ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ ТЕОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы: Білім,ғылым, техника және технология.
Орындаған: Серик Арайлым
Қабылдаған: Досалиев Тимур
Жоспар
Білім, ғылым, техника және технологиялар.......................................................4
Ғылым философиясы............................................................................................5
Техника ұғымы және оның қолданыстағы мәні................................................8
Технология............................................................................................................9
Ғылыми – техникалық революция......................................................................9
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………….9
Тест тапсырмалары.............................................................................................10
Білім, ғылым, техника және технологиялар.
Білім беру философиясы ғылым ретінде ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды. Ол көптеген философиялық ағымдар мен білім беру жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде ғылым саласының бірі ретінде қалыптасты.
Білім беру философиясының ғылым ретінде қалыптасуына ғалымдардың көзқарастары әр түрлі. Ғалымдардың бір тобы білім беру философиясын жеке ғылым ретінде мойындаса, екінші бір тобы оны жеке ғылым ретінде қарастырудың маңыздылығы жоқ десе, үшінші бір ғалымдар тобы білім беру философиясын педагогика мен философия ғылымдарының тоғысында, қолданбалы ғылым саласы ретінде қарастыруды жөн деп санайды.
Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастыратын ғылым саласы.
Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген.
Ыбырай Алтынсариннің білім беру философиясы.
Ыбырай білімге талпынуға, білімдіден үйренуге үгіттейді. «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал – мектеп… қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты.
Бұрын білім аз санды адамның бәсіресі құсап сезінілген. Қазір жалпыға ортақтастырылды және кез келген адам білім ала алады, оны пайдаланып жоғары мақсаттарға жете алады. Білім сын көзбен қарау арқылы дамиды, бірақ бұл білімге жеккөрінішпен қарау болмауға тиіс.
Адамзат баласы ақиқатқа талпынады, шынайы пайдалы білімге талпынады. Оның шегі қайда апаратын белгісіз. "Білім - күш" деген сөзді Ф.Бэкон айтқан, бірақ ол адамзатты бақытқа бөлейтін жақсы күш пе, әлде сорлататын, құртатын жаман күш пе, бұл туралы да талас көп. Қазіргі білімнің беталысы әрі сүйіндірерлік, әрі шошытарлық. Қазір адамзат білімнің кемшілігін түзететін "жасыл білімге" ауысып бара жатқаны байқалады. Ежелгі мәдениетте білім адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі қатынастарын реттейтін аңыздар, салт-дәстүрлік жарлықтар мен нормалар, тыйым салулар пішімінде болды.
Техника және білім – ғылым философиясы дей келе ХХ ғасыр талабына сай білім беру жүйесі әрдайым өзгерісте болуы керек. Бүгінгі тандағы білім үлесінің (ақпараттың) қоғамның қай саласында болмасын дәрежесі күрт өсуде. Еліміздің алға қойған негізгі мақсаты, ғылым мен техниканы ұштастыра отырып, жастарымызға сапалы білім беру болып отыр. Сонда ғана біз артта қалушылықпен мәңгілік қоштасамыз.
«Техника және білім – ғылым философиясын қарастыратын мәселесі ретінде»
Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |