Сугурова гулим кенесбаевна


Қазақстан республикасында туристік қызмет көрсетуді мемлекеттік реттеу мәселелері



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі403 Kb.
#131407
түріДиссертация
1   2   3

Қазақстан республикасында туристік қызмет көрсетуді мемлекеттік реттеу мәселелері. Туризмнің дамуының сандық параметрлері келешекте туризмді дамытудың негізгі бағыттарында қарастырылған тиісті факторлар мен тенденциялармен анықталады.дүниежүзіндегі туризмді дамытудың болжаудың сандық параметрлерінің негізгі нақты көзі болып, дүниежүзілік туристік ұйым(ДТҰ) табылады.

Жарияланған 2012 жылға дейінгі туризмді дамыту ДТҰ болжамында дүниежүзілік туризмнің көлемінің жыл сайынғы өсімі 4,3-4,4%, ал азия тынықмұхит аймағында туризмнің болжамды өсімі 6,7%.

Егер 1995 жылы туризмнен түсетін әлемдік табыс 399 долл. Құраған, 2020 жылы олар 2 трлн.долл. дейін өседі(5есе), яғни әлемдік туризмнен табыстардың көлемінің болжамды өсімі әлемдік экономиканың басқа негізгі салаларына қарағанда көп.

Туризмнің дамуын болжау дүниежүзі аумақтары бойынша біркелкі емес (кесте 2).


Кесте 2 – Дүниежүзілік туризмнің дамуын болжау

Дүниежүзінің аймақтары

1995

2000

2010

2020

1995ж.салыс.2020

Еуропа

Оңтүстік-шығыс

Азия және Тынық мұхит аймағы

Америка


Африка

Орта Шығыс

Оңт. Азия

Барлығы


335

80

111



20

14

4



564

390

116


134

27

19



6

692


527

231


195

46

37



11

1047


717

438


285

75

69



19

1602


214,0

547,5


256,8

375,0


492,9

475,0


284,0

Ескету [36]- әдебиет негізінде құрастырылған

Млн.адам

жылдар

Ескерту [36 ] –әдебиет негізігде автордың құрастыруы

Сурет 1 - 2020ж. Туристердің дүниежүзі бойынша келуін болжау

Туризм дамуының негізгі индикаторларына тоқталып өтсек, 2008 жылмен салыстырғанда өткен жылы туристік қызмет саласындағы жалпы түсім 2,6 есеге өскен. Туристік қызмет саласындағы жалпы қосылған құн 2,7 есеге көбейген. ЖІӨ дегі туристік қызмет саласының үлесі 2008 жылы 1,4%-дан 2010 жылы 1,9%-ға өсіп, 2011 жылы 1,7%-ға төмендеді. Туризм саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық атаулы есептелген жалақысы( теңге) 2008 жылы 17 533, 2008 жылы 22 418, 2009 жылы 27 649-дан 2010 жылы 42 766 ға өскен. (кесте 3)


Кесте 3 - Туризм дамуының индикаторлары






2008

2009

2010

2011

Туристік қызмет саласындағы жалпы түсім млрд. теңге

84,7

138,7

190,1

224,4

Туристік қызмет саласындағы жалпы

қосылған құн, млрд. теңге



79,7

131,6

180,1

211,8

ЖІӨ-дегі туристік қызмет

саласының үлесі, пайызбен



1,4

1,8

1,9

1,7

Туризм саласы қызметкерлерінің тізімдік саны (есепті кезеңге орта

есеппен), мың адам

туристік фирмалар қызметі

3,0


3,1


3,3


7,1



санаторий-курорттық

мекемелерінің қызметі



288,6

296,4


307,2

317,4

демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру

жөніндегі қызмет



64,4

69,7

73,6

73,0

Туризм саласында жұмыспен қамтылған













қызметкерлердің орташа айлық атаулы есептелген жалақысы, теңге туристік фирмалар

17 533

22 418

27 649


42 766

Шетелге шығып кеткен Қазақстан Республикасы резиденттерінің саны

(тұрақты тұруға кеткен азаматтар санын есепке алмағанда), адам 4)



2 974 869

3 687 849

4 544 440

5 242 643

келген резидент емес келушілердің саны

(тұрақты тұруға келген азаматтар санын есепке алмағанда), адам 4



5 990 691

7 129 648

9 261 554

9 388 207

Ескерту- Қазақстан Республикасының статистика агентігінің мәліметі.

(Кесте -3) Соңғы жылдары тұтастай алғанда республиканың туризм саласы дамуының оң серпіні байқалады: 2011 жылдың қорытындылары бойынша 2010 жылмен салыстырғанда келушілердің саны 3,1 % өсті, ішкі туризмнің көлемі 8,2 % өсті, сыртқа шығушылар туризмі 15,3 % өсті.

Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың ең көбі Алматы қаласында, Қарағанды облысында, Астана қаласында және Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Бұл облыстардың кәсіпорындары барлық туристер мен экскурсанттардың 86%-на қызмет көрсетті.

Келген туристердің республикада саяхатта болуының орташа ұзақтығы 16 күнді құрады (ТМД-дан келгендер үшін 3-4күн,ал ТМД дан тыс елдерден келгендер үшін 17 күнге дейін). Бұл негізінен резиденттерден іскерлік мақсатпен 58,3%, жұмыстан бос демалу үшін 2,9,%,таныстары мен туыстарын көру үшін 35,5%,өзгеде мақсаттармен 3,2,% келген адамдар. Резиденттер еместер арасынан іскерлік мақсатпен 93,5%, жұмыстан бос демалу үшін 1,4 %,таныстары мен туыстарын көру үшін 4,1%,өзгеде мақсаттармен 1 % келген адамдар. (сурет - 2)



Ескерту- Қазақстан Республикасының статистика агентігінің мәліметі.

Сурет 2 - 2011 жылы сапар мақсаттары бойынша қызмет көрсетілген адамдар саны.
Республика облыстары бойынша қызмет көрсетілген келушілер санына тоқталсақ (кесте-4 ) 2008жылмен 2011 жылдар аралығында Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында туристер саны көбейген. Ал, Атырау 2008 жылы 8133-тен 2011 жылы 3397 адамға, Қарағанды 2010 жылы 16814-тен 2011 жылы 14856 адамға, Солтүстік Қазақстан облысы 2008 жылы 14432-ден 2011 жылы 6162 адамға, Алматы 2008 жылы 150 913адамнан 2010жылы 261377 адамға өсіп, 2011 жылы 212663 адамға кеміген.

Бүгінгі күні Қызылорда облысында туризм инфрақұрылымы 27 қонақүйлер, 2 сауықтыру санаториялары, 8 балалар лагерлері және мұражайлар, тарихи-архитектуралық ескерткіштер және табиғи ресурстармен сипатталады. Оның негізін ғажайып табиғи жағдайлар мен ландшафтар және туристік орындар құрайды.

Сыр айма­ғындағы алтын көмбелер мен тарихи мұраларға көз жіберелік. Әрине, осынау бүгінгі ұрпаққа ұлағат болып қалған Сыр еліндегі тарихи ескерт­кіш­терді саусақпен санамалап тау­ы­су мүмкін де емес. Бұлардың негізін ғажайып тарихи-мәдени ескерткіш­тер мен ландшафтар, туристік ор­ын­дар құрайды. Бүгінде Сыр аймағында есепке алынып отыр­ған 506 тарихи ескерткіш бар болса, солардың 21-інің республи­ка­лық маңызға ие. Егер саралап айтар болсақ, осы ескерткіштердің 146-сы археологиялық, 297-сі архитектура­лық, 53-і монументті, 10-ы тарихи ескерткіштер.

Облысымыздығы туристік нысан ретінде пайдалануға қолайлы тарихи-мәдени орындар жайында тоқталып өтсек.



Алғашқысы - «Жеті әулие» қорымы. Бұл жер – Шиелі ауданында, Жөлек ауылынан 7 шақырымдай жерде, Шымкент- Қызылорда трассасының бойында орналасқан. «Жеті әулие» қорымы – Асан ата, Оқшы ата, Есабыз әулие кесенелері және Бала би, Досбол би кесенелері, Қыш ата, Ғайып ата бейіттері секілді тарихи- естелікті, діни де қасиетті қоғамға тиімді-пайдалы жағы бар сәулет ескерткіштері шоғырлнған орны.
Кесте 4 - Облыстар бойынша қызмет көрсетілген келушілер адам






2008

2009

2010

2011

Қазақстан Республикасы

434 943

520 972

541 930

473 947

Ақмола

20 041

19 104

29 038

34 289

Ақтөбе

5 235

5 721

6 499

8 714

Алматы

41 369

50 711

59 541

20 970

Атырау

8 133

1 661

2 049

3 397

Батыс Қазақстан

10 546

3 210

2 464

2 611

Жамбыл

6 797

7 578

12 237

4 708

Қарағанды

15 393

15 032

16 814

14 856

Қостанай

3 572

7 503

8 624

7 203

Қызылорда

3 425

3 996

1 281

609

Маңғыстау

10 061

14 554

10 863

14 762

Оңтүстік Қазақстан

4 216

4 603

4 616

5 422

Павлодар

5 999

12 438

12 462

12 197

Солтүстік Қазақстан

14 432

12 790

11 056

6 167

Шығыс Қазақстан

25 299

27 689

39 960

59 667

Астана қаласы

99 512

83 444

63 049

65 712

Алматы қаласы

150 913

250 938

261 377

212 663

Ескерту-Қазақстан Республикасының статистика агентігінің мәліметтері негізінде құрастырылды.

Қазалы ауданында орналасқан әлемдік маңызы бар Жанкент қалашығына келген турист жолай Әйтеке би кентіндегі ескерткіштер:Темір жол вокзал үйі ( 1905ж), Қожаназар мешіті(19ғ),сияқты ескерткіштерімен танысып Қазалы қаласының Ғанибай көпес үйі, Ноғай мешіті, Ғ. Мұратбаев оқыған бастауыш білім ордасы Орыс мектебі секілді тарихи бөлігіне келіп тоқтайды. Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт ата кешенінде туристік картаға енгізуге болады. Қазалы ауданында орналасқан әлемдік маңызы бар Жанкент қалашығына келген турист жолай Әйтеке би кентіндегі ескерткіштер:Темір жол вокзал үйі ( 1905ж), Қожаназар мешіті(19ғ), сияқты ескерткіштерімен танысып Қазалы қаласының Ғанибай көпес үйі, Ноғай мешіті, Ғ. Мұратбаев оқыған бастауыш білім ордасы Орыс мектебі секілді тарихи бөлігіне келіп тоқтайды. Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт ата кешенінде туристік картаға енгізуге болады.

Қармақшы ауданындағы антикалық ескерткіштер Бұланды, Шірік Рабат сияқты асыл қазыналарымызды туристерге танытуға Қызылқұм аймағындағы жол нашарлығы және ұзақтығы кедергі болып отыр. Әйтсе де, әлем ғалымдарының назарын бұрып отырған, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан бұл ескерткіштер, болашақта туризм саласын дамытудағы өз мәртебесіне ие болады деп үміттенеміз.

Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының туризмді дамыту жөніндегі негізгі қызметі Қызылорда облысының 2007-2010 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде әзірленген туризмді дамыту бағдарламасына сәйкес жүргізілуде. Қазіргі кезеңде облыстың туристік инфрақұрылымы 3 туристік фирмалар, 33 қонақ үй, 2 сауықтыру мекемелері, 9 балалар тынығу лагерлері мен 8 мұражай, 543 тарихи-архитектуралық ескерткіштер және табиғи ресурстармен қамтылған.

2010 жылдың есептік кезеңінде 2 туристік фирмалармен ішкі туризм 2009 жылғы 479 адамнан 4,3 %-ға кеміген, немесе 468 адамды құраса, сыртқа шығу туризмі 2009 жылмен салыстырғанда (154 адам) 53%-ке кеміген немесе 82 адамды құрап отыр. Туризм түрлерінен жалпы қызмет көрсетілгендер саны 2009 жылы 633 адамды құраса, бұл көрсеткіш 2010 жылы 600 адамды құрап, немесе 5,2 %-ға кеміген, 2009 жылы туристік фирмалармен 69 766 254 мың, 2010 жылы 67 875 519 мың теңгеге туристік қызмет көрсетілген.

Қызылорда қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында спорттық туризмді дамыту жұмыстарымен шұғылданатын «Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. 2007-2009 жылдары өңірде туристік саланың дамуын талдау. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың екі жылдық қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, есептік 2009 жыл кезеңінде ішкі туризм 2008 жылғы 23043 адамнан 13,17%-ға өсіп , 26,1 адамды құрады. Сыртқа шығу туризмі 2008 жылмен салыстырғанда (2250) 10,27 %-ға кеміп 2009 жылы 2019 адамды құрады. Туризм түрлерінен келушілер саны өткен жылғы 25,4 мың адамммен салыстырғанда 28,3 адам, немесе 11,21%-ды құрады. 2009 жылы туристік фирмалармен 44,8 млн теңгеге туристік қызмет көрсетілді. Барлық көрсетілген қызмет көлемі 39,067%-ға артып, 2008 жылы 430,7 теңгені құрады. Егер 2007 жылы облыста 2 туристік фирмалар - олар Байқоңыр қаласындағы РҚК «Инфракос» және «Саяхат» ЖШС жұмыс жасаса, ал 2010 жылы 3 туристік фирма, «Саяхат» ЖШС, «Ника-Тур» ЖШС (2007 жыл), «Мурас Саяхаты» ЖШС (2008 жыл) жұмыс жасады.

Облыс бойынша туристік фирмалар мен заңды және жеке тұлғалардың орналастыру объектілерінің (қонақ үйлер) көрсеткіштерінің мәліметтері бойынша соңғы 3 жыл қорытындысы келесі кестеде бейнеленген ( кесте 5 ).

Қызылорда облысындағы туризмнің дамуына кедергі болып отырған негізгі мәселелер мыналар:

1) құнды және тартымды экскурсиялық объектілерге автокөлік жолдарының болмауы немесе нашар жағдайы;

2) экскурсия нысандары жағдайының нашарлығы – қолайлы тамашалау алаңдарының, ақпарат тақпаларының, жабдықталған және қауіпсіз жолдардың, демалыс орындарының жоқтығы, әсіресе қолайсыз ауа райы жағдайында (жаңбыр, қатты жел, ыстық);

3) алыс аудандарда жергілікті тұрғындар ішінен білікті қызмет көрсетуші болмауы;

4) облыстың рекреациалық жерлерінде электр жарығымен, сумен жабдықтаудың және көріз жүйелерінің болмауы.

Кесте 5 – Қызылорда облысы бойынша туристік қызмет көрсету мәліметтері





2008ж.

2009ж.

2010ж. (қаңтар-қыркүйек)

2009/2008 ауытқуы, %

2010ж.(Қаңт-қырк.)/2009 ж. ауытқуы,%

Туристік қызметтер көлемі, мың теңге

309735,6

430739,7

302802,6

39

-29.7

Қызмет көрсетілген туристер, адам саны

25 418

28267

19554

11.2

-30.8

Cоның ішінде:

Келу туризмі

2250

2019

1319

-10.3

-34.7

Шығу туризмі

125

169

79

35.2

-53.2

Ішкі туризм

23043

26079

18156

13.2

-30.4

Ескерту- Қызылорда облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Туризм қызметінде маркетингтің кешенін айтарлықтай әлі қолданбаған, туристік кәсіпорындардың маркетингтік кешенін жолдау толық зерттелмеген. Осы тұрғыдан алғанда тақырыптың актуалдылығын аңғаруға болады.


Республикамыз бойынша туризм, демалу және емделу зоналар жалпы ауданы 1,7 млн га жуық болады. Оның ішінде Батыс Қазақстанда 168,6 мың га, Солтүстік Қазақстанда 373,4 мың га, Орталық Қазақстанда 111,8 мың га, Шығыс Қазақстанда 453,8 мың га, Оңтүстік Қазақстанда 513,4 мың га.
Қазақстанда туризмді дамытудың маңызды алғышарттарының қатарына күзетілетін табиғи объектілер және аң шаруашылықтары жатады. Бүгінгі таңда Республикамызда 7 мемлекеттік қорық бар, әрине, олар КСРО кезінде құрылғанболатын. Сондықтан да осындай көлемдегі қорығы бар жерлер Республикамызда туризмді дамытуға негіз береді деп есептеледі. Ақсу Жабағылы, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт қорықтары 803,4 мың га жерді алып жатыр, 2 табиғи парк (Баянауыл және Қарқаралы), 64 мемлекеттік аңшылық-шаруашылық фаунаны қорғайтын тапсырыс орындарының ауданы 6,1 млн га, 1,8 млн га созылып жатқан 19 мемлекеттік аң шаруашылықтары, 23,9 млн га жерге орналасқан 400-ден астам спорттық-аңшылық шаруашылықтары.сы аталған территориялардың барлығы Республикамыздағы туризмді дамытудың бірінші кезектегі қорлары деп қарастырылады. Қазақстанда туристік қызметке жүргізілген талдау әрбір кезеңдегі туризм дамуын жүйелендіруге және оның ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді. 2004 жылы азаматтар саны, соның ішінде Қазақстан Республикасына келген шет елдік туристер саны 2507 адамнан жоғары болды, яғни шет елдік туристердің әлмдік ағымының 0,006%-ын құрады. Оларды қабылдаудан және қызмет көрсетуден түскен табыс 3 млрд. 312 млн. 924 мың теңге болды. Жалпы Қазақстанның турқызметтер экспортының көлемі халықаралық туризмнің 2,9 % үлесін алады және Қазақстанның ұлттық табысындағы туристік қызметтен түскен табыстың үлесі 2004 жылы 0,05 % құрады. Берілген мәліметтерден елдің туристік бизнесінде жағымсыз беталыс байқалатынын көруге болады, ол барлық туристік қызметтер түріне сұраныстың төмендуімен байланысты.

Жалпы, маркетинг басқарудың рынокты тұжырымдамасы ретінде Қазақстан экономикасына, соның ішінде туризм саласына жаңадан енуде, сондықтанда көп кәсіпкерлер бұл ғылым мәнін және оны қолданудың артықшылықтарын толық түсіне қойған жоқ.

Туристік өнімді жылжыту құралдарына келетін болсақ, маркетингтік стратегияларды қолдану тиімділігі бойынша бірінші орында халықаралық туроператорлар арқылы өнімді жарнамалау тұр. Көптеген халықаралық туроператорлар Қазақстанға турды ұсынады. Қазақстанды жеке туристік бағыт ретінде ұсақ туроператорлар ұсынады. Сондықтан қазақстандық туристік өнімді жылжыту стратегиясын жасауда орта және ірі туроператорлармен байланысты орнату керек және Қазақстанды жеке бағыты ретінде позициялау қажет.

Туристік өнімді жылжытудың тағы бір тиімді әдісі ағымдағы және жаңа турлар жайлы ақпараттарды әлемге танымал бағыттаушыларға енгізу. Оларға: Polyglott, Lonely Planet және Routard. Осы бағыттаушылар туристер үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады. Жаңа бағыттағы таңдауда әлеуетті турист дәл осы ақпарат көздеріне жүгінеді. Сондықтан ағымдағы және жаңа турлар туралы ақпараттарды осы бағыттаушыларға тұрақты түрде енгізіп отыру қажет.

Туристік фирмалардың қызметін жетілдіру үшін туристік фирмаларға тек қана маркетингпен айналысатын бөлімдер ашу қажет. Бұл маркетингтік бөлімінің қызметтері келесідей болуы тиіс

Қазақстан республикасындағы туристік саланың дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру. Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарын ескере отырып, елдің туристік индустриясын дамыту стратегиясы және ұзақ мерзімдік кластерлік инициативаны, бірнеше жобаларды жүзеге асыруды, оның ішінде Мемлекеттік бағдарламаны қарастыратын ұсыныстар өңделді.

Туристік бизнес қызметіне тікелей түзетулер енгізуге құқылы Туризм және спорт Министрлігінен басқа, туристік сала қызметіне төменде көрсетілген мемлекеттік органдар жанама әсер етеді:

- Ауыл шаруашылығы министрлігі экотуризмнің негіз болатын ұлттық парктерге жататын аң аулау және орман шаруашылығы басқармасының қызметін қадағалайды.

-Индустрия және сауда минисрлігі туристерге қызмет көрсетуге қолданылатын өнеркәсіптік өндірістегі өнімдерді өндіру мен өткізуді реттейді.

- Қаржы министрлігі салық салу мәселелерін қарастырады, себебі Салық комитеті осы министірліктің қарамағында, сонымен қатар, инвестициялық қызмет проблемаларымен айналысады.

- Шетел сі министрлігі Қазақстан территориясына келушілердің, шетел туристерінің визаларын тіркеу және берумен айналысады.

Мемлекттік деңгейде саясаттың іске асуы мемлекеттік реттеудің классикалық бағыттары құралдары мен сәйкес механизмдерге тікелей байланысты. Экономикалық механизм шаруашылықтың бүтін жүйесін немесе экономикалық әдістер мен тетіктер көмегімен қайта өндіруді іске асыру әдістері жиынтығын құрайды. Бұл жүйенің негізіне меншік қатынастары, формалары, экономикалық заңдар және олардың дамуы кіреді. Туризм саласындағы мемлекеттік реттеу механизмдерін келесі суреттен көруге болады.(сурет 3).


Мемлекеттік реттеу



прямая со стрелкой 46прямая со стрелкой 47

прямая со стрелкой 44прямая со стрелкой 44


Несие -қаржылық механизм



салық- бюджеттік механизм

Инвестициялық механизм

Ұйымдық құқықтық реттеу


-Қаржы жеңілдіктері-төмен пайызбен займдар;

-екінші деңгейлі банктермен инновациялық туристік жобалардың жеңілдікпен несиеленуі;

-туристік кластер объектілерінің жеңілдікпен несиеленуі.

-салық жеңілдіктері салық төлемінен уақытша босату немесе мөлшерін азайту;

-жер салығы төлемінен босату;

-көлік және қосалқы инфрақұрылым объектілерін бюджеттік қаржыландыру.

-кейбір кластерлік жобаларды конкурс негізінде қолдау және мемлекеттік қаржыландыру;-шетел инвесторларын тарту бойынша шаралар жүргізу;

-ҚРПрезиденті жанынан құрылған шетел инвесторлары Кеңесі арқылы шетелдік донар-институттарын іздеу және олармен іскерлік қатынастар жасау.



-туризмнің басымды түрлерін анықтау және таңдалған бағыттарды қолдау шараларын қабылдау;

-арнайы механизмдер көмегімен туристік рынокты реттеу:лицензия, сертификация, стандартизация, салық салу;

-туристік қызмет тиімділігін арттыру бағытында түзетулер енгізу;

-жарнамалық-ақпараттық қолдау.


Ескерту- автормен құрылған (Cluster.kz ғаламтор материалдары қолданылды)


Сурет 11 - Туристік саланы мемлекеттік реттеу механизмдері
Туристік салада мемлекеттік реттеу келесі міндеттерді шешуді көздейді:

-туризинің басым бағыттарын айқындау және сәйкес мақсатты бағдарламаларды жарақтау;

-халықаралық бірлестікте елдің тартымды үлгісін жасау, оның туристік ресурстарын насихаттау;

-туризм инфрақұрылымын жасау мақсатында мемлекеттік және жеке сектор ресурстарын шоғырлау;

-жолдарды күрделі жөндеуден өткізу және қайта жөндеу, салу, коммуникациялық және инженерлік құрылыстар бойынша шаралар қабылдау;

-туристік кластерге қатысушылардың ынтасын арттыру, яғни салық преференциялары мен мемлекеттік грант беру механизмдерін белсенді пайдалану;

-мемлекеттің құзырлы және жргілікті атқарушы органдарына ынта туғызушы ұсыныстарды енгізу жолымен кластерді дамыту процесіне қатысушылар белсенділігін арттыру;

-туристік аймақтарға кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету, туристік көз тартарлық объектілерді қорғау;

-туризмге жеке инвестицияны қызықтыру үшін жеңілдіктер беру;

-туристік ауландардың тартымдылығын көтеру мақсатында маркетинг және жарнамалық тиімді шараларды анықтау;

-қоршаған ортаны қорғау мен жерді пайдалану ережелерін бекіту, олардың орындалуын бақылау;

-лицензиялау ережелерін қабылдау және қадағалау, сонымен бірге, туристік объектілер мен туристерге қызмет көрсетулер сапасын бақылау;

-туризм аясы қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және кәсіби деңгейін көтеру;

-даму институттары ресурстарын қолдану механизмін өңдеу және тиімді пайдалану

Ұлттық экономикада туризмнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін осы салаға мемлекеттік инвестиция көлемі мен формаларын анықтайды. Мемлекет көмегі келесі формаларда жүзеге асырылады:

1. Туризм инфрақұрылымын дамытуға нысанды бағытталған субсидиялар. Мұндай форма Греция, Австрия, Франция, Италия, Ұлыбритания елдерінде таралған.

2. Пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін шығындары қадағалауға алынатын нақты жобаларды жеңілдікпен несиелендіру.

3.Жобаларды жүзеге асыруға коммерциялық банктермен займдар мен субсидияларды бөлуде үкіметтің немесе арнайы органдардың кепілдік беруі.

4. Инвесторлар үшін салық жеңілдіктерін беру(қосымша құнға салынатын салық мөлшерін азайту).

Кіру туризмін ынталандырушы нормативті құқық базасын жасау (тасымалдау бағасы, салықтар.

Қазақстан Республикасындағы «әлеуметтік бағдарланған» туристік қызмет аясының менеджменті мынадай міндеттердің шешімін табуы қажет:

1.Қоғам азаматтарының демалуға деген құқықтарының сақталуын, туристік қызметтерді аз қамтамасыз етілген топтар пайдалана алатындай мүмкіндіктері бойынша әлеуметтік мәселелердің шешілуіне жағдайлар туғызу арқылы шешу, яғни адам факторына инвестиция жасауды ұлғайту;

2.Елдің табиғи және әлеуметтік экономикалық ресурстарының қазіргі уақытта және болашақта сарқылуына жол бермей, туристік қызметтің дамуын қолдау,

3.Мемлекеттік, сол сияқты қоғамдық және жеке мүдделер позициялары тұрғысынан туристік қызмет аясын дамыту бойынша шешімдер қабылдау үшін тиімді негіздерді қамтамасыз ету;

4.Туристік қызмет индустриясының барлық элементтерінің келісімді дамуы үшін мүскіндіктер туғызу. Бұл орналасу орындары, көлік, тамақтандыру және тағы басқа туристік қызметтер, туристік маңызды объектілер, бизнестің ұйымдастыру шараларының өзара байланысын білдіреді;

5.Туристік саланың әлеуметтік, саяси, экономикалық, экологиялық пайдалылығын бір мезгілде қоғам ішінде бөле отырып, баланстауға және оңтайландыруға көмектесу, мұнда бұл саламен байланысты әлеуеттік мәселелерді мейлінше азайтуға қол жеткізу көзделеді;

6.Туристік қызмет индустриясындағы қызметтер объектілерінің, көрікті жерлерінің даму дәрежесі мен түрлерін таңдау, оларды орналастыру мүмкіндіктерін бағалау саласында қажетті басқару құрылымын құру;

7.Туристік қызмет саласында мемлекеттік және жеке меншік секторларының қызметтері мен инвестицияларының тиімді үйлесуін қамтамасыз ету;

8.Туристік қызмет саласын дамытудың саясаты мен жоспарларын тиімді жүзеге асыру үшін, туристік секторды реттеу мен басқару үшін қажетті негізді, ұйымдық және басқа институционалдық құрылымдар арқылы қамтамасыз ету;

9.Мемлекеттік және қоғамның жалпы мақсаттарына сәйкес туристік қызмет аясын басқарылатын біртұтас жүйеге айналдыру[29] .

Халықаралық туристік іс әрекеттің қазіргі жағдайын талдау нәтижесінде келесі қорытындыларды жасауға болады:

- барлық индустриалды елдердегі тұрғындар «өмір сапасының» жоғарылауы сияқты сипаттамаға ие болды. Туризм демалыс, саяхат, хобби және өнер адамдардың бос уақытын өткізетін негізгі элементтеріне айналды. Сонымен қатар, ақпараттық ағымның көбеюімен байланысты турмстер бос уақытын өткізу үшін жаңа демалыс орындарын іздейді. Жаңа бағыттарды іздеу және таңдау туристік өнім туралы ақпараттардың қолжетімділігі және толықтығына негізделеді, бірақ бәсеке қатаң түрде жүреді;

-салауатты өмір сүрудің өзектілігінің артуымен байланысты бүкіл әлем бойынша белсенді түрде экологиялық туризм дамитын болды. Туристердің басқа елдердің дәстүрлеріне деген қызығушылықтары өсуде, жарнаманың көптігі және ақпараттардың қолжетімділігі, коммуникацияның қарқынды өсуі халықтар арасындағы қарым қатынасты дамытуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде адамдардың бәр бәрән жақсы түсінуге алып келеді;

-Азия елдерінің дәстүріне деген қызығушылық өсуде. Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамы бойынша 2020 жылға қарай саяхатшыларды ең көп қабылдайтын ел Қытай болмақ. Ал, осы елге жетудің тиімді де қысқа жолының екеуіде Қазақстан арқылы өтеді. Осы мүмкіндікті барынша ұтымды ұолданып қалуымыз тиіс. Еуропаның туристік орталық ретінде ескіруі де Азияға келетін туристер санының қарқынды өсуіне алып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің бай тарихы мен керемет табиғатымен елеусіз қалуы мүмкін емес.


Кесте 14 - Жоба бойынша қысқаша мәлімет

(Сыр бойындағы туризм тартымдылығын арттыратын жобалар)






Жоба атауы

Жобаны ұсынушы

Аймақ

Жоба құны, млн.тг.

Өзіндік қаражаты, млн.тг.

Қарыз қаражат-тары,

млн.тг.


Жүзеге асыр-ылу басы

Құрыл-ыс аяқтал-уы

1.

Қорқыт Ата мемориал-дық кешенінде туризмді дамыту жобасы

«Koica»

Қызылорда облысы

29326,3




29326,3

2011

2020

2.

Байқоныр қаласында туризмді дамыту жобасы

«Koica»

Қызылорда облысы

49598,1




49598,1

2011

2020

3.

Қамбаш көліндегі демалыс аймағы

«Koica»

Қызылорда облысы

11509,2




11509,2

2011

2020

4.

«Киіз үй қонақ үйі» жобасы, Қамбаш көлінің жа-ғалауында

ЖШС

«Торжынбай төрке»



Қызылорда облысы

15,1




15,1

2011

2011

5.

Байқоныр қаласында «Ғарыш айлағы» мега-кешенінің құрылысы

ЖШС

«Даймонд - Тур»



Қызылорда облысы

4394,6




4394,6

2011

2014




Барлығы







94843,3




94843,3







Е с к е р т у – Қызылорда облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметтері

Сыр өңірінде туризм индустриясын дамыту мақсатында бірнеше жобалар ұсынып отырмыз. Атап айтқанда, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде туризмді дамыту жобасы, Байқоныр қаласында туризмді дамыту жобасы, Қамбаш көліндегі демалыс аймағы, «Киіз үй қонақ үйі» жобасы, Қамбаш көлінің жағалауында, Байқоныр қаласында «Ғарыш айлағы» мега-кешенінің құрылысы [20] .

Сонымен қатар, «KOICA» халықаралық қызметтестік бойынша корей агенттігінің ұсынуымен Қызылорда облысы бойынша туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен Байқоңыр қаласында туризмді дамыту жобасы ұсынылған. Жоба құны 49598,1 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу ұзақтығы 9 жыл деп болжануда. Жоба құрылысының уақытында жылына орташа есеппен 700 адамды, жоба жүзеге асырылғаннан кейін 300 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

«KOICA» халықаралық қызметтестік бойынша корей агенттігінің ұсынуымен Қызылорда облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде туризмді дамыту жобасы ұсынылған. Жоба құны 29326,3 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізу ұзақтығы 9 жыл. Жобаның құрылыс жұмыстары кезінде жылына орташа есеппен 600 адамды, жоба жүзеге асырылғаннан кейін 250 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет