Иерсиниоздардың берілу жолдары мен факторлары:
Алиментарлы :
-тағамға жеткілікті термиялық өңдеуден өтпеген немесе термиялық өңдеусіз өнімдерді тұтыну: - көкөністер (орамжапырақ, оның ішінде ашытылған, шалғам, сәбіз, картоп), көкөніс салаттары , оның ішінде ащы (кореялық) және әсіресе тоңазытқышта сақталған винегрет; - әсіресе тартылған етте және жартылай дайын өнімдегі ет, құс өнімдері ; сосиска, хот-догтар, әсіресе вакумды орамалардағы шикілей ысталған және шикілей қайнатылған ет өнімдері, құс өнімдері,; - сүт өнімдері (шикі сүт, ашыған сүт өнімдері,үйде және фабрикада жасалған жұмсақ ірімшік және сары май, балмұздақ); - балық, теңіз өнімдері, ысталған балық өнімдері; - термиялық өңдеусіз ауру кеміргіштердің бөлінділерімен инфекцияланған тамақ тұтыну;
Контактылы:
- ауру мал мен құсқа күтім жасағанда жеке гигиена қағидаларының бұзылуы (мал мен құс шаруашылығының қызметкерлері, ет және құс комбинаттарын біріншілік өңдеу цехтерінің қызметкерлері, мал дәрігерлері) - үй жануарларына (ит, мысық) күтім жасағандағы қатынас - ауыл шаруашылығы, жабайы жануарлардың , құстың, балықтың шикі етімен (жартылай фабрикаттарды қоса алғанда), инфекцияланған сүт өнімдерімен және т.б тұрмыстық немесе өндірістік жағдайда бөлу кезінде байланысу. - тұрмыстық және өндірістік жағдайда шикі ет, сүт, балық өнімдерін бөлу, сақтау және қайта өңдеу кезінде инфекцияланған, ас үй және технологиялық жабдықпен қатынасу - ауру кеміргіштердің бөлінділерімен инфекцияланған сыртқы орта объектілерімен қатынасу.
Контактылы-тұрмыстық :
- иерсиниоздың жіті нысаны бар науқастарға күтім жасағанда жеке гигиена және дезинфекция қағидаларының бұзылуы (қоздырғыш зәрмен, нәжіспен, қақырықпен, бадамша бездерден, тері зақымдануларынан бөлінетін шайындылардан, науқас әйелдердің жыныс жолдарынан бөлінген бөлінділермен, науқас ерлердің спермаларымен, қаннан бөлініп шығады) - микробиологиялық бейінді мекемелерде және диагностикалық препараттарды өндірген кезде иерсиниозбен жұмыс режимінің бұзылуы - зертханалық жануарлармен жұмыс жасау
Жыныстық :
инфекцияланған серіктеспен жыныстық қатынас
Тік :
- гематогенді жолмен немесе қағанақ суын жұтқан кезде инфекция жұқтырған анадан ұрықтың құрсақішілік зақымдануы - науқас әйелдің жыныс жолдарынан өткенде ұрықтың инфекциялануы
Аэрогенді:
Ауру жануарлар мен кеміргіштердің кеуіп қалған бөлінділерімен инфекцияланған ферма, қоймалар, басқа да өндірістік орынжайларды жинаған кезде инфекцияланған шаң арқылы жұқтыру -ауа-тамшылы жолмен жіті респираторлы нысанмен ауыратын науқастардан жұғады
Зертханалық зерттеулер : Клиникалық-зертханалық зерттеулер: · Жалпы қанның анализі: лейкопения, лейкоцитоз, қатысты лимфоцитоз, моноцитоз (моноцитарлы ангина), эритроциттердің тұну жылдамдығының бірқалыпты артуы (ЭТЖ); · Жалпы зәр анализі: протеинурия, цнемесендрурия, микрогематурия, цнемесендрурия (бүйректің уытты зақымдануы нәтижесінде генерализацияланған нысандарының ауыр ағымы жағдайында); · қан электролиттері - калий, натрий, РО2, РСО2 деңгейін анықтау; · қанның биохимиялық анализі: тік фракцияның есебінен АЛТ, АСТ, жалпы билирубин деңгейлерінің артуы, жалпы ақуыздың, альбуминнің төмендеуі (гепатитті нысан жағдайында), қандағы креатинин мен несепнәр деңгейінің артуы, гипонатриемия, гипокалиемия (БЖЗ дамығанда); Зертханалық-этиологиялық зерттеулер: - бактериологиялық әдіс: − нәжісті, зәрді, жұтқыншақ жағындысын, барлық нысандарында қанды бак. егу; − қақырық, жұлын сұйықтығы, қынап жағындысы, сперманы, сондай-ақ лимфа түйіндерін, аппендиксті хирургиялық емдеген кезде жойылған ұлғайтылған лимфа түйіндерінің пунктатын, тиісті нысандардағы басқа да тіндерді бак. егу; − антибиотиктерге сезімталдықты анықтау.
Серологиялық әдістер: - ГАПР, 1: 200 немесе одан да көп диагностикалық титр, және жұптастырылған сарысулардағы антиденелер титрінің төрт есе немесе одан көпөсуі; 1:200-ден кемреакция титрі кезінде нәтиженің ерекшелігі басқа серологиялық реакциямен расталуы тиіс (ГАТР және т.б.). - ИФА: IgM анықтау немесе жұп сарысуда IgG титрының өсуі. · қан, нәжіс, зәр, жұтқыншақ жағындысының, барлық нысандарында қанның ПТР; · қақырық, жұлын сұйықтығы, қынап жағындысы, сперманы, сондай-ақ лимфа түйіндерін, аппендиксті хирургиялық емдеген кезде жойылған ұлғайтылған лимфа түйіндерінің пунктатын, тиісті нысандардағы басқа да тіндердің ПТР. Псевдотуберкулездің барлық нысандары жағдайында: · нәжісті бактериологиялық зерттеу; · зәрді бактериологиялық зерттеу; · жұтқыншақ жағындысын бактериологиялық зерттеу; · қанды бактериологиялық зерттеу;
· қажет болған жағдайда – лимфа түйінің пунктатын бактериологиялық зерттеу. ішектік нысанда: · құсық массасын немесе шаймалы суды (құсу барысында) бактериологиялық зерттеу; терілік нысанда: · тері зақымдарының шайындысын немесе жағындысын бактериологиялық зерттеу; пневмониялық нысанда: · қақырықты бактериологиялық зерттеу; менингоэнцефалиттік нысанда: · ликворды бактериологиялық зерттеу; көрсетілім бойынша: · үлкейтілген лимфа түйіндерінің пунктатын бактериологиялық зерттеу; · өтті бактериологиялық зерттеу; · абсцесстердің, терең жаралардың бөлінділерін/құрамын бактериологиялық зерттеу; · алынып тасталған мезентериалды лимфа түйіндерін, аппендикстерді немесе аш ішектің кесінділерін, құрсақ қуысы бөлігін бактериологиялық зерттеу (абдоминалды нысанда операциялық емдеу жағдайында). Иерсинияның бөліну кезінде, міндетті түрде антибактериалды препараттарға бөлінген штамм сезімталдығын анықтау жүргізіледі және қажет болған жағдайда этиотропты терапияға арналған препараттарды таңдауды түзету жүргізіледі
Қан, нәжіс, зәр, лимфа түйіндерінің пунктаты, жұтқыншақ және қынап жағындылары, тері зақымдары, қақырық, ликвор, абсцесстердің бөліндісі/құрамы, терең жаралар, , алынып тасталған мезентериалды лимфа түйіндері, аппендикстер немесе аш ішектің кесінділері, құрсақ қуысы бөлігінің және басқа қабыну ошақтарының ПТР . Серологиялық зерттеулер: Иерсинияға қатысты антиденелерге қанның ИФА (IgM, IgG) Иерсинияға қатысты антиденелерге қанның ПГАР. Серологиялық зерттеу қабылданғанда және 7-10-14 күннен кейін алынған жұп сарысуда кем дегенде екі рет жүргізіледі, қажет болғанда осындай уақыт аралығынан кейін үшінші сарысуды да алуға болады. Аспаптық зерттеулер: • кеуде торы ағзаларының рентгенографиясы - пневмонияға күдік болғанда; • ЭКГ - жүрек-қан тамыр жүйесінің патологиясы жағдайында; • құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ – абдоминалды нысан жағдайында; • ұрықты УДЗ - жыныстық және генерализацияланған нысандарда; • менингоэнцефалиттік нысан жағдайында бас миының МРТ; • эхокардиография: миокардит белгілері; • бүйректі УДЗ: пиелонефрит белгілерін анықтау;
Достарыңызбен бөлісу: |