Тақырыбы: «Өмірге ия деп айт!» Мақсаты



Дата18.12.2022
өлшемі15.49 Kb.
#467463
« Өмірге ия деп айт!»


«Төменгі Пенжім орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп психологінің жұмысына
Түсінік беру
Мерзімі:желтоқсан
Қатысты: 6-11 сынып,ДТІЖО/ мектепішілік ақпараттық акция
Түрі:WhatsApp желісі арқылы
Тақырыбы: « Өмірге ия деп айт!»
Мақсаты: баланы оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихатпен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады.
Күтілетін нәтиже: оқушылар өмір ұғымын түсіне отырып, өмірде кездесетін жағдайларды саралап , қабылдай біледі, сонымен қатар бұқаралық ақпараттық құралдарының балаға әлеуметтік желілерден келетін зиянды ақпараттардың теріс ықпалынан қорғау мәселелерінде ынтымақтастықты дамытуға себеп болады, оқушылар өздері пайдаланып жүрген әлеуметтік және интернет желілерді пайдалануы бойынша зияны мен мүмкіндіктерін де танып біледі, жалпы өздерінде бар түсініктерін толықтыруға мүмкіндіктер алады.
Мектебімізде өткізілген Республикалық науқан барысында, баланың оның денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару мақсатында мектептерде арнайы берілген жоспар бойынша іс – шаралар мекткеп директорының жанындағы тәрбие ісінің орынбасарымен бірігіп ұйымдастырылды.1-5 сыныптар мектепте,6-11 сынып оқушыларына қашықтан психологиялық жұмыстар жүргізілді. Өмірге Ия деп айт!" акция барысында"Өмірге Ия деп айт!", "Біз таңдаған өмір" тақырыптарда өмірге дауыс бер деген ұранмен түрлі психологиялық акциялар жүргізілді.
Акцияның мақсаты:білім алушылардың қайталанбас тұлға екенін сезіндіру, өз - өзіне деген сенімділігі мен адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Қорытынды:Бұл акцияға оқушылар үлкен қызығушылықпен қашықтан қатысып, алған әсерлерін жеткізді. Жалпы мектебімізде өмірге көзқарасы төмен оқушылар болған жоқ.Жалпы оқушылар өте жақсы көңіл күйде болды. 
Ұсыныс: «Әлеуметтік желінің, интернет ойындарының балаға зиян тараптары» түсіндіріліп, жиналыстар ұйымдастырылсын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет