Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қОРҒау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi


 Сумен жабдықтау және суды бұру құрылыстары мен желістерін орнату кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары



бет3/7
Дата26.06.2016
өлшемі0.74 Mb.
#159725
1   2   3   4   5   6   7

7.3 Сумен жабдықтау және суды бұру құрылыстары мен желістерін орнату кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары

7.3.1 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің ашық сыйымдылықты құрылыстары егер олардың қабырғалары еденнің, алаң немесе жобалау белгісінен 0,75 м асатын болса, ішкі периметрі бойынша қосымша қоршаулы болуы қажет, бұл ретте қорғау үстіне дейінгі жалпы жиіктігі 0,75 м кем болмауы тиіс. Жоғарғы жағының ені 0,3 м асатын қабырғалар үшін қоршаусыз еденнен, алаңнан немесе жобалаудан 0,6 м кем болмайтын биіктігіне жол беріледі. Еден немесе жобалау белгісі ашық сиымдылықты құрылыстар қабырғалардың үстінен 0,15 м-ден аса төмен болуы қажет.

7.3.2 Тереңдетілген жайлардан шығыс үшін көлбеу бұрышы 45 аспайтын, ал ұзындығы 12,0 мм дейінгі жайлардан – көлбеу бұрышы 60 аспайтын ені 0,9 кем болмайтын сатылар болуы тиіс. Қызмет көрсету алаңына көтерілу үшін саты ені көлбеу бұрышы 60 аспайтын, ені 0,7 м кем болмайтын саты болуы қажет.

Құбырлар арқылы жалғыз өтпелер үшін және жекелеген ысырмалар мен тиектерге көтерілу үшін көлбеу бұрышы 60 аспайтын, ені 0,5 м сатыларды немесе басқыштарды қолдануға жол беріледі.

7.3.3 Көлденең тұндырғыштар жабындарында оларға түсетін люктер, сынама іріктеуге және уақытша жарықты монтаждауға арналған, бір бірінен 10,0 м аспайтын қашықтықта орналасқан саңылаулар мен желдету құбырлары болуы қажет.

Биіктігі ауданның жоспарланған бетінен 0,5 м аспайтын топырақпен үйілген жер астындағы сыйымдылықты құрылыстардың көлік немесе механизмнің кіруіне жол бермейтін қоршаулары болуы қажет.

7.3.4 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің өндірістік жайларында жабдықтарға қызмет көрсету кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жарықтандырылған өтпе жолдар болуы тиіс.

Бұл ретте өтпе жолының ені:

- сорғылар немесе электр қозғағыштары арасында 1,0 м; тереңдетілген жайлардағы қабырғалар мен сорғылар, электр қозғағыштары арасында – 0,7 м, басқаларда – 1,0 м кем болмауы тиіс;

- электр қозғағыш жағынан роторды қайта монтаждау үшін жеткілікті болуы керек;

- компрессорлар мен ауа үрлегіштер арасында - 1,5 м;

- олардың және қабырғаның арасында – 1,0 м;

- жабдықтың қозғалмайтын шығып тұрған бөліктері арасында - 0,7 м;

- электрлі тарату қалқаны алдында – 2,0 м.

7.3.5 Өндірістік жайларда технологиялық жабдықтарды, шентемірді және құбырларды пайдалану және жөндеу үшін көтеру-тасымалдау құралдары болуы қажет.

Жүк салмағы 5,0 тн дейін болғанда аспалы қолды кран-арқалық немесе қолды иінтірек; жүк салмағы 5,0 тн асатын кезде – көпірлі, қолды кран болуы мүмкін. Жүкті 6,0 м асатын биіктікке көтергенде немесе кран астындағы жол 18,0 м ұзын болғанда – электрлік кран жабдығы.

Салмағы 300 кг дейін жүкті жылжыту үшін такелажды құралдарды қолдануға рұқсат етіледі.

7.3.6 Өндірістік жайлардағы көтеру-тасымалдау жабдықтарын қондыру, орнату және пайдалану «Көтеру-тасымалдау құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына және «Жүк көтеру крандарын орнату және қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына» сай келуі қажет.

7.3.7 Кранды жабдығы бар жайларда монтаждау алаңдары болуы тиіс. Монтаждық алаңға орнатылатын көлік құралы немесе жабдық айналасында кран жабдығы қызмет көрсететін аймақта ені 0,7 м кем болмайтын өтпе жолы болуы қажет.

7.3.8 Еденнен (көпірден) шығып тұрған конструкциялар астына дейін биіктік 1,8 м кем болмаса, қызмет көрсету алаңдары немесе монтаждық алаңы астына жабдықтар мен шентемірлер орнатуға жол беріледі. Бұл орайда жабдық пен шентемір үстінде ойықтар немесе алаңның алынып-салынбалы жабындарын ойластыру қажет.

7.3.9 Қашықтықтан немесе автоматты басқару кезінде кез келген диаметрлі құбырлардағы ысырмалар (тиектер) электр жетегімен болуы тиіс. Пневматикалық, гидравликалық немесе электр магнитті жетектерді қолдануға жол беріледі.

Қашықтықтан немесе автоматты басқару болмаса, тиекті шентемір диаметрі:

- 400 мм және одан кем қолды жетекпен қарастыру қажет;

- 400 мм жоғары – электрлі немесе гидравликалық жетекті;

- жекелеген жағдайларда негізделген кезде қолды жетегі бар 400 мм астам диаметрлі арматураны орнатуға жол беріледі.

7.3.10 Ғимараттар мен құрылыстардағы құбырлар, әдетте жабдық пен шентемірді ұстау және қызмет көсетуді қамтамасыз ететін және құбырлар үстіндегі көпірлер құрылғысы бар еден үстінен (тірек немесе кронштейндерде) салынуы қажет.

7.3.11 Суды дайындау станцияларында келесі процесстер: коагулянттар мен басқа да реагенттерді мөлшерлеу, хлормен, озонмен және хлорлы реагенттермен зарарсыздандыру, реагентті әдіспен фторсыздандыру және фторландыру автоматтандырылуы қажет.

7.3.12 Сүзгілер мен контактілі ағартқыштар 10 астам болғанда, оларды шаю автоматтандырылуы қажет.

7.3.13 Реагенттер ерітінділерін айдауға арналған сорғылардың бактерде ерітінділер деңгейі белгіленгенде оларды автоматты ажырататын жергілікті басқаруы болуы тиіс.

7.3.14 Су өткізетін сорғы станцияларында оның автоматтандыру деңгейіне тәуелсіз санитарлық түйін, жұмыскерлер киімдерін сақтауға арналған жай мен шкаф (кезекші жөндеу бригадасының), дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы болуы қажет.

Санитарлық түйіндерді санитарлық-тұрмыстық жайлары бар өндірістік ғимараттардан 50,0 м дейінгі қашықтықта орналасқан сорғы станцияларында және су жинау ұңғымаларының үстіндегі сорғы станцияларының үстіне орнатпайды. Елді мекеннен тыс орналасқан сорғы станциясы үшін суды тарту құрылғысын орнатуға жол беріледі.

7.3.15 Метантенктер мен газгольдерлер орнатылған аудандар мен алаңдардың жергілікті қоршауы болуы тиіс. бұл ауданда темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салынады. Сумен жабдықтау және суды бұру құрылыстарының жайлары мен ауданындағы барлық қауіпті жерлер сенімді шектелуі, жабылуы немесе қоршалуы тиіс. Қауіпті жерлерде қауіпсіздік белгілерін ілу қажет.

7.3.16  ҚНжЕ 2.04.03 талаптарына сәйкес метантенктерден қашықтық:

- станцияның негізгі құрылыстарына, алаң ішілік автомобиль жолдарына, темір жолдарға дейін 20,0 м кем емес;

- жоғары вольтты желілерге дейін желіс тірегі биіктігінен 1,5 м кем емес болуы қажет.

7.3.17 Суды бұру жүйелерінің сорғы станцияларында санитарлық-тұрмыстық жайларды (санитарлық торап, душ, киім ілу, арнайы киімді және арнайы аяқ киімді кептіргіш, тамақтануға, демалуға және жылынуға арналған жайлар).

7.3.18 Өндірістік және тұрмыстық ғимараттар мен жайлар жылыту, желдету, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерімен, табиғи және жасанды жарықпен жабдықталуы қажет.

7.3.19 Жылытылмайтын өндірістік және қоймалық жайларда тұрақты жұмыс орындарында жұмыскерлерді жылытуға арналған құрылғылар қарастырылуы немесе жылытылған жайлар жабдықталуы тиіс. Қыста апаттық жұмыстар мен жөндеу жұмыстары кезінде су желістері мен суды бұру желілерінде негізгі жайлар қашықтықта орналасқан болса, жылытудың жылжымалы пункттерін қарастыру қажет.

7.3.20 Суды дайындау станциясының өндірістік жайлары мен құрылыстарында ауаны алмастыру реттілігі ҚР ҚНжЕ 4.01-02 сәйкес анықталуы қажет.

Суды бұру жүйелерінің өндірістік жайлары мен тазарту құрылыстарында ауаны ауыстыру реттігі ҚНжЕ 2.04.03 сәйкес анықталады.

7.3.21 Хлорлы темір және фторлы натрий ерітіндісін дайындау жайларында жалпы алмастыру желдетумен қоса, фторлы натрийлі бөшкелерді ыдысқа бөлу үшін шкаф жабынынан және ыдыстан хлорлы темірді жуу үшін бокстан ауаны жергілікті сорғыш болуы қажет.

7.3.22 Өндірістік жайлардың ішкі бетін жуу машиналарын, шаң сорғыштарды қолданып, жүйелі түрде тазарту қажет. Едендерді жуу үшін қышқылдарды, жағымсыз иісті заттарды, еріткіштерді қолдануға тыйым салынады. Өндірістік жайлардың тиісті жарықтандырылуын қолдау мақсатында терезелердің, шамдардың шынысын, сондай-ақ шырақтарды, лампаларды, плафондар мен басқа да электр арматурасын тұрақты түрде щаң мен кірден тазалау қажет. Тазалау кезінде көпір төсемдерін, сатылар, басқыштар, жылжымалы кабиналар, телескопиялық көтергіштер мен басқалар түріндегі арнайы құрылғылар мен әбзелдерді, сондай-ақ сақтандыру жібі бар сақтандыру белдіктерін пайдалану қажет.

7.3.23 Электр сымдары немесе жұмыс жасайтын электр жабдықтары бар жайлардағы сүрту жұмыстары тек электр құрылғылары мен электр желістері сөндірілген соң немесе оларды ағаш қалқандары мен қораптармен сенімді жапқан соң және осы жұмыстардың басшылығы тапсырылған маман бақылауымен жүргізіледі.

7.3.24 Құбырлар, арналар мен өту үшін қауіпті және ыңғайсыз басқа да жерлер таянышының биіктігі 1,0 м ені 0,6 м кем болмайтын өткізу көпірлерімен, ал түсу және көтерілу тұстарында (су жинағыш, резервуар және т.б.) – таяныштары бар мықтап бекітілген сатылармен жабдықталуы қажет. Саты ұзындығы 5,0 м асатын болса, олардың қоршау жиектері болуы қажет.

7.3.25 Жабдыққа (еденнен немесе алаң жабынынан 1,4 м жоғары агрегаттар, ысырмалар) қызмет көрсету үшін және аталған биіктікте құрылыс, монтаждық және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде қоршаулары бар алаңдар орнатылады және конструкциясы ГОСТ 12.3.006 талаптарына сай келетін сатыларды, басқыштарды, көпірлерді, көпір төсемдерін және т.б. қолданылады.

7.3.26 Құдықтар, коллекторлардың камералары, сондай-ақ едендегі ойықтар, шұңғыл ыдыстар, арналар, траншеялар, қазандықтар шарттарға байланысты люктермен, бетон тақталармен немесе бедерлі темір беттерімен жабылуы, тұтас немесе торлы қоршаумен қоршалуы немесе үйілуі қажет. Түнгі уақытта қауіпті жерлерде қауіпсіздіктің жарық шағылыстыратын белгілер немесе жұмыс орнын жарықтандырып, қауіпсіздіктің қарапайым белгілері ілінуі тиіс.

7.3.27 Еден немесе сыйымдылықтарға қызмет көрсетуге арналған алаңдар үстінен 0,8 м астам биіктікте орналасқан жұмыс жолдарының ені 0,6 м кем болмауы тиіс. Жолдар мен алаңдарды биіктігі 1,0 м кем емес қоршаумен қоршау және астын 0,1 м тұтас қаптамамен жабу қажет.

7.3.28 Ұзындығы (диаметрі) 18,0 м астам, едендері бірінші қабат еденінің деңгейінен 1,8 м астам тереңдетілген жайлардың екі эвакуациялық шығысы болуы қажет.

7.3.29 Жайлардың еденнен жабынның (төсеменің) шығып тұрған конструкцияларының астына дейінгі биіктігі 2,2 м кем болмауы тиіс. Жайдың еденнен адамдар тұрақты өтетін орындардағы жабдықтар мен коммуникациялардың шығып тұрған бөліктерінің астына дейінгі биіктігін 2,0 м кем емес, ал адамдар тұрақты түрде жүрмейтін орындарда – 1,8 м кем емес етіп алу қажет.

Ашық ойықтар, жабындар, алаңдар мен антресольдер үшін биіктігі 1,0 м кем емес қоршаулар (таяныштар) қарастыру қажет.

Металл едендер, өтпелі көпірлер мен басқа да осындай құрылғылардың бедерлі беті болуы тиіс.

7.3.30 Өндірістік ағын суларды бұру жүзеге асырылатын және газдар бөлінетін жайлар есіктері жабылатын, жұмыскерлер жүруі мүмкін жайлардан оқшаулануы қажет. Өндіріс шарттары бойынша қауіпті шарттары бар жайларда болуы тиіс жұмыскерлер арнайы қорғаныс шараларымен қамтамасыз етіледі.

7.3.31 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің негізгі құрылыстарының (сорғы станциялары, тазарту құрылғылары) автоматты және телемеханикалық басқарылуы автоматика және телемеханика элементтері істен шыққан жағдайда қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін қолды басқарумен қайталануы қажет.

7.3.32 Су өткізгіштердегі және су желістері линиясындағы тиекті арматура қолды нремесе механикалық жетекті болуы қажет.

Су ағызғыларында электр немесе гидравликалық жетекті тірек арматурасын қолдануға тек қашықтықтан немесе автоматты басқару болғанда ғана жол беріледі.

7.3.33 Құбырға арматураны орнату кезінде жылжымалы шпиньделі бар ысырма штогының үстінен құдықтың ішкі беттеріне дейінгі қашықтық 0,3 м кем емес, жылжымайтын шпиньделі бар ысырма сермерінен – 0,5 м кем болмауы қажет.

Құдықтардың жұмыс бөлігінің биіктігі 1,5 м кем болмауы қажет.

7.3.34 Су өткізу құдықтарының қабырғалары мен өңешінде түсіруге арналған бедерленген болат немесе шойын тоғын болуы қажет, еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, жылжымалы метал сатыларын қолдануға жол беріледі.

Арматураларға қызмет көрсету үшін құдықтарда қажет болған жағдайларда алаңдар орнатады. Бұл орайда қызмет көрсету орнына дейін және алаңнан немесе көпірден басқару жеріне дейінгі биіктік 1,0 м аспауы тиіс.

7.3.35 Эстакада арқылы өтетін құбырлар биіктігі 1,0 м кем болмайтын таяныштармен қоршалған өтпе жолдармен қамтамасыз етілуі қажет.

7.3.36 Суды бұру жүйесінің құдығының жұмыс бөлігінің биіктігі (сөреден немесе алаңнан жабынға дейін) әдетте 1,8 м кем болмауы тиіс; құдықтың жұмыс бөлігінің биіктігі 1,2 м кем болғанда оның ені құбыр диаметріне тең плюс 0,3 м, бірақ 1,0 м кем болмауы тиіс.

7.3.37 Суды бөлу жүйесінің қарау құдықтарының астауының сөрелері үлкен диаметрлі құбырдың бетінің деңгейінде орналасуы қажет.

Диаметрі 0,7 м және одан үлкен құбырлардағы құдықтарда жұмыс алаңы – астаудың бір жағынан және астаудың екінші жағынан – ені 0,1 м кем емес сөре болуы тиіс.

Диаметрі 2000 мм жоғары құбырларда консольдегі жұмыс алаңын орнатуға жол беріледі, бұл ретте астаудың ашық бөлігінің мөлшерін 2000 мм × 2000 мм кем емес етіп қабылдау қажет.

7.3.38 Суды бөлу жүйесінің құдығының жұмыс бөлігінде болат тоғындар немесе құлыққа түсуге арналған аспалы сатылар болуы қажет. Диаметрі 1,2 м жоғары және жұмыс бөлігінің биіктігі 1,5 м құбырларда биіктігі 1,1 м қызмет көрсету бойынша жұмыс алаңының қоршауы болуы қажет.

7.3.39 Суды бөлу желістеріндегі құдықтар өңеші 0,7 м кем болмауы тиіс.

7.3.40 Қалқанды жолмен немесе таулы әдіспен төселетін коллекторларда диаметрі 0,9 м кем болмайтын ұңғымалар немесе бақылау шахталық ұңғылар болуы шарт.

Шахта ұңғыларының жабдықтары көмірлі, тақтатасты немесе рудалы шахталарға арналған еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері мен жер асты гидротехникалық құрылыстарды салу кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай келуі тиіс.

Бақылау ұңғымаларында биіктігі бойынша өзара қашықтығы 6,0 м кем болмайтын люктері, сондай-ақ металл сатылар немесе тоған құрылғылары болуы тиіс.

Жоспардағы люк мөлшері 0,6 м х 0,7 м кем емес немесе диаметрі 0,7 м кем емес болуы тиіс.

7.3.41 Сумен жабдықтау және суды бұру желістерінің техникалық пайдаланылуы арнайы қызметтермен жүзеге асырылады, оның қызметкерлері еңбекті қорғау және қауіпсіздігі, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелеріне оқытылуы және білімін тексеруден өтуі тиіс.

7.3.42 Жабдықтарды пайдалану және жөндеу кезінде әрбір жұмыскер үшін жұмыстарды орындау барысында әрекетіне бөгет болмайтын және жарақат алу мүмкіндігін болдырмайтын ыңғайлы жұмыс орны қамтамасыз етілуі қажет.

Жұмыс орындары стеллаждарды, үстелдерді, құралдарды және т.б. орналастыру үшін, сондай-ақ монтаждалатын немесе жөнделетін ірі мөлшерлі жабдықтар мен оның элементтерін (сорғылар, электр қозғағыштар әне т.б.) орналастыру үшін жеткілікті алаңымен жарақтандырылуы тиіс.

7.3.43 Жұмыскерлер қызмет ететін сумен жабдықтау және суды бұрудың барлық нысандарында, сондай-ақ апаттық автомашиналарда жазатайым болғандарға алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті медикаменттері бар дәрі қобдишалары болуы қажет.

7.3.44 Сумен жабдықтау құрылыстары мен құбырларын жуу және дезинфекциялау жүргізу кезінде санитарлық нормалар талаптарын сақтау қажет.
7.4 Су жинау құрылыстарын пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.4.1 Сумен жабдықтаудың жоғарғы көздерінен суды жинау құрылыстарының конструкциясы су жинау камералары мен құдықтарды қалдықтардан (жиекті су қабылдағыш немесе бастау торшаларын – қалқымалы заттардан, су балдырларынан, мұздан) тазалау және жөндеу, қарау және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

7.4.2 Сумен жабдықтаудың жоғарғы көздерінен суды жинау құрылыстарын пайдалану және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезінде ГОСТ 12.3.006 талаптарын және «Суға сүңгу жұмыстары кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын» орындау қажет.

7.4.3 Сору желілеріндегі кіріс торшаларын қарау, жөндеу және тазалауды тек сорғылар тоқтатылғанда ғана жүргізу қажет.

7.4.4 Бастау торшаларын қарау, жөндеу және тазалау су астында, сондай-ақ торшаларды судан алған соң жүргізуге болады.

7.4.5 Су айдынының ашық бетінен, мұздан немесе мұз астынан бастау торшаларын тазалау, жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау кезінде жұмыскерлер ЖҚҚ (арқанды сақтандыру белдіктері, құтқару шеңберлері немесе құтқарушы көбікті-полистирольды немесе тығынды кеудешелер) қамтамасыз етілуі қажет. Бригада жергілікті шарттарды ескере отырып, жұмыстарды жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқамадан өтуі тиіс.

 Жеке қорғаныс құралдарынсыз аталған жұмыстарды жүргізуге болмайды.

Су астында немесе мұз астында жүргізілетін жұмыстар осы жұмыс түрлеріне лицензиялары бар арнайы ұйыммен орындалуы қажет.

7.4.6 Ластану мөлшері кішігірім болғанда және су ағынының жылдамдығы 1,0 м/с аспайтын кезде бастаудың кіріс торшаларын тазартуды су бетінен немесе мұздан да жүргізуге болады. Бұл ретте мұз жабынын алдын ала тексерусіз және оның көтеру қабілетін анықтамай, мұз үстімен жүру және онда жұмыс жасауға тыйым салынады.

7.4.7 Мұз үстінен және жүзу құралында (қайық, сал және т.б.) жұмыс жасау кезінде, сондай-ақ мұздан және жүзу құралдарынан сынаманы алу кезінде жұмыскерлер ЖҚҚ (арқанды сақтандыру белдіктері, құтқару шеңберлері немесе құтқарушы көбікті-полистирольды немесе тығынды кеудешелер) қамтамасыз етілуі қажет. Бригада жергілікті шарттарды ескере отырып, жұмыстарды жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқамадан өткен үш адамнан (олардың бірі жетекші) тұруы тиіс.

7.4.8 Мұз жабынының көтеру қабілетін анықтау кезінде тек кристаллды мұз қабаты ғана есепке алынуы тиіс, бұл ретте барлық өлшемдердің ішіндегі ең жұқа қабаты ғана ескерілуі қажет.

7.4.9 Мұз қалыңдығын өлшеу: қыста – он күнде бір рет, күзде және көктемде, сондай-ақ белгіленген теріс температуралардан соң ауа температурасы 0ºС дейін және одан жоғары көтерілгенде қыста – күнделікті тексеріледі. Мұз қалыңдығын өлшеу нәтижелері актімен және оперативті журналдағы жазбамен рәсімделеді.

Мұз бетінде сызаттар мен су пайда болғанда жұмыстар тоқтатылып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шаралары қолға алынуы қажет.

7.4.10 Мұз түйіспелері (жағалау жолақтарының түйісуі) және өзен жағалауымен бірге қатып қалған (жағалау жолақтары) мұз жолақтары түзілуі кезінде қатып қалған кезеңде барлық жұмыстарды жүргізу үшін мұзға шығуға тыйым салынады.

Жағалаудың мұз жабынынан бөлінуі және қалқуы, жағалаудың бөліну жолақтары пайда болуы кезінде және жұмыстардың жылжуы байқалғанда мұз үстімен жүруге тыйым салынады.

7.4.11 Мұздың шекті қалыңдығын анықтау және тұщы су айдынындағы мұз үстінде көлік пен жұмыскерлердің жылжуына және жұмыстар жүргізуге болатын мұз ернеуіне дейінгі ең қысқа қашықтықты анықтау үшін нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алу ұсынылады.

7.4.12 Еңбекті қорғау және қауіпсіздігінің талаптарына жауап бермейтін жүзу құралдарының барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

Жүзу құралдарының аялдаған орындарында жұмыскерлерді отырғызу және түсіруге, жүктеу-тиеу операцияларын жүргізуге арналған алаңдар немесе жағалау жабдықталуы тиіс.

7.4.13 Толқу 3 баллдан асқанда немесе жел 5,0 м/с асқан кезде жүзу құралдарымен өзендер мен су арналарында жүзуге және жұмыстар жүргізуге тыйым салынады.

7.4.14 Қайықта жүзіп жұмыс жасау кезінде бір қайықтан екінші қайыққа жұмыскерлерді ауыстыруға, қайықпен қозғалуға және оқыс қимылдар жасауға тыйым салынады. Қызметкерлер мен жабдықтарды қайықтарға жұмыс басында, қайық жағада аялдап (алаңда) тұрғанда орналастыру қажет. Қайық ернеуіне тұруға тыйым салынады.

7.4.15 Су айдынының ашық бетінен бастауларды пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүзу құралдарынан немесе арнайы қондырылған көпіршелерден жүргізу қажет. Бұл ретте көпіршелерде биіктігі 1,1 м кем емес тіреулі қоршаулар болуы қажет.

7.4.16 Өте үлкен ластану, су ағынының жылдамдығы 1,0 м/с асатын болса және жұмыскерді суға түсіру қажет болғанда бастау торшаларын жөндеу, тазалау және пайдалану бойынша жұмыстарды орындауды тек «Суға сүңгу жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын» сақтай отырып, тәжірибелі және арнайы дайындықтан өткен мамандар ғана жүргізеді.

7.4.17 Бастау торшаларын электрлі жылыту кезінде «Қазақстан Республикасында электр қондырғыларын орнату ережелері» және РҚ 34 ҚР 20/03.501/202 талаптары, сондай-ақ жобалық шешімдермен қарастырылған шаралар сақталуы қажет.

7.4.18 Бастау торшаларын бумен немесе ыстық сумен жылыту кезінде «Бу және ыстық су құбырларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің және «Бу және ыстық су құбырларын қауіпсіз пайдалану және орнатуға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздігінің талаптарына» сәйкес ыстық су мен бу құбырларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары сақталуы қажет.

7.4.19 Су қабылдау құдықтарын қалдықтардан тазалауды қауіпті өндірістік факторлардың әсерлерін болдырмау шаралары қарастырылған кезде жүзеге асыруға болады.

7.4.20 Ұңғымалық сорғыларды монтаждау және қайта монтаждауды механизация құралдарын қолдана отырып, ұңғыма сағасында орналасқан люктер арқылы жүзеге асыру керек.

Су жинау ұңғымаларында жүк көтеру механизмдерін пайдалану кезінде «Көтеру-тасымалдау құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентінің талаптарын және «Жүк көтеру крандарын орнату және қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын» және ГОСТ 12.2.088 талаптарын орындау қажет.

7.4.21 Су жинау ұңғымаларының және сәулелі су жинау павильондарында негізгі электр жарығымен қатар, апатты жарық беру болуы тиіс.

7.4.22 Жұмыскерді сәулелі су жинағыш немесе су жинау ұңғымасының жер асты (жартылай тереңдетілген) павильонына түсіру қажеттілігі туындаған жағдайда, жұмыстарды наряд-рұқсатнама бойынша жүргізу қажет. Жұмыскерлер ЖҚҚ (арқанды сақтандыру белдіктері, құтқару шеңберлері немесе құтқарушы көбікті-полистирольды немесе тығынды кеудешелер) қамтамасыз етіліп, жергілікті шарттарды ескере отырып, жұмыстарды жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқамадан өтуі қажет.

7.4.23 Су жинау ұңғымаларындағы жер асты (жартылай тереңдетілген) павильондардағы жабдықтарды жөндеу және пайдалану кезіндегі бригада құрамы үш адамнан кем болмауы тиіс. Аталған павильондарға түспес бұрын және жұмыс процессінде ауа ортасының күйі газдануға тұрақты бақыланып тұруы қажет.

7.4.24 Су жинау ұңғымаларындағы жер асты (жартылай тереңдетілген) павильондардағы жұмыстарды орындау кезінде сағатына алты рет ауа алмастыратын ағынды-сорғыш желдеткіш болуы қажет. Мұндай павильондарда ағынды-сорғыш желдеткіштерін қолдану мүмкіндігі болмаса, жұмыстар осы Ережелердің 7.7.2. және 7.7.3 тармақтарына сәйкес міндетті түрде ЖҚҚ қолдана отырып жүргізілуі қажет.

7.4.25 Су жинау ұңғымаларының электр жабдықтарына қызмет көрсететін жұмыскерлер «Қазақстан Республикасындағы электр қондырғыларын орнату ережелерінің» және РҚ 34 ҚР 20/03.501/202 талаптарына сәйкес қарастырылған электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобына ие болуы қажет.

7.4.26 Сәулелі су жинағыштар камераларының бастаулары мен шахталы су жинау құдықтарының үсті жер бетінен 0,8 м жоғары тұруы қажет. Құдық айналасында құдықтан 0,1 м көлбеулі ені 1,0 м-ден 2,0 м дейін төсеніші қарастырылуы қажет; шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері үшін су беретін құдықтар айналасында ені 0,5 м және тереңдігі 1,5 м-ден 2,0 м дейін саздан немесе қою құмсаздан бекіту құрылғысын қарастыру қажет. Шахта құдықтары 2,0 м кем емес жер бетінен жоғары шығарылған, желдету түтігімен жабдықталуы қажет.



7.5 Сорғы станцияларын пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.5.1 Сорғы станцияларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптары ҚР ҚНжЕ 4.01-02, ҚНжЕ 2.04.03 сәйкес айқындалады.

7.5.2 Сорғы станцияларының электр қондырғыларын «Қазақстан Республикасындағы электр қондырғыларын орнату ережелеріне» және РҚ 34 ҚР 20/03.501/202 сәйкес жүзеге асыру қажет.

Сорғы станцияларының электр қондырғыларына қызмет көрсететін қызметкерлер электр қауіпсіздігі бойынша тиісті топқа ие болуы тиіс.

7.5.3 Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстарды пайдалануды «Қысыммен жұмыс жасайтын жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің, «Су жылыту және бу қазандықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне, «Жүк көтеру крандарын орнату және қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына», ж»не «Бу және су жылыту қазандықтарын орнату және қауіпсіз пайдалану бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына» сәйкес жүзеге асыру қажет.

7.5.4 Сорғы станцияларын пайдалану кезінде қызметкерлер:

- пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес сорғылық агегаттар, коммуникациялар мен қосалқы жабдықтардың күйін және жұмыс режимін бақылау және қадағалауды қамтамасыз етуге;

- белгіленген мерзімде жабдықтарды қарау және жөндеуді жүргізуге;

- орын-жайда тиісті санитарлық күйді қолдауға;

- агрегаттардың жұмыс жасаған сағаттарына жүйелі түрде есеп жүргізуге және компьютер дискеталарында немесе пайдалану журналдарында жазба жасауға міндетті.

7.5.5 Сорғы станциясының жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігі мен еңбектің қауіпсіз шарттарының күйі үшін жауапкершілікті тиісті өндірістік цехтерге (учаске, қызметтер) бекіту қажет, жабдықтарды пайдалану үшін қызметкерлер жауапкершілігі мен бөлімшелер функциясын айқындау керек.

Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымы бойынша бұйрықпен сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының учаскелерінің қызметтерінің, сорғы станцияларының жабдықтарын пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік күйі үшін жауапты тұлғалар (тиісті түрде оқытылған және аттестациядан өткізілген соң) тағайындалуы қажет.

7.5.6 Сорғы станциясында келесі құжаттамалар сақталуы қажет:

- жер асты коммуникациялары мен құрылғылары түсірілген алаңның бас жоспары;

- коммуникациялардың, қосылыстар мен агрегаттардың технологиялық схемасы;

- автоматика және телемеханиканың түбегейлі және монтаждық схемалары, электр жарақтандыру схемалары;

Жабдықтар жұмысын бақылау және есепке алу журналы.

7.5.7 Сорғы станцияларын пайдалану жөніндегі нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы электр қондырғыларын орнату ережелері», РҚ 34 ҚР 20/03.501/202, «Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігінің ережелері», осы Ережелер және нақты станцияның ерекшеліктерін ескере отырып, жабдықты өндіруші зауыттардың нұсқаулықтары негізінде жасалады және сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының басшысымен бекітіледі.

Нұсқаулықтарда келесі талаптар толық мазмұндалуы қажет:

- қалыпты режимде сорғы станциясының жұмысын ұйымдастыру;

- апатты режимде сорғы станциясының жұмысын ұйымдастыру;

- жабдықтар мен жүйелердің профилактикалық және басқа да жөндеу түрлері;

- бақылау-өлшеу аспаптарын, желдету, жылыту жүйелерін, технологиялық, қосалқы, көтеру-тасымалдау және басқа да жабдықтардың пайдаланылуы;

- электр машиналарының түрлерін, іске қосу реттеу құрылғыларының ерекшеліктерін, технологиялық, қосалқы, көтеру-тасымалдау және басқа да жабдықтардығ, технологиялық схемалар спецификасын және жабдықтардың кешенді қолданылуын ескеретін, электр қозғағыштарды қауіпсіз пайдаланылуы;

- еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары.

Нұсқаулықтарда сорғы станцияларының, сондай-ақ қосарлас құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінің жабдықтарды күту, қызмет көрсету және жөндеу бойынша міндеттері анықталуы қажет.

Сорғы станцияларына қызмет көрсететін әрбір мамандық қызметкерлері үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар жасалуы және сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының басшысымен бекітілуі қажет.

7.5.8 Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта сорғы агрегаттары мен қосалқы жабдықтарды іске қосу, ауыстыру және тоқтату кезіндегі операциялардың кезектілігі, мойынтіректердің рауалы температуралары, майдың ең төменгі рауалы қысымы, сорғы жабдығындағы негізгі ақаулықтардың тізімі мен оларды жою әдістері көрсетілуі тиіс.

7.5.9 Кезекші қызметкерлер сорғы агрегатында төмендегі ақаулықтар туындаған жағдайда, істен шыққан аппаратты дереу тоқтатып, резервтік агрегатты іске қосуы қажет (бұл ретте диспетчерге хабарлау керек):

- агрегатта анық естілетін шу, тықылдаған дыбыс;

- электр қозғағыштың роторы мен статоры арасындағы саңылауда ұшқындау және жарқырау;

- жұмыстың қалыпты режимімен салыстырғанда қатты дірілдің туындауы;

- мойынтыректің, статор орамы немесе электр қозғағышының роторының температурасының рауалы деңгейден асуы;

- тербеліс мойынтірегінің істен шығуы немесе сырғанау мойынтірегінің балқуы;

- май қысымының рауалы деңгейден түсуі;

- электр қозғағыш мойынтіректерін салқындатушы су қысымының төмендеуі;

- түтіннің шығуы.

7.5.10 Сақтандыру қаптамалары мен басқа қорғаныс құрылғыларын сорғы және компрессорлық қондырғылар жұмысы кезінде шешуге, май өткізгіш жүйені ашық отпен жылытуға, жарық беру үшін от жалауын пайдалануға, жұмыс жасау кезінде агрегаттарды жөндеуге және олардың қозғалмалы бөліктерін қолмен тежеуге болмайды. Майлау майларын, сүрту және басқа да тез тұтанатын материалдарды арнайы бөлінген жерлерде, жабық жанбайтын жәшіктерде сақтау қажет.

7.5.11 Ауысымды жұмыс жасау кезінде жұмыскер оны алмастыратын жұмыскер одан агрегаттарға қызмет көрсетуді қабылдамайынша жұмысын аяқтай алмайды.

Кезекші жұмыскерлер ауысымды қабылдау-тапсыруды орындалған жұмыс туралы ауысымды тапсыру журналында жазба жасап, сорғы станцияларының пайдаланылуы үшін жауапты мамандармен бекітілген кесте бойынша жүзеге асырады. Кестені өзгертуге тек осы кестені бекіткен маманға ғана рұқсат етіледі.

7.5.12 Сорғы станцияларына қызмет көрсететін жұмыскерлер ЖҚҚ қамтамасыз етілуі қажет.

7.5.13 Резервуарға сорғы станциясын немесе қабылдау камерасын түсіруге байланысты жұмыстар кезінде, осы Ереженің 7.7.2 және 7.7.3 тамақтарында көрсетілген еңбекті қорғау және қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі.

7.5.14 Шнекті соғылары бар сорғы станцияларында сорғыларды жөндеу кезінде жабылатын енгізуші және бұрушы коллекторларда тиектің болуы тиіс.

7.5.15 Шикі шөгінді мен белсенді сазды айдаудың сорғы станциясын орнату және пайдалану ағын суларды айдау бойынша сорғы станциялары сияқты талаптарға сай келуі тиіс.

7.5.16 Сорғы станцияларында жергілікті апаттық ескерту сигнализациясы (дыбыстық, жарықтық) сигнализация болуы тиіс. Тұрақты қызмет ететін жұмыскерлер болмағанда станцияның қалыпты жұмыс режимінің бұзылуы туралы сигнал диспетчерлік пунктке немесе тәулік бойы кезекшілік ететін пункте берілуі қажет.

7.5.17 Сигнализация келесі жағдайда ескертуі немесе ақпарат беруі тиіс:

- жабдық апатты ажыратылғанда;

- технологиялық процесс бұзылғанда;

- резервуарларда, ғимараттарға беретін арналарда, торшаларда немесе торша-ұсатқыштарда шөгінділер мен ағынды су деңгейі асып кеткенде;

- жұмыс нүктесінде зиянды газдардың ШРҚ асқанда.

7.5.18 Торшалар жайына жарық беру және желдетуді қосуға арналған құрылғы машина бөлімінде немесе оларға кірмес бұрын орналастырылуы қажет.

7.5.19 Сорғы станцияларының жайларына кірмес бұрын қабылдау резервуарлары мен торшалардың жайлары желдетілуі қажет, бұл үшін кемінде 10 минутке желдеткішті қосу қажет. Желдеткіш жайда қызмет көрсетуші жұмыскерлердің жүру уақыты бойы үздіксіз жұмыс жасау керек.

7.5.20 Суды бұру жүйесінің сорғы станцияларының машиналар залында тұрмыстық және құрамы бойынша оған жақын өндірістік ағын суларын және шөгінділерді айдау үшін ауаны алмастыру реттілігі есеп бойынша қабылданады, бірақ ол 1 сағатта 5 реттен кем болмауы қажет.

7.5.21 Қабылдау резервуарлары мен сорғы станцияларының торшалары жайында тұрмыстық және құрамы бойынша оған жақын өндірістік ағын суларын және шөгінділерді айдау үшін ауаны алмастыру реттілігі есеп бойынша қабылданады, бірақ ол 1 сағатта 6 реттен кем болмауы қажет.

7.5.22 Қабылдау резервуарлары мен торшалар бөлімінде ауаны шығаруды арналар мен резервуарлар жабынынан ауаны шығара отырып, жоғарғы аймақтан үштен бірі мөлшерінде және төменгі аймақтан үштен екісі мөлшерінде қарастыру қажет. Сонымен қатар, ұсатқыштар сорғыларын қарастыру қажет.


7.6 Сумен жабдықтау және суды бұру желістерін жөндеу және пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.6.1 Желістерде жұмыс жасау кезінде ГОСТ 12.3.006 сәйкес ықтимал спецификалық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, атап айтқанда келесілер есепке алынуы тиіс:

- құдықтардың, камералардың, коллекторлардың улы және жарылыс қауіпті газдармен газдануы, бұл жарылысқа, жұмыскерлердің улануына немесе күйік алуына әкелуі мүмкін;

- құдықтар, камераларға түсу кезінде құдықтарға түсу, сондай-ақ люктерді ашып-жабу кезінде жарақаттар алу мүмкіндігі;

- құдықтар, камералардағы жұмыскерлерге ашық люктерге әртүрлі заттардың құлауы;

- құдықтар, камералар мен коллекторлардағы жұмыскерлерге су ағындарының әсер етуі қауіпі;

- жер жұмыстарын орындау кезінде топырақтың опырылу қауіпі;

- көшенің жүру бөлігінде жұмыс жасау кезінде көлік құралдарының қағып кету қауіпі;

- құдықтар, камералар мен коллекторларда жұмыс жасау кезінде ауа ортасының жоғарғы ылғалдығы;

- ағынды сулармен жанасу кезіндегі биологиялық қауіп.

7.6.2 Сумен жабдықтау және суды бұру желістерін құдықтың люктерін ашпай сыртқы тексеру және қарауды бір жұмыскер жүзеге асырады, ол жарық шағылыстыратын жолағы бар сарғыш-қызғылт түсті кеудеше киюі және тасымалданбалы қоршау белгісіне ие болуы тиіс. Тексеру барысында құдықтар люктерінің қақпақтарын ашуға болмайды.

Құдықтар люктерін ашу арқылы жер бетінен желістерді қарау екі адамнан тұратын бригадамен орындалады.

Бригада люктерді ашатын ілмекпен, тасымалданбалы қоршау белгісімен және басқа а қажетті құралдармен жарақтандырылуы қажет. Бригада мүшелері жарық шағылыстыратын жолағы бар сарғыш-қызғылт түсті кеудеше киюі тиіс.

Трассаларды қарау кезінде құдыққа түсуге тыйым салынады.

Тексеру кезінде қандай да бір жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын орындауға жол берілмейді.

Ашық құдықтар мен камералар ішінде отты пайдалануға және темекі шегуге тыйым салынады.

7.6.3 Сумен жабдықтау және суды бұру желістерінің трассаларын қарау және тексеруді жүзеге асырушы жұмыскерге немесе бригадаға (звеноға) жүрудің белгілі бағдарын көрсете отырып тапсырма беріледі.

7.6.4 Құдықтарға, камералар мен резервуарларға түсуге байланысты сумен жабдықтау және суды бұру желістеріндегі жұмысты кемінде үш жұмыскерден тұратын бригада орындауы тиіс.

7.6.5 Суды бұру коллекторында жұмыс жасау кезінде оттек-оқшаулауғы газ қағарлар қолданылады, оттек оқшаулаушы газ қағарларды сүзгілеуші түрлеріне алмастыруға тыйым салынады.

7.6.6 Суды бұру желістеріндегі желістердің өткізу коллекторларындағы жұмыстарды жұмыстардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, алдын ала дайындықтан соң ғана жүргізуге болады.

Бұл үшін алдымен арнаны ағын сулардан босатады, коллекторды желдетуге арналған қарау құдықтарының люктерін ашады, құдықтарға уақытша торшалар орнатады, кезекшілікті ұйымдастырады.

Суды бұру желістерінің өткізу коллекторындағы жұмыстарды кемінде 7 адамнан тұратын бригада жүзеге асырады. Бригада екі топқа бөлінеді. 3 адамнан тұратын бірінші топ коллекторда жұмыс жасайды, екінші топ жер үстінде тұрады және коллекторда жұмыс жасайтын топты сақтандырады және оған көмек көрсетеді.

Топтарға басшылықты мамандар жүзеге асыруы тиіс. Топтар арасында тұрақты радиотелефонды байланыс болуы қажет.

7.6.7 Суды бөлу желістерін шарлармен және басқа құралдармен тазалауды лебедканы қолдана отырып жүргізу қажет.

Жүкті көтеру (түсіру) кезінде шетке тұру мүмкін болмаған кезде камералар мен құдықтар ішінде тұруға болмайды.

7.6.8 Жұмыстар жүргізілетін құдық, камераның толып кетуін болдырмау үшін ағын суларының үлкен ағыны бар желістерде бітелуді жою үшін тығынды жоғарыда орналасқан құдықта орнату қажет.

7.6.9 Суды бұру желістерін тазалауға арналған арнайы машиналарды қолдану кезінде «Автомобиль көлігінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерінің» және «Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысының ережелерінің» талаптарын және осы машиналарды пайдалану бойынша нұсқаулықтар талаптарын орындау қажет.

Егер жүргізушілер осы жұмыстарды орындау кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімін қосымша тексеруден өтпесе, наряд-рұқсатнамаға енгізілмесе және тиісті ЖҚҚ қамтамасыз етілмесе, арнайы машиналар жүргізушілеріне құдыққа түсуге тыйым салынады.

7.6.10 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде қазандықтар мен траншеяларды қазу ҚНжЕ 3.05.04, ҚР ҚНжЕ 1.03-05. талаптарына сәйкес қазандықтар мен траншеялар және қабырғалар бекітпелерін орнатып немесе бекітулерсіз табиғи еңіс көлбеуімен орындалады.

7.6.11 Елді мекендер аумағында немесе сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарының өндірістік аумағында жер жұмыстарын жүргізу кезінде адамдар мен көліктер қозғалысы болатын орындарда қазандықтар, шұңқырлар, траншеялар мен орлар қоршалуы қажет.

7.6.12 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйесін пайдалану және жөндеу бойынша бригаданың барлық мүшелері дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдеріне үйретілуі қажет.

7.6.13 Қорғаныс қоршауларының конструкциясы келесі талаптарға сай келуі қажет:

- өндірістік аумақтардың қоршауының биіктігі 1,6 м кем болмауы, ал жұмыс жасау учаскелерінде 1,2 м кем болмауы тиіс;

- адамдардың көптеп өтетін жерлерімен түйісетін қоршаулардың биіктігі 2,0 м кем болмауы тиіс және тұтас қорғаныс күнқағармен жабдықталуы қажет;

- күнқағар қар ауыртпалығына, сондай-ақ жеке ұсақ заттардың құлау ауыртпалығына шыдамды болуы қажет;

- жұмыс уақыты аралығында бақыланатын және жұмыс уақыты аяқталған соң құлыптап жабылатын, қақпалар мен шарбақтардан басқа, қоршаулардың тесіктері болмауы тиіс.

7.6.14 Жер астында (құдықтар, коллекторлар, камералар және т.б.) жұмыстарды жүргізу кезінде өрт немесе апат туындаған жағдайда жұмыскерлердің эвакуациясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шаралар қарастырылуы қажет.

7.6.15 Траншеялар, орлар, арықтар арқылы өту орындарында ені 1,00 м кем болмайтын, екі жағында биіктігі 1,10 м кем болмайтын таяныштармен қоршалған, таяныштар асты 0,15 м биіктікке тұтас қапталған және төсемнен 0,50 м биіктікте қосымша қоршау планкасы бар өтпелі көпіршелер орнатылуы қажет.

7.6.16 Тәуліктің қараңғы уақытында жұмыс жасау орындары және жұмыс учаскелері, оларға өтпелер мен кіре-берістері тиісті мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес жарықтандырылуы қажет.

Жарықтандырылмаған орындарда жұмыс жасауға жол берілмейді.

7.6.17 Ашық ауада жұмыс жасайтындар үшін атмосфералық жауын-шашындардан қорғаныс үшін жабындар немесе қалқалар қарастырылуы қажет.

7.6.18 Жұмыс орындарында ауа температурасы 10С төмен болғанда ашық ауада жұмыс жасайтындар жылынуға арналған жаймен қамтамасыз етілуі қажет.

7.6.19 Құдықтар, шурфтар мен басқа да ойықтар қақпақтармен, қалқандармен немесе қоршаулармен жабылуы қажет.

7.6.20 Апаттық жұмыстардан басқа, ұзақ мерзімді жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыстар басталмас бұрын осы жұмысты жүргізу жөнінде құзырлы мемлекеттік органдармен және өзге мүдделі ұйымдармен келісу қажет.

7.6.21 Апаттық жұмыстарды алдын ала жазбаша келісімсіз бастауға болады, алайда барлық мүдделі ұйымдарға, сондай-ақ коммуникация иелеріне және егер жұмыстар көшенің немесе тротуардың өтпелі жерінде жүргізілетін болса, құзырлы аймақтық мемлекеттік органдарға апаттық телефонограмма беру арқылы хабарланады.


7.7 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің құдықтарын, камераларын және резервуарларын жөндеу және пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары
7.7.1 Жұмыскерлердің құдықтарға, камераларға, резервуарларға түсуіне байланысты жұмыстар В-Қосымшасына сәйкес нарыд-рұқсатнама бойынша жүргізілуі қажет және қауіптілер разрядына жатады.

7.7.2 Құдықтарда, камераларда жұмыс жасайтын бригадалар ЖҚҚ-мен, қажетті құралдармен, жарақтармен, әбзелдермен және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек дәрі қобдишасымен қамтамасыз етілуі қажет.

7.7.3 Құдықтарда, камералар мен резервуарларда жұмыстарды орындаушы бригадалардың келесі қорғаныс құралдары болуы қажет:

- газоанализаторлар немесе газосигнализаторлар;

- ұзындығы жер бетінен құдықтағы, камерадағы, резервуардағы ең алыс жұмыс орнына дейінгі қашықтығынан кемінде 2 м ұзын болуы тиіс арқаны бар сақтандыру белдіктері (аспалы);

- арнайы киім және арнайы аяқ киім;

- қорғаныс каскалары мен сарғыш-қызғылт түсті кеудешелер;

- ұзындығы құдық, камера тереңдігінен 2 м артық, бірақ жалпы ұзындығы 12 м аспайтын шлангасы бар шлангылы оттекті-оқшаулаушы газқағарлар;

- аккумуляторлық шамдар;

- механикалық немесе қолды жетегі бар желдеткіштер;

- қорғанысты қоршаулар мен жылжымалы қауіпсіздік белгілері;

- құдықтар, камералар люктерін ашуға арналған ілмектер;

- құдықтардағы ысырмаларды ашуға арналған штанга-ашалар;

- тасымалданбалы сатылар.

7.7.4 Құдықтарға, камералар мен резервуарларға түсуге байланысты жұмыстарды орындау кезінде бригада мүшелерінің міндеттері келесі түрде бөлінеді:

- Бригада мүшелерінің бірі құдықта (камерада, резервуарда) жұмыс жасайды;

- екінші арқан көмегімен жұмыс жасаушыны сақтандырады және оны қадағалайды;

- үшінші жер үстінде жұмыс жасаушы құдықта жұмыс жасайтынға қажетті құралдар мен материалдарды беріп тұрады, қажет болған жағдайда құдықта жұмыс жасаушыға және сақтандырушыға көмектеседі, көлік қозғалысын бақылайды.

Құдықта (камерада, резервуарда) жұмыс жасаушы жер бетіне шықпайынша, бақылаушы жұмыскерді басқа жұмыстарды орындау үшін назарын бөлуге тыйым салынады.

Құдыққа (камераға, резервуарға) бірнеше жұмыскер түскен жағдайда, олардың әрқайсы жер бетінде тұратын жұмыскермен сақтандырылуы қажет.

7.7.5 Тереңдігі 10 м дейін құдықтарға, камераларға, резервуарларға сақтандыру құралдарын қолданып басқышпен немесе жүріс тағандары бойымен тік қалыпта түсуге рұқсат етіледі. Бұл ретте биіктігі 4 м асатын басқыштарда қорғаныс қоршауларын қарастыру қажет.

7.7.6 Құдықтар мен камераларда орналасұан ысырмаларды ашу және жабу үшін штанга-ашаны пайдалану қажет. Қызмет ететін жұмыскерлерге құдықтарға түсу қажеттілігін болдырмайтын шығарылмалы штурвалдар мен басқа да құрылғыларды орнату қажет.

7.7.7 Құдықтарда, камераларда және резервуарларда жұмыс жасау кезінде бригада:

- көшенің жүретін бөлігінде жұмысты орындауға кіріспес бұрын жергілікті шарттарды ескере отырып жасалған, жұмыс орнын қоршау схемасы немесе нұсқаулыққа сәйкес жұмысты жүргізу орнын қоршау қажет;

- құдыққа, камераға немесе резервуарға түспес бұрын оларды газанализатормен немесе газ сигнализаторымен ауа ортасының газдануына тексеру қажет. Газдануын тексермей тұрып жұмыскердің құдыққа түсуіне тыйым салынады. Газдануына тексеру нәтижелеріне тәуелсіз, арқаны бар сақтандыру белдігінсіз жұмыскердің құдыққа, камера немесе резервуарға түсуіне тыйым салынады;

- құдыққа немесе камераға түсуге арналған сатылар мен тағандар болуын және олардың беріктігін тексеру;

- құдықта, камерада немесе резервуарда жұмыс жасау процессінде ауа ортасын газанализатормен немесе газсигнализаторымен газдануын тексеру қажет.

7.7.8 Құдықта, камерада немесе резервуарда газ анықталған жағдайда табиғи немесе жасанды желдету әдісімен оны жою бойынша шараларды қолдану қажет. Су өткізетін құдықтан газды өрт гидрантында тұрған сумен толтыру арқылы кетіруге болады. Газды жандыру әдісімен жоюға тыйым салынады.

7.7.9 Егер камерадан немесе құдықтан газ кетпесе немесе оның келуі толастамаса, жұмыскерге камераға немесе құдыққа тек шлангысы құдық немесе камера бетіне шығатын шлангылы газқағармен ғана және арнайы құралды қолдана отырып түсуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда үздіксіз жұмыс жасаудың рұқсат етілген ұзақтығы 10 минуттен аспайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет