Әдістемелік нұсқау тапсырмалары:
1-тапсырма. Жұқпалы аурулардың, тамақтан уланудың және гельминтикалық аурулардың пайда болу себептері мен алдын-алу шаралары бойынша тірек конспектісін жасаңыз.
2-тапсырма. ГМО пайдасы мен зияны туралы ғылыми еңбектермен және ақпарат көздерімен танысып, нақтылы мысалдар ретінде кестені толтыру, өз таңдауыңызды және қорытындыңызды жазу.
3-тапсырма. Қазіргі уақытта ГМК-нің компоненттері бар өнімдерді бақылау əдістерін қосатын негізгі нормативтік құжаттарға талдау жасаңыз:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі №969 - Қаулысымен бекітілген «Генді-модификациялық (трансгенді) өсімдіктер жəне жануарлардан алынған тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті;
Генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстар жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сəуірдегі N:346 Қаулысы;
Р МемСТ «Тағам шикізаты жəне өнімдері. Өсімдік текті генетикалық модификациялық көздерді (ГМК) идентификациялау əдістері»;
Р МемСТ «Биологиялық қауіпсіздік. Тағам шикізаты жəне өнімдері. Биологиялық микрочип қолданылған өсімдік текті генетикалық модификациялық көздерді (ГМК) идентификациялау əдістері»;
4-тапсырма. ГМК-нің компоненттері бар өнімдерді анықтаудағы ПТР әдісі» тақырыбындағы кестені толтырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |