Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Дата30.10.2019
өлшемі171.46 Kb.
#447345
Түйсіктер туралы жалпы түсінік. 10 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

КЕЙС

Тақырыбы: Түйсік және қабылдлау

Орындаған: Мамрет Г., Мырзаянова Г.

Тобы: 127-48

Қабылдаған: Елғонова М.



Шымкент 2019 ж

Жоспар


Кіріспе
Негізгі бөлім

а) Түйсіктер туралы жалпы түсінік

ә) Түйсіктің түрлері

б) Қабылдау туралы жалпы түсінік

в) Қабылдаудың ерекшеліктері
Қортынды

Кіріспе

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атаймыз.

Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмін, қатты, жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілдіқасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысымен оның кеңістікте орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.

В.И.Лениннің айтуынша, «түйсік-объективті дүниенің субъективтік бейнесі». Түйсік сыртқы дүниені танудың алғашқы табалдырығы, немесе есігі деуге болады. Өйткені, бұған соқпай, бұны аттап дүние танылмайды. Осы жөнінде В.И. Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритицизмінде» былай деп жазған еді: «Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы даеш нәрсе біле алмаймыз».

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітікендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайд болатын уақытша байланыстар жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.

Сөйтіп, қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есіту) өз ара байланысып жұмыс істеуінен болады.


Түйсік және Қабылдау.

1. Түйсіктер туралы жалпы ұғым

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атаймыз.

Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмін, қатты, жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілдіқасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысымен оның кеңістікте орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.

В.И.Лениннің айтуынша, «түйсік-объективті дүниенің субъективтік бейнесі». Түйсік сыртқы дүниені танудың алғашқы табалдырығы, немесе есігі деуге болады. Өйткені, бұған соқпай, бұны аттап дүние танылмайды. Осы жөнінде В.И. Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритицизмінде» былай деп жазған еді: «Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы даеш нәрсе біле алмаймыз».

Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің) пайда болуы күшті себеп болды. Маркс пен Энгельс: «бес сезім мүшесінің пайда болуы-бұл бүкіл әлемдік тарихтың жемісі»,- деп босқа айтпаған. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктеріненсапалық айырмашылығы болатындығын да ғылыми тұрғыдан алғаш түсіндірген марксизм классиктері: Ф.Энгельс бұл туралы былай деп жазған болатын: «Бүркіт адамға қарағанда әлдеқайда алыстағыны көреді, бірақ адамның көзі заттың көп жағын бүркіттің көзінен әлдеқайда жақсы бақылайды. Адамға қарағанда ит әлдеқайда иіс білгіш келеді, бірақ ит түрліше заттардың адам үшін анық белгісі болып табылатын иістердің жүзден бірін де айыра алмайды».

2. Түйсіктердің негізгі заңдылықтары

а) Сезгіштік

Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік екі түрге бөлінеді, олар: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік.



1)Абсолюттік сезгіштік дегеніміз- сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты.

2)Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады.

ХIХ ғасырдың орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер мен Г.Фехнер тітіркендіргіштердің күші мен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің п с и х о ф и з и к а л ы қ заңы дейді.



ә) Адаптация

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді.

Адаптация құбылысы адам сезгіштігінің артуын, немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізге қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз.

Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түсінбей де қалады. Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол. Мәселен, судың бір қалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.



б)Сенсибилизация

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің трлі жағдайларға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, с е н с и б л и з а т ц и я сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.

Сезім мшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлсіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар, есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі ұшуға дайындық кезінде ұшқыштардың көздеріне 20-30 минутбойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
3. Түйсіктердің түрлері

Түйсіктердің түрлерін үлкен екі топқа бөлуге болады.

1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардң жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде, немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын э к -с т е р о ц е п т о р деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм тері түйсіктері жатады.

2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органкалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын и н т е р о ц е п т о р деп атайды. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасу қозғалысы немесе к и н е с т е з и я л ы қ т ү й с і к т е р хабарлап отырады. Мұның рецепторы п р- о п р и о ц е п т о р деп аталады. Енді осы топтағы түйсіктерге тоқталып өтейік.



а) Көру түйсігі

Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер ету нәтижесінде пайда болады. Белгілі бір ұзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Мәселен,

Қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрон, көк түс 450 миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындардың әсер етуінен пайда болады.

Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, қошқыл сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді.

Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады. Түстің жарықтылығы- түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады. Түстердің өңі дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы-жарықтылығы бірдей сұр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс – қызыл түс болады.

Көру мүшесі – көз. Оның негізгі бөлімі – көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.

ә) Есіту түйсігі

Есіту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері – дыбыс толқындары. Есіту түйсігінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы – бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы – бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі – тербелістің түрінің сәулеленуі.

Түйсік туғызатын дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығатын дыбыстар) және шулар (сан алуан сықыр-тықыр, дүрсіл, гүрсіл, гүріл-сарыл т. б.) болып жіктеледі. Бұлардың құлаққа жағымдылары кононанс, жағымсыздары диссонанс дыбыстар дейді.

Есіту мүшесі құлақ үш бөлімнен тұрады. Оның біріншісі – сыртқы құлақ, сыртқы құлаққа дыбыс түтігімен қосылған құлақ қалқаны жатады. Ал екіншісі – ортанғы құлақ (бұған дыбыс жарғағы, және үш есітусүйекшелері): балғашық, төстік, үзеңгі кіреді. Есіту мүшесінің үшінші бөлігі – ішкі құлақ. Ішкі құлақтың бітісі өте күрделі. Оның өзі үш бөліктен: босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады.



б) Иіс түйсігі

Мұрын кеңістігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер ету нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы клегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бр. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады.

Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Мәселен, олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ исінен «таниды». Үйге кірген адамды да, таныс көшесін де, тұрған үйінде олар иісіне қарап оп-оңай айыра алады.

Иіс түйсіктері адамның көңіл күйіне, жалпы психикасына жағымды және жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Мәселен, жұпар иісті гүл – адамның көңілін сергітсе, шылымның түтіні – басты ауыртады.



в) Дәм түйсігі

Дәм айыратын мүше – тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін – белгілі дімі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәмді тәтті, ащы, тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бір – бірімен араласып жататындықтан адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді – тілдің ұшы, ащыны – тілдің түбі, қышқылды – тілдің екі жақ шеті, тұзды – тілдің ұшы менекі шеті жақсы сезеді. Дәм түйсіктері де адам психологиясына түрліше әсер етіп, із қалдырып отырады. Мәселен, дәмді тағамдар – адамның тәбетін арттырды. Тәбет – дәм нервтерін қоздыратын психикалық акт.



г) Тері түйсіктері

Тері түйсігінің рецепторы – денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым (дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін түйсіктер. Тері түйсіктері арқылы адам заттардың формасын, кедір – бұдырлығын, қатты-жұмсақтығын жақсы айыра алады. Сондықтан да тйсіктің осы түрі әсіркесе көзі көрмейтін адамдар үшін ерекше маңызды болады.



ғ) Сипап сезу түйсігі

Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктердің бірі – сипап сезу (осязание) түйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі –пассив сипап сезу. Бұған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі – актив сипап сезу. Актив сипап сезу, түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік - әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады. Мәселен, тәжірибелі дирменшілер ұнды уқалап көріп, оның сапасын қай жердің бидайынан тартылғандығына дейін қатесіз айтып бере алады.



д) Органикалық түйсік

Түйсіктердің екінші тобына – органикалық түйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т.б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т.б. осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. И. М. Сеченов сондықтан да түйсіктердің бұл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И.П.Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық түйсіктері оның жалпы «хал – күйінің» негізі болып табылады.



е) Кинестезиялық түйсік

Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қ о з ғ а л ы с т ү й с і г і деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі невтердің ұштары. Мәселен, қозғалыс түйсігінің анализаторына зақым келсе, адам өз денесіндегі бір мүшесінің қандай қалыпта тұрғанын сезбейді. Осы түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де, жазу, сызу жұмыстарын атқаруда да зор маңыз атқарады. Бір сөзбен айтқанда, адамның қозғалысқа түсетін мүшелерінің барлығы да осы түйсікке сүйенеді.

ж) Статикалық түйсік

Статикалық түйсіктерді т е ң б а с у т ү й с і к т е р і деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Статикалық түйсік – бастың қозғалысын, дененің кеңістікте алып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді. Өз денесін кеңістікте билей алатын, ерік жігері күшті, эмоциялық төзімділігі мол, қимыл-қозғалысын үйлесімді жетілдіріп жаттықтырған адамдар қандай жағдайларда да денені бағдарлай алу қабілетінен айырылмайды.



з) Вибрациялық түйсік

Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толықтыруын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады.О. Скороходова өзініәң кітабында соқыр, керең, мылқау адамдардың музыкны қалай «тыңдайтындығын», кітапті қалай «оқитындығы» көптеген қызықты мысалдармен түсіндіреді. Мәселен, осындай адамдар музыканы бар ықыласымен «тыңдағанда» қолдарын рояльдың үстіне салады немесе сахнаға теріс қарап отырады екен.



1. Қабылдау туралы жалпы ұғым

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітікендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайд болатын уақытша байланыстар жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.

Сөйтіп, қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есіту) өз ара байланысып жұмыс істеуінен болады.



2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

а) Қабылдаудың тұтастығы

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.


Адам алдындағы үш нүктені де жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үш бұрыштың тұтас бейнесі деп түсінеді.



ә) Қабылдаудың мағыналығы

Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі – тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз, қалай болса, солай тану. Объектілерді дарлап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады.



б) Қабылдаудың таңдамалылығы

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың таңдамалылығы делінеді.

Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе фигура делінеді де, қалғандары соның фоны болады. Сөйтіп, аса зейін қойған зат әр кезде фигура болады да, оның айналасында қоршау фон болып есептелінеді.

в) Қабылдаудың тұрақтылығы

Қабылдаудың тұрақтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын айтады.



г) Қабылдаудағы иллюзия

Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды и л л ю з и я деп атайды. Иллюзияларды адамның нерв жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туытын заттардың жалған, теріс бейнелері – г а л л ю ц и н а ц и я л а р д а н ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қабілеті кемиді де, есі кіресілі-шығасылы болады.

д) Апперцепция

Қабылдаудың адамның жалпы психологиялық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын а п п е р ц е п ц и я дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүние танымына байланысты болып отырады. Апперцепция затты түрлі жағынан бағалай алу,адамның оны өзінше талқылап,өзінше қөзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты.

Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мұны уақытша апперцепция дейді. Апперцепцияның уақытша түріне А.С.Пушкиннің «Вурдалак» деген өлеңі жақсы мысал бола алады.

3. Байқау және байқағыштық

Байқау дегеніміз – белгілі мақсат пен объектіні әдейлеп қөабылдау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі көзқарас бойынша баға беру қажет. Бір нәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт бойына жүйелі түрде бір объектіні бөліп алып қадағалаған дұрыс. Бұл – байқаудың негізгі шарттарының бірі. Байқағыштық қасиет – адамның өмір сүрген ортасына, алған тәлім тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне де байланысты.

Байқағыштық - өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет. Байқағыштық әсіресе ғылыми жұмыста, мұғалімдік қызметте, ақын – жазушының өмірінде ерекше орын алады.

4. Кеңістік пен уақытты қабылдау

Кеңістік пен уақыт - материяның өмір сүруінің негізгі формалалары. «Әлбетте,- деп жазды Ф.Энгельс – материяның өмір сүруінің бұл екі формасы материясыз түк емес, тек өзіміздің ойымыздағы бос түсініктер, абстракциялар ғана»

Қашықтық пен заттарды көлемін қабылдауда көздің к о н в е р г е н ц и я с ы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін а к к о м а д а ц и я деп атайды.

Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материяның өмір сүруінің объективтік реалды формасы. «Дүниеде қозғалушы материядан басқа еш нәрсе жоқ, ал қозғалушы материя кеңістік пен уақыттың ішінде қозғалмайынша басқаша қозғала алмайды». Уақыт – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Уақытты қабылдау бірнеше компонеттерден тұрады. Соның бірі – уақыттың ритмі. Уақыт темп арқылы өлшенеді. Темп – құбылыстардың бір ізділігінің тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Түйсік түрлері


ЭКСТЕРОРЕЦЕПТИВТІ



ИНТЕРОРЕЦЕПТИВТІ

ПРОПРИОЦЕПТИВТІ

КӨРУ

ИІС

ДӘМ

ЕСТУ

ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ

ТАКТИЛЬДІ

АУЫСТЫРУ
ТЕҢДІКТІ

СЕЗУ
ЖЫЛДАМДЫҚ

БАЙҚАУ

БҰЛШЫҚ ЕТ,

ҚОЗҒАЛЫСТЫҚ




Қортынды:
Түйсіктердің түрлерін үлкен екі топқа бөлуге болады.

1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардң жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде, немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын э к -с т е р о ц е п т о р деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм тері түйсіктері жатады.

2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органкалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын и н т е р о ц е п т о р деп атайды. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасу қозғалысы немесе к и н е с т е з и я л ы қ т ү й с і к т е р хабарлап отырады. Мұның рецепторы п р- о п р и о ц е п т о р деп аталады. Енді осы топтағы түйсіктерге тоқталып өтейік.

Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материяның өмір сүруінің объективтік реалды формасы. «Дүниеде қозғалушы материядан басқа еш нәрсе жоқ, ал қозғалушы материя кеңістік пен уақыттың ішінде қозғалмайынша басқаша қозғала алмайды». Уақыт – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Уақытты қабылдау бірнеше компонеттерден тұрады. Соның бірі – уақыттың ритмі. Уақыт темп арқылы өлшенеді. Темп – құбылыстардың бір ізділігінің тездігінің не баяулығының көрсеткіші.



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жарықбаев Қ. Психология (оқу құралы), Алматы, 1970 ж.
2. В.Богословский, А.Г.Ковалев, А.А.Степонов, С.Н.Шабалин. Жалпы психология, Алматы “Мектеп” , 1980 ж.
3. Төлеген Тәжібаев. Жалпы психология, Алматы Қазақ университеті 1993 ж.
4. Сәбет Бап- Баба. Жалпы психология (оқулық), Алматы Дарын 2003 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет