Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті « Филология факультеті »
Кафедра « Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы »
СӨЖ
Тақырыбы: «Абай жолы» романындағы өмір шындығы және көркемдік шешім. «Абай жолы» романындағы этнографиялық сипаттар.
Тексерген: Әбдиманұлы Ө
Орындаған: Бекбол М
Тобы: ҚТӘ- 303
Алматы, 2021ж
Жоспар
Кіріспе;
Негізгі ұғымдар;
«Абай жолы» романы;
«Абай жолы» романындағы өмірлік шындық және көркемдік шешімі;
Романдағы этнографиялық сипаттар;
Қорытынды;
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Біз, бұл тақырыпта Қазақ тіл ғылымы жайлы, оның түрлерімен категорияларына кеңірек тоқталып қарастыратын боламыз. Категориялардың мәнін алатын орнын түсіндіретін боламыз
Негізгі ұғымдар
Қазақ тілі білімі- қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы болып табылады. Жалпы, қазақ тілі білімі бірнеше салаларға бөлінеді. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеліп қарастырылады.
Қaзіргі тіл білімінің дaму үдeріcіндe нeгізінeн тілдің тaнымдық қызмeтін тeрeңінeн зeрттeп, дүниe-бoлмыcтың тілдік бeйнecін, oның ұлттық тaбиғaтын aшуғa дeн қoя oтырып, тілдің кoммуникaтивті-прaгмaтикaлық қызмeтін coнымeн acтacтырa зeрттeу өзeкті бoлып oтыр.
Қазақ тіл білімінің дамып, қалыптасуы
Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: «Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде–ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады», - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады».
Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды.
Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы, дамуы бүгінгі кемелденген шағына жетіп, биіктерге көтерілуі оның ірге тасын қалап, қазақ тілін ғылым ретінде қалыптастырған ардақты есімдермен тығыз байланысты.
Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми-теориялық негізін салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше. Артына қалдырған мол мұрасын арнайы зерттеуді лайық ететін біртуар ғалымның бірі-филология ғылымының докторы, профессор Сәрсен Аманжолов (1903-1958). Қарап отырсақ, ғалым С.Аманжоловтың әрбір тілді зерттеуі диалектикалық даму көзқарастарымен ұштасып отырады.
Тіл біліміндегі сөйлемдер жүйесінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселерін танып білуде профессор С. Аманжоловтың ғылыми тұжырымдарын, атап айтқанда, сөйлем теориясының негізгі грамматикалық сипаттары, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара жігін айқындату, сөйлем мүшелері түрлерін ажырату критерийлері, үйірлі мүшелі конструкциялардың жаратылысын тану, сөйлемдерді топтастыру мен олардың жіктелу принциптері, сөйлем теорясының даму жолдарына қатысты тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор.
Сонымен қатар, қазақ тіл білімінің дамып, қалыптасуына елеулі ҥлес қосып жҥрген ірі ғалымдарымыздың бірі филология ғылымдарының докторы, профессор Бердібай Шалабай өзінің ғалымдық жолын тіл ғылымының стилистика саласын зерттеумен бастады. Б.Шалабайдың «өркем әдебиет стилистикасы» атты еңбегі стилистика саласы бойынша М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манаспаев авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің стилистикасы» еңбегінен кейінгі жарық көрген маңызды еңбектердің бірі әрі бірегейі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |