Әкімбекова Б.Б.,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Өнеркәсіптік экология және химия
кафедрасының доценті, т.ғ.к.
e-mail: akimbekova.b@mail.ru
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» деп атап өтті [1].
2009 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдығын және Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 20 жылдығын атап өтті. Халықпен бірге осы күнді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті. Полковничий аралында Семей полигонындағы «Өлімнен күшті» атты ядролық сынақ құрбандарына арналған мемориал бар, сол жерде полигонның жабылуының 18 жылдығына арналған және Қазақстан аумағындағы ядролық соғыстың аяқталуына арналған халықаралық митинг өтті.
«Жиырма жыл бұрын осында, Семей жерінде әлемдегі аса ірі полигондардың бірінде соңғы ядролық жарылыс болып өтті. Ядролық сынақтарды тоқтатуға «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы белсенді жәрдемдесті. Шынайы бүкілхалықтық күш-жігердің нәтижесінде 1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтата алдық. Біздің жерімізде барлығы 456 ядролық сынақ өткізілсе, олардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе артық еді. Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Барлық қиындықтарға қарамастан, мемлекет ешқашан өз азаматтарын олардың проблемаларымен бетпе-бет қалдырған емес. Осы мақсаттарға 34 миллиард теңгеге жуық қаржы көзделген. Бұл қаржы Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық аурулар бойынша медициналық кластерді құруға жұмсалады.
Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Қазақстанның Германия аумағына барабар аумағының оннан бірі бөлігі уланған, құла дүзге айналып, жүздеген ядролық жарылыстар оған жазылмастай жарақат салды.
Біз сондай-ақ халықты және Семей өңірінің экологиясын нәрлендіруге қосқан үлестері үшін шетелдік әріптестерімізге ризашылық білдіреміз. Өкінішке орай, Қазақтан өнегесіне ергендер аз болды. Жуырда Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуі, Иран ядролық бағдарламасы төңірегіндегі қарама-қайшылықтар, екі ядролық державаның – Үндістан мен Пәкістанның көп жылдардан бергі қарсы тұрушылығы – осының бәрі бүгінде әлемдік тепе-теңдіктің қандайлық шетін болып отырғанын тағы да көрсетіп берді. Өз әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан алдағы кезде де ядролық қарусыз дүние жолындағы жаһандық қозғалыс қаруға бар күш қуатын жұмсайтын болады.
29 тамызды, осыдан 18 жыл бұрын ядролық полигон жабылған күнді Жаппай қырып-жою қаруынан бас тартудың Бүкіләлемдік күні деп жариялау бастамасы назар аударуға тұрарлық деп санаймын. Біз бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына ендіруге әзірміз» – деп атап көрсетті Н.Ә. Назарбаев [1, 2 б.].
Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті.
ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км., периметрі шамамен 600 км алып жатыр.
Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр.
1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і – ауада, 30-ы – жердің үстінде және 340-ы – жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949–1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді.
Семей полигонынан басқа, Батыс Қазақстан және Атырау облысы шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ полигоны болды: Азғыр атом полигоны, Мемлекеттік Жазғы-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық полигоны (соңғы екеуі Ресей кешеніндегі Капустин Ярға тиесілі, қазіргі уақытта да қолданыста). Осы полигондар аумағында 29 ядролық жарылыс жүргізілді (18 жер асты, 11 атмосфералық). Зерттеулер мақсатында тағы да 10 ядролық жарылыс жүргізілді: 6 - Қарашығанақта, 3 – Маңғыстау облысында және 1- Ақтөбе облысында.
1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты.
Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты.
Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік.
Ядролық жарылыстардан кейін қалған жер асты қуыстары қатты ластанған биологиялық қауіпті радиоактивті заттарды сақтау үшін «зираттар» ретінде пайдаланылады. Олардың кейбіреуі су деңгей жиектерінен тұз ерітіндісімен толтырылды және осы уақытқа дейін өз радиоактивтілігін сақтайды. Бұл ретте ластанған топырақ көлемі 24000 м құрайды.
Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған.
Радиациялық және улы ластануға мына аудан аумақтары ұшырады:
Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық [3, 56 б.].
Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді.
Радиациялық ластану – иондаушы сәуле шығару әсерін тудыратын физикалық ластану түрлерінің бірі, оның көздері осындай сәуле шығару құрылғылары немесе радиоактивтілікті меңгерген кейбір химиялық заттар болуы мүмкін, яғни осы химиялық элементтердің атомдық ядроларының қабілеттілігі, иондаушы сәуле шығаруды шығара отырып, олардың изотоптарының өздігінен еркін ыдырауы мүмкін.
Қазіргі уақытта мамандардың ұйғарымы бойынша Қазақстан аумағындағы радиоактивті ластанудың жалпы деңгейі Чернобыль АЭС апаты нәтижесінде зардап шеккен аумақтарға қарағанда 1,5 есе жоғары.
Жер үсті ядролық жарылыстары ауада жарылған жарылыстарға қарағанда үлкен әсерін тигізді.
Атмосфералық сынақтар нәтижесінде радиоактивті материалдың бір бөлігі сынақ алаңынан алыс емес жерге түседі, қандай да бір бөлігі атмосфераның, төменгі қабатында кідіріп қалады да желмен бірге ұшады, үлкен ара қашықтыққа орналасады. Ауада орташа алғанда бір ай шамасында бола отырып, радиоактивті заттар осы орын ауыстырулар кезінде жерге біртіндеп түседі. Алайда радиоактивті заттардың бір бөлігі атмосфераға шығарылады (10-15 км биіктікте жатқан атмосфераның қабаты), сол жерде көптеген айларға дейін қалып қояды, жер шарының барлық бетіне баяу түсіп, шашырап тарайды.
Радиоактивті шөгінділер бірнеше жүздеген әр түрлі радионуклидті қамтиды, алайда олардың көпшілігі жылдам ериді.
Қазіргі кезде Ұлттық ядролық орталық деректері бойынша Семей полигонында жер асты ядролық жарылыстар кезінде бөлу өнімдерін шоғырлаумен және оларды топырақ бетіне еріген қар суларымен және көшкін суларымен шығарумен байланысты аумақтың ластануының екінші реттік әсерлері байқалуда.
18.12.1992 жылғы азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңда
полигонның қызмет ету нәтижесінде радиациялық әсерге 1,2 млн. адам ұшырады. Олардың бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысында – 1,1 млн., 0,048 млн. – Қарағанды облысында және 0,052 млн. – Павлодар облысында тұрады.
Семей өңірі полигонның әсерін сипаттайтын аурулар мен денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштері бойынша аймақтағы қолайсыз аудандардың бірі болып қалуда. 1989 жылдан бастап тұрғындардың денсаулық жағдайына кешенді зерттеу жүргізіліп келеді, Семей қаласында радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ашылды және Курчатов қаласында емдеу-диагностикалық орталығы ашылды.
Полигон аумағында Ұлттық ядролық орталығы мекемелерімен радиоэкологиялық ахуалды нақтылау және оның тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді. Бұл материалдар БҰҰ 53 Ассамблеясы резолюция және ССЯП өңіріндегі тұрғындарды сауықтыру жобасын даярлау кезінде пайдаланылды.
ССЯП ядролық сынақты сынау нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығына залал келтірген шығындарды бағалау жүйесі түпкілікті әлі шешілген жоқ. Сәулеленудің қосынды дозасына және сәулеленуге ұшыраған контингент санын негізге ала отырып, аурудың жекелеген нозологиялық түрлеріне және демографиялық ахуалға әсер етудің мүмкін көрсеткіштерін талдау арқылы халық денсаулығына жүргізілген ядролық сынақтардың келеңсіз әсерінің қатерін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме бар.
1992 жылдың мамырында 52605 орындалған есептелген эквивалентті дозалық жүктемелер және ҚР Экология және биоресурстар министрлігі ұйымдастырған комиссия қабылдаған негізде Семей өңірінің 711 елді мекенінде сәулеленудің тиімді дозасы 0,10 бэр тең жылдық нормадан асып түсті. Максимум тиімді доза 448 бэрден асып түсті [3, 28 б.].
Республикалық СЭС есептеулері бойынша ССЯП өңірінде атмосферадан сынақ мерзімі ішінде тұрғындардың алған ұжымдық дозасы шамамен 100 мың адамды құрайды, ал бұл 100 мыңдаған адам өмірін қиды.
Бұдан басқа, сәулеленудің шағын дозасы алшақ әсерлерді тудырады, жеке индивидумда тексеру мүмкін емес, бірақ ұжымдық доза бойынша олардың шығаруын жобалауға болады. Болжамдалған әсерлер ретінде бүгінгі күні қатерлі ісіктер және іштен туа біткен аурулар танылған. Шағын доза иммунитет жүйесіне қысым түсіреді, халықтың сәулеленуге ұшыраған тобының және оның ұрпақтарының иммунитетін азайтуға, барлық патогенді факторлардың әрекет етуіне, ауруға шалдығуына келеді. Бұл барлық нозологиялық пішіндер және демографиялық көрсеткіштердің нашарлауы бойынша ауру түрлерінің өсуіне әкеледі.
Шығыс Қазақстан облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңа семей аудандары тұрғындарында қан аздығы жағдайының жоғары жиілігі белгіленген. Қан аздылыққа көбінесе кішкене сәби балалар, соның ішінде жасы үшке дейінгі сәбилер барынша жиі ұшырайды.
Семей өңірінде жүйкенің тозуы және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары.
Азғыр кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша – 608 есе артық, эндокринді ауру – 19 есе, асқазан жарасы ауруы – 16 есе жоғары. Өмір сүру ұзақтығы өте қысқа, ауру санының жалпы өсімі өршу үстінде.
Осылайша, Қазақстан өз аумағындағы геологиялық құрылыс ерекшеліктерінің күшімен, табиғи уран және көмірсутекті ресурстарымен, сондай-ақ бұрынғы КСРО жүйесінде ядролық сынақтарға арналған әскери өнеркәсіптік кешендер мен полигондардың шикізат базасы ретінде әлемдегі бірде бір мемлекет ХХ ғасырдың ұлы жаңалығы – радиоактивтілік қатынасында бай және қайғылы тәжірибе жинақтады. Еліміз аумағының бір бөлігі ластанған табиғи және жасанды радионуклидтер болып табылады [4, 8 б.].
Бүгінгі күні мемлекет үшін ең басты проблема аумақты ластанған радионуклидтерден сауықтыру және радиоактивті қалдықтарды пайдаға асыру және көму проблемалары болып табылады. Оларды шешу әлемдік қауымдастықтың қатысуынсыз мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстанда қалыптасып қалған радиоэкологиялық ахуал радиоэкологиялық зерттеулердің кең шеңберін жүргізу үшін және олардың нәтижесін нақты іске асыру үшін бірегей мүмкіндікті ұсынады.
Әдебиеттер тізімі
1. Н.А. Назарбаев «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана. 17 января 2014 г. // Казахстанская правда.18.01. 2014 г.
2. Назарбаев Н.А. Безъядерный мир – глобальная миссия Казахстана // Мысль, 2012, № 10.
3. Кабрахманов К. Человеческие последствия испытаний ядерного оружия в Казахстане. – ТОО «Издательство Олке», 2013. - 335 с.
4. Казанцева О. Общность задач, единство целей // Казахстанская правда, 2013, 30 ноября.
Р.Т. Шерембаева,
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
Өнеркәсіптік экология және химия
кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.
e-mail: rimkesh_62@ mail.ru
БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ПРОБЛЕМАСЫ
Балқаш көлі Каспий теңізінен және кеуіп бара жатқан Арал теңізінен кейінгі үшінші тұрған ағынсыз континент ішілік су қоймасы. Балқаш көлі Орталық Азияның Қазақстанның Оңтүстік шығысына қарай аридалы құрғақ аймақта орналасқан. Балқаш бассейнінің ауданы 413 мың км. Оның 113 мың км немесе 27 % астамы ҚХР Синзян Ұйғыр Автономиялық ауданының аумағына тиесілі (СҰАР). Балқаш маңындағы негізгі су көздері Іле өзені болып табылады, көлге таза өзен суларының 80 % келуін қамтамасыз етеді. Жыл сайын жаңартылып отыратын су ресурстарының (жер үсті сулары) қалыптастыру зонасы негізінен ҚХР СҰАР аумағынан келеді, сондықтан Іледен келетін өзен суларының 60 % астамы көрші шекаралас аумақтан келеді.
Көл ұзындығы 600 км. болатын ендік бағытта созылған су қоймасынбілдіреді. Көл Ұзынарал арқылы екі бөлікке бөлінеді: Батыс, суы аз және кең бөлігі, Шығыс, бұл да суы аз, бірақ тар бөлікті, неғұрлым терең және кең Борлытөбе ерекше көрінеді. Іле өзені шеткі батыс өзен иірімдеріне құяды, қалған төрт өзен: Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз Шығыс бөлігіне құяды. Алайда олардың ағысы көлге келіп құятын өзен суларының тек 20 % құйылуын құрайды. Сондықтан көлдің батысынан шығыс өзен иірімдерін тұрақты су ағысын құрайды [1, 2 б.].
Балқаш маңында Қазақстан халқының шамамен 16 % тұрғыны тұрады.
Бұл жерде өзен ағыстарының шамамен 24 км жиналады, ал бұл республиканың шамамен 25 % су және 42 % гидроэнергетикалық ресурстарын құрайды. Жер асты су қоймаларының белгіленген қоры жылына 3,2 км құрайды (шамамен 13 % жер үсті сулары). Қазіргі кезде бекітілген қордың 2 % пайдаланылуда. Бұл дұрыс, өйткені жер асты суларының үлкен бөлігі тау етегіндегі аймақтарға шоғырланған, олардың жердің үстіндегі сулармен байланысы әлі түпкілікті шешілген жоқ. Бұдан басқа, Балқаш маңындағы жер асты сулары қатты ластанған, сондай-ақ жер үсті сулары да ластанған, бірақ соңғысына қарағанда олар өзі тазартатын қабілетке ие емес. Жер асты сулары биоценозы тіршілік ету әрекеті әлсіз.
Балқаш көлі туралы алғашқы тарихи-географиялық мәліметтер қытайларда пайда болды, олар Орталық Азиямен байланыс жасай отырып, басқаларына қарағанда осы өңір тарихымен жете таныс болды. Ұлы Қытай қорғанынан Батысқа қарай кеңістікті қытайлар «Си-Юй» (Батыс өлкесі) деп атады және ол туралы б.з. дейінгі 126 жылдары білді. 607 жылы сол кездегі Орталық Азияда өмір сүрген 44 мемлекеттің картасы жасалды, алайда бұл сипаттама сақталған жоқ. VIII ғасырдан бастап Балқаш көлінен Тянь-Шань тауына дейінгі аумақ Жетісу деген атаумен белгілі (қазақша Жетісу, қырғызша Жетисуу), бұл жерде көшпелі халықтардың (түріктер мен моңғолдардың) және Орталық Азияның отырықшыл халықтарының мәдениеті араласып кетті.
Александр фон Гумбольдт Балқаш көлі қытайларға «Си-Хай» деген атаумен таныс (Батыс жақтағы көл. Осы атау 1855 жылғы атласқа енгізілген) деп жорамалдайды. «Балқаш-Нор» (Balas-nur — «Балқаш» көлі), жоңғарлар мен қалмақтарға, еуропалық елші Юлиус Клапроттың түсіруі бойынша құрастырылған 1833 жылғы картада бейнеленген. Түріктер мен моңғолдар өздерінің елді мекендерінен батысқа қарай барлық географиялық объектілерді ақ түспен белгілеген, оны «Ақ теңіз» деп атады, ал олардың мемлекеттерінің шекарасы батысқа қарай шегінген кезде, көл «көк» (шығыс) «Көкше теңіз» деген атауға ие болды. Қазақтар көлді «Теңіз» деп атады, ал бұл дегеніміз «теңіз» дегенді білдіреді [2, 1 б.].
Балқаш барынша терең енді Балқаш-Алакөл бөлігінде жатыр, неоген-төрттік дәуіріндегі Тұран тақтасының жазық иілісінің нәтижесінде түзілген, соның салдарынан құмтас өзен шөгінділерімен толтырылды. Көл қазандығы бірнеше ұсақ шұңқырлардан тұрады. Балқаштың батыс бөлігінде тереңдігі 7-11 м-ге дейінгі екі ойпаты бар – оның бірі батыс жағалауынан Тасарал аралынан Қоржын түбек мүйісіне созылып жатыр, ал екіншісі оңтүстікте Бертіс шығанағынан созылып жатыр, ол Батыс Балқаштың барынша терең жері болып табылады. Шығыс Балқаштың ойпат тереңдігі 16 м құрайды, барлық шығыс бөліктің ең үлкен тереңдігі - 27 м құрайды. Барлық көлдің орташа тереңдігі 5,8 м құрайды, судың жалпы көлемі – шамамен 112 км.
Балқаштың батыс және солтүстік жағалауы – тым биік (20-30 м) және жартасты, палеозойлық тау жыныстарымен түзілген және көне дәуірлік террасалар іздері байқалады. Қарашаған шығанағынан бергі Іле өзеніне дейінгі оңтүстік жағалау төмен (1-2 м) және құмды, биік суларды мерзім сайын сулар басып қалады (көптеген ұсақ көлдерге айналған), кей жерлерде биіктігі 5-10 м болатын жағалау төбешіктері кездеседі. Жағалау сызығы өте бұралаң және көптеген шығанақтар мен қайнауларға бөлінген. Батыс бөліктегі ірі шығанақтар: Сарышаған, Қашқан теңіз, Карақамыс, Шемпек (көлдің оңтүстік соңы), Балақашқан және Ахметсу. Шығыс бөлігінде Құзкөл, Балықты көлдері, және Қарашыған шығанақтары көрінеді және Байғабыл, Балай, Шауқар және Кеңтүбек және Қоржынтөбе түбектері орналасқан [3, 303 б.].
Өңірде ірі полиметалл рудаларының, тас көмір, құрылыс материалдарының кен орындары орналасқан. Үлкен жер аумағы дәстүрлі түрде жайылым ретінде пайдаланылды, сондықтан осы жерде мал шаруашылығына арналған өнімділігі жоғары жайылым орналасқан. Суармалы егіс алқабы үшін үлкен жер аумағы 2 млн. га-дан асады; олардың 30 % көне дәуірде пайдаланылды.
Қазіргі кезде суармалы жер үшін Қазақстан тарапынан шамамен 600 мың га жер және Қытай тарапынан шамамен 300 мың га Балқаш көлі бассейнінен жер пайдаланылады. Көптеген ғалымдар, әсіресе қытай ғалымдары Балқаш маңындағы жер және су ресурстарын дұрыс пайдалану кезінде тиімді өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады деп санайды. ҚХР Үкіметі СҰАР Орталық Азиядағы барынша дамыған және өркендейтін өңірге айналдыруға барынша күш жұмсауда.
Балқаш маңында өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, балық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары даму үстінде. Осы өңір үлесіне Қазақстан өнеркәсібінің 16 % және ауыл шаруашылығының 13 % тиесілі, 44 % астамы балық аулау, 75 % пайдаланылатын жер тиесілі. Бұдан басқа, көлдің жағалауына түсті металлургияның алыбы – Балқаш мыс балқыту комбинаты орналасқан. Қаратал өзенінің жағалауында мырыш-қорғасын комбинаты жұмыс істейді, тас көмір, полиметалл рудаларының карьерлері барланған және қазып алу басталған, сондай-ақ жергілікті шикізат базасында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорыны жұмыс істеп тұр [3, 5 б.].
Көптеген шаруашылықтар мал шаруашылығын дамытуға мамандандырылған. Ауыл шаруашылығының өнімдері мал шаруашылығының 63,7 %-нан алынады, 36,3 % өсімдіктер өсіруден алынады, алғашқы келтірілген сан 38,6 % қой шаруашылығымен (жүні, терісі, еті) анықталады және 25,5 % мал шаруашылығына тиесілі (сүт, ет, тері).
Қазақстан шегінде ауыл шаруашылығын енгізу технологиясы өте төменгі деңгейде. Жылдам нәтижелер алу үшін жанталасқан кезде мал шаруашылығының ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі бұзылды, ол дәстүрлі құрылымда қой малының, жылқы малының, түйе малының кемуіне негізсіз орасан шығын әкелді. Қазақтар ертеде қой мен ешкіні жылқы мен сиырға қарағанда «бес ауызы» бар деп санаған: бір ауызымен олар жұтаң құнарсыз өсімдіктерді тамыр жемістерімен бірге жұлып бітірген, ал қалған төрт аяқтарымен (үшкір тұяқтарымен) жайылымның жұқа қарашірік қабатын таптап тастайды. Сондықтан бұрынғы қазақтар қой мен ешкі санын күрт шегеріп отырған, оның орнына ірі қара малды баққан. Ал бұл туралы қазіргі кездегі «мәдениетті ұрпағы» ұмытып кеткен. ХХ ғасырдың басында 0,6 т астам құрғақ шөп беретін құнарлы жайылым жоқ, барлық жерде, әсіресе тау маңындағы жазғы жайылымдар тапталған, ал бұл жел мен су эрозиясының процестерін күшейткен. Сондықтан қазіргі кездегі жайылымдардың өнімділігі 0,3 т/га жететін жерді әзер құрайды.
Осындай жылдам және экологиялық негізсіз технология өсімдіктерден де байқалады. Соңғы 20 жыл ішінде қысқы бидай мен себілген шөптердің егісі маңызды түрде азайды, ал оның орнына жүгері, күнбағыс, көкөніс дақылдарының егісі ұлғайды.
Бұл ретте суды үнемдейтін технологияларға жеткіліксіз көңіл бөлінуде: сусыз және суы аз технологиялық процестерді дамытуға, қайтарымды – қайталамалы сумен қамтамасыз ету, ағынды суларды тазартуға және т.б.
Пайдаланылған сулардың жалпы санынан тек 15-20 % толық емес тазалауға ұшырайды. Қалған бөлігі тазартусыз жергілікті жердің табиғи өзен желісіне лақтырылады. Сонда қатты ауыр тұрмыстық қалдықтар мен құрылыс қалдықтары лақтырылады. Еріген және жауын суларымен бірге бұл қалдықтар өзен желісін үстіңгі және жер асты суларын қатты ластай отырып Балқаш көлінің ақырғы сағасына құйылады.
Көлді үлкен және тікелей ластаушылар Солтүстік Балқаш маңындағы өнеркәсіптік объектілер болып табылады, олар ағынды суға көптеген тармақты қоймалардың жауын канализациясы арқылы шығарылады және күкіртті ангидрит және басқа газдар келіп түсетін атмосфералық ауа арқылы тарайды. Мысалы, Балқаш тау кен-металлургия комбинаты Тораңғылық шығанағына ағын суларын лақтырады. Ондағы мыстың концентрациясы 35-48 ШРК (шекті рауалы концентрацияға) жетеді, ал апатты лақтырындылар кезінде 300 ШРК асып түседі.
Соңғы жылдары су ағыстарын гидрохимиялық режиммен бақылау балық шаруашылығы пайдаланатын су қоймаларында сульфаттың (ШРК) артуы байқалады. Мысалы, шағын Сарышағанда сульфаттың құрамы ШРК тен 8-8,9 есе артық, Бертіс қойнауында 7,7-9,5есеге, Балқаш маңында. 7,7-8,1 есеге артық. ШРК артуы хлоридтер құрамында да байқалады: шағын Сарышағанда 1,3-1,5 есеге, Бертіс қойнауында 1,3-1,5 есеге және Балқаш маңында 1,3-1,6 есеге артық.
Егер Балқаш өзенінің тұтастай ластануын сипаттайтын болсақ, онда келесі көрініс байқалады. Хлоридтер проценттік қатынаста гидрохимиялық талдаулардың жалпы санынан шекті рауалы концентрациядан 80,4 % жағдайда асып түседі, сульфаттар және мыс - 100 %, мырыш 25,3 %, фторидтер 98,0 %, мұнай өнімдері 40 %, фенолдар 33,3 % жағдайда асып түседі.
Балқаш көлінің суында бірқатар микроэлементтер бар, олардың аясында ауыр металдар Балқаш маңындағы топырақ грунттың геохимиялық ерекшелігіне байланысты жетекші орын алады, сондай-ақ олардың өзендерге және ағын сулары бар көлдерге түсуі және өнеркәсіптік объектілерден ауа лақтырындыларынан су қоймасының бетіне жартылай шөгуі байқалады.
Балқаш көлінің суындағы марганец, мыс, мырыш, барий, титан, бор, никель, мырыш пен кадмий балық шаруашылығының қоймаларына арналған ауыр металдар ШРК асып түседі. Стронций, мыс, қорғасын, молибденнің фондық құрамы тұрақты артуда, ал бұл антропогендік факторлардың әсерімен түсіндіріледі. Бертіс топырағындағы кейбір элементтердің (мырыш, мыс, қорғасын) жоғары құрамына назар аудару керек, ол ұзақ уақыт бойы (50 жылдан артық) ағынды суларға Балқаш тау кен-металлургия комбинатынан (БТМК) лақтырылып отырды. Батыс Балқаштағы және Бертіс қойнауындағы
қалайы фондық мәндерден асып түседі.
Көлдің негізгі ластаушылары Іле, Қаратал, Лепсі және Ақсу өзендерінің бойында орналасқан ауыл шаруашылығының алқаптары, сондай-ақ Балқаш қаласы өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылады. Осы уақытқа дейін Қаратал өзені бассейнінде Текелі ГОК жұмыс істеді, оның қалдықтары Қаратал өзенін ластады және сол өзен суымен Балқаш көліне зиянды заттар келіп түсті.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлауы тропикалық тізбек бойынша беріледі, гидробионттардың тіршілік әрекетіне, соның ішінде балықтарға әсер ете отырып, нәтижесінде азық қорының нашарлауына, балықтардың өну жағдайының нашарлауына және олардың қорының азаюына әкеліп соғады. Балық етінің құрамындағы микроэлементтер мен олардың судағы концентрациясы арасындағы байланысты кобальт пен мыс үлгісінен байқауға болады. Су айдынының барынша ластанған ауданы – Бертіс қойнауында балықтың бұлшық ет тканіндегі мыстың жинақталуы 1,5-4 есеге, ал кобальт 100-150 есеге артық, ал бұл Сарышаған ластанған түбегінде аздау. 1995 жылғы зерттеулердің деректері бойынша Торанғалық шығанағында ауланған сазанның бұлшық етінде мыстың жинақталу коэффициенті 61,4; Майтан шығанағында - 43,5; Сасықкөл шатқалында - 13,2 құрады. Кобальттің жинақталу коэффициенті осыған сәйкес - 90,0; 65,3; 12,5 теңеледі. Бұдан басқа, Майтан шығанағында ауланған сазанның бұлшық етінде сынап табылған.
Балқашқа ластанған сулар тек тау-кен комбинатынан ғана келіп түспейді, сонымен бірге Қытайдан да келеді, шекаралық бекеттерде мыс пен басқа заттар құрамының қатты артқаны тіркелген. Қытай аумағына Іле өзені бассейнінен жылына 14,5 км суды сұрыптау байқалады, себебі Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы халқының белсенді өсуінен 3,6 есеге ұлғайту жоспарлануда. Сарапшылардың пікірі бойынша Тянь-Шань мұз ағыстарының ұлғаюына қарамастан 10 % жинақтау нормасы апатқа әкеліп соғуы мүмкін, Балқаш шығыс бөлігінің құрғауымен екі бөлікке бөлінуі мүмкін.
Қазіргі кезде ҚХР су қатынасы 2001 жылғы 12 қыркүйектегі «ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылған, сол негізде жұмыс істеуде. Қазақстан-қытайлық бірлескен комиссия және сарапшылардың жұмыс тобы құрылды және сол бойынша әрекет жасауда.
Балқаш көлінің экологиясы үшін қауіп-қатерлер байқалады, әсіресе Арал теңізіне ұқсас апаттың қайталануы мүмкін екенін көрсетеді. Осыған ұқсас бірқатар алаңдаушылықтар да байқалады. 1970 жылдан бастап Қапшағай су қоймасын толтыру үшін Іле өзенінің суы пайдаланыла басталды, сол үшін 39 км су кетті, ал бұл өзен ағысының 2/3 азаюына және көл деңгейінен төмендеуіне әкеліп соқты. Балқаштың таяздауы әсіресе оның терең батыс бөлігінде байқалады. 1972 мен 2001 жылдар аралығында көлден оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан шағын Алакөл тұзды көлі мүлдем жойылып кетті, ал Балқаштың оңтүстік бөлігі осы уақыт ішінде шамамен 150 км су бетін жоғалтты. Балқаш маңындағы 16 көл жүйесінен тек бесеуі ғана қалды, босау процесі шамамен бассейннің 1/3 қамтыды. Тұзды шаң көл түбінен көтеріледі, азиялық шаң боранын қалыптастыруға үлес қоса отырып, өңір климатына қолайсыз әсер етеді [4, 2 б.].
Экологиялық қадамдарды жақсарту қадамдары ретінде Қапшағай су қоймасын толтыруды тоқтату, металлургия комбинатының ағысты суларын тазалау, суландыруға кететін қайтарымсыз шығындарды азайту және т.б. ұсынылды.
2000 жылы Алматы қаласында әр түрлі елдерден келген эколог ғалымдар, сондай-ақ бизнес пен билік өкілдері жиналған «Балқаш-2000» конференциясы өтті. Форум жұмысының нәтижесінде қарар қабылданды және президентке, парламентке, үкіметке және халықаралық ұйымдарға Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйесін басқарудың жаңа принциптері туралы үндеу жолдады, өңірдегі қаржыландырылған жобалар бойынша үлкен мүмкіндіктердің жеке капиталын ұсынады.
2005 жылы Балқаш көлінің проблемалары бойынша халықаралық экологиялық форумда «Қазақмыс» корпорациясы экологиялық таза өндірістің құрылысын аяқтайды деп жариялады, ал бұл 80-90 % лақтырындылар азайтуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары алқаш көлінің бассейніндегі экологиялық ахуалдың нашарлағанын көрсетті. Балқаш көлінің Тянь-Шань мұздықтардың қарқынды дамуының арқасында екінші аралға айналмады.
ҚХР қазіргі уақытта Іле өзенінің жоғарғы ағысындағы үлкен гидромелиорациялық жұмыстарға байланысты, осыған байланысты Балқаш көліне судың келуі азая бастады. Сондықтан қазақстандық және халықаралық қоғамды тұрақты ақпараттандыру үшін жыл сайын Іле-Балқаш регатасы өткізіледі. Биылғы жылы Ресейдің желкенді кемелерінің ұсынысы бойынша, мамыр айында «Балқашты ұрпақ үшін сақтаймыз» деген ұранмен Балқаш көлінде Желкенді кемелер регатасы өткізілді.
Балқаш көлі бассейніндегі ахуалды тұрақты бақылау үшін және өңірдің тұрақты экономикалық дамуын жасау үшін мыналар қажет:
- Балқаш көлі бассейніндегі су объектілерінің ағымдық жағдайының мониторингі;
- климаттың антропогендік өзгерістері бассейні су бетінің ресурстарын бағалау;
- Іле өзені шектес Қытай аумағындағы суды тұтынудың әрі қарай артуы және климаттың антропогендік өзгерістері кезінде мүмкін қолайсыз зардаптарды анықтау;
- өңірдің экономикалық қажеттіліктерін барынша толық ескеретін нақты шаралар және жер үсті су ресурстарын пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын, Іле-Балқаш проблемасының экологиялық талаптары мен халықаралық аспектілерді әзірлеу.
Әдебиеттер тізімі
1. Экологическое состояние озера Балхаш (доклад к бассейновому совету 27.06.2013 г.) / Комитет экологического регулирования и контроля. Департамент экологии по Карагандинской области.
2. Основные экологические проблемы Казахстана: загрязнение воды и сельскохозяййственных объектов, загрязняющих оз. Балхаш. http:// ego.gov.kz/ 21 янв. 2013 г.
3. Коробкин В.И. Экология. Ростов на Дону: Феникс, 2014. – 610 с.
4. Бологов П. Балхаш может повторить судьбу Арала – Headline.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |