Тақырыбы: «Адамгершілік-рухани тәрбие негізі» Мақсаты



Дата07.02.2023
өлшемі21.31 Kb.
#469220
Тақырыбы


Тақырыбы: «Адамгершілік-рухани тәрбие негізі»
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Сары жіп, нақыл сөздер, слайд, видеоролик «Көлеңке», бұлттар, күн, тамшылар, адамгершілік ағашы, сары жапырақтар.
Әдісі: пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім: Балалар қараңыздаршы бір-бірімізге жан тебірентер жақсы тілек тілеуіміздің арқасында керемет ерекше күн пайда болды. Ендеше осындай көңіл күймен сабағымызды бастаймыз. Рахмет сіздерге. Балалар біз ертелі жақсы қасиеттер туралы айтып жатырмыз. Бұлардың барлығын жалпы қандай қасиет деп айтамыз? (Адамгершілік)
-Дұрыс айтасыздар. Ендеше біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Адамгершілік-рухани тәрбие негізі» деп аталады. Бүгін біз адамгершілік тақырыбында пікір алысып, ой бөлісетін боламыз.
Кіріспе сөз. Ұлы педагог В. А. Сухомлинский, «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді» деген екен.
Тәрбиесіз адамгершілік қасиеті жоқ адам өзін де, өзгені де өлтіреді екен. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Сонымен адамгершілік дегеніміз не?

  • Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

  • Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын – еліміздің дәстүрін ата - ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамы

  • Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке - шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата - анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата - ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті. 

  •  Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.
    Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

  • Адамгершілік парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынын айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.

  • Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал ендеше балалар экранға назар аударайық. Қазір видеоролик көрсетіледі. Мұқият назар қойып тыңдаңыздар. (видеоролик көрсетіледі «Көлеңке») бұл видеодан не түйдік? 
-Сонда көлеңкенің жақсы да, жаман да жақтары да бар екен. Сол сияқты адамның да жақсы да, жаман да қасиеттері бар. Ендеше мында қарайықшы. Жарқын күн көлбейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, біз оның жүрегіндегі көлеңке сезімін сейілтейік, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. Күн көзін бұлттардан тазартсақ, әрине күн көзін ашатыны, жан-жағына жарығын, жылуын беретіні анық. Ендеше топ болып әр бұлттың тапсырмаларын орындайық.
Бірінші бұлт – Рухани тәрбиелі, адамгершілігі мол адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Екінші бұлт- Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Ол қандай қасиеттер? Одан құтылу амалдары бар ма?
Үшінші бұлт- Жағдаяттық сұрақ.
Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар» деп үгіттейді. Ал сендер не істер едіңдер?
Төртінші бұлт- Мәдениетті болу дегенді қалай түсінесіңдер? (Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа. Байқаусызда біреуді қағып кетсең «кешіріңіз» деу керек)
Мұғалім: Жарайсыздар. Біз бірлесе жұмыс жасаудың арқасында күннің көзін бұлттан аштық. Бірақ бізде жаңбыр тамшылары қалып қойыпты. Бұл тамшыларды біз бойымыздағы жаман қасиеттер деп есептейік. Кім бойындағы жаман қасиеттен арылғысы келеді? Келіп өз бойындағы жаман қасиеттерді атап, жаңбыр тамшысын қоқыс жәшігіне тастаймыз.
Мұғалім: Ендеше осы айтылған адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер бойынша ой қорытайық.

  • «Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді Абай.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.

  • «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» дейді Абай. «Әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық. Надандық-білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны.

Топпен жұмыс
Біздерді өнегелі, рухани құндылықтар, адами қасиеттермен таныстыру үшін әр топтың топаналарына сөз береміз.
1-түсі. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздейді. Ата-ана баласына «Әдепті бол» дегенді басты міндет етіп алып отырады.
2-түсі. Екіншіден, ата-ана баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелейді.
3-түсі. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулиды. Ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса деп, ата-ана баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйретіп отырады.
4-түсі. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйретеді. Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіріп отырады.
5-түсі. Бесіншіден, өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға дағдыландырған.
6-түсі. Алтыншыдан, үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға тәрбиелеп отырған.
7-түсі. Жетіншіден, кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне баспауға тәрбиелеген.
Қарсы алдымнан шыға келсе үлкендер,
Қашан да мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол мезетте сүйініш боп қол берем.

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,


Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай қылық жақсылыққа жатпайды

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет