Зиянды зат
түрі
|
Мөлшері, л
|
Масса, г
|
Сұйылтуға қажетті
Ауа мөлшері, м3
|
ПДК мәні,
мг/ м3
|
CO
|
|
|
|
|
Көмірсулар
|
|
|
|
|
Азот оксидтері
|
|
|
|
|
- алынған нәтижелерді сіз тұратын аймақтағыавтокөлік кәсіпорындары, фабрикалар, заводтар және т.б. ауа ластауыштарынан шығарылатын заттар мөлшерімен салыстыр;
- осы жұмыс барысында осы кәсіпорындар шығарындылар мөлшерінің экологиялық бағалау мәліметтерін (бұл мәліметтерді аудандық немесе қалалық экологиялық комитетте немесе т. с.с. орындарда алуыңызға болады) қолданыңыз;-зерттелген аймақтың экологиялық жағдайына баға беріңіз.
Тапсырма 4 Шылым түтінің тірі ағзаларға әсерін знрттеу.
Жұмыстың мақсаты: тірі ағзаларға шылым түтінінің әсерін зерттеу.
Шылым шегу түтін құбырының жұмысына ұқсас. Жанып жатқан шылым ұшының ішінде температура 8500С дейін жетедіжәне онда 3600 зат шығаратын химиялық реакциялар өтіп жатады.
Шылым түтінінің моноксиді рак ауруына шалдықтыруы мүмкін. Шылым түтінінде жоғары реакциялық қасиеті бар заттардың және канцерогендердің бар болуы шылым шегушілерге өкпе рагының қауіп-қатерін төндіреді. Бұл жұмыста сіздер шылым түтінінің тірі ағзаларға әсерін бақылайсыздар.
Құрал-жабдықтар:
1) Рәзеңке түтік;
2) мақта;
3) штатив;
4) пластиктік түтікше;
5) шылым;
6) резеңке сұғындырма,
7) шыны түтік;
8) насос бойынан су ұстауға арналған қорғаныш шыны сауыты.
Бұл жұмыста сіз шайыры (соның ішінде никотин ) көп болатын фильтрі жоқшылым түтінін және олардың аздау мөлшерімен фильтрі бар шылым түтінін ұстайсызда; сіз олардың арасындағы айырмашылықты атап көрсетіңіз.
1) Суреттегідей құрылғыны жинаңыздар;
2) екі насосты да қосыңыз;
3) шылымды тұтатыңыз, түтін бөлмеге шықпайтындай, 2 камераға да өтетіндей насосты реттеңіз, шылымның толық жануына мүмкіндік беріңіз;
4) екі камерада да түтін болмаған соң насосты өшіріп тастаңыз;
5) камераларды ашып, пинцетпен мақтаны алып тастаңыз;
6) 1-5 пунктерді тағы 2 шылыммен қайталаңыз;
7) мақта бөлшектерін мұқият қарап, байқағаныңызды жазыңыз.
Бақылау сұрақтары
1 Атмосфераны ластаушы көздерді атаңыз?
2 Атмосфераны ластаушы стационарлық және қозғалмалы көздер түсінігі нені білдіреді?
3 ШРКот, ШРКмЗ дегеніміз не?
4 Атмосфераның ластану интексі түсінігіне анықтама беріңіз және ол неден тұрады?
5 Қандай шығарынды көздерін ұйымдасқан, ал қандай шығарынды көздерді ұйымдаспаған деп атайды?
6 Атмосфераны ластаушы көздерді бақылаудың қандай әдістері бар?
7 Атмосферада ұйымдасқан шығарынды көздерден тарайтын зиянды қосылыстар қалай тарайды?
8 Зиянды заттардың қанша қауіптілік класы болады?
9 Смогтың (улы тұмандықтар) қанша түрін білесіз?
5 Тақырып Аймақтык табиғат ортасының мониторинг жүйесін ұйымдастыру
5.1 Зертханалық жұмыс. Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау
Мақсаты: топырақтың негізгі қасиеттерімен және құрамымен танысу. Өз бетінше топыраққа сипаттама беруді үйрену.
Тапсырма: топырақтың негізгі құрамын, құрылысын және қасиеттерін зерттеу. Тұз ерітіндісінің қышқылдығы бойынша топырақтың экологиялық жағдайын бағалау. Топырақтың антропогендік бұзылуын анықтау. Топырақтағы органикалық затты анықтау.
Зертханалық жұмысты орындауды төмендегідей қауіпсіздік техникасының ережелерін (ҚТЕ) сақтау қажет:
1) киімге, теріге және шырышты қабыққа химикат пен ерітіндінің төгілмеуін қадағалау;
2) жұмыс барысында ас пен сусын ішпеу;
3) әсіресе қатты иісі бар және ұсақ кристаллды жағдайдағы ауа мен химикаттармен тыныс алмау;
4) химикаттардың оралымы саңылаусыз (ауа кірмейтіндей) болуына және этикетка жазуының анық болуына, сол сияқты шыны ыдыстары мен бұйымдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік сақталуына зер салу керек;
5) топырақтағы кальций карбонатын анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеулерде 10 пайыздық тұз қышқылы ерітіндісін қолданады. Оны пипетка көмегімен тамызады. Бұл ерітіндіні университеттің оқу зертханаларында дайындайды. Ерітіндінің беті жақсылап жабылған шыны ыдыста сақтайды. Оның кілегейлі беттерге және теріге тиюінен сақ болу керек. Тиген жағдайда сумен бірнеше қайтара жуу керек.
5.2 Теориялық бөлім
Топырақтың жалпы қасиеттері
Топырақтың экологиялық жағдайын анықтайтын жалпы қасиетттерге:
1) топырақтың механикалық құрамы;
2) құрылысы;
3) ылғалдылығы;
4) қышқылдылығы жатады.
Топырақтың механикалық құрамы онда балшықтың, ұсақ тастардың, құмдардың, гендік және антропоидтық қосылыстардың болуымен сипатталады. Оның құрылысы өмір сүру процестеріне қажетті ( тыны салу ) тығыздылық пен ауаны анықтайды. Топырақтың ылғалдылығы өсімдіктің минералдық қоректенуіне себепші болады және барлық топырақ организмдері үшін қажетті қоршаған орта факторы болып табылады. Топырақтағы ылғалдылық ауаның антогонисті болып табылады, сондықтан ылғалдылықтың шектен тыс мөлшері, сондай-ақ оның аздығы зиянды болып келеді.
Топырақтың қышқылдылығы - ең негізгі экологиялық фактор. Ол жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің және топырақ организмдерінің өмір сүру шартын, сондай-ақ топырақтағы ластаушылардың қозғалысын (бірінші орында металдар) анықтайды. Жоғарғы қышқылдылық кезінде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің көп түрлерінің өсуі және дамуы баяулайды, микроорганизмдерінің өмір сүруі бұзылады. Жоғарғы қышқылдылық кезінде әк жұмыстарын жүргізу керек. Тұз ерітіндісінің рН көрсеткішін өлшеген кезде, топырақтың қышқылдығын анықтайды.
рН көрсеткіші бойынша топырақ қышқыл, бейтарап және сілтілі болуы мүмкін.
Мысалы:
1) рН төртке тең немесе одан аз ол - күшті қышқыл;
2) рН беске тең болса - қышқыл;
3) рН алтыға тең болса- әлсіз қышқыл топырақ;
4) рН жетіге тең - бейтарап;
5) рН сегізге тең және одан да көп болса ол – сілтілі топырақ.
Ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру үшін, топырақтың рН көрсеткішінің қолайлы жағдайы кестеде көрсетілген (5.1 кесте).
5.1 Кесте - Өсімдіктердің негізгі түрлері үшін топырақтың рН
көрсеткішінің қолайлы жағдайы
-
Өсімдіктер
|
рН-тың оптимал көрсеткіші
|
бидай
|
6,0-7,6
|
шай
|
4,8-6,2
|
қызан
|
6,3-6,7
|
сәбіз
|
5,5-7,0
|
бұршақ
|
6,0-7,0
|
картоп
|
5,0-5,5
|
орамжапырақ
|
6,7-7,4
|
шалғам
|
5,5 және одан да көп
|
қияр
|
6,0-7,0
|
Топырақта тұздардың көп мөлшерде болуы, тез еритін минералдық тұздардың құрамының жоғарылауымен сипатталады. Бұл процесс топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне кері әсерін тигізеді және өсімдіктің өсіп даму жағдайына қолайсыз жағдай туғызады.
Негізінде ащы (қатты тұзды) топырақ ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге жарамсыз болып табылады. Ащы топырақтарда өсірілген өсімдіктерде тұқымның бұғуы, гүлдеу, өсу, өнім төмендейді. Тұздың жоғарғы концентрациясы кезінде өсімдіктің өлуі мүмкін. Аса үлкен қауіп төндіретіндер: карбонаттар, хлоридтер, сульфаттар.
Тез еритін тұздар концентрациясын химиялық анализ жүргізу арқылы (карбонаттар, хлоридтер, сульфаттар) тұзды ерітіндіде анықтайды. Ауыл шаруашылық жерлерінің топырағы көп мөлшерде тұзды болса, арнайы гидромелиораторлық шараларды (жерді суландыру, дренаж, жуып тазарту) өткізу қажет. Антропогендік ықпал көбінесе топырақтың құрамының және құрылысының, сондай-ақ агроэкожүйе функциясының бұзылуына әкеледі. Бұл олардың табиғи жағдайынан мүлдем басқа жағдайға әкеледі. Бұл бөлімнің жұмысын орындаған әрбір студент топырақты алады да, мына сипаттама бойынша анықтайды:
1) топырақтың құрамы және құрылысы;
2) ылғалдылық;
3) тұз ерітіндісінің рН көрсеткіші;
4) тұздану типі;
5) топырақ тұздануының дәрежесі;
6) хлоридтердің, сульфаттардың,гидрокарбонаттардың концентрациясы.
5.3 Топырақ деградациясы
Топырақ құнарлылығын төмендететін, жер ресурстарын бұзатын және ауылшаруашылық жер көлемін төмендететін процестер мен құбылыстарды төрт топқа бөліп қарастьыруға болады:
1) топырақ жамылғысына қолайсыз әсерін жоюға болмайтын табиғи процестер. Олар: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы, топырақ құламасы және т.б.;
2) топыраққа жағымсыз әсерін бірқатар жағдайда адам көмегімен тоқтатып немесе азайтуға болатын табиғи процестер. Кейбір жағдайларда адамдардың шаруашылық іс-әрекеттері бұл процестердің пайда болуын тежейді. Мысалы, су эрозиясы, теңіз, көл және су қоймаларының жағасын судың шайып кетуі, тау жыныстарының шөгінділері, су көшкіндері, сонымен қатар, топырақ құнарлылығын және шалғынды жерлердің беткі қабатын шайып кетіп, топырақты жарамсыз жағдайға әкелетін су тасқындарын тоқтату;
3) көп жағдайда адамдардың ретсіз шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде туындайтын табиғи процестер. Яғни, бірінші кезекте су тасқындарының топырақтың беткі жер үсті қабаттарын қарқынды шайып кетуі, эрозия өнімдерімен құнарлы топырақты көму. Қозғалмалы құмның топырақты басып қалуы. Грунтты сулардың жоғарры минерализациясында қуаңшылық жерлерде, дренажсыз артық суғаруға байланысты топырақтың екінші қайтара тұздануы. Су қоймаларының толуымен, жер асты суларының көтерілуі және тағыда басқа себептерге байланысты топырақтың балшықтануы;
4) антропогендік фактордың нәтижесінен, яғни толығымен адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижесінен туындайтын құбылыстар. Бұл бірінші кезекте, көлік және ірі өндірістік кәсіпорындар жұмыстарының нәтижесінде атмосфераға түсетін уытты заттармен топырақтың ластануы.
Топырақты шамадан тыс, әсіресе қуатты, күшті техниканың көмегімен өңдеудің нәтижесінде топырақ қабаттарының өте қатты тығыздалуы және топырақ құрылымының бұзылуы. Пестицидтермен тыңайтқыштарды дұрыс қолданбаудан топырақ құнарлығының төмендеп, құрамының бұзылуы. Ірі қара-малды қарқынды ретсіз жаюдың нәтижесінде жайылымдық жерлердің бұзылуы. Қазба байлық кен орындарын өндіруден топырақ жамылғысының бұзылуы. Құрғату мелиорациясын бұрыс жүргізу нәтижесінен топырақтың шамадан тыс кебуі. Өндіріс қажеттігі үшін, кәсіпоры жұмысының мақсатына бағалы сапалы жерлерді жұмсау. Адамдардың антропогендік іс-әрекеттерінің нәтижесінен топырақ жамылғысының бұзылуы бірнеше зардаптарға әкеледі, олар:
1) жер және топырақ деградациясы;
2) жердің химиялық заттармен ластануы;
3) қоқыс және зиянды қалдықтармен топырақтың ластануы;
4) қалдық қоқыстарды төгуге рұхсат етілген жерлер көлемінің артуы.
Жер және топырақ деградациясы төмендегі әрекеттердің нәтижесінде пайда болады:
1) ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы;
2) құрылыс және тау-кен өндіру;
3) рекреациялық жерлер және т.с.
Топырақтың химиялық заттармен ластануының негізгі себептері:
1) әртүрлі қауіптілік кластарына жататын қалдықтарды ретсіз төгу;
2) ағызынды суларды және және әртүрлі химиялық заттарды топыраққа төгу;
3) ластанған су көздерінен ауыл шаруашылық жерлерін суғару;
4) топыраққа, құрамында зиянды химиялық заттармен ластанған жауын-шашынның түсуі.
5.4 Топырақтағы зиянды заттарды нормалау
Топырақтағы зиянды заттарды гигиеналық нормалаудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелері төмендегідей, яғни:
1) топыраққа түскен экзогенді химиялық заттарды барлық кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті деп қарастыру дұрыс емес;
2) топыраққа түскен химиялық заттардың қауіптілігі топырақтың экологиялық (өзін-өзі тазарту) қабілеттілігімен анықталады;
3) нормативтер микробиоценлз және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне әсер ету есебімен экстрималды – климаттық жағдайларда (топырақ ортасынан заттардың қарқынды көшуі) алынған мәліметтерге негізделеді;
4) гигиеналық нормативтер зияндылықтың шектеулі көздерінің есебемен бекітіледі, яғни: жалпы санитарлық, миграциялық, ауалық, органолептикалық, фитоаккумуляциялық (зиянды заттардың өсімдіктерде жиналуы немесе оларға өтуі) және санитарлы-токсикологиялық.
Санитарлы-токсикологиялық нормативтер топырақ құрамындағы заттардың адам ағзасына бір мезетте бірнеше жолдармен, яғни, шаң-тозаң, атмосфералық ауа, ауыз суды тұтыну, тамақ өнімдері және т.б жолдармен түсу мүмкіншіліктерін ескереді.
Топырақтағы ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:
- ауыл шаруашылығында пайдаланатын егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;
- кәсіпорынның территориясындағы улы заттардың жинақталуы;
- елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын жер топырағының ластануы.
Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады: ШРКт және уақытша рауалы концентрация (УРКт)
ШРКт- топырақтың егістік қабатындағы заттардың ШРК, мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалануы қабілетіне тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет;
ШРК о- азық-түлік өнімдеріндегі заттардың ШРК, мг/кг.
ШРКт белгілеу үшін қарастырылып отырған заттардың фондық концентрациясы, оның физикалық-химиялық қасиеттері,тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданылады:
- топырақтағы заттардың ШРК, бұл мөлшер деңгейінде оның тағамдық және жемдік өсімдіктерге өтетін көлемі кейбір руалы қалдықтың мөлшерден аспауы қажет;
- заттар топырақтан ауаға ұшқанда олардың мөлшері ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтын рауалы концентрациясы;
- микроорганизмдерге және топырақтың өздігімен тазалану процесіне әсер етпейтін концентрация.
Өсімдіктерді зиянкестерден, аурудан, арам шөптерден қоғау үшін қолданылатын кейбір улы химикаттарға да ШРК белгілейді (1 кестеде, мг/кг). Егерде әртүрлі орталар үшін ШРК шамасы белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив УРК- заттардың уақытша рауалы концентрациясы анықталады. Уақытша норматив белгілі мерзімге 2-3 жылға белгіленеді, оын есептеу арқылы анықтайды. Топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштермен сипатталады: санитарлық сан (белоктағы азот мөлшерінің жалпы органикалық азотқа қатынасы); сонымен қатар, ішектің таяқша құртының (коли-титр), шыбынның балапын құртының, гельминттер жұмыртқаларының бар болуы ескеріледі. Топырақтың тазалылығы осы көрсеткіштердің жиынтығымен бағаланады. Гигиенгалық нормативтер алты көрсеткіштер бойынша ластаушы заттардың шекті рауалы концентрациясын қарастырады, олар: органолептикалық (түс, дәм, өсімдіктердің азықтық құндылығы, атмосфералық ауаның және судың иісі, түсі дәмі); жалпы санитарлық (топырақтың өзін-өзі тазарту процесіне әсері; фитоаккумуляциялық (транслокациялық); су-миграциялық; ауа-миграциялық және санитарлы-токсикологиялық. Топырақтағы кейбір химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының (ШРК) санитарлы нормалары 5.2 кестеде көрсетілген.
5.2 Кесте - Топырақтағы химиялық заттардың шекті рауалы концентрациясының санитарлы нормалары
Затар
|
ШРК, мг/кг
|
Шектеуші көрсеткіштер
|
Қозғалмалы түр
|
Кобальт
|
5,0
|
Жалпы санитарлық
|
Фтор
|
2,8
|
Транслокациялық
|
Хром
|
6,0
|
Жалпы санитарлық
|
Суда еритін түр
|
Фтор
|
10,0
|
Транслокациялық
|
Жалпы құрамы
|
Бенз(а)пирен
|
0,02
|
Жалпы санитарлық
|
Ксилол (орто-, мета-, пара-)
|
0,03
|
Транслокациялық
|
Мышьяк
|
2,0
|
Транслокациялық
|
Көмір флотац. калдық.
|
3000,0
|
Сулы және жалпы санитарлық
|
Сынап
|
2,1
|
Транслокациялық
|
Қорғасын
|
32,0
|
Жалпы санитарлық
|
Қорғасын +сынап
|
20,0+1,0
|
Транслокациялық
|
Күкірт қосылыс.(S):
-
кәдімгі күкірт;
-
күкіртсутек;
- күкірт қышқылы
|
160,0
0,4
160,0
|
Жалпы санитарлық
Ауалық
Жалпы санитарлық
|
Стирол
|
0,1
|
Ауалы
|
Формальдегид
|
7,0
|
Ауалы
|
Хлорлы калий
|
560,0
|
Сулы
|
Хром
|
0,05
|
Жалпы санитарлық
|
Ацетальдегид
|
10,0
|
Миграционды-ауалы
|
Изопропилбензол+ альфаметилстирол
|
0,5
|
Миграционды-ауалы
|
Суперфосфат (Р2О5)
|
200
|
Өсімдікке өту
|
Топырақ құрамындағы пестицидтерді нормалау 3.3 кестеде берілген.
5.3 Кесте – Топырақтағы пестицидтердің шекті рауалы концентрациясы
Пестицидтің аты
|
ШРК
мг/кг топырақта
|
Шектеуші көздер
|
Актеллик
|
0,5
|
Транслокациялық
|
Актеллик
|
0,1
|
Жалпы санитарлық
( рН=5,5 топырақ үшін)
|
Атразин
|
0,5
|
Транслокациялық
|
Бетанал
|
0,25
|
-«-
|
Волатан
|
1,0
|
Транслокациялық және миграционды-ауалы
|
Гамма-изомер ГХЦГ
|
0,1
|
Транслокациялық
|
2,4 - ДА
|
0,25
|
-«-
|
Золон
|
0,5
|
-«-
|
Карбофос
|
2,0
|
-«-
|
Метафос
|
0,1
|
-«-
|
Прометрин
|
0,5
|
-«-
|
Раундал
|
0,5
|
-«-
|
Семерон
|
0,1
|
Сулымиграциялық
|
Симазин
|
0,2
|
Транслокациялық
|
Фосфамид
|
0,3
|
-«-
|
Цинеб
|
0,2
|
Жалпы санитарлық
|
Эптам
|
0,9
|
Транслокациялық
|
Достарыңызбен бөлісу: |