Тақырып 1 Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата19.01.2024
өлшемі140.48 Kb.
#489461
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Әдістемелік нұсқау


Студеннтер бүл тақырыпқа берілген есептерді шығару және келесі сұрақтарға
жауап беру керек:
1.Ақпарат елеулілігінің аудиторлық бағалауы қалай жүзеге асырылады?
Әдебиет
Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 138-140 б.
Тақырып 5 Аудиторлық тәуекелділік 
Бухгалтерлік стандарттар бойынша комитет әзірлеген «Қаржылық есеп беруді
дайындау мен ұсынудың негіздерінде» « елеулік» ұғымына былайша анықтама берілген:
«Егер ақпаратқа рұқсатнама беріліп, тиісті жеріне жөнелтілгенде пайдаланушының
қаржылық есеп беруінің негізінде қабылдайтын экономикалық шешіміне әсерін тигізетін
болса немесе ақпараттың бұрмаланып көрсетілуі пайдаланушының экономикалық
шешіміне зиянын тигізіп жатса, онда мұндай мұндай ақпарат елеулі деп саналады. Елеулік
баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір
жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт уәжіп-пікір
қабылданады. Яғни, елеулік көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін
(нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын
сипаттамасы жоқ» .
Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын
жасау барысында аудитор сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында
елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді.
Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылық есептемелерде елеулі бұрмаланған
ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есепшоттардың сальдосымен
жә»не операциялардың кластарымен байланысты елеуліктің аудиторлық бағалауы,
мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде
талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты
аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық
тәуекелдікті кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді. 
Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни
елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі
соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің
арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу
мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).
Қаржылық есептемелердің аудитімен бірқатар тәуекелдік аспекетілері тікелей
байланысты. Тәуекелдіктің негізгі екі түрі болады: аудиторлық тәуекелдік және бизнес
(аудитордың немесе оның фирмасының) тәуекелділігі.
Аудиторлық тәуекелдіктің мағынасын былай түсіндіруге болады: аудитор
қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген қорытындыға келеді, осының негізінде
аудиторлық қорытындыға пікір-ескертпе айтылмайды, яғни пікірдің шынайылығына
күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде – қаржылық есептіліктің елеулі ақауы болады.
Бизнес тәуекелдігінің мағынасы мынаған саяды: клиентке ұсынылған
аудиторлық қорытынды әділ жасалса да, аудитор немесе аудиторлық фирма клиентпен
арадағы өзара қарым-қатынасында сәтсіздікке ұрынады. Бизнес тәуекелділігін
бақылаудағы басты фактор аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін мұқият анықтау болып
табылады. Аудиторлық тәуекелділікті бағалаудың негізгі екі әдісі бөліп көрсетіледі: 
а) бағалаушылық (интуициялық, яғни түйсіктік);
ә) сандық. 
Арнайы әдебиеттерде сипатталған аудиторлық тәуекелдіктің үлгісі (моделі) SAS
47 (ол SAS 39 ( аудиттің іріктеу әдісі туралы) ережесіне және тәуекелдіктің елеулігіне
негізделеді). Аудиторлық тәуекелдіктің алдын ала үлгісі мындай формада болуы
ықтималы:


DAR = IR · CR ·DR,
мұнда DAR – қолайлы аудиторлық тәуекелдік (Desired audit risk); 
IR – шаруашылық ішіндег ітәуекелдік (Internet risk);
CR – бақылау тәуекелдігі (Control risk);
DR – табылмау тәуекелдігі, яғни байқамай қалу қатері (Detektion risk).
Осы келтірілген үлгіге кіретін аудиторлық тәекелдік түрлерінің ерекшеліктерін
қарастырайық.
1. Қолайлы аудиторлық тәуекелділік (DAR)- аудит аяқталғаннан кейін қаржылық
есептемеде елеулі қателіктердің барын және стандартты аудиторолық пікір-ескертпесіз
(пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді) білдірілгенін аудитор мойындауға әзірлік
шарасы.
2. Шаруашылық ішіндегі тәуекелділік (IR) – сегментте қателіктің барын және бұл
қателіктің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесінің тексеруінде рұқсат етілген деңгейдегі
шаманы тыс (артық) екенің аудитордың болжау шарасы.
3. Бақылау тәуекелдігі (CR) – сегменттегі шамадан тыс қателік клиенттің
шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесіндетабылмайтын және жойылмайтыны аудитордың
болжау шарасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет