Фосфор тыңайтқыштары, оларды алу жолдары,
құрамы мен қасиеттері және қолдану ерекшеліктері
Фосфор тыңайтқыштарын құрамында фосфор элементі кездесетін кендерден өндіреді. Фосфор кендері құрамындағы фосфор мөлшеріне қарай: өте жоғары (35 % P2O5), жоғары (28-35%P2O5), орташа (18-28% P2O5), кедей (10-18% P2O5), өте кедей (5-10% P2O5), фосфорлы тау жыныстары (0,5-5% P2O5) болып бөлінеді.
Фосфат кендері шығу тегіне қарай апатит және фосфорит деп ажыратылады.
Апатит - түссіз, жасыл немесе сары-жасыл түсті минерал. Фосфорит-кальций фосфаттарына аса бай шөгінді көне тау жынысы. Аморфты немесе криталды болып келеді.
Фосфорит құрамына қоспа ретінде кварц, халцедон, кальцит, доломит, глаукомит және органикалық заттар кіреді. Фосфориттің ірі кендері Жамбыл-Қаратауда, Ақтөбе облысында тараған. Фосфорит фосфор тыңайтқыштарын, фосфор қышқылы мен оның тұздарын өндіруде пайдаланылады.
Фосфор тыңайтқыштары әртүрлі еріткіштерде еру дәрежесіне қарай үш топқа жіктеледі (5-сурет):
• Суда еритін фосфор тыңайтқыштары (жай суперфосфат, қос суперфосфат, байытылған суперфосфат, суперфос).
• Суда ерімейтін бірақ әлсіз қышқылдарда еритін фосфор тыңайтқыштары (преципитат, фторсызданған фосфат, томасшлак, балқытылған магний фосфаты, фосфатшлак, термофосфаттар).
• Әлсіз қышқылда нашар еритін фосфор тыңайтқыштары (фосфорит ұны).
5-сурет. Фосфор тыңайтқыштарын жіктеу.
КАЛИЙ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ
Мақсаты: Калий-өсімдіктер тіршілігіне қажетті элемент.
Міндеті: Ауыл шаруашылығы дақылдары вегетациялық дәуірінде калийді түрліше дәрежеде пайдалануын түсіндіру.
Түйінді сөздер: Хлоркалий-электролит, калий тыңайтқыштарын жіктеу.
Дәріс жоспары:
1. Өсімдік үшін калийдің маңызы
2. Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |