Тақырыбы: Кіріспе. Малды жалпы зерттеу



бет1/2
Дата21.09.2022
өлшемі18.47 Kb.
#461087
  1   2
№1 лекция


Тақырыбы: Кіріспе. Малды жалпы зерттеу
Кіріспе

Клиникалық диагностика (грекше diagnosticon - анықтауға,танып білуге қабілетті) - қажетті емдік - профилактикалық (сауықтыру) шараларды тағайындау мақсатында ауру малдың жағдайы мен ауруын анықтаудың реттілігі мен заманауи әдістерін оқытатын, клиникалық ветеринарияның маңызды тарауы. Сонымен қатар, «диагностика» термині ауру малды мақсатты ветеринариялық зерттеу, зерттеу нәтижесін қортындылап түсіндіру, экологиялық, технологиялық және басқа жағдайларға байланысты мал организмінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктерін бағалай білу қажеттілігін де білдіреді.


Клиникалық диагностика өзінің мазмұнымен клиникалық ветеринарияның негізін құрайды және мал дәрігерін дайындауда маңызды пропедевтік пән (грекше-propaideuo-алдын ала оқытамын, дайындаймын) болып саналады. Пропедевтика деп аталу себебі клиникалық диагностика ішкі жұқпайтын ауруларды, хирургияны, акушерлікті, індеттануды, паразитологияны және т.б. пәндерді тереңдетіп оқуға қажетті алғашқы мәліметтерді беруші кіріспе курс, негіз есебінде оқытылады.
Клиникалық диагностика ғылыми пән ретінде физика, анатомия, физиология, биохимия, микробиология, фармакология, зоогигиена сияқты ғылымдардың мәліметтеріне сүйенеді.
Болашақ кіші мал дәрігерлері ветеринарияның тәжірибелік тұрғысын клиникалық диагностиканы меңгеруден бастайды.
Олар клиникалық диагностиканы оқу барысында: ауру малды клиникалық, соның ішінде физикалық, құралды, зертханалық зерттеу әдістерін, бұларды дұрыс қолдануды; зерттеудің жүйелігі мен жоспарлылығын мойындай отырып зерттеу жүргізуді, функциялық диагностика әдістерін пайдаланып органдар мен жүйелердің физиологиялық қабілеттілік деңгейін анықтауды және жасырын жетіспеушіліктерді айқындауды; аурудың диагнозын қою үшін анықталған өзгерістер мен ауру симптомдарын байланыстыруды; малды зерттеу үшін фиксация жасау,малға жақындау әдістері мен тәсілдерін, жеке гигиена мен қауіпсіздік шараларын сақтауды меңгерулері тиіс.

Жануарларды клиникалық зерттеу әдістері
Ауру малды жан-жақты зерттеу мақсатында қолданылатын диагностикалық әдістер жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Зерттеудің жалпы, немесе, негізгі әдістеріне қарау, бақылау, пальпация, перкуссия, аускультация және термометрия жатады. Бұл әдістердің жалпы деп аталатын себебі, мал қандай аурулармен ауырмасын әуелі осы әдістермен зерттелуі тиіс. Осы зерттеулердің нәтижесінен кейін ғана мал дәрігері аурудың диагнозын нақтылау үшін арнайы әдістердің қайсысын қолданған тиімді екенін шешеді.
Қарау – inspection – ежелден келе жатқан ауру малды зерттеудің қарапайым әдісі, қарауды күндізгі жарықта немесе жақсы жасанды жарық көздері бар жерде жүргізеді, қажет жағдайда арнайы жарықтандырғыш құралдар қолдануға болады.
Қарау жалпы және жергілікті болып екіге бөлінеді.
Ауру малды әуелі жалпы, сонан соң жергілікті қарау әдісімен зерттейді.
Жалпы қарау кезінде басынан аяғына дейін мұқият қарап, малдың мінез-құлқын (қозуы, тежелуі), кілегей қабықтарын, терісін, жүн жабылғысын, қоңдылығын, дене бітімін, кеңістікке орналасуын зерттейді.
Жергілікті қарау – ауырсыну процесі анықталған дене бөлігін зерттеуге негізделген. Бұл қарау әдісін қолданып қарын тимпаниясын, қынаптың түсуін, мүйіздің, тұяқтың сынуын, тері жарақаттарын анықтауға болады.
Бақылау – қарау әдісіне қарағанда ұзақтау зерттеу уақытын талап ететін жалпы тексеру әдісі.
Ауру малды бақылай отырып, оның тәбетіне, азық қабылдау уақыты мен жиілігіне, зәр бөлу мөлшері мен жиілігіне, күйіс қайыру ұзақтығы мен жиілігіне анализ жасайды.
Пальпация – palpatio – сипалап, басқылап зерттеу әдісі. Бұл әдісті ұлпалар мен мүшелердің физикалық қасиеттерін, топографиялық пішінін, консистенциясын, қызуын, сезімталдығын, сонымен қоса тамыр соғуын зерттеуге қолданады.
Пальпация беткі, терең және ішкі болып бөлінеді.
Беткі пальпациямен жүрек серпінінің күшін, көкірек қуысының қозғалысын, тері қызуын, ауырсыну реакциясын, артерияларды, құрсақты, буындарды зерттеуге болады.
Терең пальпация ішкі мүшелердегі, тері астындағы, бұлшық еттердегі патологиялық өзгерістердің локализациясын (орналасқан жерін) анықтауға бағытталған. Терең пальпацияның сырғымалы, ендірмелі, бимануальды, итермелі түрлері ажыратылады.
Сырғымалы пальпация ұсақ малдар мен етқоректілердің құрсақ және жамбас қуысының тереңінде орналасқан мүшелерін зерттеуге ыңғайлы болса, ендірмелі пальпация құрсақ қуысындағы ауырсынуды анықтауға ыңғайлы.
Бимануальды пальпациямен жұтқыншақты, өңешті, бүйректі, кейбір кезде ішінде төлі бар жатырды, денедегі ісіктерді, олардың көлемін анықтауға болады. Итермелі пальпациямен жұмыршақ қарынды, талақты (көк бауыр), іштегі төлді, құрсақ қуысындағы ірі ісіктерді, жиналған сұйықтықты анықтайды.
Ішкі пальпациямен ауыз қуысын, тілді, тістерді, жұтқыншақты, көмекейді, сондай-ақ, ірі малдарда тік ішек арқылы ішкі мүшелерді зерттеуге мүмкіндік бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет