Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) жалпыжүйелік және қолданбалы түрлеріне бөлінеді:
қолданбалы БҚ жобалық процедураларды тікелей орындау үшін математикалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Қолданбалы бағдарламалар пакеттері түрінде іске асырылады. Анықталған жобалау сатыларына қызмет жасайды немесе түрлі сатылар ішіндегі біртипті есептер тобын (құбырларды жобалау модулдері, схематехникалық моделдеу пакеттері, жобалаудың геометриялық шешімдері) шешу үшін қажет;
жалпыжүйелік БҚ техникалық қамтамасыз ету құрамдастарын және қолданбалы бағдарламалардың қызметін қамтамасыз етуді басқару үшін қажет. Жалпыжүйелік БҚ құрамдасының мысалы ретінде операциялық жүйені қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |