Тақырыбы: 7- мамыр-Отан қорғаушылар күні!
Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беру. Батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерліктерімен таныстыру. Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын дакмыту.
Балаларды ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке , елін, жерін сүйетін
батыл азамат болуға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Сөздік жұмыс: жеңіс
Билингвальды компонент: Отан-Родина
1.Оқу іс- әрекетінің кезеңдері.
2.Тәрбиешінің іс- әрекеті.
Балалардың іс әрекеті:
4.Мотивациялыққозғаушылық.
Шаттық шеңбер.
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
Балалар дөңгелене тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдастырушылық, ізденушілік, әңгіме жүргізу.
7-Мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі.
Біздің Отанымызды, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз сыртқы жаудан қорғап қалды.
Жеңіс мерекесі елімізде жыл сайын тойланады.
Суретпен жұмыс.
-Балалар, бұл суретте 28-панфиловшылар саябағы бейнеленген. Осы саябақта соғыста ерлікпен күрескен ағаларымыздың ескерткіші бар. Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Алау отына балалар гүл шоқтарын қояды.
-Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова т.б ер жүрек батырлары көп.
Балаларға ой тастау.
Балалар есімдерді қайталап айтады.
Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды.
-Балалар, сендер де осы аталарың, апаларын сияқты батыр болғыларың келе ме?
Сергіту сәті.
Ақ көгершін, көгершін
Қол қанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін,
Кең дүиенің көлемін.
– Балалардан тақпақтар сұралады.
Балалар есімдерді қайталап айтады.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар қимыл-қозғалыспен жасайды.
Санжар
Тебіреді тауың,желпінді далаң
Көтерді көкке туларды ғалам
Жеңістің ұлы күнімен сені,
Құттықтау үшін келіп тұр балаң.
Айлин
Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.
Нұрай
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар.
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.
Зия
Жеңіс келді далама
Жеңіс келді ән болып
Жеңіс келді қалама
Келді ауылға сән көрік.
Файз
Көлеңкесі жоқ көңілге күшті,
Алтын мамырдың сәулесі түсті.
Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,
Көгіне тағы ұшырды құсты..
-Балалар жер шары балаларының тілегі не?
Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен, ендеше балалардың тілегіне «Отан» өлеңін айтайық. –
-Бейбітшілік болсын!
-Соғыс болмасын!
-Достық болсын!
Балалар өлең жолдарын айтады.
Рефлекциялық түзетушілік
Қыздар биі: «Морячка»
Ұландар биі.
Хор:Ақ көгершін
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жеңіс мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын.
Игереді: батырлардың есімдерін есте сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап, олардың мағынасын түсіне біледі:
Меңгереді: батырлық, жеңіс деген ұғымдарды.
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 26 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Тақырыбы: 7- мамыр-Отан қорғаушылар күні!
Тәрбиешілер: Д.Қ. Куандыкова
А.А. Пшембаева
Топ: «Күншуақ»
Павлодар 2021 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |