Тақырыбы: Науқастар мен қызметкерлер үшін аурухананың қауіпсіз ортасы. Тақырып 1


СТАНДАРТ Науқасты Симс жағдайында орналастыру



бет3/8
Дата03.01.2022
өлшемі23.21 Kb.
#450431
1   2   3   4   5   6   7   8
53747a27-6bd0-421c-a620-24e6dadf56df

СТАНДАРТ

Науқасты Симс жағдайында орналастыру.

(науқастың ішіне қарай жатуы мен қырымен жатуының арасындағы жағдай)

Науқасты жатқызу екі мейірбикенің көмегімен орындалады.



Мақсаты: төсекте ыңғайлы жағдай туғызу.

Қолдануы: төсектегі науқастың пассивті және мәжбүрлі жағдайда болуы, тері ойылуының алдын алу, клизма жасар алдында.

Әзірле: 3 жастық, аяққа арналған тіреуіш (құм салынған қапшық), функционалды немесе жай кереует.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа процедураның мақсатын, жатқызу іс-әрекетін түсіндіріңіз және келісімін алыңыз.

  2. Қолды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Қолғап киіңіз.

  3. Науқастың жағдайын бағалаңыз.

  4. Керуеттің тежеуіштерін қатайтыңыз.

  5. Керуетті бас бөлігін горизонтальды жағдайға келтіріңіз.

  6. Науқасты арқасымен жатқызып,керуеттің жиегіне жақындатыңыз.

  7. Науқасты бір қырымен, етпенінен және жартылай ішіне қарай жатқызыңыз.

  8. Басының астына жастық қойыңыз (мойының жанына бұрылмас үшін) Етпенінен жатқан науқастың төменгі қолы артқа қарай, ал тізесі бүгілген аяқтары керует үстінде орналасады.

  9. Жоғарғы бүгілген қолының астына иық тұсынан жастық қойыңыз,

10.Жоғарғы бүгілген аяқтың астына жастық қойыңыз (бүгілген аяқ бөксе тұсында тұруы керек).

11.Науқастың табанына құм салынған қапшықты тіреңіз.

12.Науқастың ыңғайлы жатқанын тексеріңіз.

13.Қолғапты шешіңіз. Қолды жуып, кептіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет