқа шаруашылықтарға сату үшін де өсіріледі. Сондықтан ұрғашы тайыншалар 1-класс, ал бұқашықтар элита деңгейінде өсірілуі тиіс.



Тапсырма

Алты айдан әрі қарай бұзаудың бұлшық еті, сүйегі, ішкі органдары қарқынды өсетін мезгілі басталады.жақсы өскен ұрғашы бұзаулардың тірілей салмағы туғандағы салмағынан 7-8 есе өсіп, 250-280 кг тартатын болады.

18 айлық малдың тірілей салмағы сақа сиыр салмағының 70 процентін құрап, 350-360 кг жетуі керек. Мұндай салмаққа дұрыс азықтандырып, күтімін жақсартса ғана жеткізуге болады.

Өз фермасында ұстаған тайынша мен құнажын табыннан шығарылған сиырлардың орынына ауыстырылады, ал екінші жағыдайда буаз құнажындар сол аудан мен облыс шаруашылықтарына қайыра таратылады.



Бұзауларды жасына, тұқымына қарай біртекті топ құрап секцияларда жеке ұстайды. Біртопта қолданылатын технологиясына қарай 40-50 мал болуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары


  1. Сүт алу кезеңіндегі бұзауды өсіру тәсілдері, оның ұзақтығы.

  2. Төлдерді әртүрлі бағытта өсірудің ерекшеліктері.

  3. Асыл тұқымды ұрғашы тайыншалар мен бұқашықтардың өсіп-даму кезеңдерінің айырмашылығы.

  4. Ұрғашы тайыншалар мен бұқашықтардың өсіп даму кезеңдеріндегі азықтандыру деңгейлері мен құрамының айырмашылықтары.

  5. Әр түрлі кезеңдеріндегі тәуліктік салмаққа жұмсалынатын азық құны.

  6. Әр түрлі өсіп-даму кезеңдеріндегі бұқашықтар мен ұрғашы тайыншалар бағып ұстау тәсілдері.

Әдебиеттер

  1. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.І. Ірі қара мал шаруашылығы. Қостанай, 1996.

  2. Искакбаевм Б.Б. Ірі қара шаруашылығы. Алматы, 1996.

  3. Арзуманян Е.А. Скотоводство. Москва “Колос”, 1984.

  4. Эрнст Л.К. (под редакцией) Скотоводство. Москва “Колос”, 1984.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет