Тақырыбы: Мейірімділік – жылылық шуағы
(ұстаздар мен ата-аналарға арналған тренинг)
Мақсаты: Ұстаздарды мен ата-аналарды жаңашылдыққа, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін, ой-қиялын арттыру.
Міндеті: Жаңа қоғамдағы адамгершілік, патриотизм және педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту. Мұғалімнің және ата-аналардың эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Ұстаздар мен ата-аналардың өз өмірлеріне деген ынтасын арттыру.
Түрі: Тренинг
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мимикамен түсіндіру, ой бөлісу және пікір алмасу.
Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта.
Тренинг ережесі:
1. Белсенділікті арттыру
2. Бірігіп жұмыс істеу
3. Бір-біріне кедергі келтірмеу
4. Өз ойымды ашық айта білуге үйрену
5. Өзіме пайдалы нәрсені алу
6. Әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
7. Өзімді еркін ұстауға үйрену
Тренер сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар! Бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылыққа біліктеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған «Мейірімділік – жылылық шуағы» тренингсағатын ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
1-жаттығу. «Танысу»
Нұсқаулық: Қазір барлығымыз алдымызда тұрған парақшаны төбелеріңізге қойып, жаныңызда отырған әріптесіңіздің суретін салыңыздар. Салып болсақ, суретті алдарыңызға қойып, сол әріптесіңізге бір тілек жазыңыз да, астына өз есіміңізді қалдырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |