Студенттердің қазақ салт-дәстүрлері туралы танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық негіздері Мапетов А. М



Дата25.02.2016
өлшемі65.86 Kb.
#22604
ӘОЖ 394/395-057.87
Студенттердің қазақ салт-дәстүрлері туралы танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Мапетов А.М.

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан


Резюме

В статье рассматривается процесс развития познавательной активности студентов через использование национальных традиций в культурно-массовых мероприятиях.
Summary

In this article considers the development process of students' cognitive interests using national traditions in cultural events.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда болып жатқан түбегейлі өзгерістер, елдің жалпы білім беретін мекемелеріне де өз ықпалын тигізуде. Әсіресе жастарымызға ұлттық тәрбие беру, оны оқу-тәрбие мазмұнына ендіру мәселесі кең етек алып өрістеуде.

Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы, өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.

Бүгінгі күні студенттерге қойылатын басты талаптардың бірі – оларды танымдық іс-әрекеті арқылы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамыту стратегиясының мақсаттары мен міндеттері 2030 жылға дейінгі білім беру саласын дамыту стратегиясының негізгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуда. Жоғары білімнің басты мақсаттары мен міндеттері ретінде:

- адам құқықтарын, демократия, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық адамдардың бүкіл өмір бойы дамуы мен әлеуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі тиіс;

- ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосу;

- өзі үшін жауап бере алатын жоғары іскерлікті мамандарды, азаматтарды даярлауды жүзеге асыру;

- тұтас алғанда қоғамның, оның ішінде, білім беру жүйесінің дамуы мен жақсаруына үлес қосу аталып көрсетілген.

Қоғамдық өзгерістерге сәйкес студенттерге бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Танымдық белсенділік қалыптастыру педагогикалық негіздерге сүйеніп атқарылуы тиіс. Ол бірбағыттылық болғанымен, көпсалалық қызмет атқарады. Біздер үшін ол қызметтің маңыздылығы жастардың салт-дәстүр саласындағы дүниетанымдық әрекеттер арқылы, олардың ұлттық сана-сезімін жетілдіру маңызды болып отыр. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың ұлттық дәстүрге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – әр мәдени-тынығу жұмысының міндеті. Сол себепті білім мазмұнын, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңа сапалық негізде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, студенттердің өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Соның ішінде болашақ мамандардың ұлттық санасына әсер етіп, өз елінің рухани әлемінің жасампаздары қатарында болу кәсіби біліммен теңдестікте дамуы шарт. Бұл мақсатқа жету жолында студенттердің өздік танымдық белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтар мен бос уақытындағы әрекеттердің түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты дайындықтың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу тәрбиелеу амалдарын дұрыс пайдалана білу де маңызды.

Бұл мәселе көптеген автор тарапынан қарастырылып келеді. Бірақ олардың көпшілігі мектеп оқушыларының танымдық белсенділік мәселесін әдістемелік тұрғыдан, пәндерді игеру мәселесін зерттеген. Аталған еңбектер мен танысу әуелі негізгі ұғымдарға берілген анықтамалар мен талдамалардан басталады.

Студенттерді танымдық іс-әрекеті – жас ұрпақты өмір мен кәсіби қызметке даярлаудың маңызды кезеңі болып табылады. Аталған әрекет кез келген қызмет түрімен біртұтас құрылымдық бірлікті құрай алады.

Студенттердің танымдық іс-әрекеті – танымдық қызығушылық пен қажеттілікті туғызуға бағытталған оқу әрекетінің түрі болып саналады. Танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы негізінде студенттердің ой-өрісі толысып, белсенді ойлау әрекеті мен шығармашылық ойлау үдерісін дамытумен қатар, студенттердің кәсіби мәдениеті мен ізденімпаздығын дамытады.

Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру қоғам сұранысына жауап бере алатын, мәдени үдеріс міндеттерін оңтайлы шеше білетін, халықтың рухани құндылықтарын дамыта алатын қоғам мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Интеллектуалдық операцияларды орындауға даярлықтың жеткіліксіздігінен танымдық іс-әрекетті кез келген студент өз бетінше орындай алмайды, ол білім алушылардан ерік-жігер мен ақыл-ойды талап етеді. Осыған сәйкес, психологиялық-педагогикалық зерттеулер барысында танымдық іс-әрекетті қалыптастыру білім, білік, дағдыны меңгерту ретінде ғана емес, ерік пен жігерді, ұлттық дүниетанымын дамыту тұрғысында талданады.

Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында салт-дәстүрлер арқылы студенттердің танымдық іс-әрекетін ынталандыруға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіру қажеттілігі туып отыр.

Студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – мәдени іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол бос уақыттың тиімділігін арттыру, студенттердің оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне сай ұлттық дәстүріміздің әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың дамытушылық қызметін толық пайдаланып, танымдық іс-әрекетті дамытуды талап етеді. Жоғары оқу орындарында салт-дәстүрлерді оқытуда оқытушылар мен білім алушылардың өзара субъективтік қатынасына негізделген танымдық іс-әрекет оңтайлы ұйымдастырылғанда оқытудың нәтижелілігі артады. Сондықтан студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру – жоғары оқу орнында мәдени іс-шараларды ұйымдастырудың маңызды міндеті.

Жастардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасын теориялық мазмұнсыз, белсенділік принціпінсіз, қазіргі концептуалдық жолдарды есепке алмастан шешу мумкін емес. [1, 17]

Жастардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әртүрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.

Таным – ол адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәжірибе жинақтау, оны қорыту арқылы терең де тиянақты білім негізінде пайда болады. Танымдық іс-әрекетке баланың ақыл-ойын өсіру үшін олардың елестеулерін дамытуға көбірек зер салу керек. Егер жастар оқу әрекеттері арқылы айналысындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық іс-әркет арқылы түрлі обьектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударып қызығушылығы пайда болады.

П.И.Пидкасистый өз зертеуінде «жастар өздігінен меңгеріп алуы үшін ол өзінің танымдық әрекетінің мәселесін және қалай жұмыс істеу керек екендігін білу»,- дейді[2, 178]

Студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі – өзіндік жұмысы. Өздігінше жұмыс, жастардың мидың белсенді жұмыс істеуін қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда болады. Студенттердің өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:



  1. Өз бетінше ойлану біліктері

  2. Оқуға деген ынта-ықыласының артуы

  3. Өз ойының дербестігі

  4. Өз бетімен жұмыс жүргізуі

Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі – дайындық жұмысы, оны студент педагогтың көмегінсіз жасайды. Әр бір іс-шара дайындығы студенттің алдына көптеген міндеттер қояды және студенттердің әрекетінің жиынын, олардың алған білімдерін, арнайы біліктерді пайдаланып, жұмыс істеуді талап ететін, әр түрлі сипаттағы өзіндік жұмыстар түрінде анықтайды.

Жастардың өзіндік жұмысын зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның негізгі қызметі студенттердің жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктің жоғарғы деңгейіне көтеру деп санайды.

А.Байтұрсынов жастардың өзіндік жұмысының маңызын тәжірибе арқылы өздігінен алу керектігін айтқан. Жалпы білімге деген құштарлық - кез-келген жастағы студентке тән қасиет. Ал В.Г.Лембергтің пікірінше өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

а) Жұмыстың мақсатын түсінуі

ә) Жұмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы

б) Жұмыстың өз еркімен, қалауымен орындауы[3, 219].

Мәдени тынығу жұмысында білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы болып табылады. Студенттердің танымдық қызығушылығы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты болып келеді.

Жастардың танымдық ынта-ықыластары олардың білімнің деңгейі мен санасына ойлай іс-әрекетінің қалыптасуына байланысты. Танымдық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: мәдени тынығу жұмысындағы жетістіктерді қамтамасыз ету, жастардың артта қалуының алдын алу, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, ақыл-ой қабілеттігін дамыту т.б.



Сонымен жастардың танымдық белсенділігі дегеніміз – педагог пен студенттердің оқу іс-әрекетінің субъектісі ретіндегі өзара әрекеттесуі мен студенттердің өзара қарым-қатынасының бірлігін сипаттайтын күрделі тұлғалық құрылым болып табылады. Жоғары оқу орындағы таным үрдісі тек білім берушілік емес, сонымен қатар тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Танымдық білімді игеру барысында студенттердің ақыл-ой қабілеттері дамиды, олардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.

Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әлауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1997.-176 бет.

  2. Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся. М.: Педагогика 1972, 178с.

  3. Байтұрсынов А. Шығармалар. Алматы, 1989, 319б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет