Бақылау сұрақтары: 1 Суретке түсіру дегеніміз не және оның мәні қандай?
2 Суретке түсіру түрлері.
3 Суретке түсірудің негізгі принципі.
4 Бағдарлау дегеніміз не?
5 Азимут дегеніміз не және ол немен өлшенеді?
6 Румб дегеніміз не?
7 Дирекциялық бұрыш дегеніміз не?
8 Меридиандардың жақындасуы дегеніміз не?
9 Дәлді суретке түсірулер үшін қандай аспаптар қолданылады?
10 Теодолиттік суретке түсіру дегеніміз не?
11 Теодолитті аспап ретінде қалай түсінесіз?
12 Жерге орналастыру мен ауыл шаруашылығында теодолиттік суретке түсіруді не үшін қолданады?
13 Нивелирлеу дегеніміз не?
14 Нивелирлеу тәсілдері.
15 Нивелирді аспап ретінде қалай түсінесіз?
16 Нивелирлеуді қандай мақсатпен жүргізеді?
17 Тахеометрлік суретке түсіру дегеніміз не және оның негізгі мақсаты қандай?
Әдебиет: 5, с. 33-35, 49-64; 6, с.114-126; 7, с. 14-16, 70-77, 88-89;10, б.21-27.
4 Тақырып Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жер пайдалануды ұйымдастыру-құқықтық негіздері
Мақсаты: Ауыл шаруашылығында жер пайдалану мен жер иелену ұғымын игеру. Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуде өндіріс пен аумақтарды ұйымдастыру арасындағы өзара байланысты түсіне білу; жер пайдаланудағы қателіктерді және оларды жерге орналастыру жұмыстары барысында жою әдістерін зерттеу.
Жоспар: 4. 1 Ауыл шаруашылығында жер пайдалану ұғымы және мазмұны
4. 2 Өндіріс пен аумақты ұйымдастырудың өзара байланысы
4. 3 Жер пайдалану кемшіліктері және оларды жою әдістері
4. 1 Ауыл шаруашылығы шектелген пунктерде орналасуы мүмкін емес, ол үлкен аумақты, топырақ құнарлығымен қамтамасыз етілген кең байтақ жерлерді талап етеді. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындары өздерінің міндетін атқару үшін жер пайдалануға берілуі тиіс. Жер пайдалану деп өндірістік мақсатына үшін нақтылы кәсіпорынға белгіленген тәртіппен бекітілген жер массивін айтады. Бұл массив жергілікті жерде айқын көрсетілген, тұйық шекарасы және меншік объектісі мен шаруашылық объектісі ретінде заңды статусы болуы керек.
Жаңа жер реформасына дейін (жер мемлекеттік меншікте ғана болды) жер пайдалану ұғымы тек жалғыз жер пайдалану формасын анықтады (тұрақты немесе уақытша). Жерге мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болуына байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер массивтері кәсіпорындар, заңды және жеке тұлғаларға жер пайдалануға, жеке меншікке немесе жалға беріле бастады. Сондықтан жер пайдаланумен қатар жер иелену ұғымы да пайда болды.
Жер пайдалану ұғымы жаратылыстық, табиғаттық незгізіне қарай оны экономикалық категория түрінде де қарау керек, себебі жер пайдалану өндірістік міндеттер, ауыл шаруашылық өндірісінің формасы мен түріне байланысты болады. Экономикалық тұрғыдан жердің өндіріс процесіндегі рөлі басқа да ресурстар: еңбек, материалды-техникалық, қаржы сияқты негізінде орындалады. Мысалы, жер нақтылы кәсіпорынның басқа да ресурстары сияқты санды және сапалы жағынан салыстырмалы шектелген. Оны пайдалану шаруашылықты қарқынды және экстенсивті жүргізу әдістеріне байланысты ұтымды немесе ұтымсыз, тиімді немесе тиімсіз болуы мүмкін. Ауыл шаруашылық өндірісі тек жер, еңбек және материалды-техникалық ресурстары бірімен-бірі сәйкесті болған жағдайларада ғана тиімді болады.
Дегенмен, ауыл шаруашылығында жер пайдаланудың қалыптасуы мен оның қызмет етуінің ерекшеліктері бар. Жер мұнда аумақты-шектелген ресурс ретінде қарастырылады. Жердің аумақтық шектелуі оның меншік және шаруашылық объектісі ретінде монополия болуына себепші болады (жер меншік объектісі ретінде құны жоғары болғаннан қол жетерлігі шамалы, ал шаруашылық объектісі ретінде қол жетерлік және тартымды).
Ауыл шаруашылығында жерді пайдалану жүйелерінің қалыптасуы динамикалық процесс және ол қоғам игілігі үшін реттеліп отырылуы тиіс. Осыған орай бұл реттеу – жер ресурстарын мемлекетік тұрғыдан басқарудың негізгі міндеттері болып саналады.
Кезкелген жерді пайдаланудың алғашқы элементі немесе бірлігі жер учаскесі болып саналады. Жер учаскесі – тұйық шекара ішінде бөлінген, белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, белгілі жер ауданы, орны және басқа да сипаттамалары мемлекеттік жер кадастры құжаттары мен материалдарында бейнеленген жер бөлігі. Жер учаскесі меншік, иелену, пайдалану және жалға беру ретінде ережеге сай бөлінбейтін объекті болып саналады.
Жерді пайдалану ұғымы жер учаскесі ұғымынан кеңдеу немесе көлемді.
Біріншіден, жерді пайдалану бір учаскеден де бірнеше учаскеден құрылуы мүмкін.
Екіншіден, жерді пайдалану меншік және жер пайдалану сипатына қарай біртекті емес (құқықтық статусы жағынан: меншікті жер учаскесі, уақытша жер пайдалану, жалға беру).
Үшіншіден, жерді пайдалану шегінде жер пайдалану қарқындылығы және сипаты әртүрлі болуы мүмкін (жер алқаптарының құрамы, экологиялық ситуациясы, жер бедері, құқықтық режимі, шектеулерге қарай).
Жерді пайдалау ұғымын техникалық, құқықтық және экономикалық аспектерде қарастыру керек.
Техникалық тұрғыдан (табиғи-техникалық) жерді пайдалану бір немесе бірнеше жер учаскелерінен тұратын жер массивтері түрінде қарастырылады. Табиғи-техникалық тұрғыдан жерді пайдаланудың негізгі факторлары болып саналады:
1. Орналасқан жері (пункттері немесе коррдинаттары).
2. Ауданы (га, м2 ; жалпы ауданы, сонымен қатар жекеленген жер массивтері мен жер учаскелерінің ауданы). 3. Мөлшерлері мен конфигурациясы (жазықтықтағы элементері).
4. Жер алқаптарының құрамы мен арақатынасы (ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы жер пайдалану ауданындағы үлесі, ауыл шаруашылық алқаптарының құрылымы: егістік, тыңайған жер, шабындықтар, жайылымдар және көп жылдық екпе ағаштардың өзара арақатынасы).
5. Жер бедері (жергілікті жердің ылдилары, сайлар мен жыралар). 6. Алқаптарлың контурлығы (ауыл шаруашылық алқаптарының бөлшектенуі, ұсақтануы). Жерді пайдалану жағдайлары бұл келтірілген табиғи (табиғи-техникалық) факторлардан басқа да топырақтық, геоботаникалық, гидрографиялық және басқа да оның өндірістік потенциалын құрайтын жағдайлармен сипатталады.
Құқықтық тұрғыдан жер пайдалану келесі негізгі факторлармен анықталады:
1. Жер санаттары (нысаналы мақсаттарына қарай мынадай санаттарға бөлінеді: ауыл шаруашылық мақсатындағы жер, елді мекендер жері, өнеркәсіп, көлік, байланыс және қорғаныс жері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, орман қорының жері, су қорының жері және босалқы жер). 2. Пайдалану режимі (пайдалану, есеп жүргізу, қорғау және мониторинг ережелерімен сипатталады). 3. Жер пайдалануды ауыртпалыққа салу (басқа жеке және заңды тұлғалар мүддесіне қатысты меншік немесе пайдалану объектеріне ауыртпалық және т.б. жағдайлар: ерекше жағдайларды талап ететін объектер).
4. Жерді пайдалану шарттары (АҚ, ЖШС, ӨК жерді пайдалану келісім-шарттары негізіндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының құқықтық және шаруашылықтық статустары ережелері).
Экономикалық тұрғыдан жер пайдаланудың негізгі факторлары мыналар:
1. Жерді пайдалану мөлшерлерінің сәйкестігі (оның жалпы ауданының, жер алқаптары ауданы мен егістіктің, ауыл шаруашылық өндірісінің жалпы көлемінің, еңбек, материалды-техникалық және қаржы ресурстарының).
2. Алқаптар құрамының кәсіпорынның өндірістік бағытына, оның мамандандыруына және салалардың үйлесуіне сәйкестігі (жайылымдар, шабындықтардың болуы, ал сәйкес болмауы қосымша шығындарға, мамандандыруды өзгертуге әкеліп соғады).
3. Ауыл шаруашылық өндірісінің сипатына жер пайдалану аумақтарының сәйкестігі (компактылығы, конфигурациясы, ұсақ контурлығы, танап арқылығы және олардың шаруашылық қызметіне әсері).
4. Жер пайдаланудың жерге байланысты жұмыс барысында өндіріс құралдарымен қамтамасыз етілуі (жол торабы, мелиоративтік жүйелер, орман алқаптары, сонымен қатар өндірістік ғимараттар және құрылыстар).
Жерге орналастыру практикасында жерде ұтымды пайдалану деген ұғым бар. Жерді ұтымды пайдалану деп иелену, пайдалану немесе жалға берілген жер учаскесінің немесе массивінің табиғи және экономикалық жағдайлары жерді, еңбек және материалды-техникалық ресурстарын балансты және тиімді пайдалануын қамтамасыз етуді айтады.
4.2 Жерді пайдаланудың экономикалық мазмұнынан заңды түрде өндірістің мөлшері немесе көлемі мен аумағының өзара байланысты болуы шығады. Бұндай байланыстың теориялық негізі болып өндірістің үш факторларының сәйкесті болу ережесі табылады, олар: еңбек, жер және капитал. Бұл факторлар белгілі тепе-теңдікте болуы керек.
Өндіріс факторларының өзара тепе-теңдікте болуы сәйкесті ресурстардың санды көрсеткіштеріне ғана емес, сапа көрсеткіштеріне де байланысты болады. Олардың негізгілерін қарастырайық.