Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі: қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады



бет1/12
Дата27.11.2023
өлшемі2.41 Mb.
#484532
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Айдана диплом (1)


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 7
Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі: қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ ғасырда бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле бастады деуге болады. Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, соның ішінде қонақ үй саласы негізіндегі ақпарат көздерін пайдалану жалпы адамзаттың ақпаратпен жұмыс жасауын қалыптастырады. Сондықтан ғаламторда әртүрлі ақпараттық жүйелер пайда бола бастады. 7
Орындалған жұмыс мақсаты: «Elliottii – қонақ үйі» автоматтандыралған ақпараттық жүйесін әзірлеу және ақпараттық ресурсты қол жетімді және клиенттерге қызықты етіп жасау. 8
1.ҚОЙЫЛЫМ БӨЛІМІ 9
1.1Есепті тұжырымдау 9
1.2Есеп шешімдеріне шолу 9
1.3Кіріс және шығыс мәліметтерін сипаттау 10
1.4Әзірленетін жобаның интерфейсіне қойылатын талаптар 10
2.ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ 10
2.1Ақпарат қорына сипаттама 10
2.2Қосымша алгоритмі және блок схемалары 11

КІРІСПЕ


Қазіргі заманғы жаңа технологияларды әр түрлі салаларда қолдану, соның ішінде қонақ үй қызметін онлайн түрде пайдалану негізі бойынша қарастыру, адамдардың қашықтықтан қонақ үй жайлы толық ақпарат алуға мүмкіндігін жоғарылатады. Елімізге келген туристер немесе Астана қаласына келген қонақтар үшін осы ақпараттық бағдарлама – қай жерге тұрақтауға болатындығын алдын ала іздестіріп, бронь жасауға және толығымен зерттеуге мүмкіндік беретін ақпарат көзі.


Ақпараттық бағдарламаны қолдану, қонақ үйге келген қонақтар үшін өте тиімді болады, себебі, олар қоныстанатын жерді толығымен бақылап, ешқандай қиындықсыз қалаған категориядағы бөлмеге алдын - ала онлайн түрде бронь жасай алатындықтан. Сонымен қатар қонақ үйдің нарықтағы қызығушылығының артуына да өте үлкен үлес қосады. Заман талабына сай адамдарға сапалы ақпарат беруді қонақ үй саласындағы жаңа технологияның бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жақсы жасалған ақпараттық ресурс қонаққа қызмет көрсету деңгейін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар қонақ үй қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Қолжетімді және ыңғайлы бағдарламамен жұмыс жасау, қонақ үйдің де жұмысын өнімді әрі анық қылдырады.
Таңдалған тақырыптың көкейкестілігі: қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ ғасырда бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле бастады деуге болады. Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, соның ішінде қонақ үй саласы негізіндегі ақпарат көздерін пайдалану жалпы адамзаттың ақпаратпен жұмыс жасауын қалыптастырады. Сондықтан ғаламторда әртүрлі ақпараттық жүйелер пайда бола бастады.
Қонақ үй бизнесіне арналған ақпараттық жүйенің жоғарыда атап өтпеген бірқатар пайдалы жақтары бар.
Біріншіден, ақпараттық жүйені пайдалану оңай және функционалды. Олардың көмегімен қонақ үйдің әлеуетті қонағы өзіне көптеген пайдалы операциялар жасайды, оны қызықтыратын ақпаратты алады.
Екіншіден, қонақ үйді ғаламторда жылжыту - бұл бизнесті көпшілікке таныстырудың, осындай бизнес түрінің бар екенін, артықшылықтарды хабарлаудың және ең бастысы - өз клиентін табудың маңызды тәсілі.
Қонақ үй бизнесінің ақпараттық жүйесі – нарықта еркін бәсекеге шығу қабілетін арттырады. Яғни, осылайша тұрақты клиенттер базасын қалыптастырады. Өзіміз білетіндей тұрақты клиенттерді ұстау, жаңа клиенттер шақырудан қарағанда тиімді әрі оңай.
Орындалған жұмыс мақсаты: «Elliottii – қонақ үйі» автоматтандыралған ақпараттық жүйесін әзірлеу және ақпараттық ресурсты қол жетімді және клиенттерге қызықты етіп жасау.
Ақпараттық жүйенің міндеттері:

  • Қонақ үйді таныстыру, нөмірлерді брондауды жоспарлау;

  • Ақпарат алу мен ұсынудың жеделдігін арттыру;

  • Клиенттердің қонақ үйге қызығушылығын ояту.

  1. ҚОЙЫЛЫМ БӨЛІМІ




    1. Есепті тұжырымдау

Дипломдық жобаның тақырыбы «Elliottii – қонақ үйі» ақпараттық жүйе түріне негізделген. Осы ақпараттық жүйеде қолданушылар қонақ үймен толық танысып, жеңіл әрі ыңғайлы түрде әр түрлі операцияларды орындай алады. Соның ішіндегі негізгі операция түрі – қонақ үйге бронь жасау. Яғни бағдарламаның негізгі бөлігі қонақ үй бизнесімен таныстырудан және оны іске асырудан тұрады.


Дипломдық жұмысты орындау барысында қойылған мақсат: қазіргі заманғы талаптарға сай қолдануға ыңғайлы бағдарламаны сапалы түрде әзірлеп шығару.
«Elliottii – қонақ үйі» ақпараттық жүйесінің тиімділігі клиентке қызмет көрсету уақытын әдеттегіден бірнеше есеге қысқарту.



    1. Есеп шешімдеріне шолу

Бағдарлама адамдардың жұмысын жеңілдету болып табылады. Бағдарлама арқылы тұтынушы қонақ үй жайлы ақпаратпен толық танысып, ұнаған жағдайда қалаған категориясынлағы бөлмеге бронь жасай алады. Бұл жұмыстың басты мақсаты, бұл – адам ресурсы негізіндегі барлық жұмысты автоматтандыру.


Бұл жүйені баптау және басқару бағдарламасын алға қойған мақсатқа дейін жеткізу үшін мынадай мәселелерді шешу қажет болады:

  • Ұқсас жобаларды талдау

  • Бағдарлама жүйесін жобалау

  • Қонақ үй бөлмелерін брондау үшін қажетті жұмыстар жүргізу

  • «C#» бағдарламалау ортасында жұмыс жасау, бағдарлама құру;

  • «C#» бағдарламалау ортасында компоненттерін қолдану, осы ортадағы бағдарламаны ұйымдастыру және өңдеу;

  • «C#» бағдарламалау ортасында мәліметтер жинап, осы ақпарат бойынша жұмыс жасау;

  • Жасалған прототип бойынша бағдарлама құру, түсінік беру.

  • Жұмыскер жұмыс істей алатындай етіп бағдарламаның тиімділігін арттыру.

Бағдарламаны жасау үшін Visual Studio 2022 – ні іске қосамыз да File/New/Project таңдаймыз, шыққан сұхбат терезесінен Visual C# Project және Windows Application таңдаймыз (Ctrl+Shift+N арқылыда орындауға болады).



    1. Кіріс және шығыс мәліметтерін сипаттау

Жобаны орындауға арналған деректер қорына енгізілетін деректер тізімі:



  1. Бөлме категориясы

  2. Бөлменің саны

  3. Қосымша қызметтер

  4. Бөлмеге келу күні

  5. Тапсырыс берушінің жеке мәліметтері

Жобаны орындауға арналған деректер қорынан алынатын шығыс деректер тізімі:

  1. Қолданушы туралы мәлімет

  2. Берілген тапсырыс бойынша мәлімет

  3. Бөлменің бронға алынғандығы туралы мәлімет

  4. Жалға алған бөлменің категориясы




    1. Әзірленетін жобаның интерфейсіне қойылатын талаптар

Бағдарламаға қойылатын талаптар:



  1. Жобаның архитектурасын құру. Оның ішінде жоба орындау кезіндегі архитектура және инфраструктурасын ойластырып, белгілі қолданылатын құралдарды таңдау.

  2. Business Logic бөлімін қарастырып, оны жүзеге асыру.

  3. Міндетті түрде жаңа библиотека құрып, өзге файлда орындау

  4. Дизайнды бекіту. Жобаның бастапқы дизайн концепциясына қажетті өзгертулер енгізіп, соңғы шешімге келу;

  5. Жасалған жұмысты бекіту




  1. ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ




    1. Ақпарат қорына сипаттама

Дипломдық жоба әртүрлі тақырыптардан құрылды, мысалға айтатын болсақ қонақ үй туралы мәліметтер, номер категориялары негізінде әрқайсына жеке сипаттамалар, байланыс телефондары, қызметтер түрлерінен және бронь жасау бөлімдерінен тұрады. Бұл ақпараттық бағдарламадан қонақ үй бизнесімен таныса отырып, өз қалауымен, өзі қажет еткен операция түрін орындауына болады.





    1. Қосымша алгоритмі және блок схемалары

Бағдарламаны құру алгоритмі

  1. Қонақ үй туралы мәліметті жинау

  2. Мәліметтер қорын құрастыру

  3. Жалпы бағдарламамен айналысу

  4. Бағдарлама ресурстарын дайындап алу

  5. Мәзірлерді құрастыру






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет