Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы
«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы»
Фонетика туралы жалпы түсінік
Көмекші құрал
Тараз - 2013ж
Жинақтаған: «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» оқытушысы
Кенбаева Г.Ж.
Бүгінгі таңда мемлекетіміздің тәуелсіздік алуына байланысты елімізде рәміздеріміз бен мемлекеттік тіліміз нақты орнықты. Соған орай, барлық басқа ұлт өкілдері мен қазақ азаматтары мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруге зейін қойып, қазіргі уақытта заман талабы ретінде тілді еркін меңгеруге мақсат етіп отыр.
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің бүкіл тарихымыздың олжасының бірі – ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қанын төгіп, жанын беріп жүріп қорғап қалған қазақтың қасиетті жері болса, екіншісі – сол ата-бабалардың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі» деген сөзі әрбір адамға ана тілі туралы жаңа бір ой тастағандай. «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасыныңәрбір азаматының парызы» - деп Тіл туралы заңның
4-бабында атап көрсетілгендіктен мемлекеттік тілді үйренуді өзіне міндет етіп алған әрбір қызметші қазақ тілін үйренуге тілек білдіріп, сабаққа қатысып жүр
Осы орайда тыңдаушылардың ресми қарым-қатынас тілін қалыптастыруда қазақ тілін оқытудың 6 айлық мерзіммен оқытылатын бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген топтарына арналған әдістемелік әзірлемелер енгізілуде.
Деңгейлік оқытудың негізгі ұстанымы – тілдік материалдарды кәдімгі өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып сөйлеу жағдаятын қолдану
Бұл көмекші құрал мемлекеттік тілді оқып үйренушілерге арналған бағдарлама негізінде жинақталған.
Көмекші құрал қазақ тілінің фонетикалық негіздерін меңгерген, лексикалық қоры бар тіл үйренушілерге арналған.
Оқытудағы негізгі мақсат – кәсіби тілді дамытып меңгерту. Тіл үйренушілердің сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, кәсіби сөз байлықтарын толықтыру.
Көмекші құрал екі бөлімнен тұрады. Олар бірнеше тақырыптарға бөлінген. Тақырыптар үйренушілердің сөйлеу, оқу, жазу, түсіну дағдыларын дамыту үшін түрлі грамматикалық, жаттығулар мен лексикалық мәтіндер, сұрақ-жауап, термин сөздер, фразеологиялық тіркестер, тест тапсырмаларынан тұрады. Берілген мәтіндер мен тапсырмалар тіл үйренушілерді кәсіпке байланысты ғылыми деректермен хабардар етіп, ой-өрісін дамытуға және қазақ тілін үйренуге мол мүмкіндіктер туғызады.
Тапсырмалар ауызша, жазбаша орындауға берілген, себебі бұл тыңдаушылардың өз ойын тез жеткізуге үйретіп, дағдыландырады.
Сонымен қатар көмекші құралда қазіргі заман талабына сай дамыту міндеттерін шеше білу мақсаты көзделеді. Бүгінгі күн тынысын дер кезінде аңғаратын, саналы, парасатты азамат болу үшін әрбір адамның бойында ұғымдар, саналы білім болуы керек.
Көмекші құрал мемлекеттік тілді үйреніп, оның ішкі сырына үңіліп, қазақ тілінің заңдылықтарын саналы түрде меңгеруде, тұрақты емле ережелеріне негізделген.
Көмекші құрал мемлекеттік тілді үйренушілерге көмек ретінде ұсынылады.
1.Фонетика туралы жалпы түсінік
2. Дыбыс және әріп, алфавит
3. Дауысты дыбыстар, жасалуы
4. Дауыссыз дыбыстар, жасалуы
5. Буын туралы түсінік.Тасымал
6. Буынның түрлері
7. Үндестік заңы. Дыбыс жән буын үндестігі
8. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Қазақ әліпбиі
Қазақ әліпбиі орыс әліпбиіне негізделген. Тек қана қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары бар. Төменде бірілген әліпбиде қарамен берілген қазақ тілінің ерекше дыбыстары.
Баспа әрпі (печатная буква)
|
Жазылуы
(написание)
|
Дыбыс
(звук)
|
Мысалдар
(примеры)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Аа
|
Аа
|
а
|
ана, ата, ал
|
Әә
|
Әә
|
ә
|
әже, әке, ән
|
Бб
|
Бб
|
б
|
бала, бас
|
Вв
|
Вв
|
в
|
вагон
|
Гг
|
Гг
|
г
|
гүл
|
Ғғ
|
Ғғ
|
ғ
|
ғалым, баға
|
Дд
|
Дд
|
д
|
доп, дос, дала
|
Ее
|
Ее
|
е
|
ертең, ескі, кеше
|
|
|
|
|
Жж
|
Жж
|
ж
|
жақсы, жаман
|
Зз
|
Зз
|
з
|
күз, қыз, жаз
|
Ии
|
Ии
|
и
|
кино, би, ине
|
Йй
|
Йй
|
й
|
күй, ойна
|
Кк
|
Кк
|
к
|
күн, кешке
|
Ққ
|
Ққ
|
қ
|
қала,Қарағанды
|
Лл
|
Лл
|
л
|
бала
|
Мм
|
Мм
|
м
|
мынау, мың
|
Нн
|
Нн
|
н
|
нан
|
Ңң
|
Ңң
|
ң
|
аң, таң, шаңғы
|
Оо
|
Оо
|
о
|
орман, тоғай
|
Өө
|
Өө
|
ө
|
өзен, көл
|
Пп
|
Пп
|
п
|
көп, кітап
|
Рр
|
Рр
|
р
|
рақмет
|
Сс
|
Сс
|
с
|
сөз, сөйлем, сөздік
|
Тт
|
Тт
|
т
|
тау, тез
|
Уу
|
Уу
|
у
|
у(яд), бу
|
Ұұ
|
Ұұ
|
ұ
|
бұл, ұл
|
Үү
|
Үү
|
ү
|
гүл, үн, түн
|
Фф
|
Фф
|
ф
|
фархад, фарфор
|
Хх
|
Хх
|
х
|
хат
|
һ
|
һ
|
һ
|
қаһарман
|
Цц
|
Цц
|
ц
|
(орыс тілінен енген кірме сөздерде)
|
Чч
|
Чч
|
ч
|
(орыс тілінен енген кірме сөздерде)
|
Шш
|
Шш
|
ш
|
шәй, шу
|
Щщ
|
Щщ
|
щ
|
ащы. тұщы
|
ъ
|
ъ
|
|
съезд
|
Ыы
|
Ыы
|
ы
|
ыдыс
|
Іі
|
Іі
|
і
|
білім, сіз, біз, із
|
ь
|
ь
|
|
|
Ээ
|
Ээ
|
э
|
(орыс тілінен енген кірме сөздерде)
|
Юю
|
Юю
|
ю
|
ою, аю
|
Яя
|
Яя
|
я
|
таяқ, аяқ
|
Әліпби туралы негізгі ақпараттар
Казақ тілінде 42 әріп бар.
12 әріп - дауысты
26 әріп - дауыссыз
2 әріп - айтылмайды
1. Фонетика
1.1. Фонетика туралы жалпы түсінік
Фонетика – тіл білімінің саласы, дыбыстарды, дыбыстар туралы заңдылықтарды қарастырады. Дыбыс деген мағына бірнеше атауға жатады. Сонын ішінде фонетика тіл дыбыстарын зерттейді. Сонымен қатар, дыбыстау мүшелері, дыбыстардың үндесуін және буын, екпін мәселелері деген салаларды да зерттейді.Тіл дыбыстарының пайда болуы, жасалуы табиғатта, өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен тең. Зтатпен заттың қақтығысуынан да дыбыстар пайда болады. Тіл дыбыстары да өкпеден шыққан ауаның дыбысталу мүшелеріне қақтығысуынан пайда болады.
Фонетика дыбыс атаулының бәрін зерттемейді, ол тек адамның аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды зерттейді.Мағыналы дегеніміз, мағыналы сөздер жасай алатын дыбыстар. Мәселен: жол, жел, жал, жыл деген немесе тас, жас, қас, бас сөздерін алсақ алғашқы сөздердің мағыналарын ажыратып тұрған дауысты дыбыстар, екінші қатар сөздерде дауыссыз дыбыстар сөз мағынасын ажыратып тұр. Сонымен қатар, бұл сөздердегі дыбыстарды қалай болса солай орындарын ауыстыра алмаймыз. Сондықтан, тіл дыбыстары – жүйелі құбылыс.
Дыбыстау мүшелерінің дыбыстардың жасалуында қызметі зор. Ең алдымен, тіл дыбыстары дыбысталу мүшелері арқылы жасалады. Бұны дыбыстау аппараты дейміз.
Дыбыстау мүшелеріне – өкпе, дауыс шымылдығы, таңдай, тіс, тіл, ерін т.б. жатады. Оларды күрделі 3 топқа бөлеміз.
-
тыныс мүшелері – өкпе жатады
-
тамақ
-
қуыс мүшелері – тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы
Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.
Қорытындылау сұрақтары:
-
Фонетика саласы нені зерттейді?
-
Мағыналы дыбыстар дегеніміз не?
-
Дыбыстау мүшелері дегеніміз не?
-
Дыбыстау мүшелеріне не жатады?
Дыбыс және әріп, алфавит
Дыбысты айтуға, құлақпен естуге болады, ал әріпті көруге, жазуға болады.
Әріп деп – дыбыстардың жазудағы емлесін айтамыз.
Дыбыс деп – өкпедегі ауаның ауыз қуысынан кедергіге ұшырап не ұшырамай шығуын айтамыз.
Дыбыс саны мен әріп саны үнемі бірдей болып келе бермейді. Сонымен бірге, әр әріптің жеке тұрғандағы өз атауы бар. «Әріп» белгісі бір жүйе бойынша, тәртіппен тізіледі.Сонда, әріптің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит деп атаймыз.
Қазақ тілінде 42 әріп бар, оның ішінде олар дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді. Кәзіргі қазақ тілінде 38 дыбыс бар. Олар: а,ә,б,в,г,ғ,д,е,ж,з,и,й,к,қ,л,м,н,ң,о,ө,п,р,с,т,у,ү,ұ,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,ы,і,э.
Тілде әріптің саны дыбыстан көбірек, өйткені жеке дыбыс емес, қосар дыбыстан құралған немесе басқа да шартты белгілердің жазудағы таңбасы да әріпке жатады.
Қорытынды сұрақтары:
1.Әріп дегеніміз не?
2.Дыбыс дегеніміз не?
3.Алфавит деп нені атайды?
4.Қазақ тілінде неше әріп бар?
Жаңылтпашты жатқа айтыңыз:
Мақтадық Қуатты
Ол бізді қуантты.
Қолымен қуатты
Көп жаңғақ уатты.
Дауысты дыбыстар, олардың жасалу емлесі
Ауаның кедергісіз шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а,ә,о,ө,ұ,ү,і,е,ы.
Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә,ө,ұ,ү,і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Олар – орыс тілінде жоқ дыбыстар.
Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и,у.
Орыс тілінен кірген сөздерде ғана қолданылатын дір дауысты дыбыс бар, ол – э. Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбысты бар деп те айтылады.
Дауысты дыбыстар буын құрайды. Олар 3 жақты жіктеледі:
-
тіл қатысына қарай жуан және жіңішке
-
иек (жақ) қатысына қарай немесе жасалу орнына қарай ашық және қысаң
-
ерін қатысына қарай езулік және еріндік
Жуан – а,о,ұ,ы. Жіңішке - ә,э,ө,е,ү,у,і,и
Ашық – а,ә,э,о,ө,е Қысан – ұ,ү,у,ы,і,и
Езулік – а,ә,э,е Еріндік – о,ө,ұ,ү,у
Езулік – ы,і,и
Есіңізге сақтаңыз!
-
Қазақ тілінде екпін соңғы буынға түседі.
-
Дауыстылардың жуан, жіңішке болып бөлінуіне қарай, сөздер де екі үлкен топ: жіңішке және жуан сөздерден тұрады.
-
Қазақ тіліндегі жалғау, жұрнақтардың жалғасуы үндестік заңына бағынады, яғни дауыстылардың үндесуі, дауыссыздардың үндесуі бар.
-
Негізінен дыбыстар қалай жазылса, солай оқылады. Мысалы, О дыбысы сөздерде ешқандай өзгеріске ұшырамай оқылады (орма, ой, оймақ).
Тапсырма:
Сөздерді оқып жаттығамыз
Мынау, үй, менің, ол, дәрігер, ақылды, әдемі, әпке, әже, әке.
Мәтінді оқыңыз
Мынау менің әпкем. Ол дәрігер. Ол әдемі. Ол үйде. Мынау менің үйім. Әжем, әкем үйде.
Қ,ғ дыбыстары жуан дауыстылармен тіркеседі
Сөздерді оқып жаттығамыз
Қала, қайтала, оқы, ғалым, ғарыш, баға, аға, ғасыр.
К,г дыбыстары жіңішке дауыстылармен тіркеседі
Сөздерді оқып жаттығамыз
Күн, кеше, кеме, кел, кең, гүл, бүгін, егін, тегін.
З дыбысы негізінен сөздің соңында кезедеседі
Сөздерді оқып жаттығамыз
Жаз, күз, біз, сіз, қыз, киіз, сөз, көз, жез, тез, негіз, сегіз, өгіз
У дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке дыбыстардың, бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыстың орнына жүреді.
У әрпі жуан дыбысты да (мысалы: бу, жу, айту, жазу), жіңішке дыбыстыда таңбалайды (келу, түсу, күлу)
Ескерту:
У әрпі: 1) дауысты дыбыстан кейін; 2) екі дауыстының арасында; 3) сөз басында дауыстыдан бұрын тұрса, үнді дауыссыз дыбысын таңбалайды.
Мысалы: 1) дау, дәу, асау, бесеу, алтау, белбеу; 2) дауыс, дәуір, жауап; 3) уақыт, уәде, уайым. Мұндай жағдайларда у дыбысы өз алдына буын жасай алмайды.
Ә) у әрпі дауыссыздан кейін дауысты дыбысты таңбалайды.
Мысалы: бу, бару, келу.
А, е,ы, і әріптері сөздің барлық буынында қолданылады
Дәптер, қағаз, сөздік, жаттығу, машина, парламент, оқулық, Сәуле, дипломат, сағат, мектеп, университет, бүгін.
У әрпінің алдынан ү,ұ, ы, і әріптері жазылмайды:
Оқы - оқу (оқыу емес)
Біл - білу (біліу емес)
Сөздің соңғы буынында ы,і дыбыстары болып, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, ы, і дыбыстары түсіп қалады:
Халы+ы - халқы
Көңіл+і - көңілі
Бөрік+і - бөркі
Ауыл+ы - аулы
Қазақ тілінде қазақтың төл сөздері б, в, г, ғ, д, щ дыбыстарына аяқталмайды.
Ң, й дыбыстарынан сөз басталмайды.
Айыру (ъ) жіңішкелік (ь) белгілер ешбір дыбысты білдірмейді,, тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады.
В,ф,ц,ч,щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады.
Жаттығу жұмыстары:
Сөз тіркесі
1-жаттығу. Сөздерді дұрыс оқыңыз және айтылуына мән беріңіз
Ана, әке, Отан, көз, көзілдірік, бұлбұл, үйрек, мереке, у, уақыт, сәлем, сөз, дыбыс, итмұрын, адал, ай, әдепті, әдет, әзіл, бала, ғалым, күн, түн, рақмет, жақсы, қалай, көріскенше, тіл, жаттығу, әліпби, көп, аз.
2-жаттығу. Сөз тіркестерін дұрыс оқыңыз және орыс тіліне аударыңыз
Менің Отаным. Адал адам. Әдепті бала. Жақсы әдет. Көп ыдыс. Түнгі ай. Ана мен әке. Уақыт аз. Көз бен көзілдірік. Үлкен мереке. Қазақ әліпбиі. Арнайы сөздік. Қош болыңыз. Қалыңыз қалай? Сәлеметсіз бе? Сөз тіркесі. Тұрақты сөз тіркесі.
Сәлемдесу – приветствие
-
Сәлеметсіз бе? - Көп рақмет, өте жақсы
-
Амансыз ба? - Сау болыңыз!
-
Қалыңыз қалай? - Көріскенше, қош болыңыз!
-
Рақмет, жақсы. - Кездескенше
-
Сіздің қалыңыз қалай? - Жақсылықта кездесейік.
Арнайы сөздік
-
Сәлем – привет
-
Амансыз ба? – Как ваше здоровье?
-
Көп рақмет – большое спасибо
-
Кеш жарық – добрый вечер
-
Қош болыңыз, жақсылықта кездесейік – до свидания
-
Өте жақсы – очень хорошо
-
Қалыңыз қалай? – Как ваши дела?
-
Сәлеметсіз бе? – здравствуйте
-
Көріскенше, кездескенше – до встречи
-
Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз – спокойной вам ночи
-
Еңбек – труд
-
Ырым – примета
-
Мәтін – текст
-
Оқулық – учебник
-
Аптека – дәріхана
-
Дәптер – тетрадь
-
Маман – специалист
Фразеологиялық сөздік
Ақ бата (тілек) – в буквальном смысле белое, чистое благословение (пожелание) – благословение.
Ақ жарқын – букв. Белое сияние – жизнерадостный
Ақ жүрек – букв. Белое сердце – прямодушный, откровенный, душа нараспашку.
Мақалды жаттап алыңыз
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Человек без Родины, что лес без соловья
Дауыссыз дыбыстар, олардың жазылу емлесі.
Айтылғанда ауа өкпеден кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыстар деп атаймыз.
Дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады. Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Олар 3 жақты жіктеледі.
-
Дауыс қатысына қарай – қатаң, ұяң, үнді
Қатаң – т, п, ф, с, ш, к, қ, щ, ч, ц, х.
Ұян – б, в, г, д, ғ, ж, з.
Үнді – р, л, й, у (ауыз жолды) және м, н, ң (мұрын жолды)
-
Айтылуына (жасалу жолдарына) қарай – шуғыл, ызың
Шұғыл – б, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.
Ызың – в, з, ф, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.
-
Дыбысталу мүшелерінің қатысына қарай
(жасалу орнына қарай): еріндік – б, п, м, у
тістердікі – в, ф.
тіс дауссыз – з, с, д, ж.
тіл алды – ж, ш, щ, ч, к, р, л, й
тіл ортасы – к, г
тіл арты – қ, ғ, ң. х
көмекей – һ
Дауыссыз дыбыстардың ішінде һ, в, ф, х, ц, ч дыбыстары қазақ тілінің байырғы сөздерінде қолданылмайды. Олардың һ әріпі шығыс тілдерінен келген кейбір сөздерде және одағайларда қолданылады:мәһүр, қаһарман, гауһар т.б.Дауыссыз дыбыстардың ішінде: л, м, н ,ц, р, у, и.
Жаттығу жұмысы
-
Жаттығу. Төмендегі сөздерді 3 топқа бөліп жазыңыз
Мектеп, үш, дәптер, алма, сағат, қан, су, айна, спорт, таз, мал, газ, есік, кітап.
2 - жаттығу. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау
Озат оқушы , ескі кітап, жаңа дәптер, үлгілі ұстаз, таза сынып
Үлгі: Ақжан сыныбында озат оқушы.
Сұрақтарға жауап беру:
-
Фонетика саласы нені зерттейді?
-
Дауысты дыбыс дегеніміз не?
-
Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
-
Алфавит деп нені атайды?
-
Қазақ тіліндегі дыбыстар қалай бөлінеді?
Фонетикалық талдау жасау:
-
жұрт
2. шәкірт
3.мамандық
Өлеңді жатқа айту:
Шағырай шешеннің шумақтары.
Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар жоғына қарамас,
Анық жомарт ер кісі.
Өз үйінде салғыртсу,
Сараңдықтың белгісі.
Лексикалық тақырып: «Жұмыс күні»
-
Диалогты оқып шығу.
-
Белгіленген сөздерге фонетикалық талдау жасау.
-
Мәтіні бойынша түсінік айту.
Теледидар алдында
-
Серік, «Сахатшылар клубы» қашан басталады?
-
Жарты сағаттан кейін. Сен бұл хабарды жақсы көресің бе?
-
Әрине, бірақ барлығын көре алмаймын.
-
Неге?
-
Мен зауытта екінші ауысымда істеген күні көруге үлгермей қаламын.
-
Берік, сен оқисың ба, жұмыс істейсің бе?
-
Мен «Интуристе» істеймін. Ел аралауды ұнатамын. Делегациялармен көптеген қалаларда болдым.
-
Қандай бақыттысың! Көп жерлерде болып, көп жерлерді көріпсің. Ал мен ондай жерлерді тек теледидардан ғана көремін.
-
Серік, сен неше тіл білесін?
-
Үш тіл білемін: ағылшынша, испанша, французша сөйлей аламын.
-
Жамал Омарқызы да французша біле ме?
Сөзге Жамал Омарқызы араласты.
-
Мен француз тілінен сабақ беремін ғой. Міне, биыл 20 жыл болады.
-
Сізге сол жұмысыңыз ұнай ма? Бір нәрсені жыл сайын қайталай беру жалықтырмай ма?
-
Мен өз жұмысыма өте ризамын. Әр жылы жаңа студенттер келеді. Олар жас, әр түрлі, ізденгіш. Көп нәрсені білгісі келеді.
-
Жамал Омарқызы дұрыс айтады. Келіңдер, хабар тыңдалық.
Сөздікпен жұмыс
Жадыңда сақта (3 рет қайталанады):
Теледидар алдында – перед телевизором
Ел аралау - путешествовать
Ауысым - смена
Ізденгіш - любознательный
Қайталауға арналған тест сұрақтары: ( Дыбыс, дыбыстың түрлері)
-
Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы
а) фонетика ә) синтаксис б) лексика в) морфология г) фразеология
-
Қазақ әліпбиіндегі әріп саны
а) 42 ә) 41 б) 45 в) 43 г) 40
а) а, е, ө, ұ ә) т, р, г, ш б) п, к, з, б в) д, м, т, ч г) в, с, ж, т
а) а, ә, ө, о ә) і, ы, е, ю б) л, п, т, д в) и, у, э, я г) г, е, н, з
а) а, о, ұ, ы ә) а, ө, э, и б) е, э, ы, ү в) ә, і, ү, ө г) и, а, л, д
а) ө, о, ү, ұ ә) і, ә, ы, я б) а, и, ю, у в) а, о, ү, ы г) у, ұ, ө, и
а) р, л, н, м ә) п, т, б, д б) в, г, ш, з в) к, р, ш, ж г) х, һ, ч, ф
а) п, ф, к, т ә) в, л, д, р б) б, т, д, м в) ч, с, ғ, қ г) ц, г, з, б
а) в, з, ж, ғ ә) і, а, л, б б) р, л, м, т в) ө, ұ, ү, і г) в, р, ж, х
10.Дұрыс тасымалданған сөз
а) мек-те-бің ә) тіг-інші б) кер-еге в) шар-уаш-ыл-ық г) жа-қсы
Буын туралы түсінік. Тасымал
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың бір ерекшелігі, олардың буын құрайтындығы болып табылады. Демек, сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: а-та, ке-ре-мет.
Буынның айтылуындағы өлшемі мен жазылуындағы түрі бірдей бола бермейді. Мысалы: метр, литр сөздерді жазылуда бір буын, айтылғанда екі буын. Сондай-ақ, кооператив сөзі жазылуда 5 буын, айтылуда 4 буын. Қазақ тілінде екі дауысты қатар келгенде айтылуда біріншісісі түсіп қалуы да осынған байланысты.
Мысалы: келе алмады – келалмады, бара алмады – баралмады.
Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны 4 түрлі болады:
-
бір дыбысты буын, жалғыз дауысты дыбыстан тұрады: а-ла, о-рақ .
-
екі дыбысты буын: ба-ла, ша-ға.
-
үш дыбысты буын: көз, бұл, ұлт.
-
төрт дыбысты буын: қант, тарс, жұрт.
Дауысты дыбыстың жуан, жіңішке болуына қарай буындар жуан және жіңішке болады.
Сөйтіп, айтылғанда үзіліп-үзіліп шығатын, құрамындадауысты дыбысы бар сөздің бөлшегін буын деп айтамыз.
Жазылып келе жатқанда сөз жолға симай қалса, тұтасбір буынды немесекөп буынды 2 жолға көшіруді тасымал деп айтамыз.
Сөзде бірнеше буын болғанда да, сыйған буындар жол соңына жазылып, қалған буындары келесі жолға тасымалданады.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар да бар:
-
Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалғанбөлігін тасымалдауға болмайды. Мысалы: әке, ана, әже, ата, өмір, өнер, әзір сияқты сөздер тасымалданбайды.
-
Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды. Мысалы: МТС, РТС, ОПЦ т.б.
-
Қысқартылып алынған кісі аттары. Мысалы: А.Құнанбаев, М.О. Әуезов т.б.
-
Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөзден бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы:15 м, 30 см, 60% т.б.
Буынның түрлері
Буын ішіндегі дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын: ашық, тұйық, бітеу болып 3 бөлінеді.
Бір дауысты немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буынды ашық буын деп айтамыз.
Мысалы: ә-ке, а-та.
Екі немесе үш дыбыстан құралып, дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды тұйық буын деп айтамыз.
Мысалы: ат, ет, өрт, ұлт.
Ортасы дауысты, екі жағы дауыссыз болатын, үш немесе төрт дыбысты буынды бітеу буын деп атаймыз.
Мысалы: мал, төс, жалт, төрт.
Қорытынды сұрақтар:
-
Буын дегеніміз не?
-
Буынның неше түрі бар?
-
Ашық буын дегеніміз не?
-
Тұйық буынға мысал келтіріңіз?
-
Бітеу буын неше дыбыстардан тұрады?
-
Тасымал деген не?
-
Буын ішіндегі дыбыс саны нешеге бөлінеді?
-
Тасымалдауға болмайтын жағдайларды атап шығыңыз?
Есіңізге сақтаңыз:
В казахском языке слоги образуются гласные звуки.
Мысалы: да-ла, те-ре-зе, ба-ла
Если буквы У,Й находятся на стыке между гласными, то они переходят в следующий слог.
Мысалы: А-Уыл, қа-Уын, қа-Йын
|
Жаттығу жұмыстары:
1-тапсырма. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз және ашық, бітеу, тұйық буынға бөліп жазыңыздар
Мать, отец, ребенок, город, степь, окно, войн, день, ночь, огонь, снег, белый, саель, земля, луна, песня, язык, лед, девочка, слово, птица, зима.
2-тапсырма. Жіңішке дауысты дыбыстар мен жуан дауысты дыбыстарды бөліп жазыңыз
Жер, су, ақ, ән, ай, жел, бұлт, сел, ана, әке, дала, мұз, құс, қар, ер, тіл, дауыл, бұршақ, аспан, құйын, күндіз, от, теңге, сәрсенбі, жаңбыр, тасқын, терезе, толқын, қола, әдепті, жұлдыз, шөп.
3-тапсырма. Сөздерді қолданып сөз тіркестерін құрастырыңыз
Ақ, танысқаныма, ақылға, жыл, апта, ай, қайырлы, дауысты, көп, қазақ, арнайы, аталы, ат, әдемі, жаңа, қиын, менің, көңіл, қуаныштымын, сыймау, мезгілдері, күндері, аттары, таң, дыбыс, рақмет, тілі, сөздік, сөз, көпір, гүлзарда, жаттығу.
4-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жазып, буынның түрін ажыратыңыз
Таяғын, алмай, уақытта, кезендердің, әлі, зеттеулермен.
Үлгі: қалам – қа- лам
қа- ашық буын, лам – бітеу буын.
5-жаттығу. Шешендік сөздерді мәнерлеп оқып, әр сөзді буын түрлеріне талдаңыз.
Көбей шешен сөздері
Тау белгісі тас болар,
Май белгісі ас болар.
Алған жарын жаман болса,
Тазалық жоқ нас болар.
Алған жарын жақсы болса,
Қартайғанша жас болар...
Зер ұстаған зердің жайын біледі,
Жақсы басшы елдің жайын біледі.
Басынан көп өмірді өткізген жан,
Қайғы менен шердің жайын біледі.
Мақалды жаттап алыңыз
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.
Лучше быть на Родине подметкой,
Чем на чужбине султаном
Үндестік заңы
Буын және дыбыс үндестігі
Қазақ тілінде сөздердің, сөз бен қосымшаның бір-бірімен дыбысталуы жағынан үндесе қолданылуы тілдегі негізгі заңдылықтарға жатады. Тіліміздегі сөздердің көбі не бірыңғай жуан, не бірынғай жіңішке болады. Мысалы, қала, дала, бала, қазақылық сияқты сөздерде ылғи жуан дауыстылар қолданылса, мектеп, терезе, әдемі, әке сияқты сөздерде жіңішке дауыстылар қолданылған. Осыған орай қосымшалар да сөздің соңғы буынының әсерінен не жуан, не жіңішке түрде сөздің соңғы дыбысының әсерімен қатаңнан, ұяңнан, үндіден басталып жалғанады. Бұл заңдылықты үндестік заңы деп атаймыз. Мысалы: қалада, далаға,балалар,терезені.
Үндестік заны буын үндестігі (сингармонизм) және дыбыс үндестігі (ассимиляция) болып екіге бөлінеді.
Буын үндестігі – сөздегі дауысты дыбыстардың үндесуіне байланысты заңдылық. Қазақ тіліндегі сөздердің не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесіп қолданылуы буын үндестігі деп аталады. Мысалы: ана, бақыт, қазына, көктем, әке, әже.
Буын үндестігі орыс тілінде жоқ , қазақ тілінің ерекшелігіне жатады.
Бұл заңдылық сөзге қосымша қосылғанда да сақталады, яғни жуан сөзге қосымша жуан түрде, жіңішке сөзге қосымша жіңішке түрде қосылады. Мысалы: адам-ға, үміт-кер, азат-тық,уәде-лі, қызық-сыз.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар бар:
-
мен, - бен, - пен көмектес септігі;
-
қор: - бейнет+қор
-
паз: нер+паз
-
нікі (-дікі, - тікі): Алматы+нікі
-
тай, -тал, -еке: Асеке, өсім+тал
-
-кер, гер: талап+кер, мұра+гер
-
-хана: ем+хана
-
ов, -ев, - ева, -ин: Мұстафин, Серікбаев, Мұхитов, Сүлейменова
Қорытынды сұрақтар:
-
Үндестік заңы деген не?
-
Үндестік заңы қалай бөлінеді?
-
Буын үндестігі деген не?
-
Буын үндестігі тіл білімінде қалай аталады?
-
Мысал келтіріңіз
Жаттығу жұмысы:
Төмендегі сөздерге қосымшалар қосып жазып, олармен сөз тіркесін жасаңыз
Әбігер, әдепсіздік, әділдік, әкімшілік, жанұя, шағала.
Дыбыс үндестігі – түбір сөз бен қосымша, сөз бен сөз арасындағы дыбыстардың бір-біріне ұқсата әсер етуін айтамыз.
Мысалы: қалалық, мәнерле, мектепте сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қошымшаның үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен.
Дыбыс үндістігі үшке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалды ықпал.
Ілгерінді ықпал – сөздің соңғы дыбысы дауыссыздан басталатын қосымшаның алғашқы дыбысын өзіне ұқсата әсер етуін айтамыз.
Мысалы: әжем-де, қар-лы, әке-де.
Кейінді ықпал – кейінгі дыбыстың алдындағы дыбысқа әсерінен алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа ұқсап өзгеруін айтамыз.
Мысалы : кітап – кітабы, күрек – күрегі, басшы – башшы.
Тоғыспалды ықпал – сөз тіркестері мен біріккен сөз сыңарларындағы дыбыстар бір-біріне ілгері-кейінді әсер етіп, алдынғы дыбыс кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп өзгертетін, ал ол өзгерген дыбыс өзінен бұрынғы дыбысты өзгертетін жағдайды айтамыз.
Мысалы : Есжан (Ешшан), тас жол (таш шол).
1-жаттығу. Сөйлемдердің ішінен ілгерінді, кейінді ықпалдарды тауып, астын сызыңыз.
Көктем – табиғаттың той-думаны. Көктемнің беташары – наурыз айы, ал сәуірде қар кетеді, ағыл-тегіл басталып бұлақтар ағады.
Жер беті жасыл көрпеге оранып, жауқазын гүлдерден алқа тағынады, терек бүр жарады. Мамыр айында айнала ақ ұлпа гүлге бөленеді. Тау бөктеріндегі шие, алша, алмұрттың гүлдерінен төңірек аппақ .
2-жаттығу.Төмендегі сөздерге қосымшалар қосып жазыңыз
Жарыс, данышпан, замат, көз, бұрын, орын, тарих, жию, құрмет, қадір, мұғалім, қолөнер, тәкаппар, қасиет, сезім, жүрек, бокс, сия, қазір, әлжуаз, інжу.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Кейбір қосымшалардың жуан-жіңішке нұсқасы болмағандықтан, сөзге буын үндестігіне бағынбай жалғанады:
-
–мен,-бен,-пен ( қалам-мен,ағаш-пен).
-
–паз (әсем-паз)
-
–қор ( пәле-қор)
-
–қой (сән-қой)
-
–дікі,-тікі,-нікі (колхоз-дікі)
-
–кер (жұмыс-кер)
-
–кеш ( арба-кеш)
-
–хана (шебер-хана )
-
–күнем ( пайда-күнем)
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингармонизм заңдылығына бағынбайды.
Мысалы: кітап-тар, пионер-лер.
Бірақ қосымшалар соңғы буынның әуеніне қарап жазылады: депутат-тар. Осыған орай, тілімізде ерін үндестігі деген болады.
Біріккен сөздердің құрамындағы сөздер жіңішке, жуан түрде аралас келе береді: шекара, балшекер, жолсерік, итқұлақ .
Қос сөздерді екі сыңары жуан, жіңішке бола береді.
Қорытынды сұрақтар:
-
Қандай қосымшалар үндестік заңдылығына бағынбайды?
-
Қандай сөздер сингармонизм заңына бағынбайды?
-
Қосымшаларға мысал келтіріңіз?
Жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу. Құрамында буын үндестігіне қайшы сөздері бар 8 мақал-мәтел теріп жазыңыз
Үлгі : Кесірлі ауыздан,
Кесапатты сөз шығады.
2-жаттығу. Төмендегі сөздермен сөйлем құрастырыңыз
Үлгі: Біз аулада ақсүйек ойнын ойнадық.
Ақсүйек, айыпкер, ақылгөй, алаөкпе, бесжылдық, беташар, бірыңғай, емхана, ғанибет, көкбазар, жүдеубас.
3-жаттығу
Берілгені : Сөйлемдер ішінен буын үндестігіне қайшы сөздерді табыңыз, астын сызып көрсетіңіз.
Қыста аяқтанған балалардың тұсауы енді кесіліп, көктемде туған балалардың шілдеханасы енді жасалады. Төбелесқор ағасынан төмпеш қалмаса игі еді. Мейман әлі сұлқ жатыр. Екі тілмаштың қолтығына да алты-алтыдан қарсақ терісі қыстырылды. Өлең ғана емес, нәрсенің көбі-ақ жарастығымен ұнамды көрінеді. Шығарған ақындардың жоғалтқан батырлар жыры бір адамның сөзі болудан шығып, мың адамдікі, жұрттікі, ұлттікі болып кеткен.
Қорытынды сұрақтар:
-
Буын дегеніміз не?
-
Буынның түрлерін атаңыз. Мысал келтіріңіз?
-
Үндестік заңы дегеніміз не?
-
Буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне түсініктеме беріңіз?
-
Тасымал дегеніміз не?
6. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды атаңыз?
7.Үндестік заңына мысал келтіріңіз.
Өз бетінше орындауға арналған жаттығу:
1-жаттығу
Берілгені : «Менің таңдаған мамандығым» атты тақырыпқа шағын шығарма жазу.
2-жаттығу. Орфографиялық сөздікті пайдаланып, б,в,г,д дыбыстарына аяқталатын сөздерді теріп жазыңыз, қосымша қосып түрлендіріңіз
-тар
-қа
Үлгі : Клуб -пен
-тан
-та
-ты
Тіл ұстартуға арналған тапсырма:
Берілгені: Мына өлеңді мәнерлеп оқып, ондағы сөздерді буын үндестігіне қарай талдап, өлеңді жаттап алыңыз.
«Мен үшін шілдехана ойналмаған,
Ешқашан туған күнім тойланбаған.
Өмірге адам келді деп ескеріп,
Куәлік алуды да ойланбаған.
Білмеймін, мұның үшін кім кінәлы,
Белгісіз туған күні жүрмін әлі.
Ұмытып күнім түгіл айымдыда:
- Көктемде туып едің,- дейді бәрі.
Несіне кінәлаймын бұл халықты,
Кім әсте болар дейсің туа мықты.
Өмірге кегенімді аян етер,
Өзіме өзім жазам куәлікті».
(М.Мақатаев)
Лексикалық тақырып: «Менің мамандығым»
Тапсырмалар :
-
Мәтінді мәнерлеп оқыңыз
-
Мәтін бойынша түсінік айтыңыз
-
Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздердің астын сызыңыз
Электр энергиясын өндіру және пайдалану
Біздің заманымызда қоғамның өндірістік күштері дамуының ең басты көрсеткіші - өндіріс және энергия тұтыну дәрежесі. Сонда жетекші роль атқаратын электр энергиясы – энергияның әмбебап және пайдалануға ыңғайлы түрі. Егер энергия тұтыну дүние-жүзінде шамамен 25 жылда екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл – энергия ресурстарын жұмсаумен байланысты процестер саны үсті-үстіне электр энергиясына көшеді деген сөз.
Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станциялардында негізінде электромеханикалық генераторлар арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гидроэлектр станциялары.
Қайталауға арналған тест сұрақтары: (Буын, буынның түрлері)
-
Жуан буынды сөз
а) арман ә) мұғалім б) ғарышкер в) өнер г) білімгер
а) шаш ә) ақ б) әке в) мәре г) және
а) ана ә) ұн б) бел в) қант г) үн
-
Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз
а) өнерпаз ә) әуенмен б) балалық в) доғал г) кереге
а) серт
ә) қарлы
б) қабу
в) қалам
г) қайшы
-
Бірыңғай ашық буынды тіркес
а) кешегі оқиға ә) кішіпейіл адам б) жақсы жолдас
в) құрметті ұстаз г) әдемі сурет
а) әуенмен ә) болашақ б) баламен в) ауылдың г) сатушы
а) от, ұл ә) босат
б) аға, әке
в) жоқ, бес
г) аман
9. Қазақ тіліндегі дыбыс саны
а) 37 ә) 38 б) 42 в) 36 г) 41
а) ү, ө, і, ә ә) о, а, и, ю б) о, л, ж, ы в) е, о, и, я г) ұ, ө, қ, ә
а) барғанмен ә) еңбеккер б) келісті в) талап г) аспан
а) жылқы ә) әдеп б) дүкен в) пәтер г) кітап
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ш. Есмағамбетова, З. Бүркітбаева. Қазақ тілі. Алматы мектеп 2005ж.
2. Н Оразақынова, Ж. Исаева, Г. Сүлеева. Қазақ тілі. Алматы Арыс 2004ж.
3. С.М. Исаев. Алматы «Өнер» баспасы 2005ж.
4. М.Серғалиев. Қазақ тілі. Алматы «Білім» 1994 ж.
5. Г. Тайсюганова, 3.Рахмет. Қазақ тілі. Алматы Кітап 2007ж.
6. К.Д.Жүнісбеков. Қазақ тілі. Алматы Рауан 1994 ж.
7. Ш.К.Бектұров, А. Бектұрова. Казахский язык для всех. Алматы,
Рауан 1994 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |