2.1.Балалар психологиясының маңызды міндеті.
Даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру.Балалар психологиясының негізгі зерттеу компоненттері – балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі қарастырылады.Стол үстіндегі ойыншыққа қолын созуы, қасындағы сызғышты пайдалануы, саналы іс-әрекетке көшу.2-3 жастан кейін бала алдын ала күрделі емес ойын сюжеті арқылы игереді. Мысалы, гараж машина сыятындай болуы керек. Мұның бәрі іс-әрекет үстінде ойлаудан практикалық іс-әрекетке бағыттап, жөнге келтіре бастайтын ақыл мен ойлауға өту болып отыр.Сәбилік және мектепке дейінгі шақ – баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ.Балалар психологиясы – балалардың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестердің және сапаларының дамуын оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым. Дамудың жалпы заңын білу –бала психикасына балалардың психикалық дамуын зерттеуге дұрыс жол табу. Сананың қалай пайда болуын дүниеге келген «табиғаттың , кішкене тірі организмнің қалайша дүниеге адамзат т әжірибесі арқылы көз тастайтын қоғам мүшесі болып шығатынын айқындауға көмектеседі. Басқа ғылымдармен байланысы балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын адам психикасы туралы білімге сүйенеді. Жалпы психикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін психикалық зерттеудің ерекше әдісі – Жас ерекшелік анатомиясы мен физиологиясы нерв жүйесінің дұрыс жетіліп нерв қызметінің дамуы – жұмыс істеуі психикалық дамудың маңызды шарты . Балалардың психикалық дамуы, даму заңдылықтары баланың эмоциялық ерекшеліктерін, бейімділігі мен ынтасын білу , балабақшадағы оқу –тәрбие жұмысының маңызды шарты болып табылады. Баланың психикалық дамуы коптеген жағдайларға байланысты. Мидың ауырғанына ешқандай педагогикалық тәрбие берілмегендіктен сөйлеспеген, ойнамаған, үйретпеген т.б.Көрнекті совет зоопсихологі Надежда Николаевна Ладыгина өз семьясында Иени атты 1,5 жастық шимпонзені 4 жылға дейін тәрбиелеген. Тәрбиелеген , зерттеуді күнделікке жазып отырған. 10 жылдан кейін Рудольф (Руди) деп қояды. 4 жылға дейін бақылау жүргізеді. Нәтижесінде «шимпонзенің жас баласы мен адамның жас баласы» атты кітабы шығады. 2 сәбиді бақылағанда ойын және сезім белгілерінде ұқсастығы мол. Өзгешеліктері: шимпонзенің аяғынан тік басып , қолын жерден босата алмайтындығы. Ол адам іс-әрекетіне үйрене алмайтынымен, дағдыларды дұрыс жетілуге апармайды. Қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да, маңызын түсінбейді. Мысалы, шегені қаға алмауы, творчестволық , конструкциялық сипаттағы ойындар. Маймыл баласын асыраған американдық ерлі-зайыпты Келл Локктар да шамамен осындай нәтижеге жеткен.
ХХ ғасырдың басында үнді психологы Рид Синх қасқыырдың інінен 8 жасар және 1,5 жас шамасындағы екі қыз баланы тауып алады. Синх екі қызды адамша тәрбиелейді. Олар 4 аяқтап жүреді, адамды көрсе ырылдап, айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішісі Амала 1 жылдан соң қайтыс болады. Үлкені Камала 17 жасқа дейін өмір сүреді. 9 жылда қасқырдың әдетін қойғызды, дегенмен асыққан кезде төрт аяқтап кетеді, 40 сөзді ғана дұрыс айта алатын болған. Адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін емес. Енді адамның миы қоғамдағы адамға тән емес жағдайда өміріне қажетті жағдайы жоқ жерде адам психикасы пайда болмайды. Адам бояу үшін мидың құрылысы да, белгілі өмір сүру жағдай да, тәрбие де қажет. Юни шимпонзе болып қалды, Камала адам болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты. Маймылдың мінез-құлқының белгілері тұқым қуалаған. Ерекше икемділік-үйренгіштік – адам миын хайуанаттар миынан ажырататынын аса баңызды айрықша белгілердің бірі. Хайуанаттар миы инстингтер механизімі мінез құлық формасы бекіген, мидың қалыптастыру процесі негізінен туған кезге дейінгі аяқталады, ал адамда жағдайына байланысты болатынын дәлелденген. Таза жерін толтырады да, оның құрылысына әзер әсер етеді. Балалар психологиясы – балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс –әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ – бұл баланың мектеп жасы дамуы қалыптасатын шақ.
Баланың дамуы — бала бақшадағы зерттеулердің мәліметтермен ата- аналарын мұқият сұрау арқылы жанұядағы тәрбиесі мен мінезінің ерекшелігін баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психикалық мінездеме болып табылады.
Алғашқы жылғы өмірінде дені сау сәби дербес тілінде сөйлейді. Оның басталуы мен аяқталуы алғашқы жылғы дағдарыс кезеңіне тұспа-түс келеді. Бұған қарап баланың дербес ілін дағдарысқа ұшырау негізі деп санауға бола ма? Менің ойымша, болады. Алайда бұл мәселе әлі де жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан баланың дағдарысқа ұшырауына сәйкес оның бойында жаңа құрылым пайда болып, елеулі өзгерістер болады деп ой қорытуға сын көзбен қарауды талап етеді. баланың дербестік тілі оның дамуындағы бір кезеңнен жоғарырақ кезенге ауысуындағы елеулі өзгеріс екендігі сөзсіз.Біз бала дамуының кезеңдеріндегі ең өзекті деп саналатын жаңа құрылымдардың сырын ашьш көрсетуді мақсат етіп қоямыз.Баланың дербестік тілі жалпы сөйлеудің дамуындағы алғашқы басқыш, оның сөйлеуінің өзге түрлерінен ешқаңдай түбегейлі айырмашылығы жоқ деп санайтындар тіл жайындағы зерттеулер мен Штерн ашқан теория арасында ешқандай айырмашылық жоқ деп есептеуге бола ма? Дербестік тіл өзінің мәні жағынан біздің сөйлеуіміздің бір ерекшелігі болып табылады деп мәселені төте қоюға бола ма? Мүмкін ол біздің тілімізбен сөз құрылысы және мағынасы жағынан емес, ішкі «табиғаты» бойынша бірдей шығар?Мен мұндай сұрақтарға былай деп жауап берер едім; «ішкі табиғат» — баланың дербестік тілінің мәні — біздікі болуы да, болмауы да мүмкін, сөздік қатынас пен сөзсіз қатынас арасында өтпелі құрьшым ретіндегі оның барлық ерекшелігі де осында. Оның біздікі болуы қалай және одан не туындайды? Оның біздің тіліміз екендігіне дау жок, сондықтан бұған тоқталмаса да болады. Ал оның біздікі емес екендігін айтудың маңызы әлдеқайда зор. Менің ойымша, ол сөздің дыбысталу жақынан да, мағынасы жағынан да біздің сөзге ұқсамай-тындықтан ғана біздікі болмай отырған жоқ, сонымен қатар оның менің терең ұғыну тұрғысынан да ол біздікі болмай шығады: оның құрылымы біздің тілге қарағанда мүлдем басқаша, өйткені онда ешқашан тұрақты мағына болған емес. Енді дәл осыған ұқсас мысал келтіріп көрейік. Кёлер тәжірибесіндегі маймылдардың мінез-құлқын алайық. Кейбір жағдайда хайуан жәшікті немесе таяқты құрал ретінде пайдаланады. Сырттай қарағанда мұңдай әрекет адамның ақылды әрекетіне ұқсайды. Соның нәтижесінде шимпанзенің таяқты пайдалану әрекеті мен қимылы адам әрекетімен бірдей деп, келер қорытынды жасауына себеп болды.Бұл жайтты сынаушылар былай дейді: егер маймыл тұғыр ретінде пайдаланған жәшікке біреу келіп отырса болды, жәшік маймылдың қаруы болудан қалады, ол жататын немесе отыратын зат болып қана қалады. Ал бұл жағдайда маймыл аланда аласүрып жүреді де, жеміске секіріп жетуге тырысады, сосын шаршайды да, ол басқа маймыл жатқан жәшікке отырады, сөйтіп терін сүртеді. Бұдан шығатын қорытынды, ол жәшікті көреді, бірақ маймыл оны осы жағдайда қажетті құрал ретінде пайдалана алмайды. Нағыз кажет емес жағдайда өзінің құрал ретіндегі қасиетін жоғалтқан зат құрал бола ала ма?Қарапайым адам жер қазуға пайдалану үшін таяқты алдын ала дайындайтындығын Кёлер өзі айтты. Оның үстіне бұл жағдайда маймылың әрекетінде қандай да болсын жаналык бар деген сөз, бірақ ол карапайым адамның қимьшына ұксамайды, құралды қолдануға итермелейтін бір нәрсенін, оған жақын жерде болуына қарамастан, мұнда құралды пайдалану әрекеті жоқ.Баланың дербес тілінде де осы сияқты бір жайт байқалады. Сөздерінін ешқандай мағынасы жоқ, ал әрбір жаңа жағдайда өткендегіні қайталайтын болып көрінген тілді көз алдынызға елестетіп көріңіз. Мен келтірілген мысалдағы «пу-фу» өзі бір жағдайда йод құйылған бөтелкені, екінші жағдайда бөтелкенің өзін білдіреді және тағы сол сияқты. Яғни, мұндай сөз тұрақты мағынасы бар сөзге ұксамайды. Мұнда белгі деген мүлдем жоқ. Баланың дербес тіліндегі сөздерді қабылдағанда олар азды-көпті болса да тұрақты мағына пайда болған кезеңдегі сөздерге ұқсамайды. Мұнда сөздің өзі көп мағынаны білдіретін сияқты және сол сөздер екінші жағынан қарағанда ешнәрсені де білдірмейді.Кез келген белгінің бастауы нені білдіреді? Н.Я.Марр теориясының әрқилы қағидалар мен аңызына және даулы жайттарына қарамастан, маған оның бір қағидасы даусыз болып көрінеді. Ол адам тіліндегі бастапқы сөз, оньщ алғашқы мағынасы көп нәрсені білдіреді, не өте көптеген заттарды қамтиды. Сондай-ақ, баланың алғашқы сөзі де санқилы мағынаны білдіреді. Бірақ ол кандай сөз? «Мынау» немесе «анау» сиякты бала сөздері кез келген затка тән. Біз осы атауда нағыз сөз деп айта аламыз ба? Айта алмаймыз, бұл сөздің өзіңдік қана ашық қызметі бар; келе-келе адам белгіні білдіретін сөздер туындайды. Алайда әзірше ол бәрін білдіретін сөз, ол дауыстык сілтеме ишараты арқылы барлық кезде сақталады, өйткені адамның әр-бір сөзі белгілі бір затты нұсқайды.Евді соңғы айырмашылық. Егер істі Штерн сияқты елестетсек (оның айтуынша сөздің мағынасы, сөз мағынасының өзара байланысы өте қарапайым түрде бірімен-бірі ұйымдасқан нәрсе), онда, әрине, сөз табиғатының мәнін әрқилы бағалауға болады. Баланың дербестік тілін зерттеудің мәні де, оның сөздерінің табиғатын да, бірсыпыра қызметгерін де, мысалы, хабарлаушы қызметін де ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Осыдан кейін біз балалық шақтағы сөздің атау мағынасын білдіретін қызметінің де пайда болатынын білеміз. Бұл ерекшелік баланың өтпелі кезеңінде өзгеше мәнге ие болатынын көрсетеді.Бала тілінін дербестігіне қатысты мәселенің сыры мен астары қабат-қабат екендігіне көзіміз жетеді. Оның дербестік тілінің дамуында өтпелі кезеңіне тән ерекшеліктері барын анықтап, әлі де тілі жетіле қоймаған балада ұзак мерзім бойы сақталып қалатынын көрсетеді. Ондай балалар қатарына ақыл ойы кеміс сөйлей алмайтын мылқауларды жатқызуға болады. Бірақ олардың дербестік тілі, біздің ойымызша, символ-белі) сипатында болып көрінеді. Мысалы, тілі анық шықпаған бал бөтелке деудің орнына «пу-фу» дейді. Сол «пу-фу» сөзі бірнеше түсінікті білдіруі мүмкін.Сәби үшін тіл оның санасында белгілі таңба ретіндеіі түсінік сипатында қалыптаса қоймайды. Сондықтан бұл жайттың Штерн «жаңалығынан» айырмашылығы ұшан-теңіз. Алайда бал тілінің бастапқы сатысы алдағы өтпелі кезеңдерде елеуд өзгерістерге ұшырап отыратындығын бекерлеуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда біз бала тілінің дамуындағы дербестік немес басқаша сөйлеу кезеңдеріндегі ғана емес, сондай-ақ оның ода әрі даму кезеңдерінде бірқатар секірмелі өзгерістерге ұшыра отыратындығын көреміз.
Бала тілінің шығуы мен қалыптасу кезеңдерін түсініп оның дамуын неғұрлым тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Мұның өзі тілдің дамуын дұрыс бағдарлап, теориялық жағынаі тұжырымдауға көмектеседі және осы мәселеге қатысті буржуазиялық көзқарастардың кемшіліктерін ашып көрсету ұшін қолайлы жағдай тудырады.Біздер бала дамуындағы жаңа құрылымдарды — оның жүруі мен еңбектеу әрекетін және басқа қасиеттерін де естен шығармауымыз керек.Мен осы бағытта алға қойған мақсатыма жету үшін баланың дағдарыс кезеңі оның организміндегі болатын елеулі өзгерістердің мән-жайын ашып көрсетіп, оларды қай бағытта іздестіріп көру керектігін атап айтуды жөн деп санаймын. Бұл мәселедегі түйін баланың бойындағы қалыптасатын жаңа құрылым жасына қатысты-ау деп ойлаймын.Баланың жеке басының даму сатылары оның өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасында өрістеп отыратындығын ескеретін болсақ, онда сәбидің, дамуы оның танымының тарихымен байланысты екенін айқын аңғарамыз. Егер мен бұл сұраққа үстірт жауап бергім келсе, онда К.Маркстің «сана дегеніміз қоршаған ортамен қарым-қатынас» деген белгілі сөзін қолданар едім. Шын мәнінде адамның жеке басынын ортамен қарым-қатынасы оның санасының сипатын білдірумен қатар адамның жас даму ерекшеліктеріне орай бұл мәселенің сырын ашып көрсетіп, шындыққа бір табан болса да заңды түрде жақындауды білдіреді. Ал мұндай жайттың мәні ерекше. Өйткені сананын сырын ашып беруде қазіргі ғылыми түсініктерде орашолақтық айқын байқалады. Тілдің санамен тығыз байланысты болатынына күмән келтіре алмаймыз. Мен бұл жерде сөйлеудің санамен байланысты екенін ерекше атап көрсетіп, мәселені тек сөйлеуге әкеп тірегім келмейді. Бұл мәселенің мазмұнын талдауда мен жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай өрлеп отыру арқылы зерттеу қажеттігіне баса көңіл аударғым келеді. Көркемдеп айтқаңда мен бұл драманың өрі басты, әрі екінші актері болуға тиіспін. Маған бала санасының өзгеруі мен оның сөйлеуінің дамуын теориялық жағынан із-дестіру — бұл мәселенің өзегі.Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс.Дегенмен сананың баланың сөйлеуді меңгеруде қандай орын алатындығын түсіндіру қиын. Әдетте сана мен сөйлеудің өзара байланысты болатындығы жайында сөз болып, адамнын хайуаннан айырмашылығы осы дыбысты тілінде деген түсінікпен ғана шектеліп келді. Баланың әлеуметтік ортаға қатынасын оның тілінің шығуы мен жүруінің ролі сияқты қызмет атқарады деп санадды. Мұндай пікір аса бағалы бола қоймады. Маған белгілі зерттеулердің бір де бірінде баланың бойында пайда болатын жаңа құрылымдар өзара қаңдай қатынаста болады деген сұрақтың мән-жайын ашып бере алмайды.Біз генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғ дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады,Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземізБала дамуьндағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның занды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жекё басына тән сипаты деп түсінуіміз керек
.2.2 Ерте сәбилік шақтағытбала психикасы мен ақыл-ойының дамуы.
Соңына қарай (үш жасқа дейін) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау) жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріліп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру әрестелік шақтан басталған қарым – қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзегег асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда бола бастайды. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәюилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру тиімді өтеді. Егер бала осы кезде қандай да бір себептермен тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілегн қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамыту мен қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әркеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен іс-әрекеттерінің арақатынасын белгшілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптаса бастайды. Үш жасқа қарай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі спалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекелеген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Ерте сәбилік балалық шақ – балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейінгі бала 30-40 тан 100-ге дейінсөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол тым мүдіріп сөйлейді.Тілді меңгерудегі елеулі өзгкріс шамамен бір жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі.Екі жастың аяғында бала 300ге дейін ал үш жастың соңында 1500 дейін сөздер қолданылады. Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен граматикалыққұрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің ырықты мелодиялық құрылымын қағып алу жолмен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдкау қалыптасады. Оның негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.
Граматикалыққұрылысты игерудің өз даму кезінде болады.Бұл кезең бір мен екі жасқа дейін- түбірлі сөздерден құралатын кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.баланың сөйлеуі ересек адамның сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбіне үлендер пайдаланбайтын сөздерді пайдаланады. Тілдік қарым-қатынас практикасында бұл стреотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілдің граматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның синтаксистік құрылымдарын граматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасаң зор жұмыс атқарады.
Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып, оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойынның қарапайым формаларын , сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шартарын жасайды. Ерте сәбйлік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырады.
Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастық іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшектерін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар т.б.) жасалынған. Мұндай ойыншықтарды автодидактикалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды.Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады.Көзбен қабылдаумен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуцияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әрекет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екендігін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л.С.Выготский бала өмірінің алғашқы күннен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. өзінің ақыл-ойы шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағдар алады. Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа дейін) іс-әрекеттіңжаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау) жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріліп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру әрестелік шақтан басталған қарым – қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзегег асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда бола бастайды. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәюилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру тиімді өтеді. Егер бала осы кезде қандай да бір себептермен тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілегн қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамыту мен қарқынды шұғылдану қажет.Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әркеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен іс-әрекеттерінің арақатынасын белгшілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптаса бастайды. Үш жасқа қарай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі спалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекелеген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.Ерте сәбилік балалық шақ – балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейінгі бала 30-40 тан 100-ге дейінсөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол тым мүдіріп сөйлейді.Тілді меңгерудегі елеулі өзгкріс шамамен бір жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі.Екі жастың аяғында бала 300ге дейін ал үш жастың соңында 1500 дейін сөздер қолданылады. Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен граматикалыққұрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің ырықты мелодиялық құрылымын қағып алу жолмен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдкау қалыптасады. Оның негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.Граматикалыққұрылысты игерудің өз даму кезінде болады.Бұл кезең бір мен екі жасқа дейін- түбірлі сөздерден құралатын кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.баланың сөйлеуі ересек адамның сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбіне үлендер пайдаланбайтын сөздерді пайдаланады. Тілдік қарым-қатынас практикасында бұл стреотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілдің граматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның синтаксистік құрылымдарын граматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасаң зор жұмыс атқарады.Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып, оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойынның қарапайым формаларын , сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шартарын жасайды. Ерте сәбйлік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырады.Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастық іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшектерін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар т.б.) жасалынған. Мұндай ойыншықтарды автодидактикалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды.Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады.Көзбен қабылдаумен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуцияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әрекет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екендігін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л.С.Выготский бала өмірінің алғашқы күннен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. өзінің ақыл-ойы шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағдар алады. психологиялық-педагогикалық аспектілері Баланы ерте жастан дамыту мәселесі ежелгі грек философтарының еңбектерінен бастау алып күні бүгінге дейін шетелдік және отандық психология, педагогика ғылымында, соның ішінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында өзекті зерттеу мәселесіне айналып отыр. Өйткені адамның тұлғалық дамуының бастауы, соның ішінде танымдық іс-әрекеттерінің негіздері туғаннан үш жасқа дейінгі аралықта қалыптасады. Бұл ойымызға ұсынылып отырған параграфта талдау жасалатын ұлы ойшылдардың, ғалымдардың баланың физиологиялық, психикалық дамуына қатысты айтқан ойтұжырымдары негіз болады. Платон, Аристотель балалық шақтың ерте кезеңіне басым назар аудармағанымен, қоғамда бала тәрбиелеуде осы кезеңді босқа жоғалтқан уақыт деп санайды, олар осы ойларын ерте жастағы балаларды қоғамда тәрбиелеудің жүйесі жоқ екенімен дәлелдейді [6,7]. Оған Аристотельдің «...7 жасқа дейін физикалық тұрғыдан баланың дамуына шынығуына, дұрыс тамақтануына, таза жүруіне отбасында көңіл бөлінеді. Балалар өз жасына сай ойындармен айналысу керек, оларға әңгімелер мен ертегілер тыңдау пайдалы, балаларға сөйлеуді үйреткен жөн..» деп айтқан сөздері дәлел бола алады. Ол«...5 жастан 7 жасқа дейін «балалар кейін өздері оқып-үйренетін сабақтарға қатысу керек» екендігін көрсетіп, отбасылық тәрбие мемлекеттік шенеуніктердің бақылауында болуын және ата-аналардың бала тәрбиесімен тікелей айналысуын талап етті [8]. Ренессанстық дәуірдегі итальяндық гуманистер Л.Аберти, Ф.Барбаро, М.Пальмиери де кішкентай баланың өте маңызды қасиетін дамыту ересектерден талап етілетінін, бірінші кезекте олардың анасына биологиялық және эмоционалдық тәуелді екендігін көрсетеді. Осы итальяндық гуманистердің тұжырымдауынша, балалардың көпшілігі қабілетті, олардың «жақсылық шыңына жетуіне» мүмкіндік беретін жақсы табиғи бейімділікпен туады. Осылайша, табиғатқа тән қасиеттерді дамыту және өте ерте жастан бастап жаман қасиеттерді түзету сияқты тәрбиелеу бірінші орынға шығады [9]. Сондай-ақ, олар адамның белсенділігінің дамуы, өмірінің барлық мезгілінде, барлық кезеңінде шешуші фактор болып табылатындығын айтады. Ғалымдар таным белсенділігін дамыту проблемаларын түрлі теориялық дереккөздер арқылы әртүрлі негізде көрсетеді [10]. Я.А.Коменскийбала туғаннан 6 жасқа дейін (балалық шақ) ана мектебінен өтуі тиістігін негіздеді. Олардың қоршаған табиғат және қоғамдық өмір туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, олардан алатын әсерлерін дамыту, ұстамдылыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, тыңдай білуге, әділдікке, 18 шынайылыққа, адамдарды жақсы көре білуге тәрбиелеу, дінге баулу тиістігіне мән берді [11]. Жан-Жак Руссо баланың туғаннан 2 жасқа дейін дене тәрбиесімен айналысу керектігін (омырау сүтімен қоректентіру, баланың еркін қозғалуы, шынықтыру), баланың 2-12 жас (әлі қисынды ойлай алмайтын кезеңі) аралығында сезім мүшелерін дамыту қажеттігін, өйткені сенсорлық тәрбие ақыл-ойдан бұрын жүретінін айтады. Осыған байланысты ол баланың жеке ойын дамытуға, оқуына, денсаулығын нығайтуға көңіл бөлу керектігіне тоқталады [12]. Баланы ертеден дамыту керек деген ойлар классик педагогтардың еңбектерінде де көрініс тапқан. Мәселен, А.С.Макаренконың «баланы туа салысымен тәрбиелеу керек» - дейтін қағидалары да, адамның барлық қабілеттері, оның физиологиялық, психикалық даму кезеңдерінде жетілетіндігіне негізделген [13]. Баланы туғаннан тәрбиелеу туралы ойлар түркі ғұлама ойшылдарының да, қазақ ағартушыларының да еңбектерінде тыс қалмаған. Әл-Фараби: «окыту — тіл ұстарту, білім беру арқылы, үйрету жолымен, ал тәрбиелеу — сарамандық жұмыс пен тәжірибе арқылы жүзеге асырылады. Білім адамды қуаныш пен бақытқа кенелтеді, дүниені танып-біле отырып, адам оның әсемдігі мен бітім-болмысына қанығады. Ғылым-білімді, әр алуан қолөнер дағдыларын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына қажырлы еңбек, оқыту, тәрбие берумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы жетуге болады», - деп айтып өтсе, А.Құнанбаев туғаннан баланың тәні мен жанын тәрбиелеу қажеттілігін (тән құмары, жан құмары) айтқан [14,15]. М.Жұмабаев да А.Құнанбаевтың осы ойын өрбітіп, «бастапқы кезде жөпшенді білінбейтін баланың жан дүниесі ол өскен сайын бірте-бірте біліне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар алып жүру қажет» екендігін көрсеткен [16]. Осы ойды Ж.Аймауытов та айтады: «Баланы бір нәрсеге үйрету үшін, я пайдалы дағдыны қондыру үшін баланың сүйегіне біткен икемі сыртка шығып біліне бастаған шақ екені өзінен-өзі көрініп тұр. Олай болса, баланың бір іске құлшынатын дер шағы калай білінді, солай дене күшін машықгандыратын істерді көбірек беріңдер. Мейлі шапшаң есептеу, санау болсын, мейлі өлең жаттау, мейлі сурет салу, мейлі өсімдік жинау болсын, қысқасы, неге талпынса, соны істеу керек»[17]. Жалпы, балаларды ерте жастан дамыту мәселесінің арнайы зерттеу объектісі тұрғысынан басым зерттелуі ХХғасырдың 80-нші жылдарынан бастап қауырт өрбіді. Оған 1-кестеде келтірілген зерттеулер дәлел бола алады. Солардың біріне тоқталатын болсақ, мәселен Н.М.Аксарина өз еңбегінде баланың туғаннан 3 жасқа дейінгі физиологиялық, психикалық даму ерекшеліктерін негіздейді: «Баланың салмағы артып бойы тез өседі. Жалпы организмнің қызметі, оның ішінде жоғары нев жүйесі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі тез дамиды. Сезіну, қабылдау, ақыл-есі, көңіл бөлуі, ойлауы сияқты баланың психикалық дамуы күшейеді. Есінде сақтаудың дамуы алғашқы шартты рефлекстің пайда болуынан басталады. Бала туыстары (4-6 19 айда), таныс заттарын ерте таниды, ойнағанда бұрын көргендерін есіне түсіреді. Ойыншықты қолына ұстап үйрену (4,5-5 ай). Айтылған сөзді сезіну (6-7 ай), мида екінші сигналдық жүйе пайда болады. Көрген нәрсеге еліктеу (9-10 ай)» [18]. Ол әрі қарай «Бір жасқа толғанда ғана алғашқы бір сөздітолық айта алатын бала 3 жасқа толғандақұрмалас сөйлем құрастырып айтатын болады, сөздік қоры 1200-1300 сөзге дейін жетеді.Нерв жүйелері тез шаршайды, шыдамсыз, төзімсіз болады. 1 жасқа толған балады ойлау қабілеті дами бастайды. Жинақтап қорыту қабілеті дамиды. Қабылдау жоғары дәрежесіне жетеді. Заттарды айыра алады. Жеке әрекеттер жасайды, оларды бірте бірте байланыстыра бастайды (1жас 4 ай – 1 жас 5 ай). Затпен ойнау 2 жасар баланың негізгі қызметі. 2,5-3 жас бейнелеу іс-әрекеті пайда болады. Алғашқы 3 жасында балалардың өсіп-дамуы тез өтеді» деп эксперимент негізінде дәлелдейді. Сондықтан бір жағынан, ерте жастан дамыту проблемасының республикада алғаш зерттеу пәні болып отырғандықтан, екінші жағынан «баланы ерте жастан дамыту» ұғымының мәнін анықтау барысында ерте жастағы баланың жас ерекшелігі кезеңдері мәселесі қарастырылған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, сөздіктерге, мемлекеттік бағдарламаларға талдау жасалды (кесте 3). Осы талдау әртүрлі кезеңдерде баланың жас ерекшелігін айқындауға байланысты көп талқылаулар, зерттеулер бар екендігін, дейтұрғанмен күні бүгінге дейін ғалымдар адам дамуының жас кезеңдері мәселесінде бірыңғай пікірге келмегендігі байқалды. Солардың арасынан біз, қазіргі ғылымда қызығушылық тудыратын ең көп таралған балалық кезең жіктемелеріне тоқталып өткенді жөн көрдік. Осы тұста айта кететін жәйт, ұсынылған диссертацияда ғалымдардың және сөздіктердегі адам дамуының жас кезеңдері жіктемелері мазмұнынан (балалықтан кәрілікке дейін берілгендіктен) барынша тек ерте жас аралығын ғана бөліп алып талдауға тырыстық. Жоғарыда көрсетілген Л.Аберти, Ф.Барбаро, М.Пальмиери ерте жастағы балаларды қабылдау сезімінің дамуына қарай екіге бөледі: 1) нәрестелік кезең – бұл сөйлеу және жүре бастағанға дейінгі бала өмірінің кезеңі; 2) нәрестелік кезінен бастап шамамен 7 жасқа дейін – баланың түрлі ғылымдарды қабылдауға дайын болуы кезеңі [9]. Демек, италияндық гуманистер баланың 1 жастан бастап танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту қажеттігін жоққа шығармайды. Ал, Дж.Биррен бірінші кезең – сәбилік, 2 жасқа дейін; екінші кезең – мектепалды жасы 2 жастан 5 жасқа дейін деп жіктейді . Дж.Биррен жіктемесінің кемшілігін Б.Г.Ананьев, жіктеудің бірыңғай қағидасын ұстанбауында екендігін айтады. Өйткені, екінші кезеңді – мектепке дейінгі жасты бөлуде жас ерекшелігінің әлеуметтік-педагогикалық белгілерге сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. Дегенмен, осы кезеңде баланың психикасын дамытудағы қажеттілік пен маңыздылыққа баса назар аударылғанын атап өтеді
Біздің зерттеуіміз үшін қызығушылық тудыратын баланың зияткерлік дамуына әсер ететін Ж.Пиаженің жіктемесі: 1-кезең – сенсомоторлық зият (алғашқы кезеңдері: өз денесіне бағыну және тәжірибелік зиятты объективтеу); 2-кезең – репрезентативті зият және арнайы операциялар (алғашқы кезеңдері: алдын ала операциялық зият және нақты операциялар) [93]. Пиаже әр адам белгілі бір сатылардан өтіп, оларды жаңа деңгейге көтеріп, келесі қадамдарға шығады деген қорытынды жасайды. Бірақ бұл жіктемеде, біздіңше баланың үздіксіз дамуы есепке алынбағандығы байқалады. Д.Бромлей жіктемесінде адам дамуының бес циклін көрсеткен: құрсақтық, балалық, жастық, ересектік, кәрілік. Айта кету керек, автор баланың ақыл-ой дамуында құрсақтық циклге мән беріп, оны төрт сатыға бөліп ерекше анықтайды: ұрықтану; эмбрион; тұқым; дүниеге келу сәті. Д.Бромлей топтамасында бізге қызығушылық тудыратыны, балалық кезеңі. Ол «балалық» кезеңін үш сатыға бөледі: сәбилік шақ (туғаннан 18 айға дейін); мектепке дейінгі балалық шақ (18 ай – 5 жас); мектептегі ерте балалық шақ (5-11-13 жас). Онтогенез ұғымын 1886 жылы Э.Геккель енгізген. Ол баланың онтогенездік дамуына байланысты екі маңызды кезеңді атап өтеді: перинаталды-құрсақтағы (жатырда пайда болғаннан дүниеге келгенге дейінгі) кезең; босанғаннан кейінгі-құрсақтан кейінгі (адамның дүниеге келгенінен өмірден кеткенге дейінгі) кезең. Перинаталды-құрсақтағы кезеңнің бөлінуі: эмбрионалды даму (эмбрион) – 1,5-2 айға дейін ұрықтың қалыптасу кезеңі; плацентарлы даму (ұрық) – 3-10 ай, ұрықтың өсу кезеңі. Баланың тез өсуімен және дамуы, анасының ағзасы арқылы қоректенуімен сипатталады, сондықтан жүктілік кезеңіндегі анасының созылмалы науқасы, оның тамақтану ерекшелігі, психикалық және физикалық ауыртпашылығы болашақ баланың дамуына маңызды әсер етеді. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі сатылар: ерте; жетілген; соңғы. Дүниеге енді ғана келген адам ересек адамнан бірнеше сапалық ерекшеліктерімен өзгешеленеді, оның қарапайым кішірейген көшірмесі ғана болып есептелмейді. Дамып келе жатқан баланың ересектердің деңгейіне жету уақыты ағзаның негізгі физиологиялық көрсеткіштерін ескергенде 16-20 жылды құрайды. Онтогенез процесінде жеке ағзалар мен жүйелер бірте-бірте жетіледі және өзінің дамуын әртүрлі кезеңде аяқтайды. Бұл әртүрлі жастағы балалар ағзасының жұмыс істеу ерекшеліктерінің пісіп-жетілуін негіздейді Құрсақтағы кезеңде ағза мен тіндер қаланады, олардың саралануы жүреді. Босанғаннан кейінгі кезеңдегі онтогенезде ағза мен жүйенің пісіп-жетілуі әртүрлі жастағы балалар ағзасы қызметінің мүмкіндіктерін, оның сыртқы ортамен өзара байланысының ерекшеліктерін анықтайды. Баланы ана құрсағынан дамыту пікірін қазақстандық ғалым С.Ғаббасов та қолдап, негіздеген. Ол адам дамуының жас ерекшелігін адам физиологиясының кезеңдері мен халық педагогикасыныңнегіздеріне қарай бөледі: тән құрылысы - жан дүниесі; ұрық тазалығы – тек, тұқым қуалау; ана құрсағындағы тоғыз ай – түйсік, ішкі сезім, жүрек тәрбиесі; нәресте кезеңі – бесік жыры, ақыл тәрбиесі; балбөбек кезеңі – тіл, ой, зерде; сәбилік кезең – табиғатқа сүйсіну, таңдау; балиғат кезеңі – 28 білім және логика; кәмелет кезеңі – орта білім сана. Соның ішінде ұрық тазалығына, ана құрсағындағы тәрбиеге аса мән береді [96]. Осындай ой М.Құрсабаевтың ұлттық тәрбие құндылықтарына негізделген «Атамекен» бағдарламасында да тұжырымдалған. Ол балалар жас ерекшеліктерін мынадай кезеңдерге бөліп қарастырған: 1) Ана құрсағындағы кезең; 2) сәбидің дүниеге келуі (1-12 ай); 3) Сәбилік кезең (1-3 жас)... Автор тәрбие жұмыстарының бағыттары мен мазмұнын осы кезеңдерге сәйкестендіріп ұсынған. Соның негізінде тілін, дінін, салт-дәстүрін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару мүмкіндігін айтады [97]. Ал. П.П.Блонский балалардың жас ерекшелігін тістің пайда болуымен байланыстырады. Ол балалық шақты үш кезеңге бөледі: - тіссіз балалық (8 айдан 2-2,5 жас), - сүт тісі кезіндегі балалық (2-2,5 жастан 6,5 жас), - тұрақты тістер кезіндегі балалық [98]. Анри Уолло балалардың онтогенетикалық дамуына қарай жас шекарасын 7 кезеңге бөліп көрсетеді: 1) импульсивті кезең «6 айға дейін); 2) эмоционалды кезең (6 айдан 10 айға дейінгі кезең) – эмоцияның жинақталуы; 3) сенсомоторлық кезең (10 айдан 14 айға дейінгі кезең) – тәжірибелік ойлаудың қалыптасуы; 4) жобалау кезеңі (14 айдан 3 жасқа дейінгі кезең) зерттеушілік белсенділіктің қалыптасуы; 5) жеке-даралық кезең (3 жастан 6 жасқа дейін) – «Меннің» қалыптасуы; 6) оқу кезеңі (6 жастан 12-14 жас) – объективті жетістік; 7) жыныстық жетілу кезеңі 14 жастан бастап) – өзіндік «Мен» көзқарасына бағытталуы мен өзіндік ойлау қабілетінің қалыптасуы [99]. Л.С.Выготскийбалалардың даму сатысын тұрақты және дағдарыс кезеңіне қарай бөледі: бір жылдық дағдарыспен аяқталатын дүниеге келер алдындағы кезең; үш жылдық дағдарыспен аяқталатын ерте балалық шақтағы кезең; жеті жасқа дейінгі дағдарыстан тұратын мектеп жасына дейінгі кезең. Тұрақты кезеңде балада сырттай ешқандай елеулі өзгерістер болмайды, ұзақ уақытқа созылатын даму бірте-бірте жүреді. Дағдарыс кезеңінде қоршаған ортадағы шынайы заттармен қақтығысқа, барлық мүмкіндіктерге қарсылық білдіруге негізделген дамуда елеулі секіріс болады. Л.С.Выготскийдің тұжырымдауынша тұрақты және дағдарыстағы дамуы кезеңдері: туған кездегі дағдарыс (2 айға дейін); сәбилік шақтағы дағдарыс (1жасқа дейін); 1 жастағы дағдарыс; ерте балалық шақ (1-3 жас); 3 жастағы дағдарыс; мектепке дейінгі жас (3-7 жас); 7 жастағы дағдарыс - мектеп жасы (7- 13 жас); 13 жастағы дағдарыс -жеткіншек жас (13-17 жас) 17 жастағы дағдарыс [100]. Д.Б.Эльконин баланың дамуын ерте жастағы балалық кезең, балалық кезең және өсу кезеңі деп үшке бөледі. Әр кезең баланың іс-әрекетінің жетекші түрімен байланысты екі кезеңмен алмасып отырады. Бірінші кезеңде «міндетті, 29 мотивті және адамдармен қарым-қатынас нормасын басым игеру және осы негізде мотивациялық-қажетсіну аясын дамыту жүреді», екіншіде – «қоғамда өндірілген заттармен әрекет жасау тәсілдерін басым игеру және осы негізде балалардың зияткерлік-танымдық күшін, олардың операциялық-техникалық мүмкіндіктерін қалыптастыру жүреді»
Элькониннің жүйесі бойынша жас ерекшелік аралығы: Ерте балалық шақ - нәрестелік шақ (0-1 жас); ерте балалық шақ (1-3 жас); Балалық - мектепке дейінгі жас (3-7 жас); кіші мектеп жасы (7-11/12 жас); Жеткіншек - жасөспірім жасы (11/12-15 жас); ерте жастық шақ (15 жасқа дейін). Ол осы кезеңдер аралығындағы баланың даму өзгерістерін былайша сипаттайды: нәрестелік кезеңді қамтитын тікелей-эмоциялық қарым-қатынас; ерте жастағы балалықты қамтитын заттық-қимылдық кезең; мектеп жасына дейінгілер үшін іс-әрекеттің жетекші түрі болып табылатын рөлдік ойындар [101]. Э.Эриксон адамның әлеуметтік-психикалық дамуын сегіз фазаға бөледі: - Сәбилік шақ (туғаннан 1 жасқа дейін) - Ерте балалық шақ (1-3 жас) - Ойын жасы, мектепке дейін (4-6-7 жас)... Бірінші кезең (туғаннан бір жасқа дейінгі кезең) «базалық сенім базалық сенімсіздікке қарсы». Бұл кезеңде ана мен баланың жағымды қарымқатынасын қалыптастыру өте маңызды болып табылады. Егер анасы баланың қажеттілігіне сай сезімтал қамқорлық, сүйіспеншілік пен нәзіктік көрсетсе, бала өзінде барлығы ойдағыдай екенін сезінеді, ол өзімен өзі болады және баланың мінез-құлқы басқа адамдардың күткеніне сәйкес келеді. Сәби әлемге деген сенімді сезінеді, балада елеулі ауытқушылықтар мен аурушаңдыққа әкеп соғатын өзгерістер болмайды. Бір жастан үш жасқа дейінгі кезеңге сәйкес келетін екінші кезең «ұялуға қарсы автономия» деген атауға ие болды. Баланың тез дамуы оның барынша дербес болуына мүмкіндік береді. Ата-аналар баланы жиі бақылауға алады, тыйым салады, шектеу қояды. Үнемі тыйым салу балада өзін түкке тұрғысыз сезімінің пайда болуына негіз болады. «Шамадан тыс ұялта беру шынайы дұрыс мінез-құлыққа апармайды, керісінше жағдайдан шығу үшін жасырын шешім қабылдауға, байқатпай кетуге қадам жасатады». Бала осы жастан бастап балалық дөрекілігімен қоғамның назарын аудара бастайды. Сондықтан ересектердің міндетіне баланы құрметтей білу және оны шамадан тыс еркелете бермеу жатады. Осы жағдайда ғана бала өмірде әділдікті сезіне отырып алға қарай жүреді және қоғамның толыққанды мүшесі ретінде«бастама кінәні сезінуге қарсы» деп аталатын келесі кезеңге өтеді [102]. Кеңестер Одағы тұсында Мәскеуде (1965 ж.) педагогикалық ғылымдар Академиясының симпозиумында келесі жас кезеңдері қабылданды: - Жаңа туған нәресте 10 күнге дейін. - Омыраудағы бала 10 күн – 1 жас. - Ерте балалық шақ 1–2 жас. - Балалық шақтың бірінші кезеңі 3–7 жас.
- Балалық шақтың екінші кезеңі ер балалар үшін 8-12 жас, қыз балалар үшін 8-11 жас. Ал, көпшілікпен мақұлданып қабылданған демографиялық энциклопедиялық сөздікте адамның өмірінің кезеңдері, соның ішінде балалық шақтың (салыстырмалы шектерін ескере отырып) аралығы төмендегідей берілген: -жаңа туған нәресте – 1-10 күн - омыраудағы балалар – 10 күн-1жыл - ерте балалық шақ –1-3 жас - алғашқы балалық шақ – 4-7 жас [103]. Қазақ халық педагогикасында және отандық ғалымдар еңбектерінде де балалардың жас ерекшелік аралығы қарастырылған. К.Қожахметова өзінің монографиялық еңбегінде халықтың түсінігінде қалыптасқан жас ерекшеліктері кезеңінің үш тәсілін көрсетеді: Бірінші тәсіл адамның психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты: - туылғаннан 1 жасқа дейін – «нәресте», - 1-ден 7 жасқа дейін – «сәби»... Екінші тәсіл, қазақ халқының мал шаруашылығымен байланысты: - туғаннан – 10 жасқа дейін – «қозы жасы» (бұл жаста балалар қозы баққан); Үшінші тәсіл, мүшел жасқа байланысты [104]. Ал, С.Қалиевтің еңбегінде қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы, патша жасына мазмұндық сипаттама беріледі [105]. Сондай-ақ, Қ.Шалғынбаева балалардың еңбек тәрбиесіндегі жас кезеңдері мәселесін жыныстық ерекшеліктеріне қарай жүйелеген: Ер балалардың жас кезеңдері: - балбөбектік (1-6 жас); - балиғаттық (7-15 жас); - бозбалалық – жетілген азамат (16-18 жас). Қыз балалардың жас кезеңдері: - балбөбектік (1-6 жас); - балиғаттық (7-15 жас); - бойжеткендік (16-18 жас) [106]. Ұ.М.Әбдіғапбарова қазақ халық педагогикасындағы балалар мен жастарды сәндік-қолданбалы өнерге үйретудегі жас кезеңдерін айқындаған: - 1-6 жас – көріп-білу, байқау кезеңі; - 5-9 жас қолөнерінің қарапайым жұмыстарына қатысу кезеңі; - 10-14 жас – қолөнерінің негізгі жұмыстарына үйрену кезеңі; - 15-19 жас – қолөнерінің бір түрі бойынша мамандану кезеңі [107]. Сонымен, мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін физиологиялық және психикалық дамуына қарай топтастырған ғалымдардың еңбектеріндегі, бағдарламалар мен сөздіктердегі жіктемелерге жасаған талдау олардың құрсақтық – туғанға дейінгі кезең (Д.Бромлей, С.Ғаббасов, 31 М.Құрсабаев және т.б.) және нәрестелік– туғаннан 1 жасқа дейін (Л.C.Выготский, Д.Б.Эльконин, Э.Эриксон), 1,5 жасқа дейін (Д.Бромлей), 2- жасқа дейін (Г.Крайг), 3 жасқа дейін (В.Квинн.); ерте балаллық шақ туғаннан 2 жасқа дейін (A.B.Петровский), 1-2 жас (JI.C.Выготский, Д.Б.Эльконин), 1-3 жас (B.C.Мухина, Э Эриксон), 1,5 – 5 жас (Д. Бромлей), 2-6 жас (Г.Крайг), 3-6 жас (В.Квинн), мектепке дейінгі балалық шақ – 3-6 жас (Л.С.Выготский, A.B.Петровский, Д.Б.Эльконин) кезеңдерін қамтитынын көрсетті. Қазақ халық педагогикасы аясындағы еңбектерде ерте балалық шақ кезеңін нәрестелік – 1 жасқа дейін (К.Қожахметова), сәбилік 1-3 жас (С.Ғаббасов, М.Құрсабаев), 1-7 жас (К.Қожахметова), балбөбектік – 1-6 жас (Қ.Шалғынбаева) деп қарастырылғаны байқалды. Жоғарыда талдау көрсеткендей, ерте балалық шақ кезеңі, олардың жас шекара аралығының бірыңғай жүйеге келмегендігін көрсетті. Балалардың жас кезеңіне берілген теориялық тұжырымдар мен жіктемелердің алуан түрлілігі, бірыңғай пікірге келмеуі ерте балалық шақтың әлі де зерттеле түсу қажеттілігін көрсетеді
Осы жас аралық кезеңдерін ғана емес атауларын да зерттей түсу керектігін мемлекеттік бағдарламалар мен құжаттарда аталған жас кезеңі аталуының біркелкі аталмауы да көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баланың жас ерекшелік шекарасын: 1) жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін); 2) нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін); 3) ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін) деп көрсеткен [91, б. 123]. 2012 жылғы ҚР МЖМБС-ндаерте жас –туғаннан 3 жасқа дейінгі кезең: нәресте-туғаннан1 жасқа дейінгі кезең, сәби-1-3жас деп көрсетсе, 2016 жылғы ҚР МЖМБС- бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін: ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ); кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ) деп берілген [108]. Аталған мемлекеттік бағдарлама мен стандартта да баланың ерте жасы 1-3 жас аралығы екендігін нақты көрсетеді. Дейтұрғанмен, олардың бірінде ерте сәбилік шақ, екіншісінді сәби, үшіншісінде бөбек деп аталуы, осы мәселенің республикада қолға алынып, кеңінен талқыланып жатқандығын, оның атауларының бір ұғымға келуі үшін бұл мәселенің зерттеле түсуі қажеттілігін дәлелдейді. Осыған байланысты біз диссертациялық жұмысымызда ерте жастағы бала деп отырғанымыз, мемлекеттік құжаттардағы сәби, бөбек жас аралығы. Біз де ғалымдардың баланың үйлесімді дамуының негізі үш жасқа дейін қаланады деген тұжырымдары негізінде, халықтық педагогика және психолог ғалымдардың (Л.Выготский, Д.Эльконин, Э.Эриксон және т.б.), сондай-ақ аталған мемлекеттік бағдарламалар мен құжаттардағы балалық шақ кезеңдері жіктемесіне сүйене отырып, ерте жас аралығын шартты түрде былайша бөлеміз:Ерте жас – туғаннан 3 жасқа дейінгі кезең: 1) нәресте – туғаннан 1 жасқа дейін 32 2) сәби – 1- 3 жас Енді анықтап алған жас аралығындағы баланың қай кезңінен бастап танымдық белсенділігін дамытуға баса көңіл бөлу керектігін анықтау үшін олардың физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктері туралы теориялар мен тұжырымдарға мән бердік. Аса көрнекті чехтың ұлы педагогы Я.А. Коменский баланың сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту системасын құру керектігін айтты. «Ұлы дидактика» еңбегінде мектепке дейінгі тәрбиенің жүйесін жасады [109]. Ж.Ж. Руссо мектеп жасына дейінгі психологиялық ерекшеліктерін толық ашып берді. Ол баланың ақыл ойының, ықылас-тілегінің өзіндік ерекшелігінің болатынын, оларға барлық уақытта бала деп қарауға болмайтындығын, кейде үлкендермен түрліше араласу баланың табиғи дамуына кері әсер етеді [110]. Г. Песталоцци баланың жеке басының қалыптасуына жанұяның әсіресе ананың ролі зор деп бағалады. Ол танымның басталар сәті сезімді қабылдау деп есептеді, әрбір баланың бойында бақылау мәдениетін қалыптастыруды талап етті [111]. Баланың жеке тұлғасының белсенді түрде қалыптасуы осы жаста басталатыны туралы пікірлер психологиялық-педагогикалық әдебиетте көптеп кездесетінін айта кеткен жөн. Баланың ақыл-ой және психикалық дамуының ерекшеліктерін зерттеген психологтар: П. П. Блонский, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, А. В. Запорожец, П. Ф. Каптерев, А. Н. Леонтьев, Т. А. Маркова, B. C. Мухина, М. И. Лисина, Л. С. Рубинштейн, Е. О. Смирнова және т.б. [112- 122]. Әсіресе біздің еңбегіміз үшін қызығушылық тудырған және зерттеу барысында негізге алынған В.С.Мухинаның «Балалар психологиясы» еңбегі болды [123]. Осы ғалымдардың және Л.А.Семчук, А.И.Янчийдің даму психологиясы еңбегі негізінде ерте жастағы балалардың дамуы туралы ойлардың жинақталған түрі кестемен қосымшада беріледі. 2-3-қосымшада баланың туғаннан 1 жасқа дейінгі яғни, нәрестелік кезеңіндегі психикалық үдерістерінің (моторика, қабылау, есте сақтау, ойлау, эмоциялық қарым-қатынасы ) дамуы мен оған ықпал ету мүмкіндіктерікөрсетілген. 4 қосымшада баланы 1-3 жас аралығында дамытудың жалпы сызбасы беріледі (зерттеу барысында ерте жастағы баланың дамуы бойынша берілген теориялық тұжырымдар негізге алынады).
Нәрестенің физиологиялық дамуында ол ересектерге толық тәуелді болады, тілді қолдана алмайды. Физикалық тұрғыдан қарқынды өседі(1,5-2 есеге). Қозғалу белсенділігі дамиды. 1 айлығында иегін көтереді, 2 айлығында кеудесін көтереді, 3 айлығында затқа ұмтылады. 4 айлығында сүйемелдеумен отырады, 5-6 айлығында затты қолымен ұстай бастайды, 7 айлығында басқалардың көмегінсіз отырады, 8 айлығында басқалардың көмегінсіз отыра алады, 9 айлығында сүйемелдеумен тұрады, ішімен еңбектейді, 10 айлығында қолымен тізесіне сүйеніп еңбектейді; екі қолымен ұстап жүреді. 11 айлығында сүймелдеусіз тұрады, 12 айлығында бір қолымен ұстап жүреді [124]. 33 Нәрестенің психикалық дамуындағы басты іс-әрекет– ересектерменэмоциялық қарым-қатынас: заттар арқылы байланыс; біріккен қызмет ретіндегі байланыс. 4-5 айлық кезеңде қарым-қатынас таңдау сипатына ие болып, күлкі, қимыл реакциясы пайда болады, ересектердің субъектілі, жеке қарым-қатынасы арқасында нәресте өзін-өзі қарым-қатынастың жеке субъектісі ретінде сезіне бастайды;бірінші жартыжылдықтың соңына қарай өзіне жақын ересектермен аффективті–жеке байланыс қалыптасады.Ересектермен эмоциялық қарым-қатынас нәрестенің қоршаған заттарға бағытталған танымдық белсенділігін ынталандырады.Психикалық сезіну, қабылдау үдерістері дамиды.Екі айлық кезеңде көруінің шоғырлануы пайда болады және жетіледі. Үш айлық кезеңде оның ұзақтығы 5-7 минутқа созылады. Екі айдан бастап қарапайым түстерді ажырату қабілеті біліне бастайды. 3-4 айлық кезеңде заттардың түрін қабылдауы байқалады (иілген заттарға көп көңіл бөледі). Есту және көру қабілеттерінің ересектерден айырмашылығ болмайды. Бала көргеніне ұзақ қарай алады, естігенін және көргенін дұрыс байланыстыра алады. Кеңістікті қабылдауы белсенді дамиды. 4 айлық кезінде бала жай ғана көрмейді, қарайды. 6 айлық кезінен бастап түске деген белсенді қызығушылығы байқалады. 8-10 айлығында бала кеңістіктегі заттарды қабылдай бастайды. Алған әсерлері қабылдауға айналады.Зейінніңбасында шоғырлану реакциясы ретінде көрінеді. Кейіннен айналасындағыларға танымдық қарым-қатынас түрінде дамиды. Зейіннің пайда болуы мінез-құлық пен іс-әрекеттің барынша күрделі түрінің тууына ықпал етеді.Есте сақтаутану және бейнелеу түрінде пайда болады. Есте сақтауда бірінші танудан басталады(3-4 айлық кезеңнен кейін бала кез келген уақытта анасын таниды). Ассоциативті есте сақтау пайда болады. 8 айдан кейін қайта жаңғырту пайда болады. «Ішкі» сезіну мен қабылдау іс-әрекеті істей бастайды. Бірінші қозғалмалы, эмоциялық және бейнелі есте сақтау дамиды, бір жастың соңына қарай сөзді есте сақтаудың алғышарттары қалыптаса бастайды. Ойлаусезімдікжәне қозғалыс үдерістерін дамыту көрнекі-әрекетті ойлаудың алғашқы түрін дамытудың негізі болып табылады. Бір жастың соңына қарай сезімдік зияттың алғашқы белгілері пайда болады. Көрнекі-әрекеттік зияттың пайда болуы басқа жетістіктерге жету үшін өлшем құралы ретінде пайдаланылады. Сөзгеқатысын айтсақ,ересектердің сөзіне назар аударады. 1,5 айдан 4 айға дейінгі кезеңде уілдеу сипатындағы қысқа дыбыстар шығарады. Алғашқы жартыжылдықта сөзді есту қалыптасады, сонымен бірге баланың өзі де гуілдеген дыбыстар шығарады. Алты-жеті айлық кезеңінде диалгтің түрі мен құралы барынша күрделене түседі. Тіпті баланың жылауының өзінен бірінші күнге қарағанда көптеген өзгерістер байқалады. Қорқыныштан жылау мен жайсыздықтан жылаудың, шақырып жылау мен шағынып жылаудың айырмашылығы байқалады. Бала екінші жартыжылдықта дыбыс шығарып былдырлай бастайды. Бір жастың соңына қарай 10-20 шақты сөзді түсінеді және оған көңіл бөледі, сонымен бірге өзі де бір немсес бірнеші сөздерді айтады. Автономды сөзі қалыптасады. Мағыналы сөздерді қолдануы қарқынды дамиды. Заттардың атауы мен олардың арасындағы өзара байланысты қолдана 34 алады.Эмоциялық дамуы -екі айлығында анасын тани бастайды. «Кешенді тіршілік»– жақындарына эмоциялық-жағымды сезімдік реакция пайда болады (күлу, уілдеу, көз алмай қарап қалу, назарын шоғырландыру). Бұл алғашқы әлеуметтік қажеттіліктің – қарым-қатынас қажеттілігінің пайда болғанның куәсі болып табылады.3-4 айлығында балада эмоциялық жағдай: таңырқау, мазасыздану (физикалық жайсыздық жағдайында), қажеттілігін қанағаттандырған кезде босаңсу, еркінсу пайда болады. Таныстарына күледі, таныс еместерді көргенде күлкісін тоқтатады. Жағымды эмоциясын білдірген күлкісі кейіннен айқайға ұласады. 7-8 айлығында таныс еместерін көргенде мазасыздануы күшейе түседі. 7 ай мен 11 айдың арасында «ажырасудан қорқу» – анасы жоқ боп кетекенде қайғыру немесе қорқыныш пайда болады. Жылаудың барлық түрін көрсетеді.Жүру – ескі даму жағдайын ауыстыратын нәрестелік жастың жаңалығы. Алғаш рет бірыңғай әлеуметтік жағдайдағы, енді баланы анасы бастамайды, баланың өзі қалауы бойыншы анасын бастап жүреді.Осы шақта оның бойында «Біз» пайда болады[124]. Л.И.Божович жаңадан пайда болу, баланың есіндегі заттардың аффективті бейнелері оның қажеттілігін ынталандыру арқылы өтеді деп есептейді [125]. Осыған байланысты бірінші жылдағы дағдарыс жүрудің дамуы есебінен және сөздік іс-әрекетті игерумен пайда болады. Ата-аналар мен балалардың арасында жаңа өзара байланыс орнайды. Л.С.Выготский осы дағдарыстың белгісін эмоциялық қырсық мінез көрсетумен пайда болатындығын (бала өалағанын талап етеді және ересектердің қарсылығына ұшырайды, оның көңілі қалады, нәтижесі – аффективті мінез-құлық) негіздейді [126]. Баланың сәбилік шағында (1-3 жас) әлеуметтік жағдайы аясында заттармен өздігінен жұмыс істеуге ұмтылады. Бала мен ересектердің бірлескен іс-әрекеттегі әлеуметтік жағдайы қарама-қайшылыққа негізделеді. Заттармен жұмыс істеуде ересектер үлгі көрсетуі, ал бала сол мезгілде жеке іс-әрекетті орындау керек. Ерте жаста дамытудың әлеуметтік жағдайы «бала–зат–ересек» жүйесімен сипатталады. Осы жаста бала затқа толықтай қызығады. К.Лоренц ерте жаста затты ерекше қадірлейтінін айтқан. Баланың әлеуметтік дамуы екі бағытта жүреді: адамдардың бір-бірімен өзара байланыс ережесін игеру арқылы және баланың әлемдегі тұрақты заттармен өзара байланысы арқылы. Араны байланыстыратын делдал (ересек) арқылы және әлеуметтік рөлді игеретін қатысушы (құрбысы) арқылы жүзеге асады. Физикалық дамуындағы басты жетістік – дұрысжүруді меңгеру. Барлық қозғалыс аппараты дамиды. Екі жасар бала үшін жүру қажеттілік болып табылады. 9-10 жасында жүру тегіс автоматтандырылады. Екі жарым жасқа келгенде іртүрлі қимылды меңгереді, заттарды тасиды, оларды бір-бірімен араластырады. Бұлшық еттер ара қашықтықты қабылдау мен заттардың кеңістіктегі жағдайын сезінуіде негізгі орынға шыға бастайды. Жетекші ісәрекеті - заттық-қимыл әрекеті.Бұл жастағы қарым-қатынас заттық іс-әрекетті ұйымдастыру түрі болады. Заттық іс-әрекеттің ішінде жаңа түрлер – ойын және іс-әрекеттің өнімді түрлері (суретсалу, мүсіндеу, құрастыру) пайда бола бастайды. Заттық іс-әрекетті меңгеруде маңызды рөл іскерлік қарым-қатынасқа 35 тиісті болады. Заттық іс-әрекет жетекші бола отырып, көп жағдайда танымдық процесті дамытуға ықпал етеді.
Психикалық дамудасезіну, қабылдау -14 пен 16 ай аралығында және екі жаста түсті сезінудің ерекше жоғарылау үдерісі жүреді, ал 20-24 айлық кезеңде түсті сезіну процесі баяу өседі. Басқа психикалық қызметтерге қарағанда қабылдау басым болады. Қабылдаудың аффективті сипаты сенсомоторлық бірлікке алып келеді. Даму заттық іс-әрекетте жүреді. Заттық қабылдау орталық танымдық іс-әрекеттұрғысынан қалыптасады. Заттар арасындағы кеңістіктегі қарым-қатынас байқалады. Қабылдау барысында бала бір қасиетке сүйенеді, соңында тану арқылы оған бағыттлады. Қабылдау аффективті түрде ерекшеленеді және практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты болады. Қабылдау – баланы танымдық салада дамытудың жетекші қызметі. Қабылдау заттың іс-әрекеттің орындалуымен тығыз байланысты. Қабылдау бағытталған ішкі іс-әрекет негізінде дамиды (заттарды түріне, көлеміне, түсіне қарай таңдау).Зейінді дамыту заттық іс-әрекет және сөзді меңгеру арқылы жүзеге асады. Зейін ырықсыз, нашар шоғырланған, тұрақсыз болады, ауысуында және бөлінуінде қиындық байқалады, көлемі де үлкен болмайды. Іс-әрекетті орындауда саналы бақылау болмайды. Сөздің ықпалымен еркін ырықты дамытудың алғышарттары қаланады. Балалардың зейіні шоғырланатын заттардың шеңбері, олардың белгілері, сондай-ақ олармен іс-әрекет кеңейе бастайды.Жады (Ес)белсенді қабылдау үдерісінде – тануда іске қосылады. Бала бұрынғы көргені мен естігенін ырықсыз түрде есіне түсірсе де, тану негізінен басым болады. Жады қабылдаудың жалғасы және оны дамыту болып табылады. Қозғалыс және эмоциялық, жекелей бейнелі жады басымдық алады. Материалдардың сақталу көлемі мен беріктігі өседі. Ырықсыз жады басымдыққа ие болады. Сөздік-мағыналық жады қарқынды дами бастайды. Жадының жаңа процесі қайта жаңғырту пайда болады.Ойлауды дамыту баланың өзінің іс-әрекетіне (сезімталдық тәжірибені игеруіне), іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін ересектердің ықпалына және заттардың кеңейтілген атауын беруменбайланысты болады. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі-әрекетті бейнелі ойлаудың элементтерін қалыптастырудан басталады. Ойлау заттық әрекетте пайда болады және жүзеге асады. Зияткерлік міндеттерді шешуде даму барысында тікелей қабылдаумен аз байланысты болатын ойлауда сөз үлкен маңызға ие болады. Ойлау бала заттың маңызын меңгеру нәтижесінде қарқынды дамиды. Бір затты екінші заттың орнына қолдануға болатын танымның символдық-белгілік іс-әрекеті қалыптаса бастайды, сондай-ақ алмастыру шынайы заттардың белгісі болып табылады. Алғашқы ойлау операциялары: салыстыру мен қорыту пайда болады. Үш жастағы кезеңде ойлаудың барынша күрделі және әрекеттің жаңа түрін меңгеруде маңызды орын алатын танымның белгілік (символдық) қызметі қалыптасады.Қиялдың алғышартына елестету жатады. Ойын барысындақиялдау жағдайында және заттарды ойын кезінде атағанда қиял пайда болады. Қиял тек шынайы заттарға сүйену барысында және олардың сыртқа бейнесімен әрекеттескенде қызмет етеді. Ерте жастың соңында баланың өзінің алғашқы шығармасы – ертегісі, 36 әңгімесі пайда болады.Сөйлеудің қарқында дамуы баланың заттық әрекетімен байланысты болады. Балада айналасындағыларға деген қызығушылық өседі, бірақ өзінің қарым-қатынасқа деген қажеттілігін қанағаттандыратын қарымқатынас құралы (ым-ишара) жетіспейді. Пайда болған белсенді дербес сөйлеуді шешу жолында қарама-қайшылық туындайды (1,5 жастан 2 жасқа дейін). Баяу сөйлеуді белсенді сөйлеу басып озады. Баяу сөздік қор белсенді сөздік қорды байытады. Бала әр заттың атауы бар екенін біледі (алғашқы тілдік «жаңалық»). Осы жастың басында баланың тіліндегі бір сөзді сөйлемдер құбылысы байқала бастайды[124]. Л.С.Выготский: «Фазалық жағынан – сөз, семиотикалық жағынан – сөйлем. 2-3 жасар кезінде бала сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты екенін түсіне бастайды (екінші сөздік «жаңалық»)». Бала алғашында дұрыс тыңдауды, содан кейін дұрыс сөйлеуді үйренеді. Үш жасар кезінде көлемі жағынан да, сапасы жағынан дасөзді түсінуі өседі. Балалар тек нұсқау-сөзді ғана емес, әңгіме-сөзді де түсінетін болады. Сөздің көрсеткіштік қызметінен мағыналық қызметіне өту жүреді. Жағдаяттық сөз пайда болады. Тек коммуникативтік қана емес, сөздің реттеушілік және қорытындылаушы қызметі дамиды. Балалар өздеріне таныс сөздерді бір-бірімен ауыстырып қолдануды тарата бастайдыбастайды [126]. Ерте жаста баланың жеке дамуы жүреді.Заттық қимыл іс-әрекет барысында және жақын туыстарымен қарым-қатынас үдерісінде мінез-құлық сипатының қалыптасуы жүреді. Бағыныштылық мотивтері (барлық мотивтер бірыңғай жеңімпаздық күшке ие болады) жойылады, талаптары тұрақсыз, бақылаусыз және ұстамсыз болады. Дербестік және табысқа жету қажеттліктері пайда болады. Мінез-құлқы тек жағдайдың мазмұнына емес, басқа адамдармен қатынасына қарай ынталана бастайды. Мінез-құлқын бақылау арқылы темпераменттің алғашқы белгілерін көруге болады. Бала мінез-құлық ережелерін меңгере бастайды, өзінің және өзгенің қылықтарын бақылайды. Еркін мінез-құлыққа өту үдерісі жүреді (К.Левин бойынша). Жеке тұлғаның қалыптасуының алғашқы маңызды алғышарттары қалыптасады. Үш жасар кезінде өзіне дербес «Мен» ретінде қарай бастайды, яғни балада танымның алғашқы түрі пайда болады. Жеке әрекеті, жеке тілегі, «Мен өзім» танымы пайда болады. Өзіндік танымының дамуы өзінің әрекетімен, өзінің тілегін танумен байланысты болады. Балада мақсаттылыққа бағытталған шынайы дербестік дамиды. Іскерлік-жағдаяттық және жағдаяттан тыс танымдық қарымқатынас қалыптасады. Баланың үлкендерге деген қарым-қатынасы өзгереді және өзінің ересектерге деген тілек-талабын қарсы қояды.Эмоциялық дамуыбойыншаалғашқы үш жылда баланың эмоциялық жағдайы өте тұрақсыз болады. Мінез-құлқы ашық эмоциялық реакциялар арқылы көрінеді. Эгоцентризмнің салдары – эмпатияның нашар дамуы. Эмоциялық фаза еркіндігі, сезімнің, демек қиялдың даму еркіндігі (сенімді субъектизм фазасы немесе сенімді эгоцентризм). Бала қоршаған әлемде өз уайымымен өзі болады. Субъектизим, өз уайымымен өзі болу, табиғи эгоцентризм – барлығы шынайы, тікелей сипатқа ие болады. Өзін-өзіэмоциялық жоғары бағалау пайда болады. 37 Осы кезеңде баланың дамуында «Мен» деген өте күшті жағымды қажеттелік болады. Басқа біреуге деген жанашырлық қабілеті өте ерте пайда болады. Осы жаста баланың бойында жаңарупайда болады. Өзін-өзі бағалаудың, өзін-өзі құрметтеудің, өзін-өзі танудың пайда болуын сипаттайтын «ішкі Мен өзім» қалыптастыру қажеттігі туындайды. Сөздік қордың айтарлықтай ұлғаюына, сөйлем құрастыруға, сөздердің мағыналық байланысын түсінуге тән тілді дамыту керек болады. Бір жастың соңында пайда болатын жаңару жаңа әлеуметтік жағдайды дамытатын құрылымның қажеттілігін тудырады. Бұл жағдай ересектермен бірлескен іс-әрекет. Бұл бірлескен іс-әрекеттің мазмұны – қоғамда жасалған тәсілдерді меңгеру: өз бетінше жүруді дамыту, дұрыс жүруді игеру. Заттар әлеміне деген жаңа қарым-қатынасты қалыптастырумен байланысты заттық әрекетті меңгеру. Жеке жаңару өзінің жеке жетістігі үшін мақтаныш тудырады. Символдық, алмастырушы әрекет. Заттық ойын. Белсенді сөз[124]. Л.И.Божовичтің тұжырымдауынша, үш жастағы дағдарысөзін-өзі бағалауды дамытумен, барлығын өзі жасауға деген ұмтылыстан талап етіледі. Дағдарыс себебі «жасаймын» және «жасай аламын» деген талаппен қақтығыстан пайда болады Қарым-қатынастың ескі жүйесін қайта қарау, өзінің «Мен» дағдарысы. Жақын ересек адамдардан психологиялық бөлектену. «Жетістігі үшін мақтаныш» пайда болады[124]. Сонымен жоғарыда айтылып өткендерді қорытындылап, тұжырымдап көрейік. Баланың өмірінің алғашқы үш жылында дамуы қарқынды жүреді. Бұл кезеңде барлық сезім мүшелерінің іс-әрекеті, әсіресе көру және есту, тез жетіледі. 11-12 айда бала негізгі қозғалыстарды игереді. Бір жасқа толғанда оның сөздік қорында 6-10 сөз болады. Олардың саны өсіп, екі жаста 200-300 сөзге дейін, ал үш жаста 1000- нан асып 1500 сөзге дейін жетеді. Зерттеушілер ерте жастағы баланың психикасы мен санасында жаңадан пайда болатын дүниелермен байланысты оның ішкі психикалық өмірі мен ішкі өзін-өзі реттеу белсенді түрде қалыптасуы орын алатындығын айтады. Психологтар мұндай жаңадан пайда болатын дүниелерге тілдің, естің, зейіннің, қиялдың дамуын, танымдық қызығушылықтың кеңеюін, балалық дүниетанымның және жеке тұлғалық мінез-құлық тетіктерінің негізінің қалыптасуын жатқызады. Ерте жастағы баланың бойында қалыптасатын психикалық үрдістер мен ісәрекеттер мектеп жасындағы баламен салыстырғанда жай болып келеді. Бірақ баланың осы кезеңде игерген көптеген дағдылары, айталық, тілді, әр түрлі әрекеттерді игеру, жүру т.б., өмір бойы маңызын жоймайды. Мысалы, егер бала дер кезінде жүріп үйренсе, белсенді қозғалыс арқасында оның ой-өрісі кеңейеді, қызыққан затына жан-жақты қарап, түйсігі жетіледі, үлкендермен, басқа балалармен қарым-қатынас жасауы жеңілдейді. Бұған қоса, белгілі бір жас кезеңінде қандай да бір дағдының қалыптасуының қолайлы уақыты бар. Мысалы, бала 2,5 жастан 3,5 жасқа дейін тіл дыбыстарын өте жақсы айта алады. Есейе келе тілдік қабілеті төмендейді және оны дамыту үшін көп еңбектену қажет. Үлкендермен қарым қатынас баланың ерте жастан дамуына 38 әсері мол. Сондықтан баланы тәрбиелеу мен оқытуда қандай да бір дағдыларды қалыптастыру үшін дер кезінде оңтайлы жағдай жасау керек [127]. Ерте жастағы баланың денесі мен психикасының даму қарқыны жоғары, дегенмен оның барлық ағза мүшелері мен жүйке жүйелерінің құрылысы дамып аяқталған жоқ, сондықтан олардың іс-әрекеті де жетілмеген. Мысалы, жүйке жүйелерінің күші әлсіз, байсалдылығы мен ширақтығы жеткіліксіз, ішкі тежелу үрдістері де жеткілікті қалыптаспаған. Бұл баланың мінез-құлқында көрініс табады. Ол тез шаршап қалады, оның көңіл-күйі тұрақсыз, бұл қыңырлық пен жанжалға себеп болады. Белсенді сергектік ерте жаста бірте-бірте ұзарады. Бұл баланың жүйке жүйесі жетілмегендіктен тез қарқынды даму жағдайында оның шаршап қалуына жол бермейді. Жасы кіші бала тезірек дамиды, жиі әрі көп ұйықтайды.Балалардың жақсы әрі байсалды көңіл-күйі олардың дер кезінде және толыққанды дамуының бірден бір шарты. Балалардың өмірін дұрыс ұйымдастыру, қызықты әсерлер, балалар мен үлкендердің біріккен іс-әрекеті олардың көңіл-күйіне демеу болады.Ерте жаста балалардың даму қарқыны бірдей емес. Бұл салмағы, бойы, отыру мен жүрудегі алғашқы талпыныстары, тістерінің шығуы сияқты дене бітімінің көрсеткіштеріне қатысты. Бұл саладағы медициналық көрсеткіштер әрдайым өзгеріп тұрады. Аталмыш ауытқулар психикалық дамуда да байқалады. Осылайша бір жас тобындағы балалардың бірдей жағдайда тәрбиеленіп жатса да, даму көрсеткіштері жоғары да, төмен де болуы мүмкін.Балалардың дүниеге келген сәтінен бастап бойларында жүйке жүйесінің әр түрлі тұрпаттамалық ерекшеліктері немесе, басқаша айтқанда, темперамент түрлері байқалады, сондықтан бала тәрбиесіне даралық тұрғыдан келген жөн. Кейбір балалар тез елігеді, кейбіреуі баяу, ал енді біреулерінің жүйке үрдістерінің әлсіздігі әр түрлі әсерлерге деген аса сезімталдығымен ұштасады. Көптеген авторлардың зерттеулерін қорытындылай келе, жаңа туған балалардың мінезіндегі алты түрлі басты айырмашылықтарды көрсетуге болады: әртүрлі ынталандыруларға реакциялар диапазоны; жалпы белсенділігінің дәрежесі, қозуы, ұйқы кезіндегі мазасыздануы, барлық жаңалықтарға үйренуі, қолдан алуға ұмтылуы. Мінез-құлықтың бұл белгілері темпераментпен түсіндіріледі. Бұл ерекшеліктер топтамасы ерте жастағы баланың ақыл-ой дамуының тұтастығы мен әрі қарай дамуы үшін негіз ретінде маңыздылығын растайды. Осы кезеңнің сипаттамаларын егжей-тегжейлі қарастыру баланың әлеуетті қабілеттерін барынша толық ашатын болады; оның дамуы мен білімінің жеке траекториясын дұрыс және тиімді түрде қалыптастырады. Өйткені, белгілі психологтардың тұжырымдары осы ойымызға негіз болады: 1) Бүкіл баланың дүниетанымдық тұжырымдамасының алғашқы сызбасының пайда болуы (Л.С.Выготский). 2) Алғашқы этикалық инстанциялардың пайда болуы (Л.С.Выготский). 3) Мотивтерді бағындырудың пайда болуы (А.Н.Леонтьев). 4) Еркін мінез-құлықтың пайда болуы (Д.Б.Эльконин, A.B.Запорожец). 5) Жеке сананың пайда болуы.A.A.Леонтьев Сонымен жоғарыда аталған зерттеушілердің еңбектерін талдау балаларды ерте жастан дамыту дегенде, туғаннан баланың қабілеттілігін дамыту қажеттігін көрсетеді. Балаларды ерте дамыту мәселесін зерттеуші Лена Данилова «Ерте дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |