Тақырыбы: «Delphi бағдарламасында ScrollBar компанентін қолданып жоба жасау»



бет2/16
Дата29.03.2022
өлшемі405.28 Kb.
#456520
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Нурасыл

1 Delphi бағдарламалау тілі.
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi - де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi - де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуалды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB парақшалары және т.б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалыңқ ойлауға өте қарапайым әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi - де шамамен 200- ге жуық дайын компоненттер бар.
Delphi - де программа құру жақсы жабдықталған компьютерді қажет етеді. DELPHI – бұл Borland International - дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-сервер“ архитектурасында, Internet, Intranet, сонымен қатар локальді машиналар және “файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объектілі бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы. DELPHI- ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары, визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының қарапайым программаларын кәсіби өңдеуде өзіңді сенімді сезіну үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.
Delphi 6 Windows 95, Windows 98 немесе Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6 - да құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6 - дан өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi 6 - ның Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы делінеді. Құрудың графикалық ортасынан басқа аспектісі ол көмекші жүйесінің күштілігі.
Delphi 6 басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.
Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құралсаймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Delphi бағдарламалау тілі — Коринф бұғазының жағалауындағы ежелгі грек қаласы Дельфы атынан алынған. Дельфы қаласының аты өнер қамқоршысы және даналық құдайы Апалон атымен байланысты болған. Аңыз бойынша Апалонның үйі Дельфыда орналасқан екен. Оның абыздары, келгендерге күн ілгері не болатыны жайлы болжаулар айтумен айналысыпты. Қазіргі кезде қаланың орны ғана қалған. Осы ежелгі есркетркішке қарағанда Delphi- жүйесі бугінгі күнде бағдарламаларды жасауға арналған кең қолданылатын жүйелердің бірі болып табылады. Delphi жүйесін Borland фирмасының бағдарламалаушылары 19 жылы жасаған болатын. жүйесі бағдарламаларды жасаудың визуалды ортасы болып табылады. Оның құрамындағы саймандар мен компоненттердің көмегімен бағдарламалар жобалары құрастырылады. Сонымен қатар Delphi жүйесі Windows амалдық жүйесі үшін және арнайы серверлер үшін бағдарламаларды жасай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет