Тақырыбы: гидросфера жердің су қабығЫ



Дата02.07.2016
өлшемі25.91 Kb.
#173133
түріСабақ
Екібастұз қаласы әкімдігінің

«Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Тақырыбы: ГИДРОСФЕРА-

ЖЕРДІҢ СУ ҚАБЫҒЫ


Құрастырғандар:

Шахметова Бақыт Ануарбекқызы

Екібастұз қаласы ,Ақкөл ауылы

2015 жыл
Жаратылыстану пәні 5-сынып

Тақырыбы: Гидросфера -жердің су қабығы

Мақсаты:

Білімділік: Су- ерекше қайталанбас зат екенін әңгімелесу арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: Судың пайдасын, қорғау туралы түсініктерін қалыптастыру, тәжірибе келтіру арқылы ой-іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Суды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  3. Сабақты бекіу.

  4. Үй тапсырмасын беру.

Үй жұмысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

1.Табиғаттағы су айналуы қалай болады?

2.Су табиғатта қандай күйде болады?

3.Таудағы мұздықтар неден түзіледі?

4.Судың ел шаруашылығында, өнеркәсіпте, ауыл шаруышылығында, көлікте қандай маңызы бар?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:



  1. Адамдардың суды пайдалануы.

  2. Су-ерекше қайталанбас зат.

  3. Суды қорғау.

Тұщы таза су баға жетпес байлық. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Себебі жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 пайызы ащы су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады, егін суаруда, мал шаруашылығында, өндірістің әртүрлі салаларында пайдаланылады. Сумен жуынамыз.

Тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда, көшелерде тазалық сақтау үшін де су қажет.

Адам су жолдарымен қайықтар, теплоходтарға мініп сапарға шығады, азық-түлік, ағаш және машиналарды тасымалдайды. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды ластамау, суды сабамау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата-анасы «Суды сабама-балығын шошытасың», «бұлақты майлама-құсын кетіресің», деп өсиет айтқан. Суды таза ұстау-оны қорғау деген сөз. Қазіргі дүние жүзіндегі халықты тұщы сумен қамтамасыз ету, табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.

Бекіту кезеңі:

1.Су табиғатта қандай күйде кездеседі?

2.Сұйық, қатты және газ күйіндегі судың қасиеттерін салыстырыңдар?

3.Судың көлемі қыздырғанда және салқындатқанда қалай өзгереді?

4. Қыста су өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігін сақтауда мұздың қандай 5.қасиеттері септігін тигізеді?

6.Суда еритін бірнеше заттарды атаңдар. Олардың суда еритінін немен дәлелдейсіңдер?

7.Суда ерімейтін заттарды атаңдар?

8.Суды неліктен және қалай қорғайды?



Үй тапсырмасы: оқу, сұрақтарға жауап беру.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет