Орындаған: Акатаева Аяулым Қабылдаған: Кулымбаева А.К. Тобы: Әлеуметтану Жоспары: 1. Түйсік туралы түсінік. 2. Қабылдау. 3. Ес туралы жалпы анықтама. 4. Ойлау 5. Қорытынды. Адамның психикалық іс-әрекеті сыртқы орта мен ағзаның ішкі жағдайымен байланысты болады. Сезім мүшелері арқылы адам әртүрлі сыртқы және ішкі құбылыстар жайлы ақпараттарды түйсік түрінде алады. Түйсік таным процестерінің ең қарапайым түрі және түйсік жүйке жүйесі бар барлық тірі ағзаларда кездеседі. Әртүрлі арнайы тітіркендіргіш әсерінен пайда болатын сезім мүшелері арқылы пайда болатын түйсікті, сенсорлық тану деп атайды(сенсорика). Түйсік - эволюция кезінде тітіркендіргіштіктің негізінде пайда болған. Тітіркендіргіштік – сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық. Түйсіктің қызметі – орталық жүйке жүйесіне ағзаның ішкі жағдайы және сыртқы ортасы туралы маңызды мәліметтерді уақытында жеткізу. Түйсікті - И.П. Павловтың сигнал беру теориясы бойынша, 1-ші сигналдық жүйесіне жатқызуға болады. Түйсіктер қоршаған ортаның адам үшін маңызды қасиеттерін бейнелейді. Адамның сезім мүшелері туғаннан бастап сыртқы ортаның әртүрлі қуаттарын қабылдауға бейімделген (физикалық, механикалық, химиялық...). Түйсік- заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің мидағы бейнесі, материалды тітіркендіргіштердің адам сезім мүшелеріне әсер етуі арқылы туындайды. Қабылдау-адамның сезім мүшелерінің тікелей әсер етуі арқылы заттар мен құбылыстардың мидағы тұтастай бейнеленуі. Сонда, қабылдау дәл түйсік сияқты, түйсік - бір ғана қасиеті бейнеленсе, ал қабылдауда тұтастай бейнеленеді. Қабылдауды түйсіктердің қосындысы деп санамау керек. Қабылдау сапалы түрде сезімдік танымның жаңа бір деңгейі болып табылады. Қабылдау сезімнен әлде қайда жоғары. Қабылдау тек бір заттың толығымен көрініс беретін жай механикалық бейнесі емес, қабылдау бір ақпараттың бөлінуі, бұл - әрекет. Өткен тәжірибені жадымызда қалдырып, сақтап,оларды қайта жаңғыртуымыз ес деп аталады. Ес адамға өте қажет. Ол арқылы субьект жеке өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, пайдасына жаратады. ХХ ғасырдың 80 ж. неміс психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты ес заңдылықтарын ашты (мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Психиатр Э.Крепелина осы тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру әрекеттерін тексеруде қолданды. Г.Э.Мюллер естің бекуі мен қайта жаңғыруы заңын ашты. ХХ ғ. И.П. Павлов шартты рефлекстер әдісін ашты. Ойлау-жоғары психикалық процесс болып табылады және арнайы сипаттамаларға ие. Біріншісі, шынайлылықтың жалпылай бейнеленуі, яғни ойлау-шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстардың жалпы бейнесі. Екіншісі, нақтылау-обьективті шындықты тану, яғни заттар мен құбылыстардың қасиетін оған тікелей қатынаспай, жанама түрде білуге болады. Мысалы, ауа-райын білу үшін сыртқа шығуға болады. Ойлаудың тағы бір ерекшелігі ол тану немесе іс-әрекет барысында пайда болады. Міндеттерді шешуімен байланысты. Ойлау процесі проблемді ситуация пайда болғанда ғана көрінеді. Ойлау әдетте сұрақ қоюмен басталады, ол мақсат болып табылады. Бұл сұраққа жауап беру үшін арнайы ақыл-ой процестері көмектеседі. Ойлау-сыртқы дүние заттары мен құбылыстың миымызда жалпылай сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау қабылдау, елестетумен тығыз байланысты. Қорытынды: Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді. Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |