Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім» Мақсаты



бет1/4
Дата21.12.2023
өлшемі60.5 Kb.
#487329
түріСабақ
  1   2   3   4

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім»
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі:Қазақ елі рәміздері,нақыл сөздер,слайдтар
Түрі:аралас
Әдісі:
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Сіздерді Тәуелсіздіктің 21 мерекесімен құттықтай отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1.Хор:«Желтоқсан желі» 8-сынып оқушылары
2.Баяндама « Желтоқсан ызғары»
Баяндамашы Тыныштық Фариза
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар осы кештің қадірлі қонақтары!
Бүгінгі 16 желтоқсан тәуелсіздігімізге 20 жыл толуына байланысты «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,
Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың
Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы
Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның
1-жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегі мектеп директоры Мәжкенов Ғани ағайға береміз.
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріпбілмеген Колбинді бір ауыздан сайлады.
2-жүргізуші:
17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200-300 адамдай,қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап,өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет