Тақырыбы: Тәрбие жұмысына бағытталған ҚР нормативті құжаттары
Жоспар:
1. Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар.
2. Тәрбие процесін жоспарлау ерекшеліктері
3. Тәрбие жұмысының мазмұны мен формасы
Еліміздің дербес мемлекет ретінде дамуы қоғамның болашақ ұрпақтарын ерекшеліктерімен тәрбиелеуді қажет етеді.Еліміздің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында «Тәрбие дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру»- деп көрсетуі, бүгінгі әрбір қазақ баласының өзінің ана тілінде, өз діні мен діліне сай үйлесімді тәрбиелеуді көздейді. Осы ұлттық тәлім-тәрбиенің жетістіктерін отбасы мен білім беру саласында кең түрде пайдаланбауымыздың салдарынан жастар арасында мейірімсіздік, ізгілік, адамгершілік нормаларынан ауытқулық, кісілік қасиеттер төмендеп кеткенін аңғару қиын емес.
Бүгінгі қоғам – жаңа қоғам. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жолдан жаңа арнаға түсу біршама қиындық тудыратындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр.Атқаратын да,сәт сайын айтатын да әрі маңызды мәселелердің бірі - бала тәрбиесі. Қоғам – адаммен ғана қоғам бола алады. Ал қоғамның негізгі байлығы –адам, оның ішінде жас ұрпақ. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген еді. Бүкіл елдің кемел келешегі болатын балаларды тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру қандай қоғамның болмасын алдындағы ең негізгі міндеттердің бірегейі болмақ. Тәрбие жұмысын жүргізуде қолданылатын нормативтік-құқықтық құжаттардың көптеп шығарылуы да тәрбие мамандарына көп міндет жүктесе керек.
Мектептің тәрбие жүйесін басқару негіздері
Нормативтік-құқықтық құжаттар.
1. Жылдық жоспар ( тәрбиенің 12 бағыты бойынша).
2. Диагностика
3. Бестік одақ жұмысы.
Тәрбие жүйесінің негізгі шарттары
Тәрбиенің мақсат- міндеттері.
Тәрбиенің үздіксіздігі.
Жүйелілігі. Бірізділігі.
Маңыздылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |