«Lesson study» тәсілі бойынша бірлескен зерттеу жұмысының талдау есебі
SWOT талдау нәтижесі
Мұғалімнің іс-әрекеті
W
S
Әдіс-тәсілдердің пайдалануы Формативті бағалау
Мұғалімнің ұстамдығы түрі аз
Сұрақты жаңа
Тақырып
Бойынша
беру
T
O T
Гаджеттерді қолдану керек кезінде Команда жасауға мүмкіндік
жоқ
Оқушының іс-әрекеті
оқушыға уақыт керек,сенімсіздік өзіне
Жетістігі
|
Кемшілігі
|
Шығу жолы
|
Жайлы жағдай
|
Оқушылардың шапшаңдығы байқалды
Топта көшбасшылық қасиет көрінді
Жұптық жұмыс оқушыларға тиімді.
Оқушы белсенді
|
Кей балдардың Сабақта баяу екені анықталды
Қараусыз қалды
Сабақтың жоспарын зерттеушілерге беру
Неге оқушы жұмыс жасамай отыр
жұмыс жасау
|
Жеке жұмысқа мән беру
Көшбасшылық жұмысына делегирование
Жұптық жұмысты көптеп жүргізу
|
Тыңдалымға видеотаспа қолдану
Блум таксономиясын қолдану
Визуализация
Дауыс ырғағына назар аудару
Сабақтан кейін оқушы үнін тыңдау
|
Өзара және өзіндік талдау
IMRAD форматы негізінде
Сабақты зерттеу қандай проблемаға арналған?
|
Қазақ тілінде (қазақ тілді емес) алтыншы сынып оқушыларының (11-12 жас) диалогтік оқыту арқылы сөйлеу дағдыларын қалай жетілдіруге болады?
|
Сабақты зерттеу тақырыбы неге өзекті?
|
Бағдарламаның 7 модулінің мәнмәтіні негізінде «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым.Себебі, қазақ тілін қазақ тілді емес сыныпқа оқытудың басты мақсаты – оқушыларға қазақ тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.
|
Проблема қалай зерттелді?
|
Менің зерттеу нысаны ретінде алған 6-ші сыныбымда 13 оқушы, оның 5-і ұл, 8-і қыз бала. Оқушылардың сабаққа ынтасы жақсы, алайда тілдік кедергілер сабақ сайын кездесіп отырады. Оқушылар мәтінді түсіну үшін көп жағдайда қиналады,бір-бірімен диалогқа түсе бермейді. Нәтижесінде, сабақты жақсы оқитын оқушылар ғана сұрақтарға жауап беріп, тақырыпқа қатысты өз пікірлерін білдіруге тырысады. Оқушылардың басым бөлігінің ойынша белгілі бір тақырыпқа байланысты берілген мәтінді оқып, мағынасын түсінсем болды,- деген пікір қалыптасқан. Сонымен қатар сұрақтар қойған кезде де, көбінесе «жабық сұрақтарды» қолданады да, тақырыпқа қатысты ешқандай ой өрбімейді, пікір алыспайды. Алайда баланың өзге тілді үйренуі, жеткілікті дәрежеде меңгеруі үшін бұл жұмыстар жеткіліксіз.Тіл үйретуде ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сондықтан, мектептегі тәжірибе кезінде іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбымды «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалай жетілдіремін?» деген тақырыпта алуды ұйғардым.
|
Сіздің ойыңызша, объектіні зерттеу үшін қандай зерттеу тәжірибелері мен құралдарды қолдану қажет?
|
Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімнің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің бір түрі деп көрсеткен. Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог түрінде оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олардың тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39бет).
|
Сіздің зерттеуіңіздің негізгі қорытындылары қандай?
|
Қорыта келгенде, оқушылардың тақырыпты білетін-білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуы шарт. Әңгімелесудің көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдайды және дамытады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына әсер ете алады. Сыныпта оқушылардың ой бөлісуі, пікірлесуі, әңгімелесуі диалогтік оқыту әдістері негізінде жүзеге асырылады.Сонымен қатар, тіл үйретуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Оқушылар тілдің грамматикасын білу арқылы бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді, ал сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылар көру қабілеттерін ойлау қабілеттермен ұштастыра дамытады, өз ойын айту әдісі, ойлану арқылы өз ойын ауызша жүйелі айтып береді және оқушы оқытушымен өзара кері байланысқа түсе алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |