Тақырып №1 Эпидемиологиялық зерттеу әдістері


Эксперменталдық эпидемиологиялық әдістер



бет4/5
Дата04.03.2024
өлшемі26.96 Kb.
#494246
1   2   3   4   5
Тақырып 1. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері (копия)

Эксперменталдық эпидемиологиялық әдістер. Инфекциялық аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуге қолданылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды. Мысалы, оның індетке қарсы және алдын алу шараларына қатысты жақтарын зерттеуге болады. Сондықтан эпидемиологиядағы эксперимент дегеніміз инфекциялық ауруларды тудыруға қатысы бар деп күдіктенген фактордан құтылу арқылы эпидемиялық процеске жасанды түрде араласу , яғни зерттеушінің қауіп- қатер факторының жағымсыз әсерін дәлелдеуі. Егер эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау эпидемиялық процестегі құбылыстардың өзара байланысын көрсетсе , эксперимент оның себептік - салдарлы байланысын айқындайды.
4. Математикалық үлгілеу. Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады. Аналитикалық эпидемиологиялық әдістерді пайдалану барысында эпидемиялық процестің даму механизмі ойша елестету арқылы жүзеге асады.
5. Статистикалық зерттеу әдістері. Сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері мен оны есептеу әдістері. Статистикалық зерттеу әдісінің мақсаты – эпидемиологиялық жағдайды, атқарылатын індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін сан арқылы бағалау.
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау барысында әртүрлі мағлұматтар жиналады, олардың маңызы дұрыс баға беру қажет болады. Математикалық статистикалық әдістерді қолдану арқылы көптеген материалдардан толық мәлімет алып, олардың дұрыстығын бағалау қажет болады. Жиналған материалдарды статистикалық тексеруден өткізу әртүрлі құбылыстарға дұрыс баға беру үшін қажет, оның эпидемиялық процестің уақыт, кеңістік бойынша әртүрлі топтарда ( жасы, еңбек өтілімі, кәсібі, т.б.) көрінісін, даму барысын бағалауда маңызы зор.
Статистикалық толық қорытынды абсолюттік және салыстырмалы сандармен сипатталады, сандар кесте, графикалық бейне, диагррама, катограмма түрінде көрсетіледі.
Эпидемиялық прпоцестің белгілері «симптомдары» интенсивті және экстенсивті көрсеткіштер болып саналады, яғни уақыт бойынша, аумақтағы таралу бойынша және әрбір халық топтары арасында көріністері бойынша сипатталады. Статистикалық көрсеткіштер эпидемиялық процестің сандық және сапалық белгілері арқылы сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет