Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері:
1.Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, экологиялық материалдарды тереңінен меңгеруге көмектесу;
2.Сыныптан тыс жұмысты өткізуде оқушыларға көп материалдарды іздеуге көмектесу;
3. Экологиялық мәдениет пен саясатты және экологиялық проблемаларды шешу жолдарын қарастыру;
4.Оқушылардың бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру.
Сыныптан тыс экологиялық жұмысты іске асыру үшін төмендегідей талаптар ескерілу қажет:
1.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне және оқушыларды еркіне қарай топтастыру;
2. Қандай да жұмыстың түрі болмасын, оның қоғамдық және қолданбалы маңызын түсіндіру;
3. Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта - ықыласын, талабын, қабілеті мен құштарлығын ескеру;
4.Ұйымдастырылған қандай бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болу керек;
5.Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде экологиялық бағыт бағдар басым болғаны дұрыс. Осы жұмыстар нәтижелі болу үшін нақты белгіленген күні, мерзімі айқын белгіленген график болу қажет;
6.Осы сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға барлық оқушыларды қатыстыру керек. Бірақ жас ерекшеліктерін ескерген жөн.
Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарда экологиялық білім беру ісі жоғарғы сынып оқушыларын өзі туып өскен тұрғылықты жердің табиғатын тануға, аялап қорғауға және экологиялық проблемаларды шешуге үйретеді [34].
ІІ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСЫ
2.1. Оқу үрдісінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру әдістері
Егемендік алған республикамыздың келешегі және ұрпақтарды тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны бүгінгі талапқа сай жаңартылуы тиіс. Сонымен бірге білім байлығын, табиғаттың ерекшелігін терең оқып білу арқылы өз халқының дүние жүзілік мәдени мұраға орны мен үлесін білуін, әр оқушының қабілеттік дамытуға, әрбір ұлттық мектептің ішкі мазмұнының атына сай болуын қамтамасыз ету – қазіргі өмір талабы.
Осыған байланысты мектептегі экологиялық білім негізін құрайтын жаңа пән – экология курсы болуы керек. Бұл ғылым жаратылыстану ғылымдарымен қатар әлеуметтік бағыт – бағынқы қамтуы (№3-Сурет).
Экология курсының алдына қойған негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып, айнала қоршаған орта туралы көзқарастарын қалыптастыру;
экология ғылымы туралы алғашқы түсініктерді дамыту;
- табиғат, қоршаған орта, зат аламсу, табиғатындағы қарым-қатынастарға ғылыми-тәрбиелік деңгейде талдау жасауға үйретуі.
№3-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |