Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Биология-биотехнология факультеті
Биология (5B011300)
Педагогикалық практика
Есебі
Практика жетекшісі: Сейдалиева Н.М
Практикант-студент: Пәржан Г. О.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология факультетінің
5В011300 - «Биология» мамандығының
4 курс студенті Пәржан Гауһар Оңалбайқызы
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде
24.01.2022-02.04.2022 жыл
аралығында өткен педагогикалық практикадан
ЕСЕБІ
Мен 24.01.2022-02.04.2022 уақыт аралығында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 10«Ә» сыныбында биология пәнінен педагогикалық практикадан өттім. 10 «Ә» сыныбында 17 оқушы бар. Ұлдары – 6, қыздары –11. Оқушылардың жастары 15-16 жас аралығында. Сынып оқушыларының 53% «5» пен «4»-ке оқиды. Оқушылардың барлығы сабаққа белсене қатысты. Жалпы оқушылар түрлендіріп өткен сабақтарда ауызша сұрау кезінде де, бақылау жұмыстарында да, тест жұмыстарында да белсенділік көрсетті.
Мен практика кезінде 10«Ә»сыныбына «Мамандықты дұрыс таңдай білу – табысты өмірдің кілті» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағаты барысында оқушылардың болашақ мамандыққа деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру жұмыстары жүргізілді. Тәрбие сағатына оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін жан-жақты дайындалдым. Бұл тәрбие сағатында оқушылар белсенді қатысты.
Практика жетекшісі: Сейдалиева Н.М
Биология пәнінің мұғалімі: Сейнәсіп А.Ш
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
биология және биотехнология факультеті
5В011300-«Биология» мамандығының 4 курс студенті
Пәржан Гауһар Оңалбайқызына
МІНЕЗДЕМЕ
Пәржан Гауһар Оңалбайқызы, 24.01.2022-02.04.2022 уақыт аралығында, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Практикант 8«а», 8«ә», 8«б»және 10«ә» сыныптарына биология пәнінен практика жүргізді. 10«ә»сыныбына сынып жетекші болды. Педагогикалық практика уақытында өзін барлық қырынан жақсы деңгейде көрсете білді. Сабаққа ұқыпты,үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сабақты беруде ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Сабақ кезінде оқушылармен байланысы жоғары деңгейде болды.
10 «Ә» сыныпқа жетекшілік жасау барысында оқушылармен тез тіл табысып, ынтымақтастықта, бірлесе жұмыс жасады. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың ойлау деңгейін дамыту, жаңашылдыққа үйрету мақсатында интеллектуалды ойындар, түрлі шаралар өткізіп отырды. Сынып оқушыларының сабақтарына қатыса отырып, бейінділіктерін анықтады. Мамандық таңдауға бағыт-бағдар беріп, мамандықтың қыр-сырымен таныстырды.
Пәржан Гауһар практика барысында күнделікті сабақтан қалмай қатысып, жауапкершілікті сезінетін, өзіне жүктелген міндеттерді зор ықыласпен орындайтын, ұқыпты, сауатты, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, кез-келген адаммен тез тіл табыса алатындығын көрсете білді. Сонымен қатар сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, кішіпейіл, адамгершілігі мол, қарапайым қасиеттері болашақ мұғалімге өте қажет деп ойлаймын. Осындай қасиеттері мен қабілетінің арқасында болашақта өз пәнінің мықты маманы болатындығына сенеміз және педагогикалық практиканы өте жоғары бағалаймыз.
Мектеп директоры : Асилбеков А.Б
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары: Көбеев Б. У
Биология пәнінің мұғалімі: Сейнәсіп А.Ш
Достарыңызбен бөлісу: |