Тақырыбы: Дәрумендер еліне саяхат.
Мақсаты: Балаларға жемістердің, көкөністердің дәруменге бай екенін, денсаулыққа пайдасын түсіндіру, бау-бақшаға саяхатқа шығып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, баланың тілін дамыту
Көрнекіліктер: Көкөністер мен жемістер суреттері, себеттер,үлестірмелі материалдар
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс -әрекеті
|
Ынталандыру кезеңі
|
Таңертең ерте тұрайық.
Бетті, қолды жуайық.
Тісімізді тазалап,
Айнаға да қарайық.
Шашымызды тарайық,
Денсаулықты сақтайық.
|
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
-
Балалар қазір жылдың қай мезгілі
-Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
-Суықта тоңып ауырып қалмас үшін не істеу керек?
-Қалың киініп, дәрумендер жеу керек.
Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырылған іс-әрекетіміз «Дәрумендер әлеміне саяхат» деп аталады.
-Балалар дәрумендер еліне немен барамыз?
Дұрыс айтасыңдар жаяу жүген денсаулыққа пайдалы.
– Мына суретке қарайықшы, не көріп тұрсыңдар?
– Балалар, осы жемістер, көкөністер денсаулыққа өте пайдалы.
Оларда дәрумендер– өте көп.
Бау-бақшадағы жемістер күзде піседі, оны адамдар жинап, теріп алып дүкендерге апарады. Балалар осы жемістерді деніміз сау болу үшін, ауырмай өсу үшін қалай жейміз?.
Ал енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
1-Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. Ол не?
Пияз жерде өседі, оның дәмі ащы болып келеді. Пиязды аурудың алдын алу үшін де пайдаланады.
Пішіні қандай екен?
2. Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда , майда қызыл шоқ
Анардан салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.
Балалар есікті біреу қағып тұрған сияқты.
Бұл кім екен?
Сәлеметсіңбе Тышқан, амандасайық тышқанмен балалар.
Тышқан : Сәлеметсіндер ме балалар.
-Балалар мен сендерге көптеген тағамдар әкелдім, олар өте дәмді және денсаулыққа пайдалы,
дәрумендері көп (чипсы, сухарики, Соса Соla көрсетеді).
Тәрбиеші:
Балалар, сендер
дәрумендерді білесіңдер ме?
Қандай тағамдарда
дәрумендер көп?
Тышқан әкелген
тағамдарда дәрумендер бар ма?
Дұрыс айтасындар
Балалар, тышқан әкелген тағамдарда дәрумендер жоқ, пайдасыз, оларды жеуге
болмайды.
Дәрумендер сүттен жасалған тағамдарда,
жемістерде, көкөністерде көп болады.
Дидактикалық ойын
«Жемістер мен көкөністер»
Ал ендеше мына қораптағы жемістер мен көкөністерді топтап жинайық.
– Балалар, жемістер мен көкөністер үлкен еңбекпен келеді. Оларды көктемде егіп, күтіп баптап, суарып, күзде піскенде жинап аламыз.
Дидактикалық ойын
«Не артық?»
Тәрбиеші:
–Балалар олай болса міне менің қолымда бір себет жемістер бар ,жүріңдер ас бөлмесіне барып жуып ,турап йогурт қосып дәрумендер салатын жасайық. Қонағымыз тышқанда дәм ауыз тисін.
|
Қыс мезгілі деп жауап береді.
Суық болады, қар жауады, боран соғады.
Қалың киініп, дәрумендер жеу керек
Жаяу әндетіп барамыз,
– Жемістер, көкөністер
– Жуып, тазалап жейміз.
пияз –деп
жауап береді
Түсі қандай? ( қызғыл сары)
Анар – гранат –деп жауап береді.
Тышқан
Сәлеметсіз бе?
чипсы, сухарики, Соса Соla көрсетеді).
Иа олар көкөністер мен жемістерде болады.
Жоқ
көкөністер мен жемістерді ажырата біледі.
Балалар ас бөлмесіне аспазшының киімдерін киіп кіреді.
|
Рефлексиялық
түзетушілік
|
– Өте жақсы, балалар «Денсаулық – зор байлық» деген, олай болса, дәрумендерге толы жеміс-жидек, көкөністерді жеп жүрсеңдер ешқашан ауырмайсыңдар.
|
Балалар жасаған салаттарын дәмі жайлы атып жатыр.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Балалар көкөністер мен жемістерді ажырата білу керек.
Нені игереді: Дәрумендердің адам ағзасына қаншалықты қажет екендігін
Нені біледі: Дәрумендер сүт тағамдарында да болатынын біледі.
«Айназ» жекеменшік балабақшасы
Тақырыбы: «Дәрумендер еліне саяхат»
«Аққайың» тобы
Тәрбиеші: Айтқали Д
2023ж
Достарыңызбен бөлісу: |