СТАНДАРТ
Науқасты ішімен орналастыру.
Мақсаты: төсекте ыңғайлы жағдай туғызу.
Қолдануы: төсектегі науқастың пассивті және мәжбүрлі жағдайда болуы, тері ойылуының алдын алу.
Әзірле: функционалды керует, шағын жастық-8, жастық-2.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқастың жағдайын бағала.
Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Қолғап киіңіз.
Керуеттің тежеуіштерін қатайтыңыз.
Керуетті горизонтальды жағдайға келтіріңіз, науқастың басынан жастықты алып тастаңыз.
Науқастың шынтақ тұсынан қолын жазып денесінің тұсына ұзынынан қатарластырып /параллельно/ қойыңыз, қолыңыздың білектерін науқастың бөксесінің астына қойып науқасты ішіне қарай аударыңыз. Науқаста гемиплегия болса науқастың семіп қалған қолы арқылы науқасты ішіне қарай аударыңыз.
Науқастың денесін керуеттің ортасына жылжытыңыз(науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін).
Науқастың басын қырына қаратып, астына биік емес жастық қойыңыз(мойын омыртқаларының бүгілуін, майысуын азайту). Гемиплегиясы бар науқастың басын денесінің семіп қалған жағына қарай бұрыңыз.
Науқастың ішінің астына яғни диафрагмадан біршама төмен жеріне шағын жастықты қойыңыз (бел омыртқаларының майысуын және бел бұлшықеттерінің тонусын азайту және бел тұсындағы ойылудың алдын алу үшін),ал әйелдерде көкірегіне қарай қысым түсіуін азайтады.
Науқастың екі қолын иығына қарай бүгіңіз. Қолын жоғары көтеріңіз, қол алақандары бас тұсында орналасуы керек( науқасқа ыңғайлы жағдай болуы керек).
Шынтақ, білек және алақан астына шағын жастықты қойыңыз (саусақтардың жазылуын азайтады).
Табан астына жастықтарды қойыңыз, яғни аяқ башпайлары матрастың үстінде жатуы керек(аяқтың башпайларының матрасқа қысым түсіруін азайтады және табанның сыртқа қарай қайырылуының алдын алады).
Науқастың жайлы, ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.
Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |