Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы.
Мақсаты: Математика пәні бойынша оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуу, математикалық білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге, шапшаң есептеуге, есте сақтауға дағдыландыру, тапқырлыққа, нақтылылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру: сайыс тәртібімен, кезеңдерәмен таныстыру, сайысқа дайындау, әділқазыларды сайлау.
Армысыздар, құрметті сайыскерлер, көрермендер! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздерге алғыр ой, ұшқыр жауап, сәттілік тілеймін.
Таныстыру.
Бәйге.
Көкпар.
«Ойлан, тап!»
Ғажайып тоғыздық
Жорға
Жеңімпазды анықтау.
1-кезең. Таныстыру (слайд арқылы қатысушыларды таныстыру)
2-кезең. Бәйге: (берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек. Қолындағы белгішені көтеру арқылы)
1.Астананың символы (Бәйтерек)
2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл (қазақ тілі)
3. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42 әріп)
4. Өсімдік өсу үшін не қажет ? ( ауа, жылу, топырақ)
5. Рәміздерді ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
7. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
8. Зергер 5 күнде 25 сырға жасаса, 7 күнде неше сырға жасайды? (35)
9. Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін … ? (ұзындығын еніне көбейтеміз)
10. 300 –ді 6-ға бөлгендегі нәтиже. (50)
11. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті (қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді)
12. 654 санын разрядтық қосылғыштарға жікте? (6 жүзд. 5 онд. 4 бірл)
13. Айдалада ақ отау,
Аузы – мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
14 Аңның екі алдыңғы аяғы,
Екі артқы аяғы,
Екі оң аяғы,
Екі сол аяғы бар
Аңның барлығы неше аяғы бар? (4)
15. Мектеп директоры кім?
3-кезең. Көкпар.
Теңдеулер
|
10
|
20
|
30
|
Логикалық есептер
|
10
|
20
|
30
|
Формулалар
|
10
|
20
|
30
|
Теңдеулер: 10- 125 : х =25, 20- у *15 + 7 =67; 30- 144 : (2х+8) =12
Логикалық есептер 10: 1 килограмм мұз қыста ауыр ма, жазда ауыр ма?
20: Столдың төрт бұрышы бар.
Егер бір бұрышын кесіп тастаса,
неше бұрыш қалады.
30: Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6 м көтеріледі. Ал түнде 4 м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады?
1 0: S=a*b 0: 30; бұл қасиет қалай аталады?
4-кезең. «Ойлан, тап!»
Келді кезек шырпыларды шешуге,
Бір-ақ шырпы қозғау керек бұл жерде.
Жауаптарың дұрыс болса егерде,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
Мұнда берілген есептен тек бір ғана шырпы қозғап теңдікті дәлелдеу керек.
1. 96-41=77
2. 81+45=35
3. 92+34=133
4. 63+18=77
5-кезең: Ғажайып тоғыздық:
20
|
30
|
40
|
20
|
30
|
40
|
20
|
30
|
40
|
Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? (36)
Тік төртбұрыштың қабырғасы 10 см және 8 см. Периметрі неге тең? (36)
Қабырғасы 6 см және 8 см тік төртбұрыштың ауданы неге тең?(48)
“ к ” әріпінен басталатын 5 математикалық сөздерді ата.
Үшбұрыштың элементтерін ата.
Ұшақтың жылдамдығы 200 км/сағ, машинаның жылдамдығы одан 80 км/сағ кем. 600 км қашықтықты әрқайсысы неше сағатта жүреді.(5; 3)
Қандай атақты математикті білесің?
Параллелепипедтің көлемін қалай есептейді?
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. (бас)
6-кезең: Жорға:
1-нұсқа
1. Ең үлкен бір таңбалы сан ? (9)
2. кім?, кімдер?, не?, нелер? сұрақтарына жауап беретін сөз табы? (Зат есім)
3. Құрманғазының кім? (күйші)
4. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)
5. 1 тәулікте неше сағат бар? (24)
6. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшесі? (тұрлаулы)
7. Үйге арнайы шақырылған кісілер? (қонақ)
8. Білім күні? (1-қыркүйек)
9. Б – дауыссыз және …? (ұяң)
10. Шаршының қабырғасы қандай? (тең)
11. «Жүріп келе жатырмын» құрамына қарай қандай етістік? (күрделі)
12. 40 – тың ширегі? (10)
13. «Қас пен көздің арасында» теңеу сөзінің мағынасы? (тез, жылдам)
14. 32 нешеге бөлінеді?
15. Есту мүшесі (құлақ)
II нұсқа
1. Ең үлкен екі таңбалы сан ? (99)
2. Не істеді?, не қылды?, қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы? (етістік
3. 2-нің кубы (8)
4. Көру мүшесі? (көз)
5. 1 т= ? кг (1000 кг)
6. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем? (жалаң)
7. Махамбеттің кім? (батыр)
8. Тәуелсіздік күні? (16-желтоқсан)
9. Ө – дауысты және … (жіңішке)
10. шаршының неше бұрышы бар? (4)
11. «Қуанды» құрамына қарай қандай етістік? (дара)
12. 21 –дің үштен бір бөлігі (7)
13. «Екі езуі екі құлағына жету» теңеу сөзінің мағынасы? (қуану)
14. 72 қандай санға бөлінеді?
15. Иіс сезу мүшесі? ( мұрын)
Қорытынды
Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Сайыс бойынша ұпай саны көп ойыншы «XXI ғасыр көшбасшысы» атағына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |