Тараз 2015 Құрастырушыдан / От составителя



бет1/16
Дата24.02.2016
өлшемі2.96 Mb.
#13232
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Кітапханалық-ақпараттық орталық

Ақпараттық-библиографиялық қызмет секторы



Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы

(Библиографиялық көрсеткіш)


Тараз

2015

Құрастырушыдан / От составителя
Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы: Библиографиялық көрсеткіш / Құрастырушы: Искакова Д.Ш. – Тараз: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті - Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2015. - 105 б. (Әдебиеттер – 171 аталым, 2581 дана; электронды ресурстар – 2 аталым; мерзімді басылымдардағы мақалалар тізімі – 1521 аталым).

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдау жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің шынайы егемендігінің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді. Тәуелсіз Қазақстанның қа­лыптасуы Президенттің қызметімен тікелей байланысты, яғни Ұлт Көшбасшысының ғылыми, саяси ізденістерімен байланысты десек – қателеспейміз. 2012 жылдың 1-ші желтоқсанында еліміз алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекеледі («Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР 2001 ж. 13 желтоқсандағы № 267-ІІ Заңы (2011.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Көрсеткіште кітапхана қорындағы кітаптар, ғылыми мақалалар және мерзімді басылымдар беттеріндегі кітаптар тізімі әліпбилік ретпен берілген. Мерзімді басылымдар беттерінен жинақталған мақалалар кері хронологиялық ретпен берілген.

Библиографиялық көрсеткіш ауқымды көлемдегі оқырмандарға арналған.




Нұрсұлтан Назарбаев – Тәуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы:Библиографический указатель / Составитель: Д.Искакова. - Тараз: Библиотечно-информационный центр - Таразский государственный университет имени М.Х. Дулати, 2015.- 105 с. (Литература 171 наим. и электронные ресурсы 2 наимен., 2581 экз; список статей из периодических изданий - 1521 наименований).

Библиографический указатель посвящен Превому Президенту Республики Казахстан Нурсултану Назарбаеву. 1 декабря 2012 года стал для жителей Казахстана еще одним праздничным и выходным днем. С 2012 года 1 декабря первый раз в стране отмечался День Первого Президента Республики Казахстан. 10 декабря 2011 года на пленарном заседании сената Парламента Республики Казахстан был принят закон «О внесении дополнения в закон РК «О праздниках в Республике Казахстан». День Первого Президента Республики Казахстан учрежден с целью отметить и признать выдающиеся заслуги Первого Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева перед Республикой. Исторической предпосылкой и основанием для выбора даты праздника послужило событие, состоявшееся 1 декабря 1991 года, — в результате первых всенародных выборов Нурсултан Абишевич Назарбаев был переизбран на пост президента Республики Казахстан.


Список книг расположен в алфавитном порядке. Список из статей периодических изданий расположен в обратном хронологическом виде. Библиографический указатель предоставлен широкому кругу читателей.




Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Өмірбаяны

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы (қазіргі – Қарасай) Шамалған ауылында дүниеге келген. 


1958 жылы Н.Ә. Назарбаев Қаскелең ауданы Абай атындағы орта мектепті медальмен аяқтайды. 
1958 жылы Н.Ә. Назарбаев комсомолдық жолдамамен Теміртаудағы металлургиялық зауыттың құрылысына жіберіледі. 
1958 жылдың 20 қарашасы мен 1960 жылдың 26 сәуірі аралығында қазақтың бір топ жігіттерінің қатарында Н.Ә. Назарбаев Днепродзержинск қаласы (Украина) Днепр металлургиялық зауыты (қазіргі – «Днепр металлургиялық комбинаты» ААҚ) жанындағы № 8 техникалық училищеге оқуға түседі. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

1960 және 1969 жылдар аралығында Н.Ә. Назарбаев Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істейді. 


1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын (ЖТОО) бітіреді. 
1962 жылдың қарашасында Н.Ә. Назарбаев Кеңес Одағы Коммунистік партиясының қатарына қабылданады. 1962 және 1991 жж. КОКП мүшесі. 
1969–1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партиялық, комсомолдық жұмыстарда. 
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 жылдың қазаны мен 1977 жылдың наурызында Қарағанды металлургиялық комбинатының партком хатшысы


1973–1976 жылдары Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК жанындағы Жоғары партиялық мектепте сырттай оқиды. 

1977 жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында Н.Ә. Назарбаев Қарағанды обком партиясының хатшысы.


1977 жылдың желтоқсаны мен 1979 жылдың желтоқсаны аралығында Қарағанды обком партиясының екінші хатшысы.
1979 жылдың желтоқсанында Н.Ә. Назарбаев өнеркәсіп, көлік және байланыс бойынша Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланады. 
1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1981 және 1986 жылдар аралығында КОКП Орталық Ревизиялық комиссиясының мүшесі. 


1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984 жылдың наурызы мен 1989 жылдың маусымы аралығында Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы.


1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы. 1986 және 1991 жж. аралығында КОКП ОК-нің мүшесі. 


1989–1991 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы. 1990 жылдың ақпаны мен сәуірі аралығында бір уақытта – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.
1989 жыл мен 1992 жылдың қаңтары аралығында КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі 10-шы, 11-ші шақырылымдарының депутаты.
1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының бірінші сессиясында Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланады. 
1990–1991 жылдары КОКП ОК Саяси бюроның мүшесі.
1991 жылдың 28 тамызында Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысының міндетінен бас тартып, ОК қызметінің тоқтатылуы туралы сөз сөйледі. 
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында алғашқы рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, Н. Назарбаев сайлаушылардың 98,78 пайыздық дауысын жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 
1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті.

1992 жылдың 29 желтоқсанында Ресейдің басқару академиясында (Мәскеу қ.) Н.Ә. Назарбаев «Ресурстарды сақтау және нарыққа өтудің экономикалық стратегиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды. Мамандығы 08.00.05 – «Экономика, жоспарлау, халық шаруашылығы мен оның салаларын басқаруды ұйымдастыру».
1995 ж. 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Н. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. (сайлауға қатысушылардың 91,26%-ның 95,46%-ы дауыс берді).
1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.

2010 жылдың 15 маусымында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қызметін қамтамасыз ету заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне Елбасы мәртебесі бекітілді. 
2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта  сайланды.

2015 жылғы 26 сәуірде өткен сайлауда жеңіске жетіп, сайлаушылар дауысының  97,75 пайызына ие болды. 

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

"Нұр Отан" партиясының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.

Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері - Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының  негізін салушы және президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева - "SOS  - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорының президенті.

Президенттің үш қызы бар.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұл, бір қызы бар. Саяси ғылымдар докторы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары. 

Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері - Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы.

Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.



Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы.
КСРО мемлекеттік наградалары
– Еңбек Қызыл Ту ордені (1972 ж.);
– «Құрмет белгісі» ордені (1972 ж.).
Шет мемлекеттердің атақтары, титулдары мен наградалары
– тарихи әділеттілікті қалпына келтіру – православтік шіркеудің киесін қайтарудағы пайдалы қызметі үшін 1 дәрежелі әулие тақуа Мәскеулік князь Даниилдің ордені (Орыс православтік шіркеуі, 13 қараша 1996 ж.)
– «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» Үлкен лентамен көмкерілген Үлкен Крестің иегері ордені (Италия Республикасы, 5 мамыр 1997 ж.).
– Украина мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан аса зор үлесі үшін I дәрежелі князь Ярослав Мудрый ордені (Украина, 14 қазан 1997 ж.).
– «Буюк хизматлари учун» ордені (Өзбекстан Республикасы, 31 қазан 1998 ж.) Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастарды дамытуға, тарихи қалыптасқан өзбек-қазақ мәдени, рухани және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге, екі елдің халықтары арасындағы татукөршілік дәнекерлікті нығайтуға қосқан аса зор үлесі үшін.
– Әулие Андрей Первозванный ордені (Ресей Федерациясы, 12 қазан 1998 ж.) – Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін.
– «Румыния жұлдызы» ордені («Стяуа Ромынией») (Румыния, 11 қараша 1999 ж.) – Румыния мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшілікті, өзара түсіністікті дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін.
– «Австрия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Үлкен құрмет жұлдызы» ордені (Австрия Республикасы, наурыз 2000 ж.) – Австрия мен Қазақстан арасындағы экономика, саясат және мәдениет салаларындағы достық байланыстарды нығайту ісіне сіңірген зор еңбегі үшін.
– «Ұлы Витаутас Үлкен Крест» ордені (Литва Республикасы, 11 мамыр, 2000 ж.) – Литва мен Қазақстан арасындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту ісіне қосқан жеке үлесі мен еңбегі үшін.
– Исмоили Сомони ордені (Тәжікстан Республикасы, 6 шілде 2000 ж.) – Тәжікстан мен Қазақстан халықтары арасындағы дәстүрлі туысқандық байланыстарды, достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге сіңірген үлкен еңбегі, Тәжікстанда бейбітшілік орнатуға қосқан маңызды үлесі, сондай-ақ Тәуелсіз мемлекеттер достастығының халықтарын жақындастыру жөніндегі қажымас күш-жігері үшін.
– Әулие Михаил мен Әулие Георгий орденінің Үлкен Кресі (Ұлыбритания, 15 қараша 2000 ж.) – ядролық қарусыздану ісіне қосқан зор үлес, үшін.
– Құтқарушы ордені (Грекия Республикасы, 16 шілде 2001 ж.).
– Үлкен жұлдызы бар лентадағы Томислав король ордені (Хорватия, 18 шілде 2001 ж.) – Хорватия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін.
– IX Пий ордені (Ватикан, 11 қазан 2001 ж.) – мемлекетті басқарудағы шеберлігі мен таланттығы үшін, сонымен бірге Астанадағы қабылдауда көрсетілген құрметке ризалық белгісі ретінде.
– Бостандық алтын ордені (Словения Республикасы, 22 мамыр 2002 ж.) – Словения Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы сіңірген еңбегін мойындағаны үшін.
– Ақ қыран ордені (Польша Республикасы, 24 мамыр 2002 ж.) 
– Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан аса зор үлесі үшін. 
– «Ұлы Бадр алқасы» ордені (Сауд Аравиясы Корольдігі, 3 наурыз 2004 ж.).
– I Леопольд ордені (Бельгия Корольдігі, 5 желтоқсан 2006 ж.).
– «Тәуелсіздік» ордені (Катар мемлекеті, 11 наурыз 2007 ж.).
– Ахмат Кадыров ордені (Шешенстан Республикасы, 4 маусым 2007 ж.)
– I дәрежелі Қосарлы ақ крест ордені (Словакия Республикасы, 21 қараша 2007 ж.).
– «Румыния Парламенті Сенатына 140 жыл» мерекелік медалі (Румыния, 22 қараша 2007 ж.).
– «Алқалы үлкен крест» ордені (Венгрия, 23 қараша 2007 ж.).
– «Ұлы Ніл» ордені (Мысыр, 17 мамыр 2008 ж.).
– Құрметті легион орденінің Үлкен Кресі (Франция Республикасы, 11 маусым 2008 ж.).
– «Үлкен лентадағы Хризантема» ордені (Жапония, 19 маусым 2008 ж.).
– «Емен тәжі» ордені (Люксембург Ұлы Герцогтігі, 27 маусым 2008 ж.).
– «Эрдэнэ Очир» ордені (Моңғолия, 6 тамыз 2008 ж.).
– «Үш жұлдыз» ордені (Латвия Республикасы, 3 қазан 2008 ж.).
– «Заид» ордені (Біріккен Араб Әмірліктері, 16 наурыз 2009 ж.).
– Финляндияның Ақ раушангүл ордені (Финляндия, 24 наурыз 2009 ж.).
– «Мугунхва» ордені (Мәңгі гүлдейтін раушангүл) (Корея Республикасы, 13 мамыр 2009 ж.).
– Бірінші дәрежелі Түркия Республикасының ордені (Түркия Республикасы, 22 қазан 2009 ж.).
– Атақ пен Абырой ордені (Орыс православтік шіркеуі, 18 қаңтар 2010 ж.) – діниаралық серіктестікті халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайту ісіне қосқан үлкен еңбегі үшін. 
– Бостандық ордені (Украина, 6 шілде 2010 ж.) – украиндық-қазақстандық серіктестікті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін.
– Мария Жері Кресінің ордені (Эстония Республикасы, 18 сәуір 2011 ж.) – Эстония Республикасы алдындағы ереше еңбегі үшін.

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:



  • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

  • «Тарих толқынында» (А., 1997),

  • «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),

  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет