Студенттердің негізгі психологияны айналысатын мәселелері жайында ой пікірлерін студенттердің білуі



бет4/4
Дата17.06.2016
өлшемі329 Kb.
#143406
1   2   3   4

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: доцент, т.ғ.к. Пашенцев А.П.

Білім беру траекториясы – «Қазақстан тарихы»


1

KGVE 0301


Көшпенділер мемлекеті: пайда болуы және дамуы

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), кредитте ECTS – 5



Пререквизиттері– Ерте және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.

Постреквизиттері – Түркі халықтарының тарихы, Қазақ халқының рухани мәдениеті, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.

Мақсаты:Көшпенді мемелекеттердіңпайда болуы мен даму ерекшеліктері жөнінде студенттердің ой-санасын арттыру.

Қысқаша мазмұны: Этногенез туралы жалпы ұғым. Көшпенділер мемлекетінің даму тарихы. Көшпенділердің географиялық ортасы мен олар өмір сүрген қоғамның табиғат жағдайы.Орталық Азиядағы ежелгі тұрғындардың айналысқан шаруашылық түрлері мен қолданған еңбек құралдары.Қола дәуіріндегі көшпелі тайпалар. Қола дәуіріндегі қазақ ошағы. Қола дәуіріндегі материалдық мәдениет және оның ерекшеліктері. Қолөнері мен дінге сенімі. Скифтер, сақтар, массагеттер,савроматтар.Шаруашылығы,әлеуметтік құрылымы, сақтардың тұрмысы. Ерте мемлекеттер дәуірі. Сақтардың көрші мемлекеттермен этникалық қарым-қатынастары (Иран,Қытай).Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті мен қолөнері. Аң стилі. Көшпенді империялар дәуірі, түрік,түргеш, қарлұқ мемлекеттерінің құрылуы мен даму ерекшеліктері.Ерте ортағасырлар дәуіріндегі түрік, моңғол және ортаазиялық тайпалардың мемлекет құрылысындағы ерекшеліктері. Моңғол империясы,көшпенділердің жаңаша дамуы.Қазақ халқының негізгі даму кезеңдері.Оның құрамына енген этникалық топтар. Отарлау жүйесіндегі көшпенділер мемлекетінің жағдайы.Көшпенділердің отарлық империя құрамына енуі.

Күтілетін нәтижелер:

Білім: Пән бойынша ұсынылған білім деңгейін толықтай меңгеру.

Игеру: Оқу және ғылыми негіздегі материалға анализ жасай білу арқылы, күтілген нәтижелер мен шешімдерді шығару.

Дағды:Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру ,оқу және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.

Құзырет: мамандыққа бағдарланған білімді игерту арқылы, дағдыланған маман даярлау.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Саңқайбаева П.С.

2

ORKCh 0302

Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – Қазақстанның ерте және орта ғасырлардағы тарихы

Постреквизиттер – Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы тарихы.

Оқыту мақсаты: Қазақ хандығының қалыптасу тарихы мен оған әсер еткен факторлар туралы білімді тереңдету.

Қысқаша мазмұны: Қазақ хандығының құрылуын анықтаушы факторлары. Жәнібек пен Керей хандары. Қазақ халқының қалыптасу тарихнамасы және оның негізгі кезеңдері. «Қазақ» термині туралы. Этникалық территория. Түркі тайпаларының ішкі, саяси, әлеуметтік-экономикалықдамуы. XIV-XV ғ.ғ. шамасында қыпшақ этносының ыдырауы. Қазақ мемлекетінің құрылуының жүйеленуі.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: доцент м.а. т.ғ.к. Кариева Т.А.

3

KNKN 0303

Қазақ халқының мәдени мұрасы

Кредит көлемі– 2 (1+1+0), кредитте ECTS – 3



Пререквизиттері– Этнология

Постреквизиттері – Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы тарихы.

Мақсаты: студенттерге қазақ халқының рухани және материалдық бай мәдениетінің баға жетпес мағыздылығын түсіндіре отырып, өркениеттер қатарындағы орнын қарастыру.

Қысқаша мазмұны: Қазақ мәдениетініңтұрмыстағы алатын орны.Ұлттық мәдениет және жаңаша өркеиет.Ертедегі қазақ мәдениетінің ерекшеліктері.Көне түрік мәдениетіндегі Батыс пен Шығыс байланысы.Номадизм мәселесі. Қазақ халқының діліне көшпенді өмірдің тигізген әсері.Космогенез және қазақ мәдениетің символдары.Исламға дейінгі қазақтардың сенімі. Тенгриандық.Ұмай ана.Исламның таралуы.Қазақтардың халық ауыз әдебиеті.Қазақтардың эпикалық өнері.Қазақтардың шешендік өнері.Қазақтардың ұлттық ойындары мен мейрамдары.Қазақтардың ұлттық дәстүрі мен әдет-ғұрыптары. Қазақ ұлттық мәдениетінің дамуның алғышарттары.

Күтілетін нәтижелер:

Білім:Пән бойынша ұсынылған білім деңгейін толықтай меңгеру.

Игеру: Оқу және ғылыми негіздегі материалға анализ жасай білу арқылы, күтілген нәтижелер мен шешімдерді шығару.

Дағды:Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру , оқу және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.

Құзырет: мамандыққа бағдарланған білімді игерту арқылы, дағдыланған маман даярлау.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Саңқайбаева П.С.

4

INODK 0304

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы (XVIII-XX ғ.ғ.)

Кредит саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – Қазақстанның ерте және орта ғасырлардағы тарихы.

Постреквизиттер – Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы. Алаш қозғалысы: тарихы және тарихнамасы.

Оқыту мақсаты: Қазақстан тарихы туралы білімді тереңдету, ұлттық қозғалыстар туралы түсінікті қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Ресей империясы саясаты: әскер оныстар мен бекініс шекптерін салу, салытық саясат. 1783-1797 жж. Сырым Датұлы көтерілісі. Себептері және қозғаушы күштері. Көтеріліс барысы және оның мақсаттары. Сырым Датұлы – байбақты руы старшыны, би және шешен.XIX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Жәңгір ханның билікке келуі. 1836-1838 жж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. 1837-1847 ж.ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. Себептері, барысы, маңызы және нәтижелері. XIX ғасырдың 50-70 ж.ж. Есет Көтібарұлы және Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар. 1916 ж. көтеріліс және оның жетекшілері.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Бакытжанова А.Б.

5

GvK 0305

ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.



Пререквизиттер – Қазақ хандығының қалыптасу және даму тарихы.

Постреквизиттер – Қазақстан тарихының тарихнамасы.

Оқыту мақсаты: 1928-1933 жылдардағы Қазақстан территториясындағы ашаршылықтың шығу себептеріне тарихи талдау жасау

Қысқаша мазмұны: Колхоз құрылысында шеттен тыс қатаң жүйенің орнауы. Ашаршылықтан зардап шеккен
Қазақстан халқының ауыр тұрмыс жағдайы. Осы процестке терең зерттеу жүргізген тарихшы ғалымдардың монографиясымен танысу. Қазақстанның ашаршылықтан зардап шеккен әр облысындағы әлеуметтік жағдайдың күрт нашарлауы. Ашаршылық салдарынан шеш мемлекетке қоныс аударған қазақ азаматтарының көші. Нақты дәлелденген тарихи деректерге анализ жасау және қорытынды жасау.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі

кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.



Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Кариева Т.А

6

KGVOV 0306

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан

Кредит саны – 3(2+1+0), ECTS-5

Пререквезиттер - Мұражайтану

Постреквезиттер – Батыс және Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.

Оқыту мақсаты: ҰОС мағынасы мен маңызын көрсету. Фашистерді жеңудегі Қазақстанның ролі мен маңыздылығын айқындау, қазақстандықтардың әскери және еңбек ерліктерін талдау. Кеңестік экономикада Қазақстанның негізгі үлесінің көп болуы, Қазақ ССР жерінде әскери дайындық қорының болуы. Пән бойынша көлемді білім алу.

Іскерлігі: нақты білім бойынша талдай білу және ғылыми материал арқылы нақты нәтижесі мен қорытынды шығару.

Дағдылары: ойлау қабілетін қалыптастыру, оқу және ғылыми материал арқылы өздігінен жұмыс жасай білу.

Құзіреттері: маманды қалыптастыруда ғылыми білім, қабілет және дағдыны меңгеруіне жағдай жасау.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а Мухамеджанова Н.А

7

ILK 0307

Қазақстанның тарихи тұлғалары.

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS-3

Пререквезиттері – Тарихи тұлғалардың ролі

Постреквезиттері- Батыс және Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.

Оқытудағы мақсаты: тарихи тұлға беделінен көрініс беру, тарихи үрдісте субьектілік фактордың ролі, көптеген танымал тарихи тұлғаларды оқыту.

Қысқаша мазмұны: Тарихи үрдісті қалыптастыруда тұлға рөлін білудің әдістемелік негізі. Адамға сырттын ықпал ету: табиғат, әлеумет, ақыл-ой. Жеке тұлғаның қызметі. Қалыптасу жағдайы және қызметтің жүзеге асуы.Тұлғалық факторлар. Ежелгі Қазақстанның тарихи тұлғалары. Ортағасырлық Қазақстанның жеке тұлғалары. Жаңа, қазіргі және қазіргі заман тарихи тұлғалары. Тәуелсіз Қазақстанның тарихи тұлғалары.

Оқытудағы күтілетін нәтиже: Пән бойынша көлемді білім алу.

Іскерлігі: нақты білім бойынша талдай білу және ғылыми материал арқылы нақты нәтижесі мен қорытынды шығару.

Дағдылары: ойлау қабілетін қалыптастыру, оқу және ғылыми материал арқылы өздігінен жұмыс жасай білу.

Құзіреттері: маманды қалыптастыруда ғылыми білім, қабілет және дағды меңгеру.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а Мухамеджанова Н.А


8

IGK 0308

Қазақстан қалаларының тарихы

Кредит саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.

Постреквизиттер – Батыс және Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.

Оқыту мақсаты: қала тарихын зерттеу, басқару жүйесін қосканда оның қазіргі кездегі мәселелері.

Қысқаша мазмұны: Бұл пәннің негізіне қаланың тарихын зерттеу және оның өркениеттік деңгейін анықтау жатады. Бұл процеске қаланың саяси, әлеуметтік-экономикалық, жаһандық өзгеріс факторлары әсер етеді.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: қазақстандық қалалардың тарихы, Шығыс Қазақстан қалаларының тарихи даму кезеңдері.

Іскерлігі: Қазақстандағы және шет елдегі қалалардың қазіргі мемлекеттік саяси жағдайы мен тарихи тәжірибесіне анализ жасау.

Дағдылары: қалалардың қалыптасу және қазіргі мәселелерін айқындай білу.

Құзіреттері: генезиске мінездеме беру,қаланы басқарудың кезеңдері мен қазіргі жағдайы, яғни муниципалды басқару.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Мухаметжанова Н.А.

9

KDRISR 0309

Шетелдердегі қазақ диаспорасы: тарихы және қазіргі дамуы

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), кредитте ECTS – 3



Пререквизиттері – Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы

Постреквизиттері - жоқ

Мақсаты: Қазақ диаспорасының тарихи тағдырлары жөнінде түсінік қалыптастыра отырып, олардың қалыптасып дамуын қарастыру.

Қысқаша мазмұны: диаспора және ирриденталардың теориялық аспектілерін меңгерудегі категориялары.Диаспораларды сыныптау. Мәселенің тарихнамасы мен деректануы.Қазақ диаспорасына арналған тарихнаманы сыныптау. Деректер қоры. Қазақ диаспорасы мен ирридента тарихы. Қазақтардың Кеңестік Қазақстаннан кету себептері. 1930-жылдардағы Шығыс Түркістандағы оқиға.1936-1941 жылдардағы қазақтардың Үндістанға көшуі.Жер аударылғандардың лагері. Солтүстік және Орталық Үндістандағы қазақтардың қоныстануы. Қазақ-Сарайдың пайда болуы. Пәкістанға амалсыздан қоныс аудару. ХХ ғасырдағы қазақ диаспорасының көшіп-қону үрдісінің кеңеюі. Қазақтардың Қытайдан ауа-көшуі:1944-1949 жылдардағы Іле көтерілісі, Шығыс-Түркістан Республикасының құрылуы мен күйреуі.Қытай коммунистерінің жүргізген саясаты.Кашмирдегі, Үндістандағы, Пәкістандағы қазақтар, лагердегі қашқындар, олардың Түркияға қоныс аудару шешімдері.Қазақ диаспорасының жаңаша қалыптасуы, этникалық тұрғыдан сақталып қалуы, дәстүрлі емес ортаға сіңісіп кетуі.Әлем елдеріндегі қазақ диаспорасы, қазақтардың Отанына оралуы.

Күтілетін нәтижелер:

Білім:Пән бойынша ұсынылған білім деңгейін толықтай меңгеру.

Игеру: Оқу және ғылыми негіздегі материалға анализ жасай білу арқылы, күтілген нәтижелер мен шешімдерді шығару.

Дағды:Сыни тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру , оқу және ғылыми материалдармен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.

Құзырет: мамандыққа бағдарланған білімді игерту арқылы, дағдыланған маман даярлау.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., профессор м.а. Коновалов А.П.

10

DPK 0310

Қазақстандағы демографиялық үрдістер (XX ғасыр)

Кредит саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: XX ғасырдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы туралы түсінік беру.

Қысқаша мазмұны: Демографическая ситуация в Казахстане в 1920-1930 жж. Қазақстандағы демографиялық ахуал. Демографическая катастрофа 1929-1933 жж. Демографиялық катастрофа және оның қазақстандағы салдарлары.Репрессияға ұшыраған халықтардың депортациясы. 1960-1980 жж. Қазақстан халқы саны. Егеменді Қазақстандағы этнодемографиялық ахуал. XXI ғ. демографиялық саясаттың негізгі бағыттары.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Кариева Т.А.

11

APSK 0311

Егеменді Қазақстанның өзекті мәселелері

Кредиттер саны – 2 (1+1+0), ECTSбойынша кредиттер

саны – 3

Пререквизиттер – Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы

Постреквизиттержоқ

Оқыту мақсаты:

Қысқаша мазмұны: Тәуелсіздік алу мәселелері.Дағдарыстық құбылыстар КСРО құлауының нәтижесі ретінде. Қазақстандағы нарықтық экономиканың қалыптасу мәселелері. ҚР экономикасына шетелдік капиталды тарту. ҚР саяси реформалар мен жаңа мемлекеттік жүйенің қалыптасу мәселелері. Қазақстандағы 1997-1998 ж.ж. дағдарыс.Жаһандану және оның ҚР әсері. ҚР-дағы тілдік саясат. Аграрлық сектор мен ауыл мәселесі. ҚР-да жаңа формациялы білім беру жүйесінің қалыптасуы. ҚР-дағы кіші және орта бизнестің мәселелері. 2008-2009 ж.ж. жаһандық экономикалық дағдарыс және оның қазақстан үшін салдарлары. Қазақстанның даму перспективалары және қазіргі әлем жағдайларындағы ұлттық қауіпсіздік талаптары.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцента м.а. Бакытжанова А.Б.


12

MOVPSK 0312

Егеменді Қазақстанның сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастары

Кредит саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5



Пререквизиттер – Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: ҚР сыртқы саясаты мен негізгі бағыттары, халықаралық дипломатияның принциптері туралы түсінік беру.

Қысқаша мазмұны: КСРО ыдырауы және ТМД құрылуы.Қазақстан Республикасының ішкі саясаты. ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттары. ҚР мен еуропалық мемлекеттер қатынастары. ҚР және азия елдері қатынастары. ҚР және амрикалық мемлкеттердің қатынасы. ҚР сыртқы істер минисрлігі жұмысы. Дипломатиялық кадрлер дайындау жүйесі. Жергілікті қақтығыстардың мәні және түрлері. Жергілікті қақтығыстарды көпжақты дипломатиялық ретке келтірудің рөлі. Қазақстанның халықаралық ұйымдарға кіруі. БҰҰ-дағы Қазақстан. Қазақстан мен НАТО өзара қатынастары. Қазақстанның ТМД-дағы орны және рөлі. Жаһандық халықаралық қатынастардағы Қазақстанның позициясы.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Мухаметжанова Н.А.

13

SGRRK

0313


Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік стратегиясы

Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3



Пререквизиттер – Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Курстың мақсаты болып адам құқығындағы гендерлік аспекті ерекшеліктерін үйрену болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді орындау керек: тақырыптығ негізгі түсініктері қарастырылады (құқық, адам құқығы, дискриминация және т.б.), құқықты шындыққа жанастыру үшін негізгі мәселелрді шешу керек, бостандық, төзімділік, әділдік және сыйласымдылық ұғымы бағаланады.

Қысқаша мазмұны: Курс барысында жыныс белгісі бойынша дискриминацияның өзекті тұстарына анализ жасалынады; халықаралық және ұлттық деңгейде әйел адам мен ер адамның құқықтары бағаланады. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттағы теория мен саясаттың қорытындысы. Гендерлік теңдік саясатын дамыиу бойынша мемлекеттік институттар. Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік пен оны қадағалау туралы заңдар.

Оқытудан күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пән бойынша ұсынылған білім көлемін игеру.

Іскерлігі: Объективті нәтиже және қорытындылар алу мақсатында ғылыми материал мен нақты оқулықты сараптай алу.

Дағдылары: Ғылыми және оқу материалдарымен өзіндік жұмыс істеу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Құзіреттері: кәсіби білім, маманды дайындау контекстіндегі кәсіби білім, іскерлік пен дағдылар.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцента м.а. Бакытжанова А.Б.

Шәкәрім атындағы СМУ-нің Ғылыми Кеңес отырысында бекітілді.

Хаттама № __ «__» ________ 20__ жыл







Келісілді:


Декан ________________ А.С. Еспенбетов

(қолы) (Т.А.Ә.)



АМД директоры ______ М.Б. Смирнов

(қолы) (Т.А.Ә.)


Кафедра меңгерушісі _______ Н.А. Мухаметжанова





(қолы) (Т.А.Ә.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет