Тақырыбы: «Мамандық – өмір таңдауы» Түрі: ашық тәрбие сағаты Мақсаты



бет1/3
Дата30.04.2024
өлшемі21.18 Kb.
#500177
  1   2   3
Тақырыбы «Мамандық – өмір таңдауы» (9 класс)


Тақырыбы: «Мамандық – өмір таңдауы»
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін – өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп,сол бағытқа қарай бағыттау. Оқушылардың болашақ мамандығын айқын әрі сенімді таңдауына дұрыс бағыт беру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, пікірсайыс шарттары, мамандық туралы газеттер.
Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Отырыңыздар! Біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы –«Мамандық- өмір таңдауы», ол пікірсайыс түрінде өтеді. Алдымен мынадай тренинг ұйымдастырып жіберейік. Қолымдағы түсті лентаны әр оқушы алақанына алып өз тілектерін айтады да үріп жібереді, яғни осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері сыныбымызға,сабағымызға қатысып отырған адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді.» Жақын арада әрқайсысыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыздар, бүгінгі сабақта біздер осы маңызды тақырыптарға тоқталамыз. Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы әрбір жас үшінм ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәс елесі ең маңызды кезең болып табылады. Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі өмірлік мақсат ретінде қойып, жоспар құра білген жөн. Мамандық таңдау – белгілі бір деңгейде моральдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар. Өз ісінің бүге – шүгесін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем, қабілет және мінез қажет. Сондай –ақ енді – енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар. Міне,адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы,қоғамның сұранысы,тұлғаның қабілеті осы үш фактор мамандық таңдауда бірін – бірі толықтырады. Адамдар мамандықтың жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек,өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп,үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі. Осы мақсатта біз «Мамандық – өмір таңдауы» пікірсайысымзды бастайық.
Пікірсайыс 6 кезеңнен тұрады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет