Сайыс шарттары:
I кезең. Шығармашылық жұмыс
II кезең. «Мықты болсаң тауып көр»
III кезең. «Шешен болсаң шешіп көр»
I кезең. Шығармашылық жұмыс.
Бұл кезеңде әр топқа бір парақ беріледі. Әр топ өз ойларын, табиғат көріністерін сол парақ бетіне түсіреді. Табиғаттың негізгі көріністерін өз топтарына байланыстыра отырып салулары тиіс. Әр топтан бір қорғаушы болады. Суретті салып болған соң әр топ өз туындыларының мазмұнын ашады. Ең жоғарғы ұпай – 3.
Ұпай сандарын «Бағалау парағына» белгілеу.
Ал, суреттерді салыстырып көрейік, мұнда ең жоғарғы ұпай 3.
Бағалау парағына назар аударып, топтардың ұпай санын есептейік.
II кезең. Мықты болсаң тауып көр».
Симантикалық карта.
|
ағады
|
жылытады
|
мөлдір,түссіз
|
көзге көрінеді
|
табиғатқа жатады
|
Күн
|
|
+
|
|
+
|
+
|
Су
|
+
|
|
+
|
+
|
+
|
Ауа
|
|
|
+
|
|
+
|
Әр топ қорапшаларына салынған ұпай парақшаларын санап, «Бағалау парағына» белгілеу
III кезең. «Шешен болсаң шешіп көр»
5 жолды өлең құрастыру. Әр топ өз топ аттарына бес жолды өлең құрастырады.
Күн
Ыстық, шуақты
Жылытады, сәулеленеді, батады
Күн-табиғаттың бір бөлігі
жұлдыз
Ауа
Мөлдір, түссіз
Қозғалады, тарайды, ластанады
Ауа адам өмірінің мәні
Тіршіліктің тірегі
Су
Сұйық, түссіз
Қатады, газданады, ағады
Су-тіршіліктің негізгі көзі
Табиғаттың бөлігі
Қарап отырсақ, үшеуі де өмір негізі, үшеуі де өте қажет заттар екен, солай емес пе? Біз оларсыз өмір сүре аламыз ба?
Олай болса, балалар, біз оларды қорғауымыз керек пе?
Ал енді, «Бағалау парағына» назар аударайық
Марапаттау.
Үш топ үш жапыраққа табиғатқа байланысты бір-біріне тілектерін жазып, ағашқа іледі
«Тілек шоғын» жапсырады.
Бұлақтай таза мөлдір бол!
Гүлдей жайнай бер!
Көңілің көлдей шалқысын!
Қызғалдақтай құлпыра бер!
Жұлдызың жарық болсын!
Айың оңынан тусын!
Таудай талап берсін!
Көңілің ақ қардай болсын!
Жүрегің күннің шуағындай жылы болсын!
Жаздай жайдарлы бол!
Жер Анадай мейіімді бол!
Жауқазындай жадырай бер!
Көктемнің күніндей құлпыра бер!
Табиғаттай сыйлы бол!
Желдей жүйрік бол!
Көңілің аспандай ашық болсын!
Қырандай қанатты бол!
Бұлақтай таза бол!
Барлығы: Білместік жасаған тірілер атынан,
Кешірім сұраймыз жас ұрпақтар атынан.
Топтасайық, достасайық жас-кәріміз,
Табиғатты аялайық бәріміз!
Ендігі кезекте қонақтардың назарына әсем әуен ұсынамыз. «Батаменен ел көгерер,Жаңбырменен жер көгерер» деп халқымыз айтқандай «Жау.жау жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар.
Келесі кезекте «Жапырақтар биін» тамашалаңыздар.
-дей отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Назар аударғандарыңызға рахмет!
Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді, көңіл- күйімізді қонақтарға сыйлайық !
Достарыңызбен бөлісу: |