Студенттерге арналған бағдарлама нысан
Ф СО ПГУ 7.18.2/07
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлімі) пәні бойынша
050301 «Заңтану» мамандығы
студенттері үшін
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
Павлодар
Оқытушылар жөнінде мәлімет
Авилхан Ақмамық - Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы (дәріс)
Аудиториялық сабақтардың уақыттары күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген сабақ түрлерімен өтеді.
Пәнді толық оқу барысы мынадай пәндер базасына да негізделеді: мемлекет және құқық теориясы, рим құқығы, конституциялық құқық.
Пәнді оқудың мақсаты:
- азаматтық құқықтық қатынастардың табиғаты мен мәнін толық меңгеру;
- әрекет етуші азаматтық құқықтық заңдылықтарды талдауды дағдыға айналдыру;
- нақты туындаған азаматтық құқықтық қатынастарды шешуге азаматтық заңдылықтарды қолдауға дағдыландыру.
Пәнді оқудың нәтижесінде:
білесіздер:
1 азаматтық құқық ережелерінің негізін қалайтын теориялар:
а) құқықтық реттеу түсінігі, пәні мен әдісі;
б) азаматтық құқықтың қағидалары мен қайнар көздері, міндеті;
в) азаматтық құқықтық қатынастар;
г) азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық жағдайы;
д) мәміленің мәні мен міндеті;
е) міндеттеме және шарттың жалпы ережелері.
2 Әртүрлі азаматтық құқықтық қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері:
а) міндеттеменің жекеленген түрлері (сатып алу-сату, медігер, тасымалдау және т.б.)
б) зиян келтіру салдарынан туындаған келісімсіз міндеттемелер;
в) интеллектуалдық меншік құқығы;
г) мұрагерлік құқық.
3 Шет ел субъектілері қатысқан азаматтық құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу ерекшеліктері:
а) заңды тұлға және шет ел азаматының заңды мәртебесі;
б) аталған қатысушылар арасында туындаған даулы қатынастарды реттеуде нормаларды таңдау арқылы қолдану.
дағдылануға:
1 нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс жасау.
2 нақты жағдайларды шешуге теориялдық білімін қолдану.
3 заңды құжаттарды құрастыру (шарт, сенімхат, өсиет және т.б.).
үйренесіздер:
1 азаматтық заң актілерін дұрыс қолдануды.
2 оқу сабақтарын шешу.
3 шарт түрлері мен басқа да құжаттарды құрастыру.
СО ПГУ 7/18/2-07
Нормативті құқықтық актілер мен әдебиеттер
Негізгі
1 ҚР Конституциясы т 30.08.95.
2 ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы және ерекше бөлім) 1 қаңтар 2005жылы
3 «Неке және отбасы» туралы ҚР заңы 1 қыркүйек 2005 ж.
4 «Акционерлік қоғамдар туарлы» ҚР заңы 1 қыркүйек 2005 ж.
5 «Банкроттық туралы» ҚР заң 1 қаңтар 2005 ж.
6 «Лицензиялау туралы» ҚР заңы 1 қаңтар 2005 г.
7 «Авторлық және аралас құқықтар туралы» ҚР заңы
8 ҚР Патент заңы
9 «Селекциондық жетістіктер туралы» ҚР заңы
10 ҚР Азаматтық құқығы. Оқу құралы (жалпы бөлім). Төлеуғалиев Ғ. Алматы, 1999.
11 Гражданское право (под ред. Е.А.Суханова). т.1. М., 1994.
12 Шершеневич Г.Ф. «Учебник русского гражданского права». М.. 1995.
13 Мейер Д.И. Русское гражданское право. М., 1997.
14 Гражданское право (под ред.А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого). М., 1998.
15 Жайлин Г. А. Гражданское право РК: Учебник (часть особенная, том 1.2). Алматы, 2001.
16 Тархов В.А. Гражданское право. Общая часть. Чебоксары, 1997.
Қосымша
17 Интеллектуальная собственность в РК. Сборник законодательных актов по состоянию на 1 января 2005 г.
18 Хозяйствующие субъекты в РК. Сборник законодательных актов по состоянию на 1 января 2006 г.
19 Предпринимательство в РК. Сборник законодательных актов по состоянию на 1 января 2006 г.
20 Яковлев В.Ф. Гражданско-правовой метод регулирования общественных отношений. Свердловск, 1972.
21 Ансон В. Договорное право. М., 1984.
22 Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право: общие положения. М., 1997.
23 Сулейменов М.К. Договор как основание возникновения относительных правоотношений в народном хозяйстве. В сб. Гражданское право и экономика. М., ИГП АН СССР, 1985.
24 Покровский Б.В. Рента: новый институт в проекте Особенной части гражданского кодекса РК. – Актуальные вопросы коммерческого законодательства в РК и практика его применения. (Материалы семинара). – Алматы, 1996.
25 Актуальные вопросы гражданского законодательства в РК: Сборник научных трудов преподавателей кафедры гражданского и трудового права, Караганда: Издательство Кар. ГУ, 2001.
26 Римское частное право: Учебник (под ред. Проф. И.Б. Новицкого и проф. И.С. Пететерского). – М., 1994.
Курс компоненті
Дәріс сабақтарының мазмұны
Азаматтық құқықтың жалпы бөлімі
1-тақырып. Азаматтық құқықтың түсінігі.
Азаматтық құқықтық пәні. Азаматтық құқықтың түсінігі, оның анықтамасы және негізгі бастамасы. Азаматтық құқық және азаматтық заңнама. Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы негізгі азаматтық актілер.
2-тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастар.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың ұғымы және ерекшеліктері. Азаматтық-құқықтық қатынастардың элементтері: субъекті, объект және мазмұны. Азаматтардың субъективтік құқықтарының ұғымы және субъективтік міндеттері. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеру және тоқталу негіздері.
3-тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түсінігі. Азаматтық-құқықтық бостандығы және шегі. Субъективтік құқыққа зиян келтіруді болдырмау. Азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушыларының мейірімділігі. Азаматтық құқық қорғау ұйымы. Қорғау әдісі. Қорғау орғандары. Азаматтық құқықты өзін-өзі қорғау. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау.
4-тақырып. Азаматтық құқықтың объектілері.
Азаматтық құқық объектілерінің ұғымы және түрлері. Мүлік-азаматтық құқықтың объектісі. Жер-құқықтық арнайы объектісі ретінде. Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік. Көмек және басқа да әрекеттер азаматтық құқықтық объектісі ретінде. Санаткерлік азаматтық құқық объектісі. Ақша, шетел валютасы азаматтық құқықтық объектісі ретінде. Бағалы қағаздар, олардың түрлері және ерекшеліктері. Мүліктік емес өзіндік құқықтар.
5-тақырып. Азаматтық құқықтың субъектісі.
«Азаматтардың»және «физикалық тұлғалардың» арақатынасы. Азаматтық құқықтық қабілеттің түсінігі және пәні, оның басы және соңы. Шетел адамдардың және азаматағы белгісіз адамдардың құқықтық қабілеті. Құқықтық қабілеттінің тежеулер. Қабілеттігісіз тұлғалардың және шек қойылған әрекетті тұлғалардың азаматтық құқықтарының және міндеттерінің іске-асырудың тәртібі. Қамқорлық және қорғаншылық. Азаматтардың мүлкін жазалауы. Азамат кәсіпкердің банкроттық. Оның заң және мекен жайы. Хабарсыз болмаған азамат немесе оның опат болған хабарландыру танудың тәртібі, шарттылары және құқық салалары.
6-тақырып. Заңды тұлғалар.
Заңды тұлғалардың ұғымы мен белгілері. Олардың азаматтық айналымдағы рөлі. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі. Заңды тұлға органдарының құқықтық мәртебесі. Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдері. Еншілес заңды тұлға. Заңды тұлғанның пайда болуы және тоқтатылуы. Құрылтай құжаттары. Жарғы мен құрылтай құжатарының қарым-қатынасы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы. Заңды тұлғаны азаматтық айналымда дараландыру. Заңды тұлғаның түрлері. Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар. Қатысушылардың үлесі мен капиталдарын анықтау. Заңды тұлғалардың акционерлік қоғамның ерекшеліктері. Өндірістік кооперативтің заңды тұлға ретінде ерекшеліктері. Мемлекеттік мекемелердің ерекшеліктері. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы. Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде.
7-тақырып. Мәмілелер.
Азаматық-құқықтық мәмілелердің ұғымы және түрі. Біржақты мәміле. Екі жақты және көп жақты мәміле. Шартты мәміле. Мәмілелердің жарамдылығы. Мәміленің жарамдығы. Мәмілені жарамсыз деп танудың салдары. Мәміленің жартылай жарамсыздығы. Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері.
8-тақырып. Өкілділік
Өкілділіктің ұғымы. Өкілділіктің қолданыс аясы. Өкілділіктің түрлері. Сенімхат. Қолданыс мерзімі және формасы. Сенімхатты тоқтату. Өкілеттілігі жоғары және өкілеттілігі төмен тұлғалардың заңы әрекеттерінің нәтижесі. Коммерциялық өкілдік.
9-тақырып. Мерзімдер. Талап мерзімі.
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы. Мерзім түрлері. Азааттық құқықтарды жүзеге асырудың мерзімі. Талап мерзімінің өтуі. Азаматтық құқықты қорғау мерзімі. Талап қою мерзімінің ұғымы және мағынасы.
10-тақырып. Меншік құқығының ұғымы.
Меншік экономикалық категория ретінде. Меншік құқығының ұғымы субъективтік азаматтық құқық ретінде. Жеке меншік құқығы. Мемлекеттік меншіктегі объектілерді жекешелендіру. Меншік құқығының қолданылатын шегі. Меншік иесінің уақыттануы. Сертивуттар. Мерзімсіз меншік құқығы. Әр түрлі азаматтық құқық субъектілеріндегі меншік құқығының ерекшеліктері.
11-тақырып. Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы.
Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері. Меншік құқығының пайда болу кезеңі және өтуі. Мүліктің меншікке өту кезеңінде абайсызда бүлінуі. Кіріс пен шығыс меншік құқығы. Мәжбүрлеп және ерікті түрде меншік құқығынан айыру. Ұлт меншігіне алу, мүлікті тәркілеу, мүлікті алудың құқықтық ерекшеліктері. Мәжбүрлі түрде меншік құқығынан айырудың тәсілдері.
12-тақырап. Ортақ меншік.
Ортақ меншіктің ұғымы мен түрлері. Ортақ үлесті меншік құқығы. Ортақ бірлескен меншік. Ортақ бірлескен меншіктің әр түрлілігі. Кондоминиум – ортақ меншіктің арнайы формасы.
13-тақырып. Өзге де заттық құқықтар.
Өзге де заттық құқықтардың ұғымы. Шаруашылық жүргізу құқығы. Шаруашылық жүргізу құқығының субъектісі. Құқық мазмұны және жүзеге асырудың шегі. Шаруашылық жүргізу құқығының тоқтатылуы. Мемлекеттік мекемелердің жекешеге ауысуы. Құқықтық жедел басқарылуы. Құқықтық жедел басқарылуының мазмұны. Мекеменің мүлікке қатысты құқығы, бюджет есебінен алынған емес. Жер учаскілеріне заттық құқық. Заттық құқықтық элементтері бар құқықтар.
14-тақырып. Меншік құқығын қорғау.
Меншік құқығын қорғаудың маңызы. Меншік құқығын қорғаудың әдістері. Меншік құқығын тану. Басқа адамның заңсыз иеленуіндегі мүлікті талап ету. Заңсыз иеленудегі мүлікті қайтарғандағы есеп. Мемлекеттік басқарушы органдардың меншік иесінің меншік құқығын заңсыз шетеуінен қорғау. Меншік құқығын азаматтық-құқықтық қорғауды басқа да тәсілдері. Заттық құқықтарды қорғау.
15-тақырып. Міндеттеменің ұғымы мен міндеттемедегі тараптары.
Міндеттеменің ұғымы мен оның жүйесі. Міндеттеменің ұғымы, оның заттық құқықтық қатынастан ерекшелігі. Міндетеменің туындауының негізі. Міндеттеменің субъектісі. Міндетемедегі тараптардың көптігі. Іскерлік және субсидиялық міндеттемелер. Үшінші тараптың қатысуымен болатын міндеттеме. Кері міндеттеме. Үшінші тарапқа тиімді міндеттеме. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.
16-тақырып. Міндеттеменің орындалуы.
Міндеттмені орындаудың мерзімі, жедел орындаудың ережелері. Міндеттемені орындаудың мерзімінің ұзартылуының қорытындысы. Міндетемені орындаудың орны және тәсілі
17-тақырып. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.
Міндетеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұғымы. Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі. Тұрақсыздық, оның кемшілігіне қатысты түрлері. Кепіл пұл, оның аванстан ерекшелігі. Оның тәсілі және бұзылуының нәтижесі. Кепіл. Оның түрлері. Кепіл пәні. Кепіл формасы және оның бұзылуының нәтижесі. Кепіл тараптары, олардың құқықтары мен міндеттері. Кепілді бұзғаны үшін жауаптылық нәтижесі. Кепіл етудің заңнамада көзделген реті. Банктік кепілдің ерекшеліктері. Айналымдағы тауар кепілдері. Кепілдік және кепіл болушылық міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі ретінде. Кепілдік және кепіл болушының міндеттері.
18-тақырып. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық.
Азаматтық-құқықтық жуаптылықтың түсінігі. Құқықтық жауаптылықтың жүйесіндегі азаматттық-құқықтық жауаптылықтың орны. Азаматтық-құқықтық жауаптылық және экономикалық жауаптылық. Алға өрлеу тәртібіндегі жауаптылық. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың шарты. Азаматтық құқық бұзушылықтың түсінігі және құрамы. Құқыққа қайшылық азаматтық-құқықтық жауаптылық шарты ретінде. Қиянаттың түсінігі жауаптылықтың шарты ретінде. Себепті байланыс жауаптылықтың шарты ретінде. Кінәнің түсінігі және нысаны. Кінәға қарамастан жауаптылық мүмкіндігі. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың толық қағидасы.
19-тақырып. Міндеттеменің тоқтатылуы.
Міндеттеменің ұғымы және оның негіздері. Міндеттемені тоқтатудың кейбір тәсілдері. Міндеттемені тоқтатудың шарттары. Борышкер мен жанға алушының бір тұлға болуы. Тұлғаның өлімі және заңды тұлғаның қосылуы. Заңды тұлғаның тоқтатылуының басқа да тәсілдері.
20-тақырып. Шарттың ұғымы және жағдайлары.
Азаматтық-құқықтық шарттардың ұғымы және белгілері. ҚР-да нарықтық қатынастардың қалыптасуындағы шарттың алатын орны. «шарты», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының ара қатынасы. Заң актілері және шарт. Шартты саралау. Оралымды және оралымсыз шарттар. Бір жақты және екі жақты шарттар. Алдын-ала шарт жасау. Үшінші тарапқа тиімді шарт. Шарт жасаудың шарты және түрлері. Шарты талқылау.
21-тақырып. Шарт жасасу, өзгерту және бұзу.
Шарт жасасудың нысаны. Шарт жасасудың кезеңдері. Шарттық мазмұны мен формасы. Шарттың жай және маңызды түрі. Шарт жасасу орны. Қайталанған шарт, оның ұғымы мен ережелері. Шарт жасасу кезінде қайшылықтарды реттеу. Шартты өзгерту негізі және тоқтату. Шартты өзгерту және тоқтату тәртібі.
Дәріс сабақтарының мазмұны
Азаматтық құқықтың ерекше бөлімі
1-тақырып. Сатып алу-сату шарты.
Сатып алу-сату шартының түсінігі. Сатып алу-сату шартының мазмұны. Сатып алу-сату шартының түрлері (тауар жеткізілімі шарты, келісім шарт жасасу, кәсіп орынды сатып алу-сату шарты, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты).
2-тақырып. Айырбас.
Айырбас шартының түсінігі. Айырбас шартының мазмұны.
3-тақырып. Сыйға тарту.
Сыйға тарту шартының түсінігі. Сыйға тарту шартының мазмұны.
4-тақырып. Рента.
Рента шартының түсінігі. Рента шартының мазмұны. Рентаның түрлері.
5-тақырып. Жалға алу шарты.
Жалға алу шартының түсінігі. Жалға алу шартының мазмұны. Жалға алу шартының түрлері.
6-тақырып. Қарыз алу шарты.
Қарыз алу шатының түсінігі. Қарыз алу шартының мазмұны.
7-тақырып.Тұрғын үйді жалға алу.
Тұрғын үй заңдылығының түсінігі мен мазмұны. Жеке тұрғын үй қорында тұрған үйді жалға алу. Мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрғын үйді жалға алу.
8-тақырып. Мердігерлік.
Мердігерлік шартының түсінігі. Мердігерлік шарт мазмұны. Мердігерлік шарттың түрлері.
9-тақырып. Өтелмелі қызмет көрсету.
Өтелмелі қызмет көрсетудің түсінігі. Өтелмелі қызмет көрсету шартының мазмұны.
10-тақырып. Тасымалдау.
Тасымалдау шартының түсінігі. Тасымалдау шартының мазмұны. Тасымалдау шартының түрлері.
11-тақырып. Көлік экспедициясы.
Көлік экспедициясы шартының түсінігі. Көлік экспедициясы шартының мазмұны.
12-тақырып. Заем шарты.
Заем шартының түсінігі. Заем шартының мазмұны. Заем шартының түрлері.
13-тақырып. Факторинг.
Факторин шартының түсінігі. Факторинг шартының мазмұны.
14-тақырып. Банктік қызмет көрсету.
Бактік қызмет көрсету шарытының түсінігі. Банктік қызмет көрсету шартының мазмұны.
15-тақырып. Есеп айырысу қатынастары.
Есеп айырысу әдістерінің сипаттамасы мен түрлері.
16-тақырып. Сақтау.
Сақтау шартының түсінігі. Сақтау шартының мазмұны. Сақтау шартының түрлері.
17-тақырып. Сақтандыру.
Сақтандыру шартының түсінігі. Сақтандыру шартының мазмұны. Сақтандырудың түрлері.
18-тақырып. Тапсырма.
Тапсырма шартының түсінігі. Тапсырма шартының мазмұны.
19-тақырып. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.
Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау міндеттемесінің түсінігі мен мазмұны.
20-тақырып. Комиссия.
Комиссия шартының түсінігі. Комиссия шартының мазмұны.
21-тақырып. Мүлікті сенімгерлікпен басқару.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының түсінігі. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының мазмұны.
22-тақырып. Франчайзинг.
Франчайзинг шартының түсінігі. Франчайзинг шартының мазмұны.
23-тақырып. Конкурстық міндеттемелер.
Конкурстық міндеттемелердің түрлері мен мазмұны.
24-тақырып. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер.
Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер түсінігі. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердің түрлері.
25-тақырып. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер түсінігі мен мазмұны.
26-тақырып. Интеллектуалдық меншік құқығы.
Интеллектуалдық меншік құқығы түсінігі. Интеллектуалдық меншік объектілерінің құқықтық режимі мен түрлері.
27-тақырып. Мұрагерлік құқық.
Мұрагерлік құқық түсінігі. Мұрагерліктің түрлері мен олардың құқықтық реттелуі.
28-тақырып. Халықаралық жеке құқық
Тәжірибе сабақтарының мазмұны
Азаматтық құқықтың жалпы бөлімі
1-тақырып. Азаматтық құқықтың түсінігі.
Азаматтық құқықтың өзге де құқық салалары арасындағы маңызы мен мәні. Азаматтық құқықтық реттеудің тәсілдері. Сабақтас құқықтармен азаматтық құқықтың айырмашылығы. Шет елдердің азаматтық құқығының жалпы сипаттамасы.
2-тақырып. Азаматтық құқықтық қатынастар.
Азаматтық құқықтық қатынас және оның құрылымы. Азаматтық құқықтық қатынастың туындау негіздері мен түрлері.
3-тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың туындау негізі. Бұзылған субъективтік құқықты қорғаудың негіздері. Азаматтық құқықтық қатынастарға қатсушылардың теңдігі. Қорғау және оның негізгі әдістері мен түрлері.
4-тақырып. Азаматтық құқықтың объектілері.
Азаматтық құқықтық объектілерінің айналым қабілетінің мәні мен маңызы. Азаматтық құқықтың объектілерін топтастыру және олардың түрлері. Объектілердің қолданыс аясына қарай ерекшеліктері.
5-тақырып. Азаматтық құқықтың субъектісі.
Азамат және тұлғаның құқықтық мәртебесі. Әрекет қабілеттілік. Құқық қабілеттілік. Жауаптылықты өтеу. Азаматты өлді деп жариялау және хабар -ошарсыз кетті деп танудың құқықтық негізі.
6-тақырып. Заңды тұлғалар.
Заңды тұлға институтының қалыптасуы. Заңды тұлға оның мәні мен белгілері. Заңды тұлғаның түрлері мен құқықтық реттелуінің ерекшеліктері.
7-тақырып. Мәмілелер.
Мәміле оған қойылатын талаптар. Жарамды және жарамсыз мәмілелер. Мәміленің түрлері.
8-тақырып. Өкілділік
Өкілдік. Өкілділік қатысын реттейтін құқықтық актілер. Өкілдік және сенімхаттың түрлері.
9-тақырып. Мерзімдер. Талап мерзімі.
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлері мен ұғымы. Мерзім түрлері. Субъективті құқықтарды жүзеге асыру мерзімі. Талап қою мерзімі және оның құқықтық реттелуі мен ерекшеліктері.
10-тақырып. Меншік құқығының ұғымы.
ҚР Меншік қатынасын құқықтық реттеу туралы заңдылықтардың сипаттамасы. Меншік құқығына жалпы сипаттама. Меншік құқығының түрлері және оның өзара қарым - қатынасы мен ерекшелігі. ҚР Констиуциясы және Жер кодексіндегі меншік субъектісі мен объектінінің құқықтық жағдайлары.
11-тақырып. Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы.
Меншік құқығының пайда болу тарихы. Меншік құқығының туындау негіздері. Меншікті иенелу, пайдалану, билік ету құқығы. Иесіз мүлікке меншік құқығының пайда болуының құқықтық жағдайы. Меншіктің пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылу жағдайлары.
12-тақырап. Ортақ меншік.
Ортақ меншікке ие болу негізі. Ортақ меншік пен ортақ үлестік меншік құқығының ерекшеліктері. Ортақ бірлескен меншіктің құқықтық негізі.
13-тақырып. Өзге де заттық құқықтар.
Өзге де заттық құқықтардың ұғымы мен пайда болуы. Шаруашылық жүргізу құқығы мен құқықты жедел басқарудың ерекшелігі. Заттық құқықтың реттелуіне қолданылатын нормативті құқықтық актілер.
14-тақырып. Меншік құқығын қорғау.
Меншік құқығын қорғаудың маңызы мен мәні. Меншік құқығын қорғаудың жолдары. Меншік иесінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жолдары.
15-тақырып. Міндеттеменің ұғымы мен міндеттемедегі тараптары.
Міндеттеменің түсінігі мен белгілері. ҚР Азаматтық кодексі бойынша міндеттемелік құқықтық реттелуі. Міндеттеме тараптарының құқықтары мен міндеттері.
16-тақырып. Міндеттеменің орындалуы.
Міндеттмені орындаудың мерзімі, жедел орындаудың ережелері. Міндеттемені орындаудың мерзімінің ұзартылуының қорытындысы. Міндетемені орындаудың орны және тәсілі
17-тақырып. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.
Міндетеменің орындалуын қамтамасыз етудің құқықтық негізі. Кепіл және оның түрлері. Банктік кепілдің ерекшеліктері. Айналымдағы тауар кепілдері. Кепілдік және кепіл болушылық міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі ретінде. Кепілдік және кепіл болушының міндеттері.
18-тақырып. Міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық.
Азаматтық-құқықтық жуаптылықтың түсінігі мен белгілері. Басқа жауаптылықтан ерекшелігі. Азаматтық құқықтағы кінә.
19-тақырып. Міндеттеменің тоқтатылуы.
Міндеттеменің ұғымы және оның негіздері. Міндеттемені тоқтатудың тәсілдері.
20-тақырып. Шарттың ұғымы және жағдайлары.
Азаматтық-құқықтық шарттардың пайда болуының негіздері мен қалыптасу ұғымы және белгілері. Шарт түрлері мен олардың сипатталуы. Шарт және мәміленің өзара байланысы.
21-тақырып. Шарт жасасу, өзгерту және бұзу.
Шарт жасасудың ауызша нысаны. Шарт жасасу жолдары. Шарттық мазмұны. Шартты бекіту және тоқтату, өзгертуге заңды фактінің алатын орны.
Курс саясаты
Баға қою критерийлері.
Максималды балл дұрыс және белгіленген мерзім мен сабаққа 100% қатысуы кезінде қойылады
-
Дәріске қатысу – 2 б.
-
Дәріс конспекті – 1 б.
-
Тәжірибелерге қатысу – 1 б.
-
Семинарлардағы конспект – 2 б.
-
Семинарда жауап беру – 5 б.
Межелік бақылау – 20 б.
Айып салу шаралары
Сабақты босатуы, кешігуі, плагиат, жұмысты мерзімінде орындамауы кезінде студентке белгіленген ұпайлар қойылмайды.
Егер студент нақты себеппен сабақты босататын болса және растайтын құжаты болса (мед. анықтама, деканаттан жазбаша рұқсат), студент 2 жұма ішінде оқытушы белгіленген мерзімде босатқан күндерін қосымша жұмыс алып, өтеуге құқығы бар. Бұл жағдайда балл 0,5 коэффициентімен қойылады.
Межелік және қорытынды бақылауды жүргізу формасы
Межелік бақылау жазбаша өткізіледі. Межелік бақылау сұрақтарын студент 7 және 14 аптада алады.
Курсты аяқтаудың бағасы: жалпы үлгерім мен қорытынды бақылаудың максималды балдарын қосқан кезде шығарылады. Қорытынды нәтиже СО ПГУ 8.01.1-05 4 пункті “Студенттердің білімін балл-рейтингілік жүйе бойынша бақылау және бағалау ережелеріне” сәйкес шығарылады.
Аудитория мен емтиханда тәртіпті сақтау ережелері
Студент міндетті:
-
Сабаққа кешікпеуге.
-
Сабақ барысында сөйлеспеуі, газет, журнал т.с.с. оқылмауы тиіс .
-
Ұялы телефондарын сөндіруге.
-
Сағыз шайнамауы.
-
Оқу үрдісіне белсенді араласуы.
-
Сабаққа уақытында келу.
-
Оқу бөлмелерінде темекі тартпау.
-
Аудиторияларда қоқым шашпай, тазалық сақтауы.
-
Сабаққа сыртқы киіммен кірмеуі.
-
Жиһаз бен көрнекі оқу құралдарын сақтай білу.
Студенттің тәртібі мен этикасы университеттің ішкі тәртібіне сай келуі керек.
Белгіленген тәртіптерді бұзғаны үшін оқытушы студентті аудиториядан шығарып тастау және деканның рұқсатымен сабаққа кіргізу құқығына ие.
Студенттердің білімін бағалау
Қорытынды баға балдармен белгіленеді (Қ)
|
Балдардың сандық
эквиваленті (С)
|
Әріптік жүйемен бағалау
|
Дәстүрлі жүйемен бағалау
|
Емтихан, диф.сынақ
|
сынақ
|
95 -100
|
4
|
А
|
Өте жақсы
|
Сынақ
|
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3.33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
Қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
Қанағатсыз
|
Сынақтан өтпеген
|
«Өте жақсы» бағасы негізгі және қосымша фактілерді толық білуде қойылады; олардан дұрыс қорытынды жасай алуда (заңдылықтарды анықтау); тарихнаманы, мәселенің теориясын игерген жағдайда қойылады. «Жақсы» деп негізгі, қосымша фактілерді білу; оларды түсіндіріп, қорытынды жасай білу; теориялар, тарихнаманың негізін білу кезінде қойлады. «Қанағаттандырарлық» бағасы негізгі фактілерді айтып, оларды дұрыс қорытындылау, тарихнама, теорияларды жалпы айтып өтіп, жалпы білімнің болмауы мен қосымша фактілерді келтірмеуінде бағаланады. «Қанағатсыз» білім мен негізгі фактілер, тарихнама, теориялық сұрақтарына жауап берілмеуі кезінде бағаланады.
Семинар кезіндегі қорытынды, бақылаудың барлық формаларын негізінде пән бойынша әр студенттің қорытынды рейтингісі анықталады. Бақылау түрлерінің үлестік коэффициенті (үлесі) осыны құрайды: өтпелі үлгерімнің бақылауы (ВДту) – 0,4; емтихан (ВДэ) – 0,6. Қорытынды рейтинг мына формул бойынша шығарылады:
И= (Р1+Р2) : 2 х ВДту + Э х Вдэ где Р1, Р2, Э – балдар, бірінші мен екінші рейтинг қорытындылары бойынша алынған, емтихан 100 балдық жүйемен; ВДту, ВДэ – өтпелі үлгерім мен емтихандарда алынған үлестер.
Мысалы: бірінші рейтингте студент 76 бал алған болсын, екіншісінде – 80, емтиханды «жақсы» тапсырды, әріптік жүйеде “В-“, бұл 79 балды құрайды. Онда қорытынды рейтинг : И= (76+80) : 2 х 0,4 + 79 х 0,6 = 78,6 болады.
Пән бойынша балдармен белгіленетін (И) қорытынды рейтинг 2 таблицаға сәйкес сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға айналдырылады да “Студенттердің білімін бағалау” журналына және “Рейтингі ведомосіне” енгізіледі. Біздің мысалымызда бұл 2,67; В-; «жақсы» болады.
Пән бойынша уақытаралық аттестация ведомості мен сынақ кітапшасына қорытынды баға дәстүрлі формада қойылады.
Апелляция жайында
Емтихандық сессия кезінде объективті емес баға үшін туған жағдайларды шешу үшін сессия басталуына 10 күн бұрын апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның төрайымы болып оқу ісінің проректоры болады,ол апелляциялық комиссияның құрамын белгілейді.
Апелляция студенттің ұсынысымен келесі жағдайларда шақырылады:
- тесттік тапсырмалар немесе емтихан сұрақтары дұрыс қойылмаған жағдайда;
- тесттік тапсырмалар бірнеше дұрыс жауапты қамтыса, дұрыс жауабы болмаса, бірдей жауаптарды қамтыған болса;
- тесттік тапсырмалар немесе емтихан сұрақтарының билеттері пәннің ӘОК белгілеген оқу бағдарламасына сәйкес келмесе.
Апелляцияға арыз апелляциялық комиссияның төрайымының атына емтиханнан соң келесі күннің 13 сағатына дейін арнайы бланкіде тапсырылары және деканмен қабылданады.
Апелляциялық комиссия арызды емтиханнан кейінгі келесі күні 17 сағатта жұмыс күні аяқталысымен қарастыра бастайды және апелляцияға арызды оқып жатқанның қатысуынсыз қарастыра алады. Апелляциялық комиссия апелляция қорытындыларын апелляця жөнінде арыз жасау бланкісіндегі апелляциялық комиссияның әр бір сұрақ бойынша шешімін қарастырады. Апелляцияның қорытындылары декан дайындаған апелляциялық ведомостке енгізіледі.
Апелляция барысында оқып жатқанның семестрлік (емтиханға дейін) рейтингтің ауысуы қабылданбайды.
Сәттілік тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |