Табиғатқа жасаған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің


Ешкінің сүтінен бағалы дәрі – лактоферрин жасалады



Pdf көрінісі
бет31/57
Дата25.10.2022
өлшемі1.56 Mb.
#463355
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

Ешкінің сүтінен бағалы дәрі – лактоферрин жасалады 
 
Қазақтар төрт түлік малға ешкіні де жатқызып, оған қой отарын 
басқартқанмен, оны аса сүйе қоймаған. Басқа малдар сияқты ешкінің де 
адамзатқа пайдасы аса зор: жұп-жұмсақ түбітті жүні, қоймалжың сүті, терісі, 
мүйізі күнделікті тұрмыста аса қажет. Осындай пайдасына қарай оны көбінесе 
қолда асырайды. 
Қазақстанда ешкі шаруашылығы қалыптаспаған. Кеңес үкіметі кезіндегі
мал шаруашылығында шекшек тұқымы өткен ғасырдың 60 жылдарында өсіп 
тұрған ағаштардың жауы ретінде жойылған. 
Бүгінгі таңда әлем ғалымдары ешкінің тұқымының гендік жүйесін 
жетілдіру арқылы адамның өсіп-жетілуіне аса қажетті материал – лактоферин 
алуды қолға алды. Бұл ғылыми жаңалық ғылым мен медицина үшін, биология 
үшін аса маңызды фактор болып табылады. Табиғатта лактоферин ананың 
сүтінде ғана кездеседі екен. Ол – дүниеге жаңа келген жас сәбилердің 
ағзасындағы қорғаныстық қабілетін қалыптастыратын шешуші элемент. 
Лактоферрин адам баласы дүниеге келген сәттен бастап ағзаның 
бактериялар мен түрлі вирустардан, терінің қышымасынан, ауа райының 
өзгерістерінен, түрлі жараның өршуінен сақтандырады. Жалпы, алғашқы 
кезеңдегі адам ағзасының қорғаныс қабілетін қалыптастыра отырып, жан мен 
денені түрлі табиғат құбылыстарына, қоршаған ортаның ауытқуларына қарсы 
тұруға әзірлейді. Сондай-ақ лактоферрин адамның ағзасындағы ісік
клеткаларын жойып жібере алатындай керемет қабілетке ие. Лактоферриннің 1 
гр. дүниежүзілік дәрі-дәрмек рыногында 3 мың АҚШ долларына бағаланады. 
Сонда дүниежүзі бойынша жылына лактоферринге деген сұранысты 
қанағаттандыру үшін 6 млрд. АҚШ доллары керек екенін ғалымдар есептеп те 
қойды. 
Қазіргі кезде балаларды бірыңғай ана сүтімен қоректендіру мүмкін емес. 
Оның себебі көп. Ең қорқыныштысы, кейбір елдерде ана сүтімен бірге ВИЧ, 
«В» гепатитінің вирустары жұғуы байқалуда. Сондықтан табиғи лактоферринді 
көбірек өндіру керек. Ол әрі дәрі, әрі тамақ ретінде жас ағзаның өсіп-жетілуіне 


56 
көмектеседі. Осы ретте үй жануарлары ешкі мен сиыр өзара «жарысқа» түсетін 
секілді. 
Ғалымдар әуелгіде лактоферринді сиырдан алу үшін, оған гендік жүйемен 
көптеген «түзетулер» енгізді. Бірақ, сиырдың сүтіндегі белок барлық сәбилерге 
бірдей жарай бермейтіні анықталған. Бұдан кейін, адамның генін ешкіге енгізу 
туралы батыл идеялар жүзеге асырыла бастады. Міне, осылайша ешкі сүтінде
аса бағалы әрі адам ағзасына пайдалы белок пайда болды. Жалпы, қай халық 
болмасын ешкі сүтінің маңызды әрі пайдалы екенін ерте кезден білген. Енді 
міне, гендік жүйесі өзгертілген ешкінің сүтінен лактоферрин жасалуда. Бұл 
үшін адамның ДНК (тұқым қуалау кодының ұзақ мерзімдік молекуласы) 
жүйесінің бір жапырағы бөлініп алынады. Ресей Ғылым академиясы биология 
институты ғалымдары адамнан лактоферриннің генін бөліп алып, оны ешкінің 
геніне орналастырған. Қазіргі уақытта ресейлік ғалымдар осындай сегіз бағыт 
бойынша генетикалық құрылымдар жасаудың жолдарын қарастыруда. Бұл 
жерде ешкінің өсімталдығы, сиырға қарағанда икемділігі мен төзімділігі, тез 
өсіп-өнетіні жетекші орын алады. Оған қоса, ешкілер жылына екі рет 
лақтайды. Әр маусымда бір ешкі шамамен мың литр сүт береді. Сиырларға 
аусыл, буруцуллез, туберкулез, құтырма секілді аурулар үйірсек келеді. Бұл 
жағынан алғанда да ешкі малының бойында мұндай ауруларға қарсы тұратын 
мықты иммунитет қалыптасқан. Олар сиыр секілді күндіз-түні мәпелеп бағуды, 
ерекше күтім жасауды талап етпейді. 
(Оқу бағдарламасына сәйкес болғандықтан, Интернеттен алынды). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет