Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
МІНДЕТІ:
1) Әр оқушыны тәрбие процесіне баулу;
2) Оқушылардың өзін-өзі билей білуге, жауапкершілікке, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3) Дені сау тұлғаны дамыту;
4) Оқушы мен мұғалімнің өзін-өзі басқаруын дамыту.
5) Әр оқушыға «сәттілік» жағдайын құру;
6) «Жыл сыныбы», «Жыл оқушысы» тәрбие жұмысының бағдарламасын құру;
7) Мұғалімнің кәсіби мәдениеттілігін және педагогикалық шеберлік деңгейін жоғарылату
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ФОРМАСЫ:
Мектеп оқушылары мен мұғалімдердің сабақтан тыс жұмыстары, ұжымдық шығармашылық істері тәрбие модуліне біріктірілген. Осы арқылы шығармашылық белсенділік кезеңдерің құруға мүмкіндік береді, апаттық жағдайдан құтылуға мүмкіндік береді., сынып жетекшіге қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді:
Орта білім беру ұйымындағы сабақ және сабақтан тыс жұмыстармен, тәрбие жұмысының бағыттары:
1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
2. Рухани-танымдық тәрбие
3.Ұлттық тәрбие
4. Отбасылық тәрбие
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінде 1-11 сыныптарға арналған тәрбие бағдарламасы
Жалпы білім беру мазмұнындағы тәрбие - бұл баланың өзіндік санасы мен сезімінің және адамгершілік көзқарасының қалыптасып дамуына, ол қасиеттердің оның мінез-құлқына сіңуіне бағытталып арнайы мақсатта ұйымдастырылған іс-әрекеттер. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан-салалы, көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани кұндылыктарының негізінде кұрылады.
"Қазақстан Республикасының Білім туралы" Заңы, Қазақстан мақұлдаған Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тәрбиені негізінен тұлға дамуын анықтайтын оқумен қатар білім берудегі екі компоненттің бірі деп қарайды.
Қазакстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді кұрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |