Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы


Маманданған еңбек бөлінісі



бет9/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Маманданған еңбек бөлінісі – бұл қолынан іс келетін маман адамдардың жұмыспен қамтылуы. Маманданған еңбек жұмысты әр түрлі операцияға бөледі. Мысалы: қаржы бойынша маман, маркетингтік қызмет бойынша маман, өндіріс бойынша маман, бухгалтерия қызметкері және т.б. Маманданған еңбек бөлінісінде горизонталды және вертикалды еңбек бөлінісі үлкен роль ойнайды. Бұл өз кезегінде ұйымның бәсекелестеріне қарағанда қаншалықты өнімділігін, жоғары деңгейден төменгі деңгейдегі жұмыстарды адамдар арасында тиімді және мақсатты жолдарын қолдау арқылы бөлістіру процесі айқындап береді.
Горизонталды еңбек бөлінісі белгілі бір бөлімнің бөлімшелерге бөлу процесі болып табылады. Ал вертикалды еңбек бөлінісі басшылықты белгілі бір иерархияға алып келеді.
Бақылау сферасы – басшыларға бағынышты адамдар санын көрсетеді. Егер бір басшыға бағынатын бағыныштылар саны көп болса, бұл кең бақылау сферасы деп аталады. Егер бағынатын бағыныштылар саны аз, бұл тар бақылау сферасы деп аталады.
Ұйымның міндеттері – бұл арнайы алдын ала келісілген мерзімде, белгіленген әдіспен орындалуы тиіс болған жұмыс сериясы және жұмыстың бір бөлігі.
Ұйымның міндеті 3 категорияға бөлінеді.
а) адамдармен жұмыс істеу;
б) заттармен жұмыс істеу;
в) ақпаратпен жұмыс істеу.
Бұларға мысал, станокта жұмыс істейтін адамдар заттармен жұмыс істесе, мастердің міндеті – адамдармен жұмыс істеу, ал ұйым басшысының міндеті ақпаратпен жұмыс істеу болып табылады.
Технология – бұл адамдарда, заттарда және ақпараттарда болған өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті квалификациялық құрал-жабдықтармен технологиялық білімдердің инфрақұрылымдардың үйлесуі. Түрлі машиналар, құрал-жабдықтар, шикізат, энергия бұл технология компоненттері болып табылады.
Американ ғалымдары Джоан Вудворд және Джеймс Томпсондардың технологияларды жіктеудегі міндеттер мен технологиялар арасындағы өзара қарым-қатынасты келесідей бейнеледі:
1. Технология бірлігі, кіші сериялы және жеке өндіріс болып саналады. Бір және аз сериялы бірдей өнімдерді шығарумен сипатталады.
2. Жаппай және ірі көп сериялы өндіріс. Ол бірдей және өте ұқсас өнімнің көп санын шығаруда қолданылады.
3. Үздіксіз өндіріс. Мұнда көп мөлшерде бірдей заттарды шығаруда автоматтандырылған құралдарды пайдаланады.
Д.Томпсон Д.Вудвордтың жіктеуінен өзгеше технологияны жіктеу жүйесін өңдеді. Ол технологияны мынадай 3 категорияға бөлді:
1. Көп звенолы технологиялар – олар кезекті орындалуы тиіс бір-бірінен тәуелді қызметтерді орындауымен сипатталады. Мысалға, автомобильді құрастыру процесінде автомобильдің рамасын жинап алмай, оның двигателін құрастыру мүмкін емес.
2. Делдалдық технологиялар – бір-бірімен тәуелді болатын және болғысы келетін кездесумен сипатталады. Мысалы, компанияларды жұмыспен қамтамасыз ету бюросы.
3. Интенсивті технологиялар – өндіріске түсетін белгілі бір нақты өнімде қандай да бір өзгеріс енгізу үшін арнайы шараларды, білімдерді және қызметтерді қолданумен сипатталады.
Негізінен Д.Вудворд өндірістік кәсіпорын технологияларымен айналысса, ал Томпсон барлық ұйым түрлерінде қолданылатын технологиялармен айналысты.
Адамдар. Ұйымның алға қойған мақсаттарына басшылықтың адамдар көмегімен жетеді. Әр қандай басқару моделінің орталық факторы бұл – адамдар.
Адам байланысын 3 негізде /аспектте/ қарастыруға болады:
1. жеке адамдардың тәртібі;
2. топтағы адамдардың тәртібі;
3. басшылық тәртібі және оның жеке адамның және жеке топтардың тәртібіне әсері.
Басшылар үшін жеке адамның тәртібінде үлкен роль ойнайтын оның қабілеттілігі, таланттығы, қажеттілігі, қарым-қатынасы, көз-қарасы, құндылық т.б. қасиеттері болып табылады. Қабілеттілік қызметкердің іс-тәжірибесінде анықталады. Таланттылық – бұл адамдардың нақты бір жұмысты орындаудағы потенциалы. Таланттылық тума немесе өмірден арттырылады. Қажеттілік – бұл адамның бір нәрсенің жетіспеуін психологиялық және физиологиялық сезінуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет