ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Имашева Гульмира Достановна
|
Пән/Сынып:
|
Дүниетану 2-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
1-апта 10-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Менің мектебім
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Біздің мектеп.
|
Оқу мақсаты:
|
2.1.2.1 Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерін түсіндіру
|
Бағалау критерийі:
|
1. Мектептің қандай болатынына, кімдер жұмыс істейтіні жөнінде сипаттама береді
2. Мектеп кабинеттерін және мамандық иелерін атай алады
3. Адам не үшін білім алатындығы жөнінде түсінік бере алады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
|
Ұйымдастыру
Онлайн сабағымызға қош келдіңдер! Жаңа оқу тоқсаны құтты болсын!
Дүниетану сабағын бастаймыз. Бүгінгі біздің бастағалы отырған бөліміміз Менің мектебім деп аталады.
-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты
Сен
-мектептің қандай болатынын, онда кімдер жұмыс істейтінін білетін боламыз;
- Мектептегі оқу және оқудан тыс әрекет түрлерімен танысамыз;
|
|
|
Презентация № 2 бет
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
-Балалар, суреттегі ғимараттарды атап өтейік: тұрғын үй, мектеп, көпқабатты үй, цирк ғимараты, дәріхана.
-онда, балалар, мына берілген жұмбақты шешейікші:
Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
-Дұрыс, балалар, бұл мектеп. Мектеп деп біз білім алатын орынды айтамыз. «Мектеп» сөзі араб тілінен аударғанда «жазу жазатын орын» деген ұғымды білдіреді екен.
Мектеп-жарық, әрі кең бөлмелері, кабинеттері бар, оқушылардың білім алатын оқу орны. Қане, балалар, бәріміз де ойша мектепке шолу жасап көрейікші:
-Мектепте қандай кабинеттер бар екен?
-Дұрыс айтасыңдар, мектепте спортзалы, асхана, акт залы, музыка залы, кітапхан, мейірбике бөлмесі, әртүрлі пән кабинеттері бар.
-Ал бұл кабинеттерде қандай мамандық иелері отырады және олар қандай қызметтерді атқарады екен?
-Мектептегі негізгі тұлға-мұғалім. Ол білім берумен қатар ізденуге үйретеді, тәлім-тәрбие береді.
Асханада аспаздар, спортзалында денешынықтыру мұғалімдері, мейірбике бөлмесінде дәрігерлер, олар балалардың денсаулығын сақтап, білім алуларына өз үлестерін қосады.
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтың 28 бетінде берілген 2-сынып оқушыларының жауаптарын талдап көрейік.
Дәурен: «Мен мектепке анамның мәжбүрлеуімен ғана барамын. Егер өз еркіме қойса, бармас едім.»
Ержан: «Менің мектепте оқып, білім алғым келеді. Мектепке бармасам да, оқу оқитын едім.»
Серік: «Менің мектепке бару себебім, онда көп балалар бар. Сондықтан онда көңілді, олармен ойын ойнауға да болады.»
Айжан: «Менің мектепке баратын себебім, үлкен болғым келеді. Мектепке барғанға дейін кішкентай болғанмын.»
Миға шабуыл
-Қалай ойлайсыңдар адам не үшін білім алуы керек?
Мектептен тыс уақытта қалай және қандай білім алуға болады?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |