Тақырыбы:
Қай жерде ойнауға болады
және қай жерде болмайды
Бастауыш сынып мұғалімі: М.Саяхова
Тәрбие сағаты: Ойнауға қай жерде болады және қай жерде болмайды
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы.
Сабақтың барысы:
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі, қазан айы.
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі - қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.
- Жол жүруге қолайсыз.
- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? ( Бағдаршам).
- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?
- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.
І - бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?
ІІ - бөлім: Теориялық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица, көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.
1 - топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.
2 - топ: Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?
3 - топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |