Тақырыбы: Денсаулық зор байлық



Дата15.06.2016
өлшемі50.78 Kb.
#137573
Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық

Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру; темекінің ағзаға тигізетің әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруына бағытталған. Халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдеттер – араққа, есірткіге және темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, оқушыларды одан жииркендіру. Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.

Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер.

1 ж: Армысыздар, құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар! Бізің сынып сағатымызға қош келіпсіздер. Қазақстан Республика тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты өткізгелі отырған сынып сағатымыздың тақырыбы «Денсаулық зор байлық»

2 ж: Адамның денсаулығы, қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркейюі балалар сіздердің қолыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау. Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көк, қызыл гүлдер арасында бір ақ гүл көрсең көзін соған түсіп байлық не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Денсаулық

1-жүргізуші: «Денсаулық зор байлық» денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілі шат, өмірі бақытты.

2-жүргізуші: Жан – адамның ішкі дүниесі, ішкі жаратылысы. Олай болса дені саудың жаны сау. Ендеше ортаға денсаулық туралы ой бөлісіп топтастырсын. (Тақпақтар: 6 «А», 7 «А» сынып оқушылары)

1-жүргізуші: Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микроптар арқылы таралатын және одан микроптар кір - қоқысты жерлерде өсіп - өніп шаң – тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық – гигиеналық талапқа сай болуы қажет.

5 «А» сынып оқушылары өлең оқиды.

1-жүргізуші: Біздің сынып сағатымыз жарыс түрінде өтеді. Бізді бағалауға келген әділқазылр алқасымен таныстырып өтсек:

Тілеубаев Н.Н. Омарова Ж.Қ. Марус Т.В. Молдахметова Д.Б.

2-жүргізуші: Ал енді әр топ өздерін таныстыра кетсін (әр топ басшысы топтың аты мен ұрандарын айтады.)

1-топ «Есірткіге қарсы» - 5 «А»

2-топ «Темекіге қарсы 6 «А»

3-топ «Араққа қарсы 7 «А»

І тур. Денсаулық туралы эссе жазу (5-6 сөйлем)

ІІ тур. Мақал – мәтелдер

ІІІ тур. Жұмбақтар

5 «А» Көреді бәрін өзгенің

Көрмейді бірақ өздерін (Көз)

Өзіңмен бірге өседі,

Өзіңмен бірге төсегі.

Көргенде оны жіпт дейсің

Бірақ кейім тікпейсің. (Шаш)
Қимылдаса қол шебер,

Қыруар – қыруар іс өнер. (Қол)


6 «А» Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең сусын қанады

Ақ болса да қар емес

Шешуін кім табады. (Сүт)


Бұдан кір қорқады

Судан бұл қорқады (Сабын)


Домалақ қана ал бар

Ішінде тәтті дән бар. (Анар)


Жерге қазық қақтым

Басына айдар қақтым (Сәбіз)


Қатар – қатар тас қойдым

Жирен атты бос қойдым (Тіл мен тіс)


Жерде жатып желіндейді

Күз түскенше желінбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр. (Қауын – қарбыз)


ІҮ тур. Көрініс.

Ү тур. Мед жәрдем көрсету.(уақытқа)

1ж: Ал енді мектептің мейірбикесіне сөз береміз: Рахимжанова Бибиханша Айтеновнаға береміз.(мед.бике сөйлеп болған соң).

1 жүргіз. Әділ – қазылар алқасына сөз берелік.

Ата-анамыз, ұстаздарымыз,

Бір тілек айтармыз:

Берекелі заман болсын

Жиырма бірінші ғасырда,

Ашық аспан астында.

Денсаулықтарымыз мықты болсын,

Жанұяларыңыз қуанышқа толсын.

Бүгінгі тәрбие сағаты

Денсаулық жайлы сөз еткен

Көп нәрсені ұғып алдық

Кетпейтұғын мәңгі естен
ҮІ. «Қазақстан» әні (Оқушылар ән айтады)

1 ж: Қымбатты қонақтар, ұстаздар! Көңіл қойып, тәрбие сағатымызды тамашалағаңдарыңызға көп-көп рахмет! Қош, сау болыңыздар!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді Қазақстан Республика тәуелсіздігіне 20 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге тілейтінім зор денсаулық, мол табыстарға жетіп, биік шыңдардан көріне беріңіздер! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында айтылғандай «Біз дүниені дүрбеленге салған дағдарыстан демікпей шығып дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қойдық және қысқа мерзімде қол жеткіздік.» Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.

Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.

Жетекші шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина орталықтары құрылды.

2013 жылы біртұтас ұлтты денсаулық сақтау жүйесін енгізу аяқталады.

Біз аурудың алдын алуға шындап кірісіп, бастапқы медециналық – санитарлық жәрдемнің сапасын арттыруымыз керек.

Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда алғашқы сатыда аурулардың алдын алуға болады.

Қазақстан үшін көліктік медицина өте кекөй кесті, сондықтан оны біз оны дамытатын боламыз.

Қылмыстық атқару жүйесіндегі туберкулкез бен Вич аурулары және одан болатын өлім деңгейін төмендетуге мұқият назар аудару қажет.

Салауатты өмір салтын насихаттап барлық жерге салынған спортбазаларын пайдалану керек.

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пунктер және емханалар салынатын болады.


Тақырыбы: Денсаулық зор байлық.

Адамның денсаулығы зор байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан да құлшына кіріседі.

Денсаулық нығайтуда спорт, денешынықтыру, ырғақты қимыл, мәдениетті түрде тынығу, дұрыс тамақтану, ретімен киінудің де мәні зор. Жақсы әдет – адам көркі, рухани байлығы, өйткені ол еңбекті жеңілдетіп іскерлікке шабыт береді.

Темекі мен алкоголь, есірткілер жүрек және қан тамырларының жұмысына әсері және зиян келтіруі.

Темекі түтініндегі өте көп улы заттар адам ағзасына зиянды әсер етеді. Олардың ішінде қауіп туғызытыны – никотин заты. Никотин қан тамырларын тарылтады және ең алдымен жүрек бұлшық етінің қанмен қоректенуін нашарлатады, қозу әрекеті үзілістермен өтеді (электрокардиограммадан байқалады), сөйтіп жүрек жұмысы нашарлайды. Түрлі жүрек аурулары пайда болады. Темекі ағза мүшелерінде қанайналымды бұзады.

Алкоголь өте жылдам әсер ететін улы зат. Ол – қан құрамындағы шарап спирті. Алкоголь қанға өтіп, сонымен бүкіл ағзаға тарап уландырады. Алкоголь қарынның сілекей қабықшасын және басқа асқорыту мүшелерді тітіркендіреді. Синтетикалық жолмен бөлініп алынған алкогольдың құрамында ағзаға зиянды көптеген заттар болады. Соның бірі сивуш майы.

Алкоголь адамнын қорғаныш күшін төмендетеді.

Сөйтіп, біз өз ұрпақтарымызды жақсы өмірге, дұрыс жолға бағыштауымыз керек. Осыған қарсы біз бірлесіп күресіп, елімізді, жас мемлекетімізді көркейте беруміз керек.



Тұрсынбек Кәкішев атындағы

Алтынды орта мектебі


Сынып сағаты:

«Денсаулық – зор байлық!»


Дайындағандар: Кийнабаева А.Т психолог

Рахимжанова Б.А. мед.бике.


2011 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет